"Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 11-1-4/538 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қазанда № 19483 болып тіркелді.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодекстің 33-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 14926 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өкілдік шығындар – тиісті қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының шетелге іссапарлары барысында өкілдік мақсаттарға бөлінетін қаражат.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкілдік шығындар үшін көрсетілген қаражат көлеміне сүйене отырып, өкілдік шығындарды талап ететін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) жасайды.

      Министрлік Жоспарға сәйкес және тиісті қаржы жылына бекітілген шектеу шегінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өкілдік шараларға арналған қаражатты бөледі.

      Бір жыл ішінде, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде, Министрлік жоспарланбаған іс-шараларды өткізудің саяси маңыздылығын және бөлінген қаражат көлемін ескере отырып, Жоспарды түзетеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген өкілдік шығындар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тауарлар мен қызметтер құнын, сондай-ақ көрсетілген тауарлар мен қызметтерді ұсынатын ұйымның деректемелерін көрсете отырып, құжаттарды береді және ұқсас тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерден кемінде 2 (екі) балама бағаларды ұсынады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу Министрліктің Жауапты хатшысының (бұдан әрі – Жауапты хатшы) немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      Іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақүйде тұруын және баратын пунктіне дейінгі көліктік шығындарын төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шет мемлекеттерге сапарлары барысында өкілдік мақсаттарға арналған, сондай-ақ халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары үшін автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерін төлеуге арналған қаражат бөлінген жағдайда, Жауапты хатшының бұйрығы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқаратын адамның қарары негізінде қабылданады.

      Шетелдік делегацияларды "аса жоғары деңгейде" және/немесе "жоғары деңгейде" қабылдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколына сәйкес делегация деңгейі Жауапты хатшының бұйрығында көрсетіледі.

      Жауапты хатшының өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы бұйрығы жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылданады.

      Объективті себептерге байланысты Жауапты хатшының бұйрығын жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Жауапты хатшы іс-шара өткен күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде өкілдік шығындарды өтеу туралы бұйрықты қабылдайды.

      Егер делегацияның Қазақстан Республикасында болу бағдарламасында өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасына шақырылған шетелдік делегациялардың қатысушыларына іс-шараларға қатысу үшін межелі пунктінде тұру үшін қаражат бөлу кезінде іс-шарадан 1 (бір) күн бұрын және 1 (бір) күн өте есептік уақыт алынады.

      Шетелдік делегацияның қатысушысына тасымалдау шығынына қаражат бөлген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағының шегінде іс-шараның өткізудің соңғы пунктіне дейін бағыты ескеріледі.

      Шетелдік делегацияларды "аса жоғары деңгейде" және/немесе "жоғары деңгейде" қабылдау жағдайда іс-шараның деңгейін анықтауды Министрлік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Шетелдік делегациялардың Қазақстан Республикасына сапарлары барысында екіжақты қатынастар деңгейіне байланысты және өзара теңдік принципін ескере отырып, Қазақстан тарапынан басшы ретінде мемлекеттік органның бірінші басшысымен не оның орынбасарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасында көрсетілмеген өзге лауазымды адам айқындалады, бұл ретте мұндай адам Министрліктің Мемлекеттік протокол қызметімен келісілуі тиіс.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қатысуымен экспорттық-импорттық қызмет және инвестициялар тарту мәселелері бойынша "жоғары деңгейде" өткізілетін іс-шараларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасына сәйкес шетелдік делегациялар үшін ресми қабылдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.";

      12-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары, сондай-ақ халықаралық байқау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын іссапарға жіберу кезіндегі өкілдік шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапты хатшының уәкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған бұйрығының негізінде Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде (Қазынашылық департаменті) қолма-қол шетел валютасын алу мақсатында Министрліктің лауазымды адамына сенімхат береді;";

      13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын

      "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде жұмсалатын өкілдік шығындар үшін қаражат алуға уәкілетті лауазымды адамдар іс-шараны өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Министрлікке республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің елтаңбалы мөрімен расталған және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы растаған өкілдік мақсаттарға арналған шығындар бойынша актіні береді.";

      осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өкілдік шығындардың нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  "Өкілдік шығындар" бөлінетін
бюджеттік бағдарламаны
бөлу қағидаларына
қосымша

Өкілдік шығындардың нормалары

р/с №

Шығыстардың атауы

Құны АЕК-те (айлық есеп көрсеткіші), АҚШ долларымен

1

Делегациялар үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген ресми қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі

6 500 теңгеге дейін

"жоғары деңгейде" 13000 теңгеге дейін

2

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің-Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген ресми қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі

30 000 теңгеге дейін

3

Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде бір күнде бір адамға буфеттік қызмет көрсету

1 040 теңгеге дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" - 2500 теңгеге дейін

4

Синхронды аударма қызметінің ақысын төлеу сағаттық төлем есебінен

Мемлекеттік тілден орыс тілге және кері бағытта

15 000 теңгеге дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" - 20 000 теңгеге дейін

Еуропалық тілдерден (ағылшын, француз, неміс, испан, итальян) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне

20 000 теңгеге дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" - 25 000 теңгеге дейін

Шығыс тілдерден (түркі, араб, парсы, қытай, корея, жапон) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне

25 000 теңгеге дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" -
30 000 теңгеге дейін

Басқа сирек тілдерден (жоғарыдағылардан өзгеше) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне

25 000 теңгеге дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" - 30 000 теңгеге дейін

5

Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығындарын төлеу сағаттық төлем есебімен қаржыландыру жоспарында көзделеді

жеңіл көліктер - 2 060 теңгеге дейін

"аса жоғары деңгейде" және "жоғары деңгейде" бизнес-классты көліктер - 2 500 теңгеге дейін

шағын автобустар – 2 700 теңгеге дейін
автобустар – 3 400 теңгеге дейін
іс-шараның деңгейіне қарамастан

6

Келесі тұлғалардың шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік шығындар АҚШ долларымен:
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

5000 АҚШ доллары
5000 АҚШ доллары
3000 АҚШ доллары
2500 АҚШ доллары
2000 АҚШ доллары

7

Залды жалға алу

ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсыныстарының төменгісі

8

Ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеу

ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсыныстарының төменгісі

9

Кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу

ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсыныстарының төменгісі

10

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі басшылары рұқсат берген басқа шығыстар

ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсыныстарының төменгісі

      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген ресми қабылдаулар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.