ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Өтініш беруші ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдауға дейін кемінде үш жұмыс күні мерзімінде тиісті аумақтық бөлімшеге немесе "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы құжаттарын тапсырады.
Ветеринариялық сертификатты алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарына берілген ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме, ит және мысықтың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен бекітілген нысан бойынша ветеринариялық паспорт немесе халықаралық паспорт;
3) асыл тұқымды жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде әр жануар басына және асыл тұқымдық өнімге (материалға) қосымша – "Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1079 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13035 болып тіркелген) сәйкес берілген асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат;
4) жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде ("Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қағадалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде "*" символымен белгіленген, ол бойынша тек эпизоотиялық саламаттылық расталатын өнімді қоспағанда) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық зертхана немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары берген сараптама актісі (сынақ хаттамасы).
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын):
өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болған кезде;
зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша Мониторинг жоспары шеңберінде зерттелетін өнім сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берген сәттен бастап 1 (бір ай) ішінде оны пайдалану кезеңіне сәйкес болған кезде жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі;
5) балықты және басқа да су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) бес килограммнан артық тасымалдау кезінде – "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген) (бұдан әрі – балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама) сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі балықтың және басқа да су жануарларының (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлеміне берген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама;
6) объектінің үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына рұқсат;
7) үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстыру (тасымалдау) және (немесе) республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқан кезде – ветеринариялық анықтама;
8) бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек.
Осы құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беру тәртібі";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ветеринариялық анықтаманы беру тәртібі";
24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Ветеринариялық анықтама жануардың ветеринариялық паспортының және жеке нөмірінің, ветеринариялық қарап-тексеру нәтижелерінің, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуалдың, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда немесе одан алынған үзіндіде бар жануарлар туралы мәліметтердің, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлемге (балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) бес килограммнан артық тасымалдау кезінде) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың, ветеринариялық құжаттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) бақылау объектілерін республика аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде)) бар болуы негізінде жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа беріледі және өтініш беруші жүгінген күні ресімделеді.
Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасы аумағында жарамды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті түрде барлық жолдарын толтыра отырып беріледі.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) әкелінген ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде ветеринариялық анықтамада ол бойынша республика аумағына ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжат туралы мәліметтер де (құжаттың күні және нөмірі, тауарды шығарған ел) көрсетіледі.
Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер олар берілген, межелі пунктке келген кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, ветеринариялық анықтамалар берілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті межелі пунктке келген күннен бастап бір тәулік ішінде ақпараттық жүйеге енгізіледі.
Жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа, жемшөпке берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктке дейін, ал жануардан алынған сүтке берілген ветеринариялық анықтама берілген сәтінен бастап бір ай ішінде жарамды.
Жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, жемшөптің шыққан жерінің эпизоотиялық ахуалы өзгерген жағдайда бұрын берілген ветеринариялық анықтама алып қойылады.
25. Жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, жемшөптің орнын ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асыратын өтініш беруші жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманына (бұдан әрі – ветеринария саласындағы маман) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өңдеуді және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық анықтаманы Заңның 8-бабының 46-8) тармақшасына сәйкес бекітілетін тәртіппен өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – аттестатталған ветеринариялық дәрігер) береді.
Балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) бес килограммнан артық тасымалдау кезінде балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама қажет.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжат көшірмесінің немесе ақпараттық жүйеде ресімделген ветеринариялық құжаттың болуы қажет.
26. Ветеринария саласындағы маман, аттестатталған ветеринариялық дәрігер жануарды, жануардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда немесе одан алынған үзіндіде бар жануарлар туралы мәліметтер, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ жүгіну сәтінде аумақтың эпизоотиялық ахуалын бағалау, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық ахуалын бағалау негізінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қол қойылған және мөрмен куәландырылған ветеринариялық анықтаманы береді.
Ветеринария саласындағы маман, аттестатталған ветеринариялық дәрігер жүгіну сәтіндегі аумақтың эпизоотиялық ахуалын ескере отырып осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қол қойылған және мөрмен куәландырылған жемшөпке арналған ветеринариялық анықтаманы береді.";
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісінің партиясын межелі орынға келген кезде анағұрлым ұсақ партияларға бөлшектеген жағдайда, жаңа алушылар үшін ветеринария саласындағы мамандарға, аттестатталған ветеринариялық дәрігерлерге ветеринариялық анықтамалардың көшірмелерін ресімдеуге жол беріледі, онда (парақтың сыртқы бетінде) мынадай деректер енгізіледі:
ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектінің және жаңа көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі, көлік құралының нөмірі, оған қайта тиелген (бөлшектелген) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің саны;
ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісін алушының атауы және орналасқан жері;
бөлшектеу күні, ветеринариялық анықтаманың ресімделген көшірмесінің реттік нөмірін көрсете отырып (мысалға: № KZ-C-10 ветеринариялық анықтамамен берілген партияны бөлшектеу кезінде ветеринариялық анықтаманың көшірмесінде № KZ-C-10/1, № KZ-C-10/2, № KZ-C-10/3 деп көрсету және әрі қарай солай) ветеринариялық анықтаманың нөмірі (оның көшірмесі ресімделген ветеринариялық анықтама), ветеринариялық анықтаманың көшірмесін ресімдеуді жүргізген ветеринария саласындағы маманның, аттестатталған ветеринариялық дәрігердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы.
Ветеринария саласындағы маман, аттестатталған ветеринариялық дәрігер ветеринариялық анықтаманың көшірмесін берген кезде мәліметті қолтаңбасымен және мөрімен куәландырады.
Ветеринариялық анықтаманың көшірмесін ресімдеу (бөлшектеу) жүзеге асырылған ветеринариялық анықтама ветеринариялық анықтаманың көшірмесін ресімдеуді жүзеге асырған ұйымда (ветеринариялық дәрігерде) сақталады, оның сыртқы бетіне ветеринариялық анықтаманың көшірмесі(лері)нде көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып, ветеринариялық анықтамалардың ресімделген көшірмелері туралы ақпарат хронологиялық реттілікпен енгізіледі.
Бұл ретте алғашқы ветеринариялық анықтамаға сәйкес бөлшектенетін тауар санының, көлемінің және түрінің есебін жүргізу қажет. Осындай операциялар туралы деректер ақпараттық жүйеге енгізіледі.
Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісінің бөлшектелген партиясы келіп түскен жағдайда ветеринария саласындағы маманға, аттестатталған ветеринариялық дәрігерге Қағидалардың осы тармағында көрсетілген шарттар мен талаптарды сақтаған кезде ветеринариялық анықтамалардың көшірмелерін ресімдей отырып, жаңа алушылар үшін анағұрлым ұсақ партияларға бөлшектеуге жол беріледі.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі