"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 591 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19173 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінің № 104 (28328) санында жарияланған) өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Үлгілік бағдарламада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі - ДМҰ) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелері қолданылған.";

      4-тармақта:

      82) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) тренажердағы даярлық – авиациялық қызметкерлердің кәсіптік даярлау процесі кезеңі, оның барысында үйренуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) бекіткен ұқсас құрылғылар арқылы тәжірибелік біліктілік пен машыққа қол жеткізеді, біліктілікті бабына келтіреді және жетілдіреді;";

      97) тармақшашы мынадай редакцияда жазылсын:

      "97) емтихан – тиісті біліктілігі бар, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес куәлікті немесе біліктілік бағасын алу үшін (растау, қолданыс мерзімін ұзарту) үміткерлерге қатысты бағалауды өткізуге (тексеру, тестілеу және т.б. рәсімдер) уәкілетті ұйым уәкілеттік еткен және уәкілетті ұйым тағайындаған жеке тұлға;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Үлгілік бағдарламаның шеңберінде кәсіптік даярлауды іске асыратын бағдарламалар, тек шетел тілінің жалпы аспектілерін іске асыратын бағдарламаларды қоспағанда, міндетті түрде уәкілетті ұйыммен келісіледі.

      7. Азаматтық авиация саласында қызметті жүзеге асыратын өзге санаттағы мамандарды кәсіптік даярлау үшін іске асыратын бағдарламаларды азаматтық авиация саласындағы нормативтік құжаттарда қарастырылған жағдайларды қоспағанда уәкілетті ұйыммен келісуді талап етілмейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану оқушыларды оқытудың, ағымдық бақылаудың, аралық және қорытынды аттестациялаудың өзара қарым-қатынаста оқыту мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл жағдайда оқу, зертханалық және тәжірибелік сабақтарды оқытудың қаншалықты үлесі қашықтықтан басқарылатын технологияны қолдану арқылы немесе оқушылармен тікелей қарым-қатынаста болуы керектігін АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіптік даярлаумен айналысатын ұйымдар өздері анықтайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қашықтықтан басқарылатын технологиялар оған тек сәйкесінше даярлықтан өткен басшылық, нұсқаушылық және қосалқы қызметкерлер болған жағдайда және қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсіптік даярлау бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған орынжай болған жағдайда ғана қолданылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Авиациялық оқу орталығы Мотодельтапланда даярлау бағдарламасынжасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтады.";

      40-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін автожирда пилот-нұсқаушымен 15 сағат, оның ішінде кем дегенде:";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Авиациялық оқу орталығы нақты планер типіне арналған даярлау бағдарламасынжасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтады. Планермен ұшатын пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 4-қосымшасында берілген.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтеді.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтеді.";

      82-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін ұшақта нұсқаушымен 25 сағат қосарлы басқарумен, оның ішінде нұсқаушы үміткердің ұшу тәжірибесін алуын қамтамасыз етеді:";

      93-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. PPL (Н)-ға үміткердің тікұшақтарда кемі 45 сағат ұшу даярланады, оның ішінде кем дегенде:

      1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін тікұшақта ұшу нұсқаушысымен 25 сағат, оның ішінде:";

      95-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) тек қана негiзгi пилоттық құралдарды қолданумен ұшу, соның iшiнде аяқасты бұлтты жағдайға тап болуды ұқсатумен, 1800 бұрылуды орындау және әдеттен тыс жағдайдан шығу (бұл оқу түрi нұсқаушымен ғана орындалады);";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. IR біліктілігімен CPL алу үшін оқудың кешенді курсы 9 айдан 30 айға дейін созылады. Егер қосымша ұшу даярлығы немесе жердегі оқу АОО-мен қамтамасыз етілсе осы мерзім ұзартылады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. КШҰҚ-ға (IR) рұқсатымен барлық курсты CPL(A) тапсыруға жағдайы жоқ немесе мүмкіндігі жоқ кандидат барынша төмен деңгейдегі куәлік алуға теория мен біліктілік тестерін тапсыру үшін ҚР АА уәкілетті ұйымына жүгінеді.";

      106-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Теориялық оқуға сыныптағы оқу, интерактивті видео, слайдтық немесе магнитофондық презентациялар, оқу кабиналары, компьютерлік оқу, сол сияқты уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган тиісті пропорциядағы келіскен басқа да құралдар кіреді. Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша төмендегі ең аз сағат санын бөлу ретінде бөлінеді:";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Қалған сағаттарды бөлу уәкілетті ұйым мен АОО арасында келіседі.";

      110 және 111-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Ұшақ түрі бойынша (Type Rating) рұқсат алуға дайындықты есептемегенде, барлық ағымдағы тестілерді қоса алғанда, ұшу дайындығы жалпы алғанда ең төменгі 200 сағатты құрайды, оның 40 сағатқа дейін жерде аспаптар бойынша ұшу оқуына қолданылады.

      111. Кандидаттар осы 200 сағаттың ең аз уақытын төмендегілерге жұмсайды:

      1) 80 сағаты нұсқаушымен оқуға, оның 40 сағатқа дейін сертификатталған жаттығу құрылғысында аспаптар бойынша ұшу оқуда қолдануға рұқсат етіледі;

      2) ұшудың 70 сағаты көзбен шолып ұшуды және ӘК (SPIC) студент-командирі ретінде аспаптар бойынша ұшуды қосқанда, ӘК (PIC) командирі ретінде ұшулар. SPIC ретінде аспаптар бойынша ұшу 20 сағаттан аспайтын көлемде PIC уақыты ретінде есептеледі;

      3) ұшып шығу әуеайлағынан ерекше ұшу барысында екі әуеайлаққа қону жүргізілетін кемінде 540 км (300 теңіз милі) қашықтықтағы көзбен шолу ұшуын қосқанда, PIC ретінде маршрут бойынша 50 сағат ұшу;

      4) Түнгі уақытта 5 сағат ұшу, оның ішінде нұсқаушымен (DUAL) 3 сағат, оған белгіленген маршрут бойынша кем дегенде 1 сағат ұшу кіреді, 5 өздігінен (solo) ұшу және толық тоқтағанға дейін 5 өздігінен (solo) қону;

      5) аспаптар бойынша 100 сағат ұшу, оған ең аз дегенде:

      SPIC ретінде 20 сағат кіреді;

      Аспаптар бойынша ұшуға оқыту 50 сағат, оның ішінде:

      25 сағатқа дейін FNPT I бірінші деңгейдегі жаттығу құрылғысында оқыту немесе;

      40 сағатқа дейін жаттығу құрылғыларында FNPT II/FTD 1/FTD 2 немесе FFS жерде оқыту болуы мүмкін. Оның ішінде 40 сағаттың 10 сағатына дейін FNPT I өтуі мүмкін.";

      112-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Аспаптар ("Basic Instrument Flight Module") бойынша ұшу дайындығының базалық модулін аяқтағаны туралы куәлігі бар кандидат аспаптар бойынша ұшуға оқу үшін қажетті уақыт есебіне ұшуға 10 сағатқа дейін есептейді. "BITD" жаттығу құрылғысына өткен сағат есептелмейді.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. CPL алу үшін кешенді оқу курсы 9 айдан 24 айға дейін созылуы тиіс. Егер қосымша ұшу даярлығы немесе жердегі оқу УУО (ATO)-мен қамтамасыз етілсе осы мерзім ұзартылады."

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. CPL(A) барлық курсын тапсыруға жағдайы жоқ немесе мүмкіндігі жоқ кандидат барынша төмен деңгейдегі куәлік алуға теориялық және практикалық емтихандар тапсыру үшін ҚР АА уәкілетті ұйымына жүгінеді.";

      123-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Ұшақ түрі бойынша рұқсат алуға дайындықты есептемегенде ұшу дайындығы жалпы алғанда ең төменгі 150 сағатты құрайды, оған ағымдағы барлық тестер кіреді, оның 5-ке дейінгі сағаты жерде аспаптар бойынша ұшу оқуына қолданылады. Кандидаттар осы 150 сағаттың ең аз уақытын төмендегілерге жұмсайды:";

      123-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 80 сағаты нұсқаушымен оқуға, оған мыналар кіреді:

      Аспаптар бойынша ұшуға 10 сағат, оның 5-ке дейінгі сағаты FNPT-I/II, FTD-1/2, немесе FFS жаттығу құрылғыларында өткізілуі мүмкін. Аспаптар ("Basic Instrument Flight Module") бойынша ұшу дайындығының базалық модулін аяқтағаны туралы сертификаты бар кандидат аспаптар бойынша ұшуға оқу үшін қажетті уақыт есебіне ұшуға 10 сағатқа дейін есептейді. "BITD" жаттығу құрылғысына өткен сағат есептелмейді;";

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. CPL модульдік курсы 9 – дан 18 айға дейін созылады. Бұл мерзім, егер АОО-да қосымша оқу жүргізілетін болса ұзартылады. Ұшу даярлығы және ұшу дағдыларын тексеру теориялық емтихандарды тапсыру туралы құжаттың әрекет ету мерзімі ішінде аяқталуы тиіс.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Бекітілген курс сыныпта сабақ жүргізу арқылы жүргізіледі және оған уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен келіскен интерактивті видео, слайдтарда немесе магнитофон таспаларында презентациялар, оқу кабиналары, компьютерлік оқу және қашықтан оқытудың (сырттай курстар) басқа да құралдарын қолдану қамтамасыз етеді.";

      134-тармақтың 1) тармақасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аспаптар бойынша кем дегенде 10 сағат ұшу, оның ішінде 5 сағатқа дейін процедуралық жаттығу құрылғысында (FNPT I немесе II, FTDII) немесе ұшу жаттығу құрылғысында (FFS) аспаптар бойынша дайындық болуы тиіс. Тиісті жаттығу құрылғылары болмаған кезде осы талап ұшақта орындалады;";

      135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "135. IR(A) ұшақтары үшін аспаптар бойынша ұшуға қолданыстағы рұқсаты бар үміткерлердің нұсқаушымен аспаптар бойынша ұшу уақыты толық есептейді.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. IR(H) тікұшақтары үшін аспаптар бойынша ұшуға қолданыстағы рұқсаты бар үміткерлердің нұсқаушымен аспаптар бойынша ұшу уақыты 5 сағатқа дейінгі көлемде есептейді, бұл жағдайда нұсқаушымен кем дегенде 5 сағат оқу уақыты ұшақта өткізілген.";

      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. CPL алу үшін кешенді оқу курсы 9-дан 24 айға дейін ұзартылуы тиіс. Егер қосымша ұшу даярлығы немесе жердегі оқуды АОО қамтамасыз ететін болса, бұл мерзім ұзартылады.";

      144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "144. CPL(Н) бүкіл курсын тапсыруға жағдайы емес немесе мүмкіндігі жоқ үміткер, егер ол үміткерге ұсынылатын талаптарды қанағаттандыратын болса, барынша төменгі деңгейдегі құқықтарымен куәлік алуға теориялық және практикалық емтихандар тапсыру үшін уәкілетті ұйымға жүгінеді.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Ұшу даярлығы ең аз дегенде 135 сағаттан тұруы тиіс. Үміткер осы 135 сағаттың ішінде ең аз дегенде төмендегіні орындайды:

      1) ұшу даярлығының 85 сағаты нұсқаушымен, оның 75-ке дейінгі сағаты КШҰҚ бойынша ұшу, оған төмендегілер кіреді:

      30 сағаты ұшу жаттығу құрылғысында (FFS, C/D деңгейі) немесе;

      25 сағаты процедуралық жаттығу құрылғысында (FTD 2, 3) немесе;

      20 сағаты процедуралық жаттығу құрылғысында (FNPT II/III);

      10 сағаты аспаптар бойынша ұшуға, 5 сағаты процедуралық жаттығу құрылғысында (FNPT I) болады;

      Ескертпе. Тиісті жаттығу құрылғылары болмаған кезде ұшуға даярлау барысында даярлау тікұшақта жүзеге асырылады.

      10 сағаты КШҰҚ бойынша маршрут бойынша ұшу, оның ішінде өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек басқа 2 әуеайлаққа қозғалтқыштарының толықтай тоқтағанына дейін қонуы арқылы кемінде 185 км қашықтықта КШҰҚ-мен маршрут бойынша бір рет ұшу;

      2) 50 сағат ӘКК ретінде өздігінен ұшу, оның ішінде:

      кемінде 35 сағат ӘКК ретінде (SPIC) бақылауда болады;

      кемінде 14 сағат өздігінен ұшу (SOLO);

      10 сағаты ӘКК ретінде маршрут бойынша өздігінен ұшу, оның ішінде өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек 2 әуеайлаққа қозғалтқыштарының толықтай тоқтағанына дейін қонуы арқылы кемінде 185 км қашықтықта КШҰҚ-мен маршрут бойынша бір рет ұшу;";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Модульдік курстың CPL(Н) ұзақтығы 9 айдан 18 айға дейін. Егер АОО қосымша оқу жүргізетін болса осы мерзім ұзартылады. Ұшу даярлығы мен ұшу дағдыларын тексеру теориялық емтихандарды тапсыру туралы құжаттың қолданылуы мерзімі ішінде аяқталуы тиіс.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Бекітілген курс сыныпта сабақ жүргізу арқылы жүргізіледі және оған уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен келіскен интерактивті видео, слайдтарда немесе магнитофон таспаларында презентациялар, оқу кабиналары, компьютерлік оқу және қашықтан оқытудың (сырттай курстар) басқа да ақпарат құралдарын қолдануды қамтиды. Курс шектерінде қашықтан оқыту (сырттай) ұсынылады.";

      163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "163. ATPL (A) бүкіл курсын тапсыруға жағдайы немесе мүмкіндігі жоқ кандидат барынша төменгі деңгейдегі куәлік алуға теориялық және практикалық емтихандар тапсыру үшін уәкілетті ұйымға жүгінеді.";

      166-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "166. 750 сағат оқуға сыныптағы жұмыс, интерактивті видео, слайдты немесе магнитофондағы презентациялар, оқу кабиналарындағы жұмыс, компьютерлік оқу, сонымен бірге уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен келіскен басқа да ақпарат құралдары кіреді. Оқу бағдарламасы әр пән бойынша ең төменгі сағат саны төмендегідей құрайтындай бөлінеді:";

      169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "169. Ұшақ (Type Rating) түрі бойынша ұшуға жіберу дайындығын қоспағанда ұшу даярлығы, жалпы алғанда, кем дегенде 195 сағаттан тұрады, оған барлық ағымдағы тесттер кіреді, оның 55-ке дейінгі сағаты аспаптар бойынша ұшуға жердегі оқу болады. Осы 195 сағаттың ішінен үміткерлер ең аз дегенде:

      1) 95 сағат нұсқаушымен оқу (DUAL), оның 55-ке дейінгі сағаты аспаптар бойынша ұшуға жердегі жаттығуды алады;

      2) 70 сағат ӘКК (PIC) ретінде ұшу, оның ішінде ӘК (SPIC) студент-командирі ретінде көзбен шолып ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар. SPIC ретінде аспаптар бойынша ұшу уақыты 20 сағаттан аспайтын көлемде PIC уақыты ретінде есептеледі;

      3) ӘКК командирі ретінде маршрут бойынша 50 сағат ұшу, оның ішінде өзi ұшып шыққан әуеайлақтан айрықша бөлек 2 әуеайлаққа қону жүргізілетін, кемінде 540 км (300 теңіз милі) қашықтықта көзбен шолып ұшу;

      4) 5 сағат түнгі уақытта ұшу, оның ішінде 3 сағаты нұсқаушымен (DUAL), бұған берілген маршрут бойынша кем дегенде 1 сағат ұшу, 5 өздігінен ұшу (solo) және толық тоқтағанға дейін қону кіреді.

      5) аспаптар бойынша 115 сағат ұшу, оған ең аз дегенде:

      SPIC ретінде 20 сағат ұшу кіреді;

      FFS деңгейіндегі кешенді жаттығу құрылғылары немесе FNPTII/FTD 1/FTD 2 деңгейіндегі жаттығу құрылғылары қолданылады, көп экипажбен (МСС) өзара әрекет ету бойынша жаттығу дайындығы 15 сағат;

      6) аспаптар бойынша ұшу оқулары 50 сағат, оның ішінде:

      немесе 25 сағатқа дейін FNPT I бірінші деңгейлі жаттығу құрылғысында жерде оқыту болады;

      немесе 40 сағатқа дейін FNPTII/FTD 1/FTD 2 жаттығу құрылғыларында немесе FFS жаттығу құрылғысында жерде оқыту жүргізіледі. Осы 40 сағаттың 10 сағатына дейін FNPTI өтуі мүмкін. Аспаптар ("Basic Instrument Flight Module") бойынша ұшуға дайындықтың базалық модулін аяқтағаны туралы куәлігі бар кандидат аспаптар бойынша оқуға қажетті уақыт есебіне оқу үшін 10 сағатқа дейін есептеуге құқылы. "BITD" жаттығу құрылғысында өткізілген сағаттар есептелмейді.

      7) 5 сағат кемінде 4 адамды тасымалдау үшін сертификатталған ұшақта орындалуы тиіс, оның айналымы реттелетін винті және жиналмалы шассиі болуы тиіс.

      185-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) АҰҚ (Basic Instrument Flight Module) бойынша ұшуға даярлықтың базалық модуліне аспаптар бойынша ұшу оқуының 10 сағаты кіреді, оның 5-ке дейінгі сағаты BITD, FNPT-I/II, FTD-1/2 немесе FFS жаттығу құрылғыларын пайдалана отырып, жерде АҰҚ (Instrument ground training) бойынша жердегі даярлықты құрайды. Базалық модульді аяқтағаннан кейін кандидатқа осы курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі.";

      186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "186. Бір моторлы ұшақтар үшін оқу курсы IR(A) аспаптар бойынша ұшу оқуының ең аз дегенде 50 сағатын қамтиды, оның ішінде 20 сағатқа дейін FNPT-I жаттығу құрылғыларында аспаптар бойынша ұшулардың жердегі жаттығу уақыты немесе 35-ке дейінгі сағат FFS, FTD-1/2 немесе FNPT-II жаттығу құрылғыларында болуы тиіс. FFS, FTD-1/2 немесе FNPT-II жаттығу құрылғыларында аспаптар бойынша жердегі ұшу жаттығулары 10 сағаттан аспауы тиіс немесе FNPT-I жаттығу құрылғысымен ауыстырылады.";

      187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Көп қозғалтқышты ұшақтар үшін оқу курсы IR(A) аспаптар бойынша ұшу оқуының ең аз дегенде 55 сағатын қамтуы тиіс, оның ішінде 25 сағатқа дейін FNPT-I жаттығу құрылғыларында аспаптар бойынша ұшулардың жердегі жаттығу уақыты немесе 40-қа дейінгі сағат FFS, FTD-1/2 немесе FNPT-II жаттығу құрылғыларында болуы тиіс. FFS, FTD-1/2 немесе FNPT-II жаттығу құрылғыларында аспаптар бойынша жердегі ұшу жаттығулары 10 сағаттан аспауы тиіс немесе FNPT-I жаттығу құрылғысымен ауыстырылады. Аспаптар бойынша ұшу оқуының қалған уақыты көп қозғалтқышты ұшақтарда 15 сағаттан кем болмауы тиіс.";

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Бір қозғалтқышты ұшақта IR (A) біліктілігі бар және көп қозғалтқышты ұшақ сыныбы біліктілігін алған, (МЕ IR (А)) көп қозғалтқышты ұшағында аспаптар бойынша ұшу біліктілігін алғаш рет алуға ниетті АОО-дан курстан өтеді, бірнеше қозғалтқышы бар ұшақтарда аспаптар бойынша ұшу 5 сағат, оның 3 сағаты ұшу жаттығу құрылғысында (FFS) немесе (FNPT II) процедуралық жаттығу құрылғысында орындалуы тиіс.";

      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "190. Тікұшақ үшін аспаптар бойынша ұшу оқуының модуліне төмендегілер кіреді:

      1) бір қозғалтқышты тікұшақтың IR (Н) аспаптар бойынша ұшу оқуы кем дегенде 50 сағат, оның ішінде:

      (FNPT I (Н) немесе (A)) процедуралық жаттығу құрылғысында 20 сағатқа дейін. Осы FNPT (Н) немесе (А) 20 сағат оқу уақыты осы курс үшін бекітілген ұшақтағы IR (Н) үшін 20 сағаттық ұшу оқуымен алмастырылады; немесе

      35 сағатқа дейін тікұшақтың (FTD 2/3, FNPT II / III) процедуралық жаттығу құрылғысында немесе тікұшақтың (FFS) ұшу жаттығу құрылғысында болады;

      АҰҚ бойынша сертификатталған тікұшақтағы аспаптар бойынша ұшу оқулары 10 сағаттан кем болмайды;

      2) көп қозғалтқышты ұшақтағы IR (Н) қосымша ұшу курсы аспаптар бойынша ұшу оқуының кем дегенде 55 сағатын құрайды, оның ішінде:

      20 сағатқа дейін FNPT I (Н) немесе (A)-да болады. Осы FNPT (Н) немесе (А)-ғы 20 сағат оқу уақыты МЕ IR (Н) үшін осы курс үшін бекітілген ұшақтағы 20 сағаттық ұшу оқуымен алмастырылады; немесе 40 сағатқа дейін тікұшақтың (FTD 2/3, FNPT II / III) процедуралық жаттығу құрылғысында немесе тікұшақтың (FFS) ұшу жаттығу құрылғысында болады;

      3) АҰҚ бойынша сертификатталған тікұшақтағы аспаптар бойынша ұшу оқулары 10 сағаттан кем болмайды;

      4) IR (A) біліктілігі бар пилоттарға бағдарлама 10 сағатқа қысқартылады.

      191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "191. Куәлік немесе біліктілік белгісін алу үшін шеберлігін көрсеткен кезде талап етілетін, тәжірибе алу немесе кез келген маневрді орындау үшін ұшуды айнытпай көрсететін жаттығу құрылғысын қолдануды ұшуды айнытпай көрсететін жаттығу құрылғысының қойылған тапсырмаға сәйкес келетіндігіне кепілдік беретін, куәлік беру бойынша уәкілетті ұйым бекітеді.";

      222-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "222. ӘК-нің бір түрінде "ұшу нұсқаушысы" деген біліктілік белгісі бар пилот ӘК-нің басқа түріне қайта даярланған кезде, ӘК-нің бір түрінде ӘКК ретінде 100 сағат ұшқаннан кейін және сертификатталған АОО-да емтихан алушымен ұшуға тексеруден кейін ӘК-нің осы түрінде ұшу нұсқаушысы қызметін атқарады.";

      223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "223. Тыңдаушы-нұсқаушы кең таралған қателерді, оларды түзету әдістері мен тәсілдерін анықтай алуы тиіс. Ұшу шеберлігі және сақтық барлық ұшулардың маңызды компоненті екенін атап өту керек. Осылайша, жерде және әуеде әрбір жаттығуды орындау кезінде ұшу шеберлігінің тиісті аспектілеріне ерекше назар аударады.";

      228-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "228. FI(A) және FI(Н) ұшу нұсқаушылары үшін – 15 сағат оқу ұшулары, оның ішінде 5 сағаты басқа үміткермен ұшу, 4 сағаты аспаптар бойынша дайындық және кемінде 2 сағат қиын ұшу режимінде болады.";

      242-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "242. Ұшу даярлығы ұшақта да, сертификатталған ұшуға жаттығу құрылғысында да өткізіледі.";

      254-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "254. Жоғарыда келтірілген тармақтың әрекетін шектемей, LAPL (MHG) немесе (Ag) куәлігін беру үшін, ӘК-нің басқа түрі куәлігінің иегері төмендегі арнайы пәндер бойынша емтихандарды қоса алғанда, кемінде 25 сағат көлемінде теориялық даярлықтан өтеді:";

      258-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "258. Жоғарыда көрсетілген тармақтың қолданысын шектемей, LAPL немесе PPL санатты куәлікті беру үшін әуе кемесінің басқа түрі куәлігінің иегері төмендегі арнайы пәндер бойынша емтихандарды қоса алғанда, кемінде 50 сағат көлемінде теориялық даярлықтан өтеді:";

      262-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "262. Ұшу шеберлігін тексергеннен кейін кандидат ұшу салмағы 5 700 кг және одан төмен болатын бірқозғалтқышты поршенді ұшақта пилот міндеттерін орындай алады.";

      279-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "279. Серификатталған ұшу массасы 10 тонна немесе 19 жолаушыдан асатын кескіндемелі көп қозғалтқышты әуе кемелері көп мүшелі экипаж ұшқыштары ZFTT рәсімін қолдана отырып жаттығу құрылғысында ұшу дайындығының курстарынан өтеді, егер:";

      282 және 283 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "282. ZFTT рәсімін бастапқы мақұлдауы үшін, пайдаланушының коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға 1 жылдан кем емес пайдалану сертификаты болады.

      Егер пайдаланушы және АА АБО-ның біліктілік бағасын беру бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесі болған жағдайда бұл кезең қысқартылады.

      283. Қайта дайындау бағдарламасында әуеайлақтық жаттығуға ұқсату енгізіледі, бұл курс аяқталған кезде өткізіледі және ұшу дайындығы болып есептеледі.

      Ұшқыш турбиналы винтті ұшақтан турбореактивті ұшаққа ауысқан кезде немесе турбореактивті ұшақтан турбиналы винтті ұшаққа ауысқан кезде, жаттықтыру құрылғысында қосымша жаттығу қажет.";

      284-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "284. Осы ӘК жаттықтыру құрылғысын пайдалану мүмкін болмаса, кейбір жағдайларда, уакілетті ұйыммен келісілген бағдарлама бойынша ӘК кабинасында жаттығу өткізіледі.";

      291-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "291. Пайдаланушы уәкілетті ұйыммен келісілетін және өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін ұшу экипажының барлық мүшелерінің тиісті даярлығына кепілдік беретін жер үсті және ұшу дайындығы бағдарламасын жасайды және орындайды.";

      292-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті ұйымдар белгілеген белгілеген белгілі кезенде мерзімде қайталанады және даярлықты бағалауды өткізуді қарастырады.";

      299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "299. ӘК нақты түрінде қайтадан ұшу даярлығынан өтуге қатысты талаптар мына жағдайларда орындалған болып есептеледі:

      1) егер уәкілетті ұйым осы мақсат үшін бекіткен ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғылары уәкілетті ұйымның мақсатқа сәйкес деп табылатын дәрежесі деңгейінде қолданылса; немесе

      2) ӘК-нің осы түрінде белгілі бір мерзімнен кейін даярлық деңгейін тексеру өткізілген болса.";

      304-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "304. Әуе кемесінің нақты түріндегі ұшу даярлығына қатысты талаптар орындалған болып саналады, егер:

      1) осы мақсат үшін уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган рұқсат еткен ұшу жағдайларын имитациялаудың тренажерлік құрылғысы қолданылса;

      2) әуе кемесінің осы түріндегі даярлық деңгейіне белгіленген уақыттан кейін тексеру жүргізілген болса (әуедегі практикалық жұмысты және авариялық жағдайда әрекет ете білуді тексеру).";

      305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "305. Аталған тексерулер уәкілетті ұйымда немесе уәкілетті органда бекітілген (FFS) кешенді жаттығу құрылғысындағы бір тексеру жіберіледі) 120 күннен кем емес аралықта кез-келген кезекті 12 ай ішінде екі рет жүзеге асырылады. FFS тексеру көлемі 2 сағаттан кем емес.";

      308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "308. FI немесе IRI ұшу нұсқаушысының сертификатын дәлелдеу үшін сертификат иесі 3 талаптың мынадай 2-уін орындайды:

      1) FI (A) және (H) үшін сертификаттың жарамдылық мерзімінің ішінде FI, TRI, CRI, IRI немесе емтихан алушы ретінде әуе кемесінің тиісті санатында ұшуды оқыту бағдарламасы бойынша 50 сағаттан кем емес орындау.

      Егер өтініш берушінің (IR) аспаптар бойынша ұшуға рұқсаттамасы болса, онда ол FI куәлігінің жарамдылық мерзімі өтетін күннің алдындағы соңғы 12 айдың ішінде IR үшін ұшуды оқыту бағдарламасы бойынша 10 сағаттан кем емес ұшуға ие болады;

      2) FI (As) үшін дирижабльдерде FI, IRI ретінде немесе емтихан алушы ретінде сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде 20 сағаттан кем емес ұшуға ие болуы.

      Егер өтініш берушінің (IR) аспаптар бойынша ұшуға рұқсаттамасы болса, онда ол FI куәлігінің жарамдылық мерзімі өтетін күннің алдындағы соңғы 12 айдың ішінде IR үшін ұшуды оқыту бағдарламасы бойынша 10 сағаттан кем емес ұшуға ие болады;

      3) FI (S) үшін сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде FI ретінде немесе емтихан алушы ретінде планерларда ұшуды оқыту бағдарламасы бойынша 30 сағаттан кем емес ұшуға немесе 60 әуелеп ұшуға ие болуы;

      4) FI (B) үшін сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде FI ретінде немесе емтихан алушы ретінде әуе шарларында ұшуды оқыту бағдарламасы бойынша 6 сағаттан кем емес ұшуға ие болуы.

      Нұсқаушылардың семинар-практикумына FI сертификатының жарамдылық мерзімі ішінде қатысады.

      Осы Үлгілік бағдарламалардың 16-тарауының 4, 5 параграфтарының талаптарына сәйкес, FI куәлігінің жарамдылық мерзімі өткен күннің алдындағы 12 ай ішінде ӘК-де немесе жаттығу құрылғысында (кәсіби деңгейді қолдау) құзіреттілік бағасынан өтеді.

      5) FI нұсқаушысының сертификатын ұзарту үшін, өтініш беруші ұзартқанға дейін 12 ай ішінде:

      Нұсқаушыларға арналған семинарға қатысады;

      Осы Үлгілік бағдарламалардың 16-тарауының 4, 5 параграфтарының талаптарына сәйкес, FI куәлігінің жарамдылық мерзімі өткен күннің алдындағы 12 ай ішінде ӘК-де немесе жаттығу құрылғысында (кәсіби деңгейді қолдау) құзіреттілік бағасынан өтеді.

      FI, TRI/ SFI, CRI, IR нұсқаушы сертификаты 3 жыл ішінде жарамды.

      310-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сертификатталған (танылған) АОО-ның уәкілетті ұйымында немесе уәкілетті органда TRI ретінде нұсқаушыларды қайта даярлаудан өтеді;";

      311-тармақтың 2) тармақшаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сертификатталған (танылған) АОО-ның уәкілетті ұйымында неме уәкілетті органда TRI курсының тиісті бөлімін аяқтайды;";

      312-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сертификатталған (танылған) АОО-ның уәкілетті ұйымында немесе уәкілетті органда TRI ретінде нұсқаушыларды қайта даярлауды алады, бұл TRI оқу курсының сәйкес элементтерін қамтиды;";

      313-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) CRI рөлінде 10 сағаттан кем болмайтын көлемде ұшу дайындығын өткізеді. Егер CRI өтінім берушінің бір моторлы ұшақтарға да, көп моторлы ұшақтарға да рұқсаты болса, 10 сағат ұшу дайындығы бір моторлы және көп моторлы ұшақтар арасында бірдей бөлінеді; немесе

      2) сертификатталған (танылған) АОО-ның уәкілетті ұйымында немесе уәкілетті органда СRI ретінде нұсқаушылар бағдарламасы бойынша қайта даярлаудан өтеді, бұл СRI оқу курсының тиісті элементтерін қамтиды;";

      314-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сертификатталған (танылған) АОО-ның уәкілетті ұйымында немесе уәкілетті органда СRI ретінде нұсқаушылар бағдарламасы бойынша қайта даярлау алады, бұл СRI оқу курсының тиісті элементтерін қамтиды;";

      315-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) нұсқаушы немесе емтихан қабылдаушы ретінде FSTD 50 сағат ұшу уақытының, оның 15 сағаттан кем болмайтыны SFI сертификатының қолданылу мерзімі өтетін күннің алдындағы 12 ай ішінде болуы;

      2) сертификатталған (танылған) АОО-ның уәкілетті ұйымында SFI ретінде қайта даярлаудан өтеді;";

      316-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сертификатталған (танылған) АОО-ның уәкілетті ұйымында немесе уәкілетті органда SFI ретінде қайта даярлаудан өтеді;";

      317-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "317. ӘК техниалық қызмет көрсету персоналын бастапқы даярлаудың үлгілік бағдарламасы (бұдан әрі осы кіші бөлім шегінде – "Үлгілік бағдарлама") аталған персонал үшін бстапқы даярлаудың ең төменгі көлемін регламенттейді, қажет болған жағдайда және негіздеме бойынша оны ұлғайтады. Пәндердің модульдері мен тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 21-қосымшасында берілген ("Модульдерді үйлестіру").

      320-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "320. "А", "В1", "В2" және "В3" санатты/қосымша санатты ӘК ТҚ маманы куәлігін алуға кандидаттарға бастапқы даярлау бағдарламасын (модульдерін) одан кейін емтихан алуға құқығы бар уәкілетті ұйымда немесе АОО-да емтихан тапсыра отырып, өз бетінше игеруге болады.";

      325-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "325. Осы Үлгілік бағдарламада ӘК ТҚ жөніндегі маманды бастапқы даярлау үшін оқытудың басқа түрлеріне арналған оқу бағдарламасын әзірлеуде өзгертілмейтін модульдік қағидат ұсынылады.";

      333-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "333. Осы үлгі бағдарламасының 338-тармақтың анықтауына жатпайтын курстарды аяқтағаннан кейін қатысушыға мынадай сертификат беріледі:

      1) егер курс емтихан тапсыруды қарастыратын болса, сонымен қоса практикалық тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша (On the Job Training) оны беру уәкілетті ұйыммен келісілетін "Certificate of Completion" курсын аяқтағаны туралы сертификат. Практикалық тағылымдамадан өту қорытындысы жөніндегі (On the Job Training) уәклетті ұйыммен келісіліп берілетін балама сертификатқа практикалық тағылымдамада меңгерілген міндеттер бойынша жазба және бағалаушының біліктілік, тағайындалған бағасы жөніндегі жазба болып табылады.

      2) егер курс емтихан тапсыруды қарастырмайтын болса, "Cerificate of Attendance" қатысқаны туралы сертификат беріледі.";

      348 және 349 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "348.Теориялық даярлық келесі негізгі оқыту нысандары арқылы жүзеге асырылады:

      1) күндізгі стационарлық (кешенді, типтік);

      2) модульдік;

      3) сырттай;

      4) қашықтан;

      5) құрамдас.

      349.Жаттығу құрылғысында даярлық келесі негізгі оқыту нысандары арқылы жүзеге асырылады:

      1) күндізгі стационарлық (кешенді, типтік);

      2) модульдік.";

      350-тармақтың 3) және 5) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      3) ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау бағдарламасына тиісті тағылымдамалық мерзім өткеннен кейін талапқа сай базалық даярлау және барлық біліктілік белгілері бойынша даярлау кіретін кешенді бағдарлама бойынша да, сондай-ақ бөлек базалық даярлауға және әрбір біліктілік белгісі бойынша даярлауға мүмкінді беретін модульдік бағдарлама бойынша да жүргізіледі;

      ..........

      5) ӘҚҚ диспетчерінің біліктілігі бар тұлғалардан құралған ӘҚЖ және Брифинг мамандарын бастапқы даялару кезінде Брифинг және/немесе ӘҚЖ диспетчерлерінің кәсіби деңгейін қолдау бағдарламалары бойынша мамандарды оқытуға теңестіруге болатын кемінде 36 оқу сағатынан тұрады;";

      355-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "355. ӘҚҚ персоналын арнайы даярлау аэронавигациялық ұйымның өзінде практикалық және жаттығу құрылғысында даярлау түрінде, сонымен қатар бөлек курс, тренинг түрінде авиациялық оқу орталығында да өткізіледі. Бұл жағдайда уәкілетті ұйымның даярлау бағдарламасын (жоспарын) бекітуі талап етілмейді.";

      357-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органы үшін маманның тағылымдамадан өтуін көрсетілген органда жұмысқа рұқсаты бар маман жүзеге асырады.";

      376 және 377-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "376. ӘҚҚ емтихан алушыларын кәсіби даярлауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган авиациялық қызметкерлердің біліктілік деңгейін анықтау үшін тағайындалатын жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырады.

      377. ӘҚҚ емтихан алушыларын кәсіби даярлау осы мамандық бойынша біліктілігі жоқ ӘҚҚ диспетчері куәлігінің иесін қайта даярлау және уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган тағайындаған ӘҚҚ емтихан алушыларының кәсіби деңгейін қолдау ретінде жүзеге асырылады.";

      379-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "379. Қайта даярлау сол сияқты бұрын осы оқуды бітірген, бірақ емтихан алушы ретінде қызмет атқармаған немесе оқу бітіргеннен кейінгі бес жыл ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган ӘҚҚ емтихан алушы ретінде тағайындамаған тұлға. Осының өзінде алдыңғы тармақтың талаптары сақталуы тиіс.";

      382-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "382. Практикалық даярлау жұмыс орнында және/немесе ӘҚҚ тренажерінде іске асырылады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен белгіленетін ӘҚҚ емтихан алушыларымен немесе аэронавигациялық қызмет провайдерлерімен немесе осындай өкілетті тағайындаған жағдайда АОО-мен жүргізіледі.";

      387-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "387. ӘҚҚ емтихан алушының КДҚ барысындағы практикалық даярлығы жұмыс орнында және/немесе ӘҚҚ тренажерінде уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган тағайындаған ӘҚҚ жетекші емтихан алушысының қадағалауымен жүзеге асырылады.";

      391-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "391. КДҚ барысындағы оқыту курстар, тренингтер, семинарлар, жаттығулар, тағылымдамалар және тағы с.с түрінде, алдыңғы даярлықты есепке ала отырып, осы үлгілік нысанда көрсетілген кезеңге сәйкес ұйымдастырылуы тиіс және белгіленген кезең мерзімінде бірге жүргізілетін бір ғана курс түрінде де, жеке модуль түрінде де жүзеге асырады.";

      394 және 395 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "394. Кәсібидеңгейді қолдау мақсатында жаттығу құрылғысында даярлау ӘҚҚ жаттығу орталығында да, сондай-ақ АОО курстарынан өту кезінде немесе басқа да ұйымдарда іске асырады.

      395. Жеке жағдайларда және шұғыл қажет болған жағдайында осы кәсібидаярлау түрі жоспардан тыс, бірақ кезекті кезеңнен кеш емес мерзімде өткізеді.";

      397-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "397. Басқа диспетчерлік пунктте дербес жұмысқа кейіннен рұқсат алу кезіндежаттығу құрылғысында даярлау уақыты жоғарыда көрсетілгеннен 70% азайтады.";

      399-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) келесі біліктілік белгісін тағайындаған кезде немесе келесі дербес жұмысқа рұқсаттама алу кезінде жаттықтыру құрылғысында дайындау мерзімі қысқартылады, алайда жоғарыда аталған мерзімнің 70% аспайтын мерзімге;";

      400 және 401-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "400. Көпсекторлы диспетчерлік пункттер үшін жаттығу құрылғысындағы дайындық секторлардың бірінде жүргізеді.

      401. ӘҚҚ ережелерін үнемі бұзуы немесе осы диспетчерлік пунктте жұмыс істеуге төселмегені анықталған жағдайда ұшу басшысы ӘҚҚ диспетчерін қосымша жаттығу құрылғысында дайындыққа жібереді.";

      410-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "410. Белгіленген салада кәсіби қызметтің жаңа түрін орындау үшін орта немесе жоғары кәсіби білімі бар мамандарды кәсіби қайта даярлау уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган бекіткен азаматтық авиацияның орта және жоғары кәсіби білім беру мекемелерінде және авиациялық оқу орталықтарында қосымша кәсіби білім беру шеңберінде жүргізіледі.";

      417-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      2) "ӘК ұшуларын жүргізу" (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) "Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу сұлбаларын жасау") ІІ том ИКАО құжаттарының талаптарына сәйкес Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) курсы бойынша арнайы теориялық даярлықтан өту, соның ішінде "Аэронавигациялық карталар" халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 4-қосымшасына сәйкес жариялауға аэронавигациялық карталарды ресімдеу;

      433-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "433. Бастапқы дайындық келесі кезеңдерден тұрады:

      1) теориялық дайындық;

      2) практикалық дайындық.

      Теориялық дайындық оқытудың келесі түрлері бойынша жүзеге асырылады:

      күндізгі стационарлық (кешенді, типтік);

      модульдік;

      сырттай;

      қашықтықтан;

      құрамдастырылған.";

      435-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "435. Тыңдаушылардың үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды болуы мүмкін және техникалық құралдарды қолданумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама әдісін, тестілеу, ауызша сұрау, жазбаша бақылау жұмыстарын және т.б. пайдалана отырып, жүргізіледі.";

      448-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "448. Кәсібидеңгейді қолдау бастапқы даярлаудың осы үлгілік бағдарламасында көрсетілген мерзімділік пен тақырыптарға сәйкес оқу курстары, тренингтер және семинарлар түрінде, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрінде ұйымдастырылады және белгіленген мерзім ішінде бір рет өткізілетін біртұтас курс түрінде, сондай-ақ жекеленген модульдер түрінде де іске асырылады.";

      452-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "452. Аэронавигациялық ұйымның даму жоспарларымен айқындалған ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесін дамыту жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа рәсімдер, тұжырымдамалар қажеттілігіне қарайаэронавигациялық ұйымның өзінде техникалық оқу, тәжірибелік дайындық түрінде, авиациялық оқу орталығында жекеленген курс, тренинг түрінде іске асырылады. Осы ретте даярлау бағдарламасын (жоспарын) уәкілетті ұйыммен келісу талап етілмейді.";

      453-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "453. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналдың кәсібидеңгейін қолдау ағылшын тілін авиациялық метеорологиялық деректерді түсіндіруге, метеорологиялық брифингтерді жүргізуге және пайдаланушылардың нақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін кеңес беруге жеткілікті көлемде оқытуды қамтиды (қажет болған кезде), ол кәсібидеңгейді қолдау курсына енгізілуі мүмкін, не өз бетінше іске асырады.";

      455-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "455. Арнайы дайындық орнатылған жабдықты әзірлеушінің бағдарламаларына сәйкес және солардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады. Бұл ретте арнайы даярлау бағдарламалары уәкілетті ұйыммен келісілмейді, ал оқытуды жүзеге асыратын адамдарда АОО-да нұсқаушы ретінде даярлығының болуы талап етілмейді.";

      457-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "457. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі персоналдың арнайы даярлығы (қажеттілігіне қарай) аэронавигациялық ұйымның өзінде тәжірибелік дайындық түрінде, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымда жекеленген курс, тренинг түрінде өткізіледі. Осы ретте даярлау бағдарламасын уәкілетті ұйымда бекіту талап етілмейді.";

      460 және 461-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "460. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің кәсібибіліктілігін қолдау даярлаудың теориялық және тәжірибелік түрлерін қамтиды. Бастапқы даярлау (қайта даярлау) кезінде Теориялық даярлық авиациялық оқу орталықтарында, ал тәжірибелік даярлау пайдалану кәсіпорындарында немесе сертификатталған техникалық және авиациялық оқу орталықтарында техникалық мүмкіндік болған жағдайда іске асырылады. Осы ретте тәжірибелік даярлау пайдалану кәсіпорнының рәсімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласының уәкілетті ұйымымен немесе уәкілетті органмен келісілген меншікті бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      461. Кәсібидеңгейді қолдау Теориялық даярлық түрінде кемінде үш жылда бір рет авиациялық оқу орталығында немесе пайдалану кәсіпорнында технологиялық мүмкіндік болған кезде іске асырылады. Егер, осы ретте пайдалану кәсіпорны тәжірибелік даярлауды өткізе алатын болса, онда ол пайдалану кәсіпорнының рәсімдеріне сәйкес уәкілетті ұйымымен немесе уәкілетті органмен келісілген меншікті бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.";

      466 тармақ алып тасталсын;

      467 тармақ маныдай редакцияда жазылсын:

      "467. Осы параграфта айтылған ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері кәсібидаярлаудың барлық бағдарламаларының жалпы көлеміне ағылшын тілінің аспектілерін және АОО-ның қарауы бойынша, не оқытуға тапсырыс беруші қажет еткен кезде АА субъектілерінің басқа қызметтерін зерделеу енгізіледі.";

      476-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "476. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіби деңгейді қолдау көлемі уәкілетті ұйыммен немесен уәкілетті органмен келісетін АОО-ның бағдарламаларына сәйкес регламенттеледі.";

      480 тармақ мынадай рекадцияда жазылсын:

      "480.Тыңдаушылардың сабақ үлгерімі ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау түрінде болуы мүмкін және техникалық құралдарды, оның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, тест жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырыда.";

      495-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "495. Қайта даярлау және кәсіби деңгейді қолдау көлемі уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен бекітетін АОО-ның бағдарламаларына сәйкес регламенттеледі.";

      499 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "499. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімі ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау түрінде болуы мүмкін және техникалық құралдарды, оның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, тест жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырыды.";

      501-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "501. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы жөніндегі мамандарды кәсіби даярлаудың осы үлгілік бағдарламасы ұшуды қамтамасыз етудің радиотехникалық жабдықтарын және электр байланысын пайдалану (бұдан әрі – РТЖБП) жөніндегі инженерлік-техникалық персоналды, ИКАО терминологиясы бойынша – әуе қозғалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған электрондық құралдар жөніндегі персоналды (ATSEP) кәсіби даярлаудың қағидатын, негізгі функцияларын, дербес жұмысқа рұқсат берудің тәртібін айқындайды. Даярлау мен бағалаудың біліктілік жүйесін кәсіби даярлау процестеріне енгізу кезінде ИКАО Doc 9868 (PANS-TRG) және Doc 10057 AN/520. құжаттарының ұсынымдары қолданылады.";

      510-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "510. Теориялық даярлық мынадай негізгі оқыту нысандарында жүзеге асырады:

      1) күндізгі стационарлық (кешенді, үлгілік);

      2) модульдік;

      3) сырттай;

      4) қашықтықтан;

      5) құрамдастырылған.";

      511-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ағылшын тілі бастапқы даярлау бағдарламасының жалпы көлеміне қажет болған кезде,стандарттар болғанда оқушылардың санатына және оларға қойылатын біліктілік талаптарына байланысты пайдалану құжаттарын қолдану және қатынасу үшін жеткілікті көлемде енгізіледі;";

      524-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "524. Кәсібидеңгейді қолдау бастапқы даярлаудың осы үлгілік бағдарламасында көрсетілген мерзімділік пен тақырыптарға сәйкес оқу курстары, тренингтер және семинарлар түрінде, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрінде ұйымдастырылады және белгіленген мерзім ішінде бір-ақ рет өткізілетін біртұтас курс түрінде, сондай-ақ жекеленген модульдер түрінде де іске асырылад.";

      528 және 529 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "528. ҰРТҚ және байланыс жабдықтарын техникалық пайдаланудың жаңа рәсімдерін, жүйелерді жетілдіру жөніндегі тұжырымдамаларды меңгеру аэронавигациялық ұйымның даму жоспарларымен айқындалған мерзімде CNS/ATM жүйелерін дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады және қажет болған кезде аэронавигациялық ұйымның өзінде техникалық оқу, тәжірибелік дайындық түрінде, авиациялық оқу орталығында жекеленген курс, тренинг түрінде іске асырылады. Осы ретте даярлау бағдарламасын (жоспарын) уәкілетті ұйыммен келісу талап етілмейді.

      529. Жекеленген жағдайларда және жедел қажет болған кезде кәсібидаярлаудың осы түрі жоспардан тыс, бірақ кезекті мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі.";

      536-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "536. РТЖБП жөніндегі персоналдың арнайы даярлығы (қажеттілігіне қарай) аэронавигациялық ұйымның өзінде тәжірибелік дайындық түрінде, авиациялық оқу орталығында жекеленген курс, тренинг түрінде өткізіледі. Осы ретте даярлау бағдарламасын уәкілетті ұйымда келісу талап етілмейді.";

      538-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "538. Ұшуды электржарықтехникалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды кәсіби даярлаудың осы үлгілік бағдарламалары қызметі "Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясындағы ұшуларды электржарықтехникалық қамтамасыз ету қағидаларымен" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11637 тіркелген) реттелетін, ұшуды жарықтехникалық қамтамасыз ету бойынша қызметті тікелей жүзеге асыратын мамандарға кәсібидаярлау жүргізуге арналған және "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсібидаярлау қағидаларына" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 тіркелген) сәйкес іске асырылатын оқыту бағдарламасы мазмұнының ең аз көлемін қамтиды.";

      542-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "542. Ұшуды электр жарық техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау тікелей азаматтық авиация кәсіпорнында жаңа жүйелер мен технологияларды жабдықты жасаушылардың бағдарламалары бойынша да, АОО бағдарламалары бойынша да пайдалануға беру шеңберінде жүзеге асырылады.";

      543-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "543. Кәсіби деңгейді қолдау бастапқы даярлаудың осы үлгілік бағдарламасында көрсетілген мерзімділік пен тақырыптарға сәйкес оқу курстары, тренингтер және семинарлар түрінде, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрінде ұйымдастырылады және бес жыл мерзімділікпен іске асырылады. Осы ретте, бес жылда бір рет өткізілетін біртұтас курс түрінде де, бес жыл бойы іске асырылатын жекеленген модульдер түрінде де іске асырылады.";

      552-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "552. Кәсіптік даярлаудың толық циклі осы үлгілік бағдарламаларда көрсетілген тақырыптарға сәйкес курстарды, тренингтерді және семинарларды, оның ішінде қашықтықтан оқыту түрлерін қамтиды және 5 жылды құрайды.";

      564-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "564. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді қолдау көлемі уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен келісетін АОО бағдарламаларына сәйкес регламеттеледі және мына өлшемдерге сәйкес болады:

      1) ТҚ ТҚМ бастапқы даярлау кезінде тыңдаушыларда төртінші-деңгейден төмен емес ИКАО-ның тілдік білім шкаласы бойынша меңгеру деңгейі туралы қолданыстағы сертификаты болуға тиіс;

      2) ТҚ ТҚМ бастапқы даярлау кезінде тыңдаушыларда АСО қолданыстағы куәлігі мен теңіз қондырғыларында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс.";

      570-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "570. ТҚ ТҚМН басшылығымен тағылымдама өткізудің ең аз көлемі уәкілетті ұйымға дербес жұмысқа жіберуге рұқсат алуға өтініш берудің алдындағы 6 ай бойы қызмет көрсетілетін тікұшақтардың кемінде 75 ұшып көтерілу мен қонуын құрайды.";

      583-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "583. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен келісілетін, АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі және келесі өлшемдерге сәйкес келеді:

      авиация персоналы тұлғалары ішінен ТҚ ТҚМН қайта даярлау кезінде даярлаудың жалпы көлемі кемінде 24 сағат болуға тиіс;

      ТҚ ТҚМН қайта даярлау кезінде – тыңдаушының ИКАО шкаласы бойынша кем дегенде төртінші-деңгейден кем емес тілді білу (жұмыс) деңгейін растайтын қолданыстағы сертификаты болуы тиіс;

      ТҚ ТҚМН қайта даярлау кезінде – тыңдаушының авиациялық станция операторының қолданыстағы куәлігі болуы тиіс;

      ТҚ ТҚМН қайта даярлау кезінде – ТҚ ТҚМ ретінде жұмыс тәжірибесі теңізде екі және одан артық тікұшақ айлағында кемінде бір жыл болуы тиіс.";

      588-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "588. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырады.";

      595-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "595. Бастапқы даярлау және кәсіптік деңгейді қолдау көлемі уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган келісетін АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі.";

      610-тармақ бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "610. Кабиналық экипаждың мүшелері үміткерлеріне ең төменгі біліктілік талаптары қойылады:";

      612-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "612. Осы толық бағдарлама және оқу жоспары осы үлгілік бағдарламалардың және Бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11063 болып тіркелген) талаптарына сәйкес әуе кемесі салонында, ұшу кезінде, жерде жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кабина экипажының орындайтын барлық функционалдық міндеттерін қамту үшін даярлаудың әр түріне пайдаланушы әзірлейді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым келіседі.";

      614-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "614. Әрбір даярлау түрі мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

      1) жақсы құрастырылған және пайдаланылатын ӘК үлгілерін шынайы пайдалану жағдайына барынша жақындастырылған;

      2) даярлаудың осы түрі үшін тиісті біліктілігі бар персоналмен (нұсқаушы/жаттықтырушы) жүргізіледі, ал рәсімдерден өтуге тартылған мамандардың біліктілігін Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның уәкілетті ұйымдары анықтайды.";

      618-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "618. Оқу барысында немесе аяқтағаннан кейін оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу модулдерінен кабиналық экипаждың әрбір мүшесі тексеруден өтеді, тек оңтайландыру саласындағы (CRM) экипаж жұмысы бойынша оқыту тексерілмейді. Кабиналық экипаж мүшесі қажетті даярлау деңгейіне сәйкес екендігін растау үшін, тексеруді уәкілетті ұйым тағайындаған тиісті біліктілігі бар персоналдар орындайды.";

      620-тармақтың 1) тармақшаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) авиациялық оқу орталықтарында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган сертификаттаған, авиациялық ортамен танысу үшін және жеткілікті жалпы білім және негізгі дағдыларын алу үшін, қалыпты штаттық емес және апатты жағдайларда ұшу қауіпсіздігін және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты талап етілетін міндеттерді және функцияларды орындау үшін, бастапқы даярлық курсынан өтеді.";

      627-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "627. Экипаждың жұмысын оңтайландыру (CRM) бойынша даярлау бағдарламалар жасау үшін, ұшу және кабиналық экипаж бөлімдерінің арасында даярлау өзара әрекет тиімді жүзеге асырылады. Ұшу және кабиналық экипаж нұсқаушылары бақылау жүргізу және оқытуға қатысты бір –біріне ескертулер жасай алтындай етіп Бағдарлама жасалады. Ұшу экипажының кабинасында жыл сайынғы кезеңдік даярлау кезінде барлық кабиналық экипаж мүшелеріне авариялық жағдайларды сипаттай отырып видео-сабақтар көрсетіледі, осылайша кабиналық экипаж мүшелеріне, атап айтқанда, кабиналық экипаждың аға мүшелеріне, ұшу экипажына ұшу даярлау (LOFT) бағдарламасының жаттығуларына қатысады.";

      633-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "633. CRM модульдері қамтылған ӘК үлгісінде қайта даярлауда, кезеңдік даярлауда немесе кабиналық экипаждың аға мүшелерін даярлауда нұсқаушылардың адам факторы және CRM бойынша даярлауға тиісті білімдері бар.";

      646-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "646. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен келісілген және пайдаланушы бекіткен даярлау бағдарламасы бойынша авиациялық оқу орталықтарында әрбір кабиналық экипаж мүшесі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы немесе уәкілетті орган сертификаттаған пайдаланушының ерекшеліктері және әуе кемесі модификациясын және үлгісін ескере отырып даярлаудан, сондай-ақ тиісті тексеруден өтеді:

      1) пайдаланушының ұшуды орындауға кабиналық экипаж мүшесі ретінде тағайындауына дейін;

      2) пайдаланушының ұшуды орындауға басқа ӘК үлгісіне тағайындауына дейін.";

      681-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "681. Егер тағылымдама жетекшісінің қорытындысы бойынша тағылымдамадан өтуші тиісті жұмыс орнында дербес жұмысқа дайын емес болса, тағылымдама мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бастапқы белгіленген көлемнен аспайтын болады.";

      706-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "706. Аға бортсеріктерді даярлауды тәжірибелік даярлау нысанында пайдаланушының өзі жүзеге асырылуы мүмкін, сондай-ақ авиациялық оқу орталығында жеке курс түрінде (тренинг). Уәкілетті ұйымда даярлау бағдарламасын келісу талап етілмейді, бірақ осы Үлгілік бағдарламаның 27-бөліміне сәйкес пайдаланушы міндетті элементтерді зерделеуді қамтамасыз етеді.";

      711-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "711. Даярлау бағдарламасы және кабиналық экипаж мүшелерін тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті орган келісіледі және ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың D "Training/Даярлау" бөліміне енгізіледі.";

      715-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "715. Қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұшуларын әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларымен" (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12360 болып тіркелген). реттелетін әуеайлақтардың техникалық пайдаланумен айналысатын мамандардың (басшылар, инженерлер, әуеайлақ қызметінің шебері, ұшуларға әуеайлақ элементтерінің дайындық жағдайын бақылайтын мамандар), кәсіби даярлаудың үлгілік қағидалары, өзіне "Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық персоналды кәсіби даярлау қағидаларына" сәйкес жүзеге асырылатын оқыту бағдарламаларының минималды көлемін қамтиды.";

      721-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "721. Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау әуежайларды пайдаланушылар бағдарламасы бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ АА АОО бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ бағдарламалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның міндетті келісімін қажет етпейді.";

      734-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "734. Ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау әуежайларды пайдаланушылар бағдарламасы бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ АА АОО бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ бағдарламалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның міндетті келісімін қажет етпейді.";

      740-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "740. Қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация мекемелерінде авиациялық жанармай мен арнайы сұйықтықтардың сапасына бақылау жүргізу мен құюға беруге дайындау, сақтау қағидаларымен" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11678 болып тіркелген. реттелетін әуежайлардағы ЖЖМ қоймасының басқарумен және техникалық пайдаланумен, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын бақылаумен айналысатын мамандардың (басшылар, инженерлер, ЖЖМ қызметінің мамандары) кәсіби даярлығының осы үлгілік бағдарламасы өзіне "Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық персоналды кәсіби даярлау қағидаларына" сәйкес жүзеге асырылатын оқыту бағдарламаларының минималды көлемін қамтиды.";

      746-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "746. Әуе ЖЖМ қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау әуежайларды пайдаланушылар бағдарламасы бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ АА АОО бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ бағдарламалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның міндетті келісімін қажет етпейді.";

      758-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "758. Ұшуларды апаттық-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау әуежайларды пайдаланушылар бағдарламасы бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды, жаңа жабдықтарды енгізу, сондай-ақ АА АОО бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ бағдарламалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның міндетті келісімін қажет етпейді.";

      777-тармақтің бірінші абзаәы мынадай редакцияда жазылсын:

      "777. Теориялық даярлық оқытудың келесідей негізгі түрлері барысында жүзеге асырылады:";

      785-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "785. Кәсіби деңгейді қолдауға курстардан, тренингтер мен семинарлардан өту, соның ішінде алғашқы дайындық тақырыбымен осы үлгілік бағдарламада көрсетілген қашықтықтан оқыту жатады, сондай-ақ мерзімділігі 5 жылда бір реттен кем емес уақытта іске асып отырады. Сонымен қатар оқыту бірыңғай курс нысанында, 5 жылда бір рет жүргізіледі және жеке модульдер нысанында, 5 жыл ішінде жүзеге асып ұйымдастырылады.";

      796-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "796. Даярлау көлемі персоналға жүктелген қызметтерге қатысты, ұшу қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі –ҰҚБ) үшін жауапты барлық және жекелеген ҰҚБЖ бағыттарын қамтиды.":

      797-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "797. Азаматтық авиацияда ұшу қауіпсіздігін басқаруға байланысты қызметті жүзеге асыратын авиациялық персонал емес тұлғаларды кәсіби даярлау үшін жүзеге асырылатын бағдарламалар уәкілетті ұйымдармен арнайы келісуді талап етпейді, бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптары (Қазақстан Республикасының оқыту орталықтары үшін) және осы бағыттағы қызметке қатысты азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттар ескеріледі.";

      798-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      798. ИКАО, ИАТА, КАНСО, Еуробақылау, EASA және басқа халықаралық ұйымдар өткізетін семинарлар мен тренингтерге ұшу қауіпсіздігін басқару саласында құзыреттілігі мен хабардар болуын қолдау, озық тәжірибені оқыту және енгізу мақсатында ұшу қауіпсіздігін басқаруға қатысты персоналдың қатысуын ұсынады.";

      803-тармақ бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "803. ҰҚБ бойынша арнайы даярлық мына жағдайларда жүзеге асырылады:";

      Үлгілік бағдарламаның 20 және 22 қосымшасындағы "уәкілетті орган" сөздері "уәкілетті ұйым" сөздеріне ауыстырылсын;

      Үлгілік бағдарламаның 25 қосымшасының 14-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "Өтініш беруші емтихан өткізетін АОО, ӘК ТҚ мамандарын оқытатын немесе құзіретті ұйымдарға соңғы жыл ішінде емтихан тапсыру әрекетінің санын және бұл әрекеттерді орындаған мекеменің немесе авиациялық өкіметтің атауын жазбаша түрде растауы тиіс. АОО, ӘК ТҚ мамандарын оқытатын немесе құзіретті ұйымдар, белгіленген уақыт лиміті шегінде жасалған қайта тапсыру әрекетін тексеруге жауапты.";

      Үлгілік бағдарламаның 26 қосымшасының 2-тармағында "уәкілетті орган" сөздері "уәкілетті ұйым" сөздеріне ауыстырылсын;

      Үлгілік бағдарламаның 26 қосымшасы 3-тармағының 1) тармақшасында "уәкілетті орган" сөздері "уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган" сөздеріне ауыстырылсын:

      Үлгілік бағдарламаның 26 қосымшасы 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) рұқсат етілген оқытуды қоспағанда, осы қосымшаның 3-параграфында сипатталған қолайлы деректердің міндетті бөлігінде айқындалған тиісті элементтермен, егер мұндай элементтер жоқ болса, осы қосымшаның 8 және 9-параграфтарында сипатталған стандартта сипатталған тиісті элементтермен айырмашылыққа оқытуды қоспағанда, стандарттарға сәйкес келеді;";

      Үлгілік бағдарламаның 26 қосымшасы 4-тармағының 1) тармақшасында "уәкілетті орган" сөздері "уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган" сөздеріне ауыстырылсын:

      Үлгілік бағдарламаның 26 қосымшасы 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) рұқсат етілген оқытуды қоспағанда, осы Қосымшаның 3 - параграфында сипатталған, ӘК типіне арналған оқыту стандартының міндетті бөлімінде айқындалған тиісті элементтермен ерекшеленуге сәйкес келетін, егер мұндай элементтер болмаса-осы қосымшаның 8 және 9-параграфтарында сипатталған стандарттарға сәйкес келетін стандарттарға сәйкес келетін болса, стандарттарға сәйкес келеді;";

      Үлгілік бағдарламаның 26 қосымшасының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Айырмашылықтарға оқыту ӘК типіне оқытудың теориялық және практикалық элементтеріне қатысты осы Үлгілік бағдарламаларда айқындалған талаптарды назарға ала отырып, жеке айқындалады.";

      Үлгілік бағдарламаның 26 қосымшасы 18-тармағының (**) мынадай редакцияда жазылсын:

      "(**) 2-топтағы тікұшақтар үшін (егер бұл осы Үлгілік бағдарламаларда анықталса) ең төменгі ұзақтықты 30% - ға азайтуға рұқсат етіледі.";

      Үлгілік бағдарламаның 26 қосымшасы 19-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Аэронавигациялық оқу орталығында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мамандарын оқыту, уәкілетті ұйымдардың немесе уәкілетті органдың рұқсат еткен курстары, сондай-ақ, уәкілетті ұйымдардың тікелей рұқсат еткен курстардың сағат бойынша ұзақтығы түсіндірілуі тиіс, сонымен қатар, оқытудың қажеттілігін анықтау мақсатында барлық оқыту бағдарламасына мыналар бойынша сараптама жүргізу тиіс:";

      Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасы 23-тармағының соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Интерактивті әдістер негізінде оқыту (Multimedia Based Training) сыныпта немесе жаттығу құрылғысында уәкілетті орган немесе уәкілетті орган рұқсат қолданылады.";

      Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасының 30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Сұрақтар саны ең аз дегенде бір сағаттық оқытуға 1 сұрақтан болу қажет. Әр бөлімге сұрақтар саны (Сhapter) мен деңгейі мыналарға бара-бар болуы қажет:

      1) Осы бөлімде (Сhapter) және оқыту деңгейінде оқуға кеткен нақты оқу сағаттарына;

      2) Курстың оқу жоспарында келтірілген зерделеу мақсаттарына (TNA).

      Курс мақұлданған жағдайда уәкілетті ұйым сұрақтар саны мен деңгейін бағалайды.";

      Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасы 34-тармағында "уәкілетті орган" сөздері "уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган" сөздеріне ауыстырылсын:

      Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасы 38-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Өтініш беруші жазбаша растайды және емтихан қабылдайтын АОО-ға немесе уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган бақылайды тағайындаған тұлғаларға осындай әрекеттер соңғы жылы және қай жерде орын алғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды, АОО-да қолданылатын мерзімдер шегінде әрекет санын тексеруге жауапты болады.";

      Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасының 42 және 43-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. OJT - ӘК техникалық қызмет көрсету маман куәлігінінің "Rating" бағанында (В1.1, В1.2, В1.3, В1.4, В2) категориясы бар маман иелері ӘК 1-ші белгісін алу үшін техникалық қызмет көрсету және авиациялық техника жөндеу ұйым аясында және де тек әуе кемесі мамандарымен (супервайзорлар және практикалық машықтану бағалаушылары) өтетін ӘК-де практикалық тәжірибеден өту. Тәжірибелік тағылымдаманы ӘК ТҚ бойынша маманға куәлік берген авиациялық билік мақұлдауы керек уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті органмен.

      43. Егер ӘК типіне практикалық тағылымдама бағдарламасы осы Үлгілік бағдарламаларға енгізілмеген болса, ТҚ және АТЖ ұйымы осы қосымшаның ұсынымдарын пайдалана отырып, практикалық тағылымдаманың өзіндік бағдарламасын әзірлейді.";

      Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасы 44-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын:

      Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасының 52-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. OJT көрсету мыналардан тұрады:

      1) егжей-тегжейлі жұмыс парақтары / журналдар;

      2) OJT осы бөлімнің талаптарына сәйкестігін көрсететін сәйкестік туралы есеп.

      Үлгілік бағдарламаның 27-қосымшасының 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кәсіби деңгей / біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын меңгергенде және уәкілетті ұйыммен келісе отырып, компьютерлендірілген жүйелерді (CBT) пайдаланатын интерактивті әдіспен емтихан тапсырады.";

      Үлгілік бағдарламаның 28-қосымшасында "уәкілетті орган" сөздері "уәкілетті ұйым" сөздеріне ауыстырылсын;

      Үлгілік бағдарламаның 30-қосымшасы 2-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "9) егер осы Үлгілік бағдарламаларда өзгеше айтылмаса тест тапсыру және/немесе емтиханнан өту – ТҚ және АТЖ ұйымның қалауы бойынша;";

      Үлгілік бағдарламаның 33-қосымшасы 7-тармағының 21) тармақшасына 1-ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-ескерту.

      Май мен гидравликалық сұйықтықтарды толтыру және шасси дөңгелектерінің шиналарын айдау сияқты міндеттер ұшу алдындағы инспекцияның бір бөлігі ретінде қаралуы мүмкін. Ұшу алдындағы инспекцияның тиісті нұсқаулығы қалыпты шығыннан ауытқыған және ТҚ және АТЖ бойынша мақұлданған ұйымнан немесе сертификаттаушы персоналдан ТҚК бойынша қосымша іс-қимылдарды талап ету мүмкіндігі болған кезде қажетті қосымша түзету мен айдауды анықтау жөніндегі рәсімге енгізіледі (оператордың (пайдаланушының) пікірі бойынша бұл қажет адамдарға).

      Коммерциялық әуе көлігі жағдайында оператор (пайдаланушы) техникалық және ұшу персоналы, сондай-ақ ұшу алдындағы инспекциялардың міндеттерін орындайтын кез келген басқа персонал үшін (оператордың (пайдаланушының) пікірі бойынша бұл қажет болатын персонал үшін) осы іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті айқындайтын нұсқаулықты әзірлейді. Ұшу алдындағы инспекцияның міндеттері келісім-шарттық ұйымдар орындайтын жерде олардың орындалуы сапа жүйесінің объектісі болуы тиіс. Уәкілетті ұйымның ұшу алдындағы инспекцияның міндеттерін орындайтын тиісті міндеттер бойынша персоналдың тиісті оқытуан өтуі көрсетілуі тиіс. Ұшу алдындағы инспекцияны орындайтын персонал үшін оқыту стандарты ӘК операторының (пайдаланушысының) "Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығында" сипатталған.";

      Үлгілік бағдарламаның 34-қосымшасы 11-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) уәкілетті ұйыммен немесе уәкілетті орган қарапайым тапсырма ретінде келісілген деактивация болып табылатын пайдаланушының (оператор) минималды жабдығы тізбесіне сәйкес (MEL) ӘК ішкі жүйелерінің және құрамдас бөліктерінің деактивациясы / The de-activation only of sub-system and aircraft components system as permitted by the operator’s minimum equipment list where such de-activation is agreed by the competent authorities as a simple task;";

      Үлгілік бағдарламаның 34-қосымшасы 11-тармағында:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) кез келген басқа компоненттерді ауыстыру және өндірушімен немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі сертификатталған ұйыммен келісім бойынша ӘК белгілі бір түрі үшін ғана, соның нәтижесінде міндет жай ретінде танылуы мүмкін / Replacement of any other components as agreed by the competent authority for a particular aircraft type only where it is agreed that the task is simple;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) белгілі бір үлгі үшін ӘК қарапайым ретінде Үлгілік бағдарламаларға осы қосымшаның 12-тармағында көрсетілгеннен ерекшеленетін кез келген басқа тапсырма. Мұнда төмендегі міндетті шарттар сақталған кезде ақауды жоюға кейінге қалдыру жатады:

      ақаулықты іздеудің қажеті жоқ; тапсырма MEL бөлігі болып табылады және MEL уәкілетті қйыммен немесе уәкілетті органмен келісіледі талап етілген техникалық қызмет көрсету бойынша әрекеттер қарапайым ретінде анықталады;";

      Үлгілік бағдарламаның 35-қосымшасының кестесіндегі 3 абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, емтихан тапсыру – әк және / немесе АО ТҚ жөніндегі ұйымның қарауына жатады.";

      Үлгілік бағдарламаның 35-қосымшасының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Үлгілік бағдарламаларға сәйкес тақырыптар мен құжаттарды зерделеуді ТҚ және АТЖ және / немесе АОО бойынша ұйымның персоналы және / немесе ӘК ТҚ бойынша маман куәлігінің иелері міндетті түрде өз бетінше орындайтын болады.";

      Үлгілік бағдарламаның 35-қосымшасы 4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Үлгілік бағдарламаларға сәйкес ТҚ және АТЖ жөніндегі ұйымның персоналы міндетті түрде зерделенуі тиіс тақырыптар мен құжаттар.

      *) ӘК ТҚ өз бетінше орындайтын ӘК ТҚ жөніндегі маман куәлігінің иегерлері үшін сұрақтар оларға қатысты бөлігінде зерделенеді, емтихан уәкілетті ұйым қосымша нұсқау берген жағдайда тапсырылады.";

      Үлгілік бағдарламаның 36-қосымшасындағы кестесіндегі 3-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасында өзгеше айтылмаса, емтиханды тапсыру ТҚ және АТЖ ұйымның және / немесе авиациялық оқу орталығының қарауы бойынша";

      Үлгілік бағдарламаның 36-қосымшасы 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Үлгілік бағдарламаларға сәйкес тақырыптар мен құжаттарды міндетті түрде ТҚ және АТЖ жөніндегі ұйымның және / немесе АОО персоналы және / немесе ӘК ТҚ дербес орындайтын ӘК ТҚ жөніндегі маман куәлігінің иелері зерделенуі тиіс.";

      Үлгілік бағдарламаның 37-қосымшасының кестесіндегі 3-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасында өзгеше айтылмаса, емтиханды тапсыру ТҚ және АТЖ ұйымның және / немесе авиациялық оқу орталығының қарауы бойынша";

      Үлгілік бағдарламаның 37-қосымшасының 10-абзацында "уәкілетті орган" сөздері "уәкілетті ұйым" сөздеріне ауыстырылсын;

      Үлгілік бағдарламаның 38-қосымшасының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті ұйымның нұсқауы бойынша ТҚ және АТЖ жөніндегі ұйым және / немесе авиациялық оқу орталығының персоналы және / немесе оның тыңдаушылары міндетті түрде зерделеуі тиіс тақырыптарды және құжаттарды зерделеу.";

      Үлгілік бағдарламаның 41-қосымшасының 1-кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

емтихан

Сыныпта оқыту ұзақтығы

*) - сынақ тапсыру және/немесе емтиханнан өту - уәкілетті ұйым басқа талап қоймаған жағдайда, АА ұйымының немесе авиациялық оқу орталығының шешіміне қарай.

Сыныпта оқыту ұзақтығы стандартын ескере отырып, жалпы оқыту ұзақтығы 15 сағатты құрайтын Бағдарламаның әр курсы бойынша 3 сағаттан (1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар) (күніне 6 сағаттан артық емес) - 2,5 күн

  ";

      Үлгілік бағдарламаның 41-қосымшасының 2-кестесіне ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "**) - АА ұйымы және/немесе осы Үлгілік бағдарлама бойынша анықтайды";

      Үлгілік бағдарламаның 44-қосымшасының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Емтихан

Оқыту ұзақтығы

Емтихан тапсыру - уәкілетті ұйым басқа талап қоймаған жағдайда, АТЖ және ТКЖ ұйымының және/немесе авиациялық оқу орталығының шешіміне қарай

12 сағат

  ";

      Үлгілік бағдарламаның 77-қосымшасындағы кестенің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Осы Үлгілік бағдарламаларда алдын ала анықталған даярлық түрі, курстардың тізбесі (осы Ережеге 40-қосымшаны қараңыз).";

      Үлгілік бағдарламаның 78-қосымшасының 2) тармақшасында "уәкілетті орган" сөздері "уәкілетті ұйым" сөздеріне ауыстырылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр