Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 19086 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 251 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізім)

      1. "Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10440 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік техникалық инспектордың нөмірлі мөртабанының үлгісі осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10558 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі"

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарымен көрсетілген орындалған іс-шаралар қорытындысы бойынша қалыптасқан материалдар комиссияның әрбір мүшесіне ұсынылады. Комиссияның қарауына ұсынылатын сипаттамалар мен құжаттарға аумағында техникалық бұзушылық орын алған және тергеп-тексеріліп жатқан энергетикалық кәсіпорын басшысы қол қояды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Технологиялық бұзушылықтардың тәртібі".

      3-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде жарияланған):

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентінде:

      қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 60 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15007 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 мамырда жарияланған):

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентінде:

      1-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі





      Ескертпе.

      1. Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің (бұдан әрі - қызметтік куәлік) мұқабасы Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісіне сәйкес нысан бойынша көк түсті. Қызметтік куәліктің ашылған күйіндегі көлемі тігінен 65 миллиметр және көлденеңінен 190 миллиметр.

      2. Қызметтік куәліктің бет жағында баспа қарпімен мемлекеттік және орыс тілдерінде: "ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ЭНЕРГЕТИКИ" деген жазу жазылған және қызметтік куәліктің ортасында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес орындалған, "QAZAQSTAN" деген жазуы бар алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылған.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі сол және оң бөліктері Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің белгіленген үлгісінде ақ түсте орындалған.

      4. Қызметтік куәліктің ішкі сол бөлігінде:

      жоғарғы бөлігінде қара түсте орындалған мемлекеттік тілде: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМДЫҚ ЖЭНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АУМАҒЫ БОЙЫНША ОРГАН АТАУЫ" деген жазу бар;

      сол бөлігінің ортасында қара түспен мемлекеттік тілде "№ 00-00 КУӘЛІК" деген жазу орналастырылған, оның астында қара түспен мемлекеттік тілде мемлекеттік техникалық инспектордың (бұдан әрі - инспектор) аты, әкесінің аты, тегі (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады:

      сол бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес орындалған, астында көк түсте мемлекеттік тілде "АЭҚБК Қазақстан" деген жазу орналастырылған, "QAZAQSTAN" деген жазуы бар алтын түсті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген;

      төменгі бөлігінде қызметтік куәліктің қолдану мерзімі мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі.

      5. Қызметтік куәліктің ішкі оң бөлігінде:

      жоғарғы бөлігінде қара түсте орындалған орыс тілінде "МИНИСТЕРСТВО ЭНЕРГЕТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАИМЕНОВАНИЕ ОРГАНА ПО ТЕРРИТОРИАЛЬНОСТИ КОМИТЕТА АТОМНОГО И ЭНЕРГЕТИЧЕСКОГО НАДЗОРА И КОНТРОЛЯ" деген жазу бар;

      сол бұрышында 3х4 сантиметр көлемінде инспектордың түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Инспектор ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;

      оң бөлігінің ортасында қара түсте орындалған орыс тілінде "УДОСТОВЕРЕНИЕ № 00-00" деген жазу орналастырылған, оның астында орыс тілінде инспектордың аты, әкесінің аты, тегі және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады;

      қызметтік куәліктің оң бөлігінде қара түсте орындалған мемлекеттік және орыс тілдерінде "Комитет төрағасы Председатель Комитета" деген жазу орналастырылады.

      6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппараты және аумақтық бөлімшелері инспекторларының қызметтік куәлігі Комитет төрағасының қолымен бекітіледі және Комитеттің елтаңбалық мөрімен басылады.

      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспекторлардың қызметтік куәліктерін, нөмірлі мөртабандарын және пломбирлерін беру және алып қоюдың электрондық журналының нысанына сәйкес инспекторға қызметтік куәлікті беру кезінде куәлік нөмірі ұсынылған шифрлар ескеріле отырып қалыптастырылады, атап айтқанда, № 00-00, мұндағы алғашқы екі сан 00 - Комитеттің орталық аппараты немесе аумақтық бөлімшесінің шифрі, одан кейінгі екі сан 00 - инспектордың қызметтік куәлігінің нөмірі.

      Комитеттің орталық аппарат және аумақтық бөлімшелер инспекторларының шифрлары:

      01 - орталық аппарат;

      02 - Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті;

      03 - Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті;

      04 - Комитеттің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті;

      05 - Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті;

      06 - Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті;

      07 - Комитеттің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті;

      08 - Комитеттің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті;

      09 - Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      10 - Комитеттің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті;

      11 - Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      12 - Комитеттің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;

      13 - Комитеттің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті;

      14 - Комитеттің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті;

      15 - Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті;

      16 - Комитеттің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті;

      17 - Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      18 - Комитеттің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      Қызметтік куәлікте инспектордың лауазымы Комитеттің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымына сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік техникалық инспектордың нөмірлі мөртабанының үлгісі



      Ескертпе.

      1. Инспектордың мөртабаны қол құралы ретінде, қағаз жеткізгіште бояғышты көшіру түрінде оқиғаны тіркеу функциясын орындау үшін инспектордың - мөртабан иесінің қолын растау ретінде қолданылады.

      2. Инспектордың мөртабаны түрлі материалдарға бедер түрінде оқиғаны тіркеу функциясын орындау үшін есіктерді, сейфтерді, металл шкафтарды, банк қоймаларын, сонымен қатар басқа да сыйымдылықтарды, шкафтарды. пластилинде (мастикада), сүргіште немесе басқа да (пломбираторға қарағанда) жұмсақтау материалдарда бедерді қою жолымен мөрлеп тастауға арналған.

      Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мөртабандардың түрлері үшін түрлі материалдарға бедер немесе бояғышты көшіруді қолдану түрлеріне қарамастан мынадай талаптар белгіленеді.

      Инспектор мөртабандарының конструкциясы біреуін екіншіге бұрау (бұранда бойынша) жолымен екі бөлшектелінетін бөліктен тұратын конструкцияны білдіреді. Әр бөлік бос әр түрлі тереңдігі бар металл (пластмасса) сыйымдылықтан тұрады (стакан түрдегі).

      Мөртабан инспектордың жеке мөртабаны болып табылады, төменде көрсетілген шығыңқылығы сыртқы цилиндрлік жиегінің шетінен (аз) сыйымдылығынан 2,5 миллиметрден кем емес батырып бедерлеу нөмірлі мөртабаны бар силиконды (пластмассалық) ендірме.

      Мөртабанның алынбалы қақпағын бояғышпен (мастикамен) нөмірлі мөртабанды батырып бедерлеу үшін мөрқалыптық тығырығы орнатылады.



1-сурет. Инспектордың мөртабан үлгісінің нысаны.

      Инспектордың нөмірлі мөртабаны дөңгелек нысанда болады, диаметрі 40 миллиметр.

      Дөңгелек сұлбасының ішкі жағында мөртабан шетінің бойымен (шеңбер бойымен) ААА әрпімен Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшелерінің аббревиатурасы осы Қосымшаның 1-кестесіне сәйкес көрсетіледі.

      Үлгі үшін (ААА):

      "ҚР ЭМ АЭҚБК орталық аппараты Центральный аппарат КАЭНК МЭ РК"

      Ішкі дөңгелек (шеңбер) бойымен аббревиатура мен мөртабанның ортасында орналасатын нөмірдің арасында БББ инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіліп, толық жазылады.

      Үлгі үшін (БББ):

      "Тегі (Фамилия), Есімі (Имя), Әкесінің аты (Отчество) (бар болған жағдайда)"

      "Тегі (Фамилия), Есімі (Имя), Әкесінің аты (Отчество) (бар болған жағдайда)"

      Мөртабанның ортасында инспектордың қызметтік куәлігінің реттік нөмірі көрсетіледі.

      1-кесте. Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшелерінің аббревиатурасы

Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшесінің аббревиатурасы

Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшесінің толық атауы

Орталық аппарат

Комитеттің орталық аппараты

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша АБ

Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті

Алматы қаласы бойынша АБ

Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті

Шымкент қаласы бойынша АБ

Комитеттің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті

Ақмола облысы бойынша АБ

Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті

Ақтөбе облысы бойынша АБ

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті

Алматы облысы бойынша АБ

Комитеттің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті

Атырау облысы бойынша АБ

Комитеттің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша АБ

Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті

Жамбыл облысы бойынша аумақтық АБ

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті

Батыс Қазақстан облысы бойынша АБ

Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті

Қарағанды облысы бойынша АБ

Комитеттің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті

Қостанай облысы бойынша АБ

Комитеттің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті

Қызылорда облысы бойынша АБ

Комитеттің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

Маңғыстау облысы бойынша АБ

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті

Павлодар облысы бойынша АБ

Комитеттің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша АБ

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті

Түркістан облысы бойынша АБ

Комитеттің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті

      Ескертпе: Комитеттің аббревиатурасын қосумен - ҚР ЭМ АЭҚБК

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 3-қосымша
  Бірыңғай электр энергетикасы
жүйесінің, электр
станцияларының, аудандық
қазандықтардың, электр
және жылу желілерінің
жұмысындағы технологиялық
бұзушылықтарға
тергеп-тексеру жүргізу және
оларды есепке алу
қағидаларына
3-қосымша

Энергетикалық кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну РЕГЛАМЕНТІ

      1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпарат мына кестеге сәйкес хабарланады:

Шұғыл хабарламалар ұсынылатын бұзушылықтар

Хабарламаларды ұсыну реттілігі

Штаттан тыс оқиғалар туындаған сәттен 1 сағаттың ішінде телефон бойынша және 12 сағаттан кешіктірілмей жазбаша хабарланады:

1 кезең

2 кезең

1.

220 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі;

Энергетикалық кәсіпорын ЖО-ға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды

мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ЖО-сы мен АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды

2.

Жүйелік оператордың басшылығындағы энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар;

3.

Жүйелік оператордың басқару жүйесіне кіретін энергетикалық объектілердегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы;

4.

электр станциясының жүктемесін толық түсіруі;

5.

күл-қож үйіндісі дамбаларын немесе гидроқұрылыс бөгеттерін су шайып кету, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың негізгі конструкцияларының бұзылуы;

6.

Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуі

7.

орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы

ЖО мемлекеттік мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға хабарлайды


8.

жылыту маусымында жылу желілеріндегі айналымның тоқтауы немесе магистральдық құбырдың бұзылуы;

энергетикалық кәсіпорын ЖО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды

мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ЖО-сы мен АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган басшылығына хабарлайды

9.

энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар;

энергетикалық кәсіпорын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды

мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган басшылығына хабарлайды

10.

энергетикалық объектілердегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы;

11.

110 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі;

12.

бір энергетикалық кәсіпорын шегінде 2 және одан да көп электр беру желілерінің, сондай-ақ кернеуі 6-35 кВ электр желілеріндегі немесе тұтынушыларды 0,5 МВт жоғары электр энергиясынан жаппай ажыратуға әкеп соққан немесе сұрапыл апат нәтижесіндегі ажыратылуы және/немесе бұзылуы;

13.

диспетчердің басқарушы объектімен байланысын 1 сағаттан астам мерзімге толық жоғалтуға әкеп соққан диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жұмысының бұзылуы

14.

электр станциялары жабдығының, технологиялық ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы

15.

қорғаныс пен автоматиканың қате әрекеті

16.

автоматикалық қорғаныс құралдарының немесе технологиялық параметрлердің жол бергісіз ауытқуларынан персонал әрекетінен немесе өзге де себептерден электр станциясы, электр шағын станциясы жабдығының ажыратылуы.

17.

энергиямен жабдықтаудың тоқтатылуы:
- өнеркәсіп ірі кәсіпорындарының, көлік, байланыс, газ бен мұнайды өндіру, оларды өңдеу;
- қалалардың (кенттердің) немесе тұрғын аудандардың.

18.

орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы

      2. Шұғыл және жазбаша хабарламалар мынадай мәліметтерден тұрады:

      1) энергетикалық кәсіпорынның атауы, технологиялық бұзушылықтың, жазатайым оқиғаның пайда болған күні мен уақыты;

      2) технологиялық бұзушылықтың, жазатайым оқиғаның болжанатын себептері;

      3) атқарылған қорғаныстардың, автоматика мен бұғаттаулардың тізбесі;

      4) істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі;

      5) технологиялық бұзушылықтың салдары: бүлінген жабдықтың көлемі, толық жібермеу, ажыратылған тұтынушылардың саны, технологиялық бұзушылықты жою уақыты;

      6) жазатайым оқиға салдары.

      Ескертпе:

      ЖО - Жүйелік оператор;

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшылығы - мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Орталық аппаратының басшылығы

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның АД - Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 4-қосымша
  Бірыңғай электр энергетикасы
жүйесінің, электр
станцияларының, аудандық
қазандықтардың, электр
және жылу желілерінің
жұмысындағы технологиялық
бұзушылықтарға
тергеп-тексеру жүргізу және
оларды есепке алу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік

      Есепті кезең 20__ жылғы "_"_____ бастап 20__ жылғы "____"__________ дейін.

      Көрсеткіші: ТБ-1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: энергия беруші және энергия өндіруші ұйымдар

      Қайда ұсынылады: энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган (құзыреті бойынша)

      Тапсыру мерзімі: есепті кезеңінен кейінгі айдың жетінші жұлдызына дейін ай сайын

Авариялар

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде

Жеткіліксіз жіберілген

2.1

2.2

Электр энергиясы

Жылу энергиясы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде










І дәрежелі істен шығулар

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде

Жеткіліксіз жіберілген

2.1

2.2

Электр энергиясы

Жылу энергиясы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде










      кестенің жалғасы

ІІ дәрежелі істен шығулар

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде

Жеткіліксіз жіберілген

2.1

2.2

2.3; 2.4

2.5; 2.9; 2.10

басқалары

Электр энергиясы

Жылу энергиясы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде













Жазатайым оқиғалар

Өрт

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде өліммен аяқталатын

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде









      Есеп беру айына нысанды толтыру жабдықтың жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар жөніндегі есептік құжаттар негізінде жүргізіледі.

      Кестеге 6-10 кВ кабельдік желілерден басқа, кернеуі 0,4 кВ электр станцияларының, кернеуі 20 кВ және төмен электр желілерінің электр техникалық жабдығы өшуінің ІІ дәрежелі жіктелген істен шығулар енгізілмейді.

      Басшы ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      "Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      1. "Авариялар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап авариялар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңінде және өткен есептік жылдан кейінгі жылдың тиісті кезеңінде болған авариялар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері бойынша болған авариялар саны көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөлімінде "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі авариялар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      2. "І дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап І дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі болған және өткен жылдың тиісті кезеңінде болған І дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтардың ұйымдастырушылық себептерінің жіктеу белгілері көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі І дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      3. "ІІ дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап ІІ дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі ІІ дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген технологиялық бұзушылықтардың ұйымдастырушылық себептерінің жіктеу белгілері көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі ІІ дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      4. "Жазатайым оқиғалар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі болған жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде өліммен аяқталатын" бағанында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;

      5. "Өрт" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап өрт саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өрт саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 5-қосымша
  "Ядролық және радиациялық
қауіпсіздік" техникалық
регламентіне қосымша
  Нысан

ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (апта сайынғы)

Кімге:

шығ. № _____________

Көшірме:

күні _______________


Хабарламаның реттік нөмірі № . __ __

Негізгі ақпарат

1. Есепті кезең:


2. Кәсіпорын / Ұйым:


3. Бөлімше / қондырғы:


4. Жалпы жағдай:

әзірлігі

, іске қосу

, жұмыста қуатта

, ЖЖЖ

, тоқтату

,басқа (көрсетіңіз)


Қысқаша сипаттау (қауіпсіздіктің және негізгі ядролық-радиациялық-қауіпті жұмыстардың жай-күйі):

5. Алаңдағы радиациялық фонның деңгейі (

):
(апта ішінде ең көп тіркелген мән)

Норманы арттыру
жоқ


иә


орны

мәні

6. Газ-аэрозольді шығарындының мөлшері (Ku/литр): (апта ішінде ең көп тіркелген мән)

Норманы арттыру
жоқ


иә


орны

мәні

7. Адамға әсері:

жоқ


иә


Сәулеге шалдығу:
персонал


, халық


Зақымдар


Қосымша ақпарат

8. Қалыпты пайдалану жағдайының бұзылуы:

жоқ

, иә

егер "иә" десеніз, 10-тармақта сипаттаңыз

9. Басқа бұзушылықтар (сақтау, есепке алу, физикалық қорғау):

жоқ

, иә

егер "иә" десеніз, 10-тармақта сипаттаңыз

10. Қосымша ақпарат (8, 9-тармақтар бойынша оқиғалардың сипаттамасы немесе басқа маңызды ақпарат):


 

11. Жөнелтуші туралы мәліметтер (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, лауазымы):


 

12. Байланыс үшін координаталар: Қала коды:________ Телефон: ________ Факс:________

      (Құпия ақпарат белгіленген байланыс арналары арқылы беріледі)

      Қабылданды (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), күні, қолы):

      НЫСАНДАРДЫ ТОЛТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы нысан ядролық қондырғыларды пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдар толтыруға арналған (бұдан әрі - кәсіпорын).

      Кәсіпорын бұйрықпен хабарлама дайындауға және оны жөнелтуге жауапты адамды тағайындайды.

      Хабарламаны ұсыну мерзімі - дүйсенбі сайын 12-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен).

      Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      Шығ. №, күні - шығыс нөмірі және кәсіпорын датасы.

      Хабарламаның реттік нөмірі № _ _ _ _ белгіленген нөмір, мұнда алғашқы екі цифр жылды көрсетеді, екінші екі цифр - реттік нөмірді (мысалы: 05-01, бұл 20__ жылды білдіреді, бірінші хабарлама).

      "Негізгі ақпарат" блогы

      "Есепті кезең" деген 1-бағанда - есепті кезең көрсетіледі (мысалы: 20__жылғы 25 қаңтардан 1 ақпанға дейін).

      "Кәсіпорын/Ұйым" деген 2-бағанда - кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      "Бөлімше/қондырғы" деген 3-бағанда - бөлімше немесе ядролық қауіпті жұмыстар жүргізілетін кәсіпорынның қондырғысы көрсетіледі, егер кәсіпорында ядролық қауіпті жұмыстар орындалатын бірнеше бөлімше/қондырғы болса, онда әрқайсысы үшін жеке нысан толтырылады.

      "Жалпы жағдай" деген 4-бағанда - тиісті шаршыға белгі қойылады және қауіпсіздіктің жай-күйі мен негізгі ядролық-радиациялық-қауіпті жұмыстардың қысқаша сипаттамасы беріледі.

      "Алаңдағы радиациялық фонның деңгейі" деген 5-бағанда - "Норманы арттыру" деген жерге тиісті белгі қойылады және апта ішінде ең көп тіркелген мән, өлшеу орны және оның мәні көрсетіледі.

      "Газ-аэрозольды шығарындының мөлшері (Ku/литр)" деген 6-бағанда - "Норманы арттыру" деген жерге тиісті белгі қойылады және апта ішінде ең көп тіркелген мән, орны және оның мәні көрсетіледі.

      "Адамға әсері" деген 7-бағанда - "Иә/жоқ" деген жерге тиісті белгі қойылады, персонал, халық қайта сәулеленген жағдайда немесе өндірісте зақым алған жағдайда, тиісті жерге белгі қойылады.

      "Қосымша ақпарат" блогы

      "Қалыпты пайдалану жағдайының бұзылуы" деген 8-бағанда - "Иә/жоқ" деген жерге тиісті белгі қойылады, және бұзушылық орын алған жағдайда 10-бағанда бұзушылыққа қысқаша сипаттама беріледі.

      "Басқа бұзушылықтар" деген 9-бағанда - "Иә/жоқ" деген жерге тиісті белгі қойылады, және бұзушылық орын алған жағдайда (сақтау, есепке алу, физикалық қорғау) 10-бағанда бұзушылыққа қысқаша сипаттама беріледі.

      "Қосымша ақпарат" деген 10-бағанда - 8, 9-тармақтар бойынша оқиғалардың сипаттамасы немесе басқа маңызды ақпарат келтіріледі.

      "Жөнелтуші туралы мәліметтер" деген 11-бағанда - кәсіпорынның хабарламаны дайындауға және жөнелтуге жауапты адам туралы мәліметтер келтіріледі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), күні, қолы, лауазымы көрсетіледі.

      "Байланыс үшін координаталар" деген 12-бағанда - байланыс үшін координаталар, қала коды, телефон және факс көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 6-қосымша
  "Атом станцияларының ядролық
және радиациялық қауіпсіздігі"
техникалық регламентке
1-қосымша
  Нысан

AC құбыржолының паспорты Осы қосымша құбыржол паспортының нысанын белгілейді.

      1. Құбыржол паспорты құбыржолдың сипаттамасын, дайындау, монтаждау сапасын, пайдалану процесіндегі жұмыс қабілеттілігін және өндірістік-технологиялық құжаттаманың сәйкестігін растайтын негізгі құжат болып табылады.

      2. Қосымша паспорттың барлық тармақшаларын міндетті түрде толтыруды белгілемейді. Паспортқа енгізуге жатқызылатын деректердің түрлері мен көлемі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен айқындалады.

      3. AC құбыржолының паспортын пайдаланушы ұйым жасайды.

      4. Паспортпен бірге берілетін міндетті құжаттар:

      1) құбыржолдың жоба талаптарына сәйкестігін, арматурамен және бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылуын, дәнекерленген қосылыстар мен тіректерінің орналасуын бақылауға мүмкіндік беруге тиісті құбырдың схемалары мен сызбаларының жиынтығы*;

      2) дайындаушы кәсіпорын жасайтын құбыржол элементтерін дайындау туралы паспорт;

      3) монтаждаушы ұйым жасайтын құбыржолдарды монтаждауға арналған паспорт;

      4) құбыржол арматурасының паспорттары;

      5) беріктік есебі немесе есептеу белгілері көрсетілген одан үзінді**;

      6) дәнекерленген қосылыстар мен негізгі материалдардың сапасын бақылау кестесі***;

      7) жобалық (конструкторлық) құжаттамада бар ауытқулар жөніндегі құжаттама болып табылады.

      *Сызбалардың жиынтығын жобалаушы (конструкторлық) ұйым белгілейді.

      **Беріктік есебінен үзіндіде: конструкциялардың есептелетін тораптарының және оларға әсер ететін жүктемелер мен температуралық ықпалдардың тізбесі; есептеу жүргізілген пайдалану режимдерінің тізбесі (қалыпты жағдайлардың бұзылуы мен авариялық жағдайларды қоса алғанда); әрбір пайдалану режиміндегі жүктемелер циклінің саны; беріктікті есептеу нормалары талап ететін барлық өлшемдер бойынша беріктік бағаларының деректері берілуге тиіс.

      ***Конструкторлық және технологиялық құжаттама талаптары болған жағдайда қоса беріледі.

      5. Паспорттар қосымшаларымен және құбыржолдарды бақылау нәтижелерімен бірге барлық пайдалану мерзімі ішінде АС-да сақталуға тиіс.

      6. Паспортқа енгізілетін деректер тізбесі міндетті болып табылады. Тізбе тармақтарын қажетті деректерді қамтитын құжаттардың көшірмелерімен ауыстыруға рұқсат беріледі.

      7. Құбыржолдар паспорттарына уәкілетті органның талабы бойынша қосымша мәліметтер енгізілуі мүмкін.

      _____________________________________

      (атауы)

      ҚҰБЫРЖОЛ ПАСПОРТЫ

      Тіркеу № ________________

      Ескертпе. Тіркеу нөмірін уәкілетті органның (осы органда тіркелген жағдайда) инспекторы (осы органда тіркелген жағдайда) немесе AC әкімшілігі (құбыржол пайдалануға беруші ұйымда тіркелген жағдайда) береді.

      ҚҰБЫРЖОЛ ПАСПОРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

      ______________________________________________

      (атауы)

      1. Бөлімнің атауы

      2. Парақтың нөмірі

      ҚҰБЫРЖОЛ ПАСПОРТЫНА ҚОСА БЕРІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

      ______________________________________________

      (атауы)

      1) Құжаттың атауы.

      2) Құжатты белгілеу(нөмірі).

      3) Парақ саны.

      1. Жалпы деректер:

      1) пайдаланушы ұйымның атауы және мекенжайы;

      2) құбыржолдар бөлшектері мен жинау бірліктерін дайындаушы-кәсіпорынның атауы және мекенжайы;

      3) монтаждаушы ұйымның атауы;

      4) құбыржолдардың бөлшектері мен құрама бірліктерін дайындауға арналған паспорттарды белгілеу (нөмірлері);

      5) дайындау жылы;

      6) құбыржолды монтаждауға арналған паспортты белгілеу (нөмірі);

      7) құбыржол сызбасын белгілеу (нөмірі);

      8) мақсаты;

      9) қауіпсіздік сыныбы;

      2. Техникалық сипаттамалар:

      1) жұмыс ортасының атауы;

      2) жұмыс ортасының температурасы, оС;

      3) жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2);

      4) гидравликалық (пневматикалық) сынақтардың қысымы, МПа (кгс/см2);

      5) гидравликалық (пневматикалық) сынақтар кезіндегі қабырғаның ең аз температурасы, оС;

      6) сынау ортасы және сынақтардың ұзақтығы;

      7) қызмет мерзімі, сағ.

      3. Құбырлар туралы деректер:

      1) атаулы сыртқы диаметрі және құбыр қабырғасының қалыңдығы, мм;

      2) құбыржол схемасында учаскелерді белгілеу (нөмірі);

      3) құбыржолдар учаскелерінің ұзындығы, м.

      4. Құбыржол құрамында қондырылған арматуралар туралы деректер:

      1) арматураның атауы, типі;

      2) саны;

      3) шартты өту жолы, мм;

      4) паспортты (сертификатты, аттестатты) белгілеу (нөмірі);

      5) схема (сызба) бойынша қондыру орны.

      5. Сақтандырғыш арматура туралы деректер:

      1) сақтандырғыш арматураның атауы, типі;

      2) саны;

      3) паспортты белгілеу;

      4) схема бойынша (сызба бойынша) қондыру орны.

      ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫНАҚТАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТӨМЕНДЕ АТАЛҒАНДАР КУӘЛАНДЫРЫЛАДЫ:

      1) ___________________ құбыржолы техникалық құжаттамаға сәйкес дайындалды және монтаждалды;

      2) құбыржол осы паспортта көрсетілген шарттар кезінде гидравликалық (пневматикалық) сынақтарға шалдықты және шыдады;

      3) құбыржол осы паспортта көрсетілген параметрлермен жұмыс істеуге арналған;

      4) осы паспорт ______ парақты қамтиды;

      5) AC әкімшілігінің бұйрығы бойынша жабдықтардың және құбыржолдардың ақаусыз күйі мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлға _____________________________________

      (қолы); (атауы)

      6) күні.

      6. Құбыржолдың ақаусыз күйі мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлғалар туралы деректер:

      1) тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;

      2) лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      3) жауапты тұлғаның қолы;

      7. Техникалық куәландыру нәтижелері:

      1) тексеру нәтижелері:

      2) тексеру актісінің күні мен белгіленуі;

      3) тексеру нәтижелері;

      4) келесі тексерудің мерзімі;

      5) қадағалауды жүзеге асыратын жауапты тұлғаның қолы;

      2. Гидравликалық (пневматикалық) сынақтардың нәтижелері:

      1) сынақ хаттамасының күні мен белгіленуі;

      2) сынау ортасы;

      3) гидравликалық (пневматикалық) сынақтардың қысымы, МПа (кгс/см2);

      4) ұстау ұзақтығы, мин;

      5) қабырғаның ең аз температурасы, оС;

      6) сынақтар нәтижелері;

      7) келесі сынақ мерзімі;

      8) қадағалауды жүзеге асыратын жауапты тұлғаның қолы.

      8. Пайдалану процесіндегі металдың күйін бақылау нәтижелері:

      1) бақылау күні және құжатты белгілеу;

      2) бақылау нәтижелері;

      3) келесі бақылау мерзімі;

      4) жауапты тұлғаның қолы;

      9. Құбыржолды жөндеу және қайта жаңалау туралы деректер:

      1) жөндеу (қайта жаңалау) күні;

      2) құбыржолды жөндеу, қайта жаңғырту және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстардың, олардың жүргізілген күні көрсетілген тізбесі;

      3) жауапты тұлғаның қолы.

      ҚҰБЫРЖОЛДЫ ТІРКЕУ

      1) құбыржол № _______________________________________ тіркелген;

      2) __________________________________________________;

      (тіркеуші орган)

      3) паспортта барлығы парақ нөмірленді және ______ парақ бауланды, оның ішінде сызбалар (схемалар) _________________ парақ;

      4) тіркеуші тұлғаның лауазымы;

      5) қолы;

      6) күні.