ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 13.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.2025 № 44 (қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. 2026 жылғы 13 сәуірге дейін (қоса алғанда) резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен бейрезидент банктерінің филиалдарына (бұдан әрі – банк):
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
3) банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз;
4) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.2025 № 44 (қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-1. 2026 жылғы 14 сәуір – 2026 жылғы 31 тамыз (қоса алғанда) аралығында резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде банктерге:
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
3) бірінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 12 (он екі) пайыз;
4) екінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 15 (он бес) пайыз;
5) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Осы қаулының мақсаттары үшін бірінші топтағы банктерге 2025 жылдың қорытындысы бойынша мынадай активтер үшін кемінде 20 (жиырма) пайыз жиынтық өсімді қамтамасыз еткен банктер жатады:
кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер (кәсіпкерлік мақсаттарға кредит алған Қазақстан Республикасының резидент – қаржылық емес ұйымдары, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздары;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің корпоративтік бағалы қағаздары ("Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық əл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және олардың еншілес ұйымдары, "Қазақстанның орнықтылық қоры" акционерлік қоғамы);
қаржы ұйымдарына жатпайтын Қазақстан Республикасының өзге де резидент-эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген активтері болмаған банктер, сондай-ақ бірінші топтағы банктерге жатқызылмаған банктер екінші топтағы банктерге жатады.
2025 жылы микроқаржы ұйымынан банкке айырбастау нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк үшін 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша микроқаржы ұйымының тиісті активтерінің көлеміне сүйене отырып, 2025 жылғы активтердің жиынтық өсімін есептеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пайдаланылған көрсеткіштер мен есептеулер нәтижесін көрсете отырып, тиісті топқа жатқызу туралы банкті хабардар етеді.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.2025 № 44 (қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-2. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде бастап банктерге:
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
3) банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 15 (он бес) пайыз;
4) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Ескерту. Қаулы 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.2025 № 44 (қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулына 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген шешімі бар банктерге соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін ең төмен резервтік талаптардың нормативтері банктің барлық міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
3. "Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 39 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10985 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Ақша-кредит саясаты департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева А.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
7. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Е. Досаев |