Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.07.2019 № 118 (13.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
2015 жылғы 12 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – банк):
1) банктің ұлттық валютадағы қысқамерзімді ішкі міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы қысқамерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 4,0 (төрт бүтін оннан нөл) пайыз;
3) банктің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз;
4) банктің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз;
5) банктің шетел валютасындағы қысқамерзімді ішкі міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз;
6) банктің шетел валютасындағы қысқамерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 6,0 (алты бүтін оннан нөл) пайыз;
7) банктің шетел валютасындағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз;
8) банктің шетел валютасындағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
2. Соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген шешімі бар банктерге соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері банктің барлық міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
3. Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті (Бөбеев М.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2015 жылғы 12 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |