"Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 636 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 маусымда № 18935 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75.Салық төлеуші үшін жеке шотта көрсетілген салық міндеттемесін орындау күні деп:

      1) қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеуге төлем тапсырмасын, банкоматтар арқылы төлеу күнін немесе электрондық терминалдар арқылы орындауға алған күні;

      2) бюджетке қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда - банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органдарға салық төлеуші (салық агенті) ақша енгізген күн;

      3) есепке жатқызуды жүргізу күні есептеледі.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Алшақтықтар мен қателіктер фактісі анықталған жағдайда есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға қате төленген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің сомаларының туындау себептері туралы хаттама (бұдан әрі- қателер бойынша хаттама) жасайды.

      Қателер бойынша хаттамада төлем құжатының күні мен нөмірі, сомасы, көрсетілген сома жатқызылуы тиіс болған бюджет жіктемесінің коды, көрсетілген сома жатқызылуы тиіс болған бюджет жіктемесінің коды көрсетіле отырып, қателердің себебі көрсетіледі.

      Қателер бойынша хаттаманы есеп жүргізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді.

      Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың сомаларын есепке жатқызу, қайтару қателер бойынша хаттама негізінде қате төлеу фактісі табылған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.";

      147 және 148-тармақтарына мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екені туралы мәліметтер (бұдан әрі - берешегiнiң жоқ (бар) екені туралы мәліметтер) салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органына "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы арқылы жіберілген сұрау салуы бойынша электронды түрде осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.

      Егер салық төлеушіге оңалту рәсімі қолданылған немесе банкроттық туралы іс қозғалған жағдайда, "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі –Заң) көзделген кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу үшін талап қою өкілеттігіне кіретін, мемлекеттік кірістер органдары құрылымдық бөлімшесінің сұрау салуы негізінде берешегiнiң жоқ (бар) екені туралы мәліметтер қалыптастырылады.

      Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді беруге сұрау салуларды есепке алу үшін осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес салық өтініштерін тіркеу және есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамаларды беру журналы жүргізіледі.

      148. Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы арқылы келіп түскен сұрау салуды алған күні салық төлеушінің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарында ашық жеке шоттарының деректері бойынша жасалады.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Құрылымдық бөлімшенің Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерінде осы құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарында ашық жеке шоттарының жай-күйі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерде салықтарды, төлемақыларды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау, оңалту рәсімін қолдану мерзімін өзгерткен кезде, сонымен бірге салық берешегі және салықтөлеушінің әлеуметік төлемдер бойынша, банкрот болып танылған – салықтөлеушіні банкрот болып тану туралы соттың шешімі заңдық күшіне ену күнінен, Заңымен белгіленген банкрот рәсімі өткізуі кезеңіне салық берешегі көрсетілмейді.

      Салық төлеушінің декларацияда қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсеткен, бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының асып кету сомасы, есептелген өсімпұл сомасымен Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерде салықтық берешек ретінде көрсетіледі.";

      163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "163. Егер төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу міндеті уәкілетті мемлекеттік органға жүктелген жағдайда, артық (қате) төленген төлемдердің сомасын қайтару кезінде салық төлеуші қайтаруға өтінішке қайтару үшін негіздеме болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын қоса береді.

      "Электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы төлемнің бар-жоғы туралы ақпаратты алған кезде, бюджетке төленетін артық (қате) төлемдерді есепке алу және қайтару, олар бойынша жеке шоттар жүргізілмейді, бюджетке төлемдерді төлеуді қарастыруды жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның аяқталмаған іс-әрекеттерін растайтын ЭҮТШ-дан алынған электронды төлемді растау негізінде мемлекеттік кірістер органымен жүргізіледі.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне есептелетін салықтардың, бюджетке төленетін төлемнің артық (қате) төленген сомаларын қайтарған жағдайда, салық төлеуші қайтаруға арналған салықтық өтінішке аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігінің қорытындысын қоса береді.";

      178 және 179-тармақтар алынып тасталсын:

      197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "197. Салықтық тексеру актісіне не бюджеттен қайтаруға жататын есептелген сомасынан есепке жатқызылатын ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығын растау бойынша актіге қорытындыға қол қойылғаннан не Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағына сәйкес салық төлеуші ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығын немесе Салық кодексінің 433-бабына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін қолдануға құқығын мемлекеттік кірістер органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы растағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органының тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы ОБЖШ АЖ-де берешегінің бар және (немесе) жоқ екендігі туралы құжатты не есеп айырысулар сальдосы бойынша есепті қалыптастырады.";

      Қағидаларға 17-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 маусымдағы
№ 636 бұйрығына
қосымша
  Жеке шоттарын
жүргізу қағидаларына
17-қосымша
  нысан

      ___________________________________________________

      (мәліметті берген мемлекеттік органның атауы)

      20__ ж. "___"____________жағдай бойынша есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы

      №_____________МӘЛІМЕТ

      ___________________________________________________________________ берiлдi

      (салық төлеушінің БСН/ЖСН, аты-жөнi немесе атауы (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілген болса)
20__ж. "__"_____________жағдай бойынша салық төлеушiнiң __________теңге сомада есебі
мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін бойынша берешегi бар, есебі мемлекеттік
кірістер органдарында жүргізілетін бойынша берешегі жоқ

  (теңге)

р/с №

Салық және бюджетке төленетiн төлемдердiң атауы және бюджеттік сыныптама коды

Салық және бюджетке төленетiн төлемдер сомасы

Өсiмпұл сомасы

Пайыздар сомасы

Айыппұл сомасы

берешек

артық төлеу (асып түсу)

берешек

артық төлеу

берешек

артық төлеу

берешек

артық төлеу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      қосылған құн салығы бойынша көрсетілген бағандағы оң сальдо асып түсу және/немесе артық төленген сома

      peтінде қарастырылады.

1. Салық берешегiнiң барлығы

теңге;

2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек

теңге;

3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың бойынша берешек


4. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек

теңге;

      Мәлімет________________________________________ берiлдi

      (талап еткен жер)

      20__ж. "__"_________________

      (берген күнi)

      Қолы

      - мәліметте_______ мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттары көрсетілген

      - мәліметте_______ құрылымдық бөлiмшесінiң ақпараттары көрсетілген

      _______________________________________________________

      (мәліметті берген мемлекеттік органның атауы)

20 __ ж. "___" __________ жағдайы бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметке қосымша

      Салық төлеушінің БСН/ЖСН _______________________, аты-жөнi немесе атауы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) ______________________________

Салық төлеушiнiң және/немесе оның құрылымдық бөлiмшесінiң БСН/ЖСН

Салық төлеушiнiң және/немесе оның құры- лымдық бөлiмшесінiң атауы

БСК

Салық және төлемнің әлеуметтік төлемдердің сомалары (+. -)

Өсiмпұл сомасы (+. -)

Пайыздар сомасы (+. -)

Айып- пұл сомасы (+. -)

Барлығы

берешек

артық төлеу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1 МКО

1 МКО атауы






































Жиыны

берешегi








артық төлеу






































Жиыны

берешегi








артық төлеу








2 МКО

2 МКО атауы































Жиыны

берешегi








артық төлеу






































Жиыны

берешегi








артық төлеу








3 МКО

3 МКО атауы































Жиыны

берешегi








артық төлеу






































Жиыны

берешегi








артық төлеу








Салық берешегінiң барлығы


Салық төлемдер бойынша артық төлеулердiң барлығы


Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек


Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша артық төлеу


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың бойынша берешек


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың бойынша артық төлеу


Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек


Әлеуметтiк аударымдар бойынша артық төлеу