Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 531 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 маусымда № 18792 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 3 маусымдағы
№ 531 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4771 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 3 тамызда № 118 (1147) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында:

      66-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. 8200 "Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары" кіші бөлімі өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:";

      көрсетілген жоспарға қосымшадағы 1. Қысқа мерзімді активтер бөлімінде "1070 Электрондық ақшаны есепке алу" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "1070 Электрондық ақша қаражатын есепке алу".

      2. "Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 4 мамырда № 121 (28060) жарияланған) бұйрығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық қаржылық есептілік стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Стандарттың күші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын микроқаржы ұйымдарына, қаржы ұйымдарына және Қазақстанның Даму Банкіне қолданылмайды.".

      3. "Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген, 2015 жылы 8 маусымда "Әділет" заңнамалық-ақпараттық жүйесінде жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:

      1-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді;

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдарына, микроқаржы ұйымдарына және Қазақстанның Даму Банкіне;".