Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 маусымда № 18771 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.10.2021 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикавице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 48 бұйрығымен
бекітілген

Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 09.01.2026 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын, крематорийлерді, колумбарийлерді күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларында айқындалады.

      Зират қорымдарын, крематорийлерді жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар "Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау" қағидалар жинағымен" (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

      2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;

      3) жерлеу орны – қайтыс болғандардың мәйіттерін (қалдықтарын) жерлеуге арналған зираттар, қайтыс болғандардың күлі бар урналарды жерлеуге арналған қайғы қабырғалары, қайтыс болғандарды жерлеуге арналған крематориялар мен басқа да ғимараттар мен құрылысжайлар бар этикалық, санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес жер учаскелері;

      4) жерлеу урнасы (бұдан әрі – күлі бар урна) – қайтыс болған адамды кремациялағаннан кейін күлін сақтауға, тасымалдауға және көмуге арналған ыдыс;

      5) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;

      6) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      7) зират қорымының/колумбарий әкімшілігі – зират қорымын және/немесе колумбарийді күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды азаматтық-құқықтық шарттың негізінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      8) колумбарий – қайтыс болғандарды кремациялағаннан кейін олардың күлі бар жерлеу урналарының қоймасы;

      9) колумбарий қуысы – жерлеу урнасы орнатылатын колумбарийдегі ұяшық;

      10) колумбарийдің мемориальды тақтасы – қайтыс болған аламның аты, тегі мен әкесінің аты (бар болса), туған күні мен қайтыс болған күні көрсетілген колумбарийдің қуысын жауып тұратын тақта;

      11) крематорий – қайтыс болған адамдарды кремациялауға (өртеуге) арналған пештермен жабдықталған технологиялық кешен;

      12) күл – кремациядан кейін қайтыс болған адамның денесінің қалдықтары.

2-тарау. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі

      3. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын (бұдан әрі – қағидалар) осы Үлгілік қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жерігілікті атқарушы органдары әзірлейді.

      4. Қағидаларды әзірлеу кезінде елді мекендер аумағының, олардың құрылысының ерекшеліктері, сондай-ақ зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұра, діни мақсаттағы объектілер және табиғи ландшафты сақтау қажеттігі ескеріледі.

      5. Қағидалар мыналарды:

      1) жерлеу және колумбарий үшін орын бөлу тәртібін;

      2) қайтыс болған адамдарды, олардың сүйектерін жерлеу тәртібі;

      3) зираттар мен колумбарийлерді жобалау және салу тәртібі;

      4) жерлеу орындарын, колумбарийлерді абаттандыруды және оларды күтіп-ұстауды тәртібі;

      5) зиратқа және колумбарийлерге арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу тәртібі;

      6) жерлеуге, зират қорымдарын, колумбарийлерді күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.

      6. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымдары орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      Зират қорымының аумағы зираттарға арналған қатарларға бөлінетін учаскелерден тұрады және оған автомобиль көлігіне арналған жүру жолдары мен зират учаскелеріне өтетін жолдар салынады

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:

      зиратқа және колумбарийлерге арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады;

      жерлеу, зират қорымдары мен колумбарийлерді күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының және колумбарий тауашаларының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

      Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зираттарға және колумбарийлерге арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді.

      Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зират қорымдары мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда күтіп-ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

      Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудан әкімінің аппараты елді мекендердің санитариясын, жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және туысы жоқ адамдарды жерлеуді қамтамасыз етеді.

      7. Жерлеу зират қорымының немесе колумбарий әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында немесе колумбарийде жүргізіледі, колумбарийде қалдықтарды жерлеу кезінде кремация туралы анықтама ұсыну қажет.

      Кремациядан кейінгі қалдықтарды (күлді) урналарға жерлеу колумбарийлерде немесе қабірлерде жүзеге асырылады.

      Қайтыс болған адамдардың күлі бар урналарды жерлеуге арналған колумбарийлер мен қайғы қабырғалары арнайы бөлінген жер учаскелерінде орналастырылады. Колумбарийлер мен қайғы қабырғаларын тұрғын үйлерден, емдеу, балалар, білім беру, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелерінің, бау-бақша серіктестіктерінің, коттедждік құрылыстардың, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің аумақтарынан кемінде 50 метр қашықтықта оқшауланған жер учаскелерінде зират қорымдарының аумағынан тыс жерлерде орналастыруға жол беріледі.

      Колумбарийлер зират қорымдары орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерлерде орналастырылады.

      Күлі бар урнада қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және кремацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Колумбарийдің бірнеше түрі бар:

      ашық – ұяшықтары бар қабырғалар ашық аспан астындағы зираттарда орналасқан;

      жабық – ғимараттардың ішіне орналастырылған.

      8. Жерлеу зират қорымы әкімшілігі жүргізетін есепке алу журналында тіркеледі.

      9. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:

      жерлеу жылы, айы, күні;

      зираттың (қабірдің) не колумбарлық тауашасының нөмірі;

      қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      туған және қайтыс болған күні;

      өлімнің себебі;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;

      марқұмның жақын туыстарының не жұбайының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.

      10. Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының жазбаша өтініші бойынша жергілікті атқарушы органға, қаладағы аудан әкімінің аппаратына қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін бұрын қайтыс болған жақын туысының не жұбайының жанында жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты, сондай-ақ колумбарлық тауашасы болған кезде қамтамасыз етіледі.

      11. Сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада жүрген қайтыс болған адамдардың табылған мәйіттерін немесе олардың сүйектерін, суға кеткендерді, үйден тыс жерде кенеттен қайтыс болғандарды жерлеу жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өзіне алуы мүмкін туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған кезде қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      12. Туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      13. Мынадай:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін;

      құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрын белгісіз болған қабірлер анықталған жағдайларда жекелеген зираттардан тасымалдау жағдайларын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі.

      14. Зират қорымының әкімшілігін (колумбарий әкімшілігін) алдын ала хабарландырмай колумбарий тауашасынан күлі бар урнаны алуға жол берілмейді.

      Колумбарий тауашасынан күлі бар урнаны алу хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа сәйкес зират қорымы әкімшілігінің (колумбарий әкімшілігінің) уәкілетті лауазымды адамының қатысуымен жүргізіледі.

      Зират қорымының әкімшілігі (колумбарий әкімшілігі) күлі бар урнаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей күлі бар урнаны жерлеу туралы куәлікке күлі бар урнаны алу туралы жазба енгізеді.

      Босатылған колумбарий тауашасын күлі бар урна алынған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кейін зират қорымының әкімшілігі (колумбарий әкімшілігі) жаңа жерлеуге береді.

      15. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      16. Колумбарийлерді жобалау және салу:

      Колумбарийдің қабырғалары жерлеу урналарын сақтау қызметін атқарады.

      Колумбарлық тауашаның мөлшері күл салынған урнаның пішініне, көлеміне және берілген сыйымдылығына байланысты және 400*400*300 миллиметр құрайды.

      17. Крематорийлер мен колумбарийлерді абаттандыру және күтіп ұстау тәртібі:

      1) крематорийлердің құрамына кіретін барлық үй-жайлар механикалық қосылатын ағынды-сору жүйелерімен жабдықталады.

      Ауаны рециркуляциялау жүйелерін қолдануға жол берілмейді;

      2) үй жағдайында арнайы киімді жууға және залалсыздандыруға және жөндеуге тыйым салынады, ал жұмыс істеу кезінде қолданылатын құрал зираттан тыс жерге шығарылмайды;

      3) үй-жайлар мен құрылысжайлар таза ұсталады. Үй-жайды ылғалды жинау күніне кемінде бір рет жүргізіледі;

      4) үй-жайлар мен құрылысжайларды жинауға арналған жинау мүкәммалын (шүберек немесе шаруашылық сулықтар, шелектер, щеткалар, сүрткіштер және басқалар) сақтауға мынадай талаптар қойылады: таңбалаудың болуы; қатаң түрде қолданылу мақсатына сай пайдаланылады; пайдаланылғаннан кейін жуғыш заттармен ыстық сумен жуылады және кептіріледі; арнайы бөлінген орындарда (үй-жайларды), шкафтарда, сөрелерде немесе арбаларда рет-ретімен сақталады;

      5) арнайы киім жеке киімнен бөлек арнайы киім мен арнайы аяқ киімге арналған киім ілетін орындарда шкафтардың таңбаланған бөлімшелерінде сақталады;

      6) арнайы киімді жуу және жөндеу ластануына және тозуына қарай ортақ, бірақ айына 1 реттен сиретпей жүргізіледі. Инфекциялық аурулар мен аса қауіпті инфекциялардың таралу тәуекелін болдырмау мақсатында арнайы киімді залалсыздандыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес әрбір қолданғаннан кейін жүргізіледі;

      7) санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, олардың құрылғысы, жабдығы және шығыс материалдарымен қамтамасыз етілуі қолжуғышы бар киім ілетін орындарды, дәретхананы, жұмысшыларды жылытуға, арнайы киімді кептіруге арналған үй-жайларды, тамақтану бөлмесін қоса алғанда, жерлеу орындарында және крематорийлерде жұмыс істейтіндердің санына сәйкес келеді;

      8) тамақтану бөлмесі (бар болса) гигиеналық жабыны бар үстелдермен, ұзын орындықтармен (орындықтармен), ыдыс-аяқты сақтауға арналған жиһазбен, ыстық және салқын су жеткізілетін раковинамен, ауызсу сапасындағы сумен (ыдыстарға құйылған суға рұқсат етіледі), тоңазытқышпен жабдықталады. Электр шәйнектері мен қысқа толқынды пештерді пайдалануға рұқсат етіледі.

      18. От жағумен (кремациялаумен) айналысатын адамдар:

      1) сіреспе мен сібір жарасына қарсы егіледі;

      2) жеке қорғаныш құралдарымен – арнайы киім мен арнайы аяқ киім жиынтығымен (резеңке етік, резеңке қолғап, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыш, комбинезон) қамтамасыз етіледі.

      19. Зират қорымының әкімшілігі (колумбарий әкімшілігі) мыналарды:

      1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымының немесе колумбарийдің аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;

      2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақтылы дайындауды;

      3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттар мен колумбарлық тауашаларды дайындау қағидаларын сақтауды;

      4) ғимараттарды, колумбарийлерді, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зират қорымдарын күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;

      6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;

      7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.

      20. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

      1) табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, колумбарийлердің мемориалдық тақталарын, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      2) қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан

      қоршау отырғызуға жол беріледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп-ұстауды жақын туыстары және артында қалған жұбайы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

      Зират қорымдарының аумағын (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамаға сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.

      21. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгілінген мерзімде конкурс қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.