"Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 34 бұйрығын

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 мамырда № 18694 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларына тестілеу өткізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 34 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6047 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" газетінің № 58-60 (26119-26121) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр