"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы |
Н. Годунова |
700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 19-бабына сәйкес әзірленді.
2. Стандарттың мақсаты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – мемлекеттік аудит органдары) жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) тануына бірыңғай әдіснамалық тәсілді белгілеу болып табылады.
3. Стандарттың міндеттері мемлекеттік аудит органдары жүргізетін мемлекеттік аудиттің қайталануын және көлемінің қысқартылуын болдырмау үшін мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды жүзеге асыру жөніндегі бірыңғай рәсімдер мен талаптарды айқындау, сондай-ақ Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит стандарттары) сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Стандарт мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарына сәйкес әзірленді, мемлекеттік аудит органдары Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтаған жағдайда мемлекеттік аудит нәтижелерін тануға арналған.
5. Тану жүргізілген аудиттің және оның нәтижелерінің заңдылығын дәлелдеу болып табылмайды.
2-тарау. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану тәртібі
6. Мемлекеттік аудит органдары ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, Заңның 19-бабына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес сот заңсыз деп танымаса, оларды таниды.
Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану жоспарланатын немесе жүргізілетін мемлекеттік аудиттің ауқымына өзгеріс жасауға әкеп соғады.
7. Есеп комитеті мемлекеттік аудит нәтижелерін Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес деп тануды мынадай тәсілдердің біреуі арқылы:
1) Заңға сәйкес қалыптастырылған, Есеп комитетінің мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес бақылау жүргізу арқылы жоспарлы;
2) аудиторлық іс-шара шеңберінде:
аудиттің мақсаты, кезеңі, типі және аудиттің бағдарламалық мәселелері Есеп комитетінің аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келген жағдайда, Заңға сәйкес қалыптастырылған Есеп комитетінің мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу кезінде;
басқа мемлекеттік аудит органының аудиттің мақсаты, кезеңі, типі және аудиторлық іс-шарамен қамтылған бағдарламалық мәселелері бойынша Есеп комитетінің аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келетін мемлекеттік аудит жүргізу фактісі анықталған мемлекеттік аудит объектілерінде аудит жүргізу барысында жүзеге асырады.
8. Осы Стандарттың 7-тармағының 1) тармақшасы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтауын бақылау бойынша іс-шараларды жүргізуге жауапты болып айқындалған құрылымдық бөлімше жүзеге асырады, аппарат басшысының және олардың тікелей басшысының келісімі бойынша Есеп комитетінің басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерінен топ қалыптастыруға жол беріледі.
9. Осы Стандарттың 7-тармағының 2) тармақшасы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты болып айқындалған топ немесе мемлекеттік аудит объектісінде тікелей аудит жүргізген мемлекеттік аудиторлар жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына бақылау жүргізуді дайындау үшін сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлері Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына және/немесе Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) бекітілген Есеп комитетіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес Есеп комитетіне ұсынылған тексеру комиссиясының немесе Есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл қағидаларына және Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына және Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның есептілігін зерделейді.
11. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына бақылау жүргізу үшін атқарылған жұмыс туралы есептерді зерделеу негізінде тексерілетін мемлекеттік аудит органының аудиторлық есептерінің көлемі мен санына, еңбек ресурстарына және тексеру кезеңіне байланысты сапа бақылауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар бақылауға жататын аудиторлық есептерді және материалдары іріктеу әдістері мен өлшемшарттарын айқындайды.
12. Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасына тексеру комиссиялары мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органды, аудиторлық іс-шараның атауын, өз бағыттары бойынша тексерудің типін және түрін, өткізу мерзімдерін айқындап, сондай-ақ жұмыскерлердің қажетті санын ескере отырып, аудиторлық іс-шараны жүргізу жөніндегі ұсыныстар Есеп комитетінің жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшесіне енгізіледі.
13. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына бақылау жүргізуге жауапты Есеп комитеті мүшесінің осы Рәсімдік стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген тапсырмасының болуы Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
14. Тексеру комиссиялары мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жасаған аудиторлық есептерге қатысты Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуын бақылау тікелей тексеру комиссияларында немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органда жүргізіледі.
15. Тексеру комиссиялары мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есептерді жасау кезінде Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтауын бақылау осы Рәсімдік стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуы мәніне мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттарының негізінде жүргізіледі.
16. Жүргізілген бақылаудың қорытындылары бойынша тексеру комиссиялары мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жасаған әрбір аудиторлық есепке осы Рәсімдік стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшылық қорытынды ресімделеді.
17. Мына бұзушылықтардың бірі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарының (бұдан әрі – Жалпы стандарттар) 84-тармағына сәйкес Сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес бекітілген Аудит бағдарламасының (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы) толық қамтылуын және мәселелерінің сәйкестігін қамтамасыз етпеу;
2) Аудит бағдарламасында көзделген мәселелердің отыз және одан көп пайызының толық талдануын (объективті және жан-жақты қарау) қамтамасыз етпеу;
3) бұзушылықтардың орын алған фактілерін (үш және одан да көп жағдайларды (фактілерді) тіркеу жөніндегі талапты сақтамау;
4) мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталмаған және Аудиторлық есепте көрсетілмеген бұзушылық фактілері (үш немесе одан да көп фактілер) анықталған;
5) есептік деректерді қайта тексеру мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, Жалпы стандарттардың 25, 52 және 53-тармақтарын бұзу (үш және одан да көп бұзушылық фактілері) анықталса, аудиторлық есеп Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес емес деп танылады.
18. Мемлекеттік аудиттің нәтижелерін тану:
1) жоспарлы тәсіл кезінде – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтауын бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін белгіленген мерзімде;
2) аудиторлық іс-шара шеңберінде – аудит жүргізу үшін белгіленген мерзімдерде басқа мемлекеттік аудит органының осы объектіде аудит жүргізу фактісі мемлекеттік аудит объектісінде анықталған кезде объектілерді алдын ала зерделеу мерзімінде жүзеге асырылады.
19. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша тікелей тексеру комиссиясында немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органда осы Рәсімдік стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін Бақылау нәтижелері бойынша жиынтық қорытынды жасалады.
20. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына жүргізілген бақылаудың нәтижелері сарапшылық қорытындының және Бақылау нәтижелері бойынша жиынтық қорытындының негізінде жасалған Қорытындымен ресімделеді, Есеп комитетінің отырысында қаралады және Есеп комитетінің қаулысы қабылданады (алдын ала зерделеу барысында және мемлекеттік аудит объектілерінде аудит жүргізу барысында аудиторлық іс-шара шеңберінде аудит материалдарын қарауды қоспағанда).
Қорытындыға Есеп комитетінің сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы бұрыштама қояды, Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуын бақылауға жауапты Есеп комитетінің мүшесі қол қояды және Есеп комитетінің Төрағасына Есеп комитетінің отырысын өткізгенге дейін төрт жұмыс күні бұрын ілеспе хатпен ұсынылады.
21. Мемлекеттік аудиттің нәтижелерін тану рәсімдерін жүргізу қорытындылары бойынша мынадай:
1) тану (Мемлекеттік аудит стандарттары сақталған кезде не Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтамау мемлекеттік аудит нәтижелеріне әсер етпеген кезде);
2) танымау (Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтамау мемлекеттік аудит нәтижелеріне әсер еткен кезде) туралы шешім қабылданады.
22. Мемлекеттік аудит нәтижелерін танудың (танымаудың) қорытындысы:
1) осы Стандарттың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспарлы тәсіл үшін – осы Рәсімдік стандарттың 20-тармағына сәйкес Қорытындыда ресімделеді.
2) осы Стандарттың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аудиторлық іс-шараның шеңберінде – алдын ала зерделеу туралы ақпараттарда тану (қамту көлемі азайған жағдайда) немесе танымау туралы тұжырымдармен немесе аудиторлық есепте ресімделеді.
23. Есеп комитеті мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындыларын "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген) көзделген тәртіппен Бірыңғай дерекқорға орналастырады.
Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына бақылау жүргізуге тапсырма
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20__ жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес
____________________________________________________________________
(Есеп комитеті жұмыскерінің (лерінің) ТАӘ (болған жағдайда)
және лауазымын көрсету)
____________________________________________________________________
(мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органын, толық атауын, оның орналасқан
жерін көрсету)
аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына бақылау жүргізу тапсырылады.
Бақылаумен қамтылатын кезең ______________
Бақылау жүргізу мерзімдері: ______ - _____ аралығы
Есеп комитетінің мүшесі ___________________________
(қолы, ТАӘ (болған жағдайда)
Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 2-қосымша |
Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуы мәніне мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттары
№ | Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттары | Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкессіздіктердің анықталған фактілері |
1 | Мемлекеттік аудитпен қамтылған мәселелердің толық қамтылуы және Аудит бағдарламасында көрсетілген мәселелерге сәйкестігі | |
2 | Аудит бағдарламасы мәселелерінің толық талдануы | |
3 | Бұзушылықтардың болу фактілерін тіркеу бойынша талаптардың сақталуы | |
4 | Мемлекеттік аудитті жүргізу барысында анықталмаған және Аудиторлық есепте көрсетілмеген бұзушылық фактілерінің анықталуы | |
5 | Фактілер мен тұжырымдарды жазу бөлігінде "Объективтілік", "Анықтық" Стандарттарының сақталуы |
Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуын бақылау қорытындылары бойынша сарапшылық қорытынды
__________________________________________
(аудиторлық есептің атауы, оның деректемелері)
№ | Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарт-тары | Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкессіздіктердің анықталған фактілері (нақты фактілерге сілтемелер көрсетіле отырып) |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 |
Тұжырым: (Стандарттарға сәйкес келеді немесе Стандарттарға сәйкес келмейді).
Есеп комитетінің бақылауға
жауапты (айқындалған) жұмыскері (лері) _______________
Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 4-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша жиынтық қорытынды
1. Мемлекеттік аудит органының атауы: ____________________________
2. Есеп комитетінің Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына бақылау
жүргізген жұмыскерлері: _______________________________________
3. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына бақылау жүргізуге арналған
"______"____________№____ тапсырма
4. Бақылаумен қамтылған кезең: ____________
5. Бақылау жүргізу мерзімі: ______ - _______ аралығы
6. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына жүргізілген алдыңғы бақылаудың
нәтижелері (мемлекеттік аудит нәтижелерін тану/танымау
фактілері):___________________________________________________________
7. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуына жүргізілген бақылаудың
қорытындылары:
7.1. Сапа бақылауы жүргізілген аудиторлық есептердің тізбесі:
7.2. Анықталған бұзушылықтар мен ескертулер:
7.3. Мемлекеттік аудиттің материалдарына сапа бақылауын ұйымдастыру бойынша
тұжырымдар:
8. Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша
ұсынымдар:
9. Қосымшалар:
Есеп комитетінің Стандарттардың сақталуына бақылау жүргізген жұмыскерлері:
_______________________________________________________