"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 наурызда № 18391 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізу үшін қабылдаған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын жиынтықтау жолымен және мынадай шарттарды ескере отырып жасалады:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалардың жылдық сомасы қабылданған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес келуі тиіс, ал жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық сома кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес келуі тиіс;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиын сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларындағы бюджеттік бағдарламалар сомасына сәйкес келуі тиіс;

      3) жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер мен кредиттердің сомасы төмен тұрған бюджеттің түсімдер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сондай көлемде және дәл сол айларда жоғары тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;

      4) төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін трансферттер, кредиттерді қайтару сомасы және жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша төмен тұрған бюджет төлеген сыйақы сомасы жоғары тұрған бюджеттің түсімдері бойынша жиынтық жоспарындағы сияқты дәл сол көлемде және дәл сол айларда төмен тұрған бюджеттің қаржыландырудың жиынтық жоспарларында ескеріледі;

      5) төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы.

      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделуі тиіс, бұл жыл басынан өсу қорытындысымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың артуына жол бермеуді білдіреді.";

      213-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      274-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "274-1. Мемлекеттік мекемемен шетел валютасын ары қарай аккредитивтік шотқа аудару үшін сатып алған жағдайда төлем шотта және шетел валютасын қайтадан айырбастауға арналған өтінімге аккредитвті ашуға арналған өтінімнің мерзімі мен нөмірі көрсетіледі.";

      371-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аванстық төлемді қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде – шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелерін.

      Инвестициялық жобаны Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілген ұйымның уәкілетті адамы қол қойған жазбаша өтінім беріледі.

      Шығыстарды және/немесе тартылған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан қарыз қаражатын бұдан бұрын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген қаражат есебінен өтеген жағдайда, квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының көшірмесін және қарыз қаражатын тартқан жағдайда – кредиттік шарттың көшірмесін қосымша ұсынады.

      Инвестициялық жобаны іске асыру қаржы-экономикалық негіздемеге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында ақшаның болуына сәйкес шарт соммасынан:

      30 пайыздан аспайтын мөлшерде – барлық инвестициялық жобалар бойынша;

      50 пайыздан аспайтын мөлшерде – жоғарытехнологиялық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алғанда аванстық (алдын-ала) төлемге жол беріледі.";

      376-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "376. Қазақстан Республикасының резидент еместерімен жасалған шетел валютасындағы шарттар бойынша төлемдер жүргізілген кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы Ережеде көзделген тәртіпте аумақтық қазынашылық бөлімшесіне квазимемлекеттік сектор субъектісінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шотынан келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шетел валютасын сатып алу үшін екінші деңгейдегі банкте ашылған шотқа ақша аудару үшін төлем тапсырмасын қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде ұсынады. Шетел валютасын айырбастауға арналған төлем тапсырмасында "Төлем тағайындау" ашық жолағында:

      1) сатып алынатын шетел валютасының түрі мен сомасы;

      2) ол бойынша шетел валютасы сатып алынатын бағам;

      3) резидент емеспен жасалған шарттың күні мен нөмірі;

      4) шарттың мәні;

      5) құжаттың (тауарларды жеткізгені туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің), не орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын басқа да құжаттың) атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Квазимемлекеттік сектор субъектісінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына валюталардың түрлері бойынша аударылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.

      Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткеннен кейін шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған квазимемлекеттік сектор субъектісінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шотында ұлттық валютада кейіннен соманы кқалпына келітре отырып, қайта айырбасталуы тиіс.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасын уақтылы қайта айырбастауды және шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған шарт бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде төлемді ұлттық валютада жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аумақтық қазынашылық бөлімшесіне оның екінші деңгейдегі банкте ашық шотына квазимемлекеттік сектор субъектісінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шотынан ақша аудару үшін төлем тапсырмасын ұсынады. Бұл ретте төлем тапсырмасында "Төлем мақсаты" жолында квазимемлекеттік сектор субъектісі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түпкі бенефициар-резидент еместің деректемелерін қосымша көрсетеді.

      Квазимемлекеттік сектор субъектісінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шотынан оның екінші деңгейдегі банктегі шотына аударылған ақша, ол есепке жатқызылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде тағайындалуы бойынша түпкі бенефициар-резидент емеске аударылуы тиіс.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған ақшаны олар аударылған квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шотына көрсетілген мерзім өткенге дейін уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді.";

      378-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-2. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік құпиялары бар қызметтік ақпаратты ("Құпия" белгісі бар) қамтитын мәліметтері бар объектілерді және таратылуы шектеулі ("ҚПҮ" белгісі бар) қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар объектілерді қоспағанда сметалық құны екі миллиард теңгеден асатын жаңадан салынатын құрылыс объектілері бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу шарттарымен, жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      378-23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-23. Аумақтық қазынашылық органдары төлем тапсырмаларын тексеру кезінде:

      төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғына;

      нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша № 208 қаулының талаптарына сәйкес келуіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.

      Аумақтық қазынашылық органдары осы тармақтың, осы Ереженің 7-тарауының 4-параграфымен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ осы Ереженің 378-21 және 378-22-тармақтарының талаптарын сақтамаған кезде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің немесе қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлем тапсырмаларын орындаусыз кері қайтарады.";

      мынадай мазмұндағы 397-1-тармағымен толықтырылсын:

      "397-1. Шартқа сәйкес ҚР ҰБ ҚБШ-ғы ақша қаражатының қалдығына күнделікті сыйақы есептейді.";

      624-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "624. Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      Жоғарыда көрсетілген комиссияның оң шешімінің негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірлейді және оны республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына жолдайды.

      Бюджетті жоспарлау бойынша орталықты уәкілетті орган қаулы жобасын жақын арада болатын республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      Сәйкес бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдайды.

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Үкіметі сәйкес қаулы жобасын бекіткеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен, қарыз алушымен, сенім білдірушімен (бар болған жағдайда) қол қойылған Кредиттік шартқа қосымша келісім жобасын орталықты бюджетті атқару органына бес жұмыс күнінің ішінде қол қоюға енгізеді.";

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі" 13-тарауының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі және мемлекеттік міндеттемелері жоқ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттарды тіркеу";

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі және мемлекеттік міндеттемелері жоқ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттарды тіркеу" 13-тарауының 1-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді және мемлекеттік міндеттемелері жоқ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттарды тіркеу тәртібі";

      878, 879, 880 және 881-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "878. МЖӘ шарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессияларын, сондай-ақ оларға қосымша келісімдерді тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен тіркелген МЖӘ шарттарына әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда, қосымша келісімдер мынадай өзгерістер:

      МЖӘ шарттарының атауы, саны немесе шарт қатысушыларының ауысуы, соммасы мен іске асырылу мерзімі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жасалған шарттың талптарымен қарастырылған жағдайлары мен тәртібінде шарттың бұзылуы болғанда тіркеледі.

      Тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз МЖӘ шарттарымен белгіленген мемлекеттік міндеттемелердің мөлшерінің өзгертіліне жол берілмейді.

      МЖӘ шарты тараптарының келісімі бойынша оның мерзімі "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2)-тармақшасымен бекітілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.

      МЖӘ шартының мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға сәйкес МЖӘ шартында белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде ұзартылуы мүмкін.

      МЖӘ шарты тараптарының келісімі бойынша МЖӘ шарты өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

      Мемлекеттік әріптестің немесе жеке әріптестің талап етуі бойынша МЖӘ шарты сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

      МЖӘ, оның ішінде концессия шарты тіркеу туралы куәлік болған жағдайда жарамды.

      Бұл ретте, МЖӘ шарты, оның ішінде концессиялық, бекітілген болжамдалып отырған төлемдер МЖӘ жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі (МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне қарай үш жылдан отыз жылға дейін) белгілерінен қарастырылады.

      МЖӘ жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.

      Концессия шарттары концедент және концессионермен шарт шеңберінде алынған міндеттемелерді толық орындаған және мерзімі өткен кезде өзінің күшін жояды.

      879. МЖӘ шарттары/қосымша келісімдер, оның ішінде концессиялар тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ ерекше маңызы бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, МЖӘ әрбір жеке жобасы бойынша мәслихат шешіміне, оның ішінде концесссиялық жобаға сәйкес шартпен белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде тіркеуге жатады.

      880. МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерді, оның ішінде концессия шарттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне тіркеуге ұсынуды орталық мемлекеттік органдар – мемлекеттік әріптестер және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар оларды "е-Қаржымині" ИААЖ жасағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырады.

      Бұл ретте, МЖӘ шарттары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің бекітілген лимиттері, "е-Қаржымині" ИААЖ-ға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган енгізеді.

      881. МЖӘ жобалары шарттары/қосымша келісімдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқару органдардың концессияларын тіркеу орталық уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне "е-Қаржымині" ИААЖ арқылы берілетін тіркеу өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерді, оның ішінде концессияларды тіркеу осы Ережеге 137-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.";

      882-тармақ алынып тасталсын;

      883, 884, 885 және 886-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "883. Қазақстан Республикасы Үкіметінің МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерді, оның ішінде концессиялық шарттарын тіркеу үшін орталық мемлекеттік органдар әрбір МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарт бойынша:

      осы Ережеге 137-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімді;

      МЖӘ/қосымша келісім, оның ішінде концессия шартын;

      республикалық бюджет комиссиясының шешімін;

      мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын (ерекше маңызы бар МЖӘ жобалары бойынша) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға "е-Қаржымині" ИААЖ арқылы ұсынады.

      884. Жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарттарды/қосымша келісімдерді тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әрбір МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарты бойынша:

      осы Ережеге 137-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімді;

      МЖӘ/қосымша келісім, оның ішінде концессия шартын;

      тиісті бюджет комиссиясының шешімін;

      облыс мәслихаты, республикалық маңызы бар қала және астана шешімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне "е-Қаржымині" ИААЖ арқылы ұсынады.

      885. МЖӘ, оның ішінде концессиялық шарттарын/қосымша келісімді тіркеуді растау (шарттарды бұзу жағдайларын қоспағанда) осы Ережеге 139-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу туралы куәлік болып табылады.

      886. Бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тіркеуді бес жұмыс күн ішінде өтінімдер мен растау құжаттарын қарастыру, келісу жолымен кейінен тіркеу туралы куәлікті әзірлеумен (шарттарды бұзу жағдайларын қоспағанда) жүзеге асырады.";

      888-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесімен қол қойылады, жауапты орындаушының құжатты өндеу күнін көрсете отырып қойылған қолымен ресімделеді.";

      мынадай мазмұндағы 888-1, 888-2, 888-3, 888-4, 888-5 және 888-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "888-1. МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттарын тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

      МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шартын тіркеу тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелері жоқ екені туралы растау хатын ұсынған жағдайда тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен тіркелген мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттарына әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда, қосымша келісімдер мынадай өзгерістер:

      мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттарының атауы, саны немесе шарт қатысушыларының ауысуы, соммасы мен іске асырылу мерзімі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жасалған шарттың талптарымен қарастырылған жағдайлары мен тәртібінде шарттың бұзылуы болғанда тіркеледі.

      Мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттары бойынша мемлекет ешқандай қаржылық міндеттемелер қабылдамайды.

      888-2. Мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шартын/қосымша келісімдерді орталық мемлекеттік органдармен – мемлекеттік әріптестермен және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне тіркеуге ұсыну оларды жасалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      888-3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерін тіркеу орталық уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне "е-Қаржымині" ИААЖ арқылы берілетін тіркеу өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерді тіркеу осы Ережеге 140-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      888-4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерді тіркеу үшін орталық мемлекеттік органдар әрбір МЖӘ шарт бойынша осы Ережеге 140-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімге:

      мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шартын/қосымша келісімді;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелері жоқ екені туралы растау хатын қоса тіркейді.

      888-5. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерді тіркеу үшін орталық мемлекеттік органдар әрбір МЖӘ шарт бойынша осы Ережеге 140-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімге:

      мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шартын/қосымша келісімді;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелері жоқ екені туралы растау хатын қоса тіркейді.

      888-6. Мемлекеттік міндеттемелері жоқ МЖӘ шартын/қосымша келісімді тіркеуді растау (шарттарды бұзу жағдайларын қоспағанда) осы Ережеге 141-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу туралы куәлік болып табылады.

      Бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тіркеуді бес жұмыс күн ішінде өтінімдер мен растау құжаттарын қарастыру, келісу жолымен кейінен тіркеу туралы куәлікті әзірлеумен (шарттарды бұзу жағдайларын қоспағанда) жүзеге асырады.

      Куәлік осы Ережеге 141-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады.

      Куәліктің бір данасы бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады, басқа данасы мемлекеттік әріптеске (концедентке) немесе тиісінше бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.

      141-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесімен қол қойылады, жауапты орындаушының құжатты өндеу күнін көрсете отырып қойылған қолымен ресімделеді.";

      көрсетілген Ережеге 137-қосымша осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Ережеге 138-қосымша алынып тасталсын;

      көрсетілген Ережеге 139-қосымша осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Ереже осы бұйрыққа 3 және 4 қосымшаларға сәйкес 140 және 141-қосымшаларымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
__________________________
2019 жылғы "____"___________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
__________________________
2019 жылғы "____"___________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 14 наурыздағы
№ 226 бұйрығына
1-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
137-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің шарттарын/қосымша келісімдерін/оның ішінде концессия шарттарын тіркеу туралы өтінім 20 __ жылғы "___"____________

      Бюджеттің түрі _________

      Орталық мемлекеттік орган/Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ________

      Өңір __________

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия жобасының атауы


Мемлекеттік әріптестің/концеденттің атауы


Жеке әріптестің/концессионердің атауы


Құжат-негіздеме


Мемлекеттік міндеттемелердің сомасы


Шарт соммасы


Шарттың қолданыс мерзімі


      Орталық мемлекеттік органның уәкілетті өкілі/

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті

      органның басшысы _______________________________ ____________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             (қолы)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 14 наурыздағы
№ 226 бұйрығына
2-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
139-қосымша

МЖӘ шарттарын/қосымша келісімді/концессияны тіркеу туралы КУӘЛІК

      қала 20____жылғы "___"_________

      Осымен___________________________________________________________________

      (Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/аумақтық бөлімше) МЖӘ

      шартын/қосымша келісімді/концессия мынадай _______/ ____- ____ нөмірімен тіркейді

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия жобасының атауы


Әріптестің/концеденттің атауы


Жеке әріптес/концессионер


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия шарты


Мемлекеттік міндеттемелерді өтеу мерзімі


Мемлекеттік міндеттемелердің соммасы


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия шартының қолдану мерзімі


Тіркелу туралы куәлікті беру негіздемесі


      Мөр орны

      (бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті

      орган өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 14 наурыздағы
№ 226 бұйрығына
3-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
140-қосымша

Мемлекеттік міндеттемелері жоқ мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің шартын/қосымша келісімді тіркеу туралы өтінім 20 __ жылғы "___"____________

      Бюджеттің түрі _________

      Орталық мемлекеттік орган/Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ________

      Өңір __________

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы


Мемлекеттік әріптестің атауы


Жеке әріптестің атауы


Құжат-негіздеме


Мемлекеттік міндеттемелердің сомасы


Шарт соммасы


Шарттың қолданыс мерзімі


      Орталық мемлекеттік органның уәкілетті өкілі/

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті

      органның басшысы _______________________________ ____________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             (қолы)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 14 наурыздағы
№ 226 бұйрығына
4-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
141-қосымша

Мемлекеттік міндеттемелері жоқ мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің шартын/қосымша келісімді тіркеу туралы КУӘЛІК

      қала                                     20____жылғы "___"_________

      Осымен___________________________________________________________________

      (Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/аумақтық бөлімше) мемлекеттік

      міндеттемелері жоқ МЖӘ шартын/қосымша келісімді мынадай _______/ ____- ____

      нөмірімен тіркейді

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы


Әріптестің атауы


Жеке әріптес


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты


Шарт соммасы


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолдану мерзімі


Тіркелу туралы куәлікті беру негіздемесі


      Мөр орны

      (бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті

      орган өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________________