Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.12.2024 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.12.2024 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.12.2024 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген |
Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.12.2024 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 32-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тіркеушіні айқындау жөніндегі ашық конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тіркеуші цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) – астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар жөніндегі ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған, тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;
2) уәкілетті орган – құзыреті шегінде астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2026 № 256 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс уәкілетті органмен жүргізіледі.
4. Уәкілетті орган www.gov.kz ресми интернет-ресурсында өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күні бұрын конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастырады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) конкурстық өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
2) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;
3) уәкілетті органның заңды мекенжайы; комиссия отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны.
Әлеуетті тіркеушілердің конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталған күні конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
2-тарау. Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурсты жүргізу тәртібі
5. Тіркеушіні айқындау үшін уәкілетті орган тіркеушіні айқындау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Егіншілік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
6. Комиссия құрамына уәкілетті органының, қоғамдық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жекеше кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері енгізіледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде бес адам. Комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады.
Уәкілетті органның өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия хатшысы жұмыс органның қызметкерлері қатарынан айқындалады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
7. Комиссия төрағасы отырыстарға төрағалық етеді, комиссияның қызметін жоспарлайды және басқарады.
8. Комиссия отырысы оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
9. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
Қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда комиссия мүшелері тіркеушіні айқындау жөніндегі ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қоса берілетін еркін нысандағы ерекше пікірді жазбаша баяндайды.
10. Комиссия хатшысы:
1) комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады;
2) тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, комиссия мүшелерінің оған қол қоюын қамтамасыз етеді;
3) конкурс құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
11. Комиссия отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Комиссия отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Комиссия отырысы барысының аудио -, бейнежазбасы үздіксіз жүзеге асырылады. Комиссия отырысының аудио-, бейнежазбасын рұқсатсыз тоқтата тұруға немесе түзетуге жол берілмейді.
12. Әлеуетті тіркеуші конкурсқа қатысу үшін мыналарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті тіркеушінің бірінші басшысы не өкілеттігін растайтын тиісті құжат негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім;
2) әлеуетті тіркеуші иесі болып табылатын цифрлық жүйе бойынша құжаттардың көшірмелері:
цифрлық жүйені киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар актісі немесе киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар хаттамасы;
3) цифрлық жүйенің клиенттеріне ақылы электрондық қызметтер көрсетуге арналған бағалар прейскуранты.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2026 № 256 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Конкустық өтінім уәкілетті органның кеңсесі арқылы не конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін пошта арқылы беріледі.
14. Конкурстық өтінім уәкілетті органның кеңсесіне келіп түскен күні қабылданады және тіркеледі және комиссия хатшысына беріледі.
Әлеуетті тіркеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде конкурстық өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
15. Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті тіркеушілердің қатысуымен тіркеушіні айқындау бойынша комиссияның отырысы өткізеді.
16. Комиссия ұсынылған құжаттар мен әлеуетті тіркеушілердің осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін айқындайды.
Цифрлық жүйенің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген) бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік жүйелермен және дерекқорлармен интеграциялық өзара іс-қимылының болуын, сондай-ақ цифрлық жүйеде астық қолхаттарымен операциялар жүргізу, оның ішінде blockchain технологияларын пайдалана отырып жүргізу мүмкіндіктерін растау үшін әлеуетті тіркеуші комиссия үшін клиенттің цифрлық жүйедегі жұмысын көрсетуді жүргізеді.
Цифрлық жүйеде клиенттің жұмысын көрсету әлеуетті тіркеушінің осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін комиссияның отырысында жүргізіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2026 № 256 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Егер конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі ішінде осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін бір ғана конкурстық өтінім ұсынылса, комиссия осы заңды тұлғаны тіркеуші ретінде айқындау туралы шешім қабылдайды.
Егер конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі ішінде осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін бірнеше конкурстық өтінім ұсынылса, комиссия цифрлық жүйе клиентінің дербес шотына жылдық қызмет көрсеткені үшін жыл сайынғы абоненттік төлемақының ең аз мөлшерін негізге ала отырып тіркеушіні айқындайды.
Бұл ретте, астық қабылдау кәсіпорнына астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне рұқсат бергені үшін жыл сайынғы абоненттік төлем айлық есептік көрсеткіштің отыз алты еселенген мөлшерін құрайды, ал клиенттің (астық қолхатын ұстаушының, астық иесінің, кепіл ұстаушының) жеке шотына жылдық қызмет көрсетілгені үшін жыл сайынғы абоненттік төлемді әлеуетті тіркеуші дербес айқындайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2026 № 256 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Тіркеушіні айқындау бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және отырысқа қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері қол қояды және әр парағына қол қояды.
19. Мынадай жағдайларда комиссия конкурсты өткізілмеген деп таниды:
1) бірде-бір конкурстық өтінім берілмеген;
2) барлық әлеуетті тіркеушілер осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген.
20. Тіркеушіні айқындау бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама конкурстық өтінімдер қаралған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
21. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
22. Тіркеушіні айқындау бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттаманың негізінде уәкілетті орган Заңның 6-бабы 1-3) тармақшасына сәйкес тіркеушіні айқындау туралы шешім қабылдайды.
23. Тіркеушіні айқындау мәселелері бойынша шағымды қарау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүргізіледі.
| Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан ________________________ (мемлекеттік орган) |
Өтінім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2026 № 256 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы көрсетіледі)
тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Осымен ақпараттық жүйе:
1) веб-порталдық шешімге ие екендігін;
2) ашық бастапқы коды бар дерекқорларды басқарудың бос жүйесін пайдаланатынын;
3) ашық бастапқы коды бар бос операциялық жүйені пайдаланатынын;
4) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес цифрлық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау туралы актіге ие екендігін;
5) цифрлық жүйені киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар актісі немесе киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар хаттамасына ие екендігін;
6) цифрлық жүйенің астық қолхаттарымен операциялар туралы деректерін сақтауға арналған blockchain-платформасы пайдаланатынын;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген) бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес астық қолхаттарымен операциялар орындауға мүмкіндік беретінін;
8) мемлекеттік жүйелермен және дерекқорлармен интеграцияланғанын, атап айтқанда:
астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға қатысты – рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;
астық қабылдау кәсіпорындары қаржылық есептілік депозитарийіне беретін ақпаратқа қатысты – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;
астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;
астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жер учаскелеріне қатысты – жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;
тізілімде тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;
астық қабылдау кәсіпорындарының лицензиарларына және олардың кеңістіктік (географиялық) деректеріне қатысты – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік органмен;
салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – астық қабылдау кәсіпорындары және астық қолхаттарын ұстаушылар шығарған цифрлық шот-фактуралар жөніндегі деректерге қатысты;
астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы мәліметтерге қатысты – Ұлттық темір жол компаниясымен;
тізілімде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты – сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен;
клиенттер цифрлық жүйеде операциялар жүргізу кезінде ақпараттық жүйе қатысушыларының электрондық цифрлық қолтаңба пайдалануына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен;
клиенттің "төлемге қарсы жеткізу" опциясын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруы үшін – екінші деңгейдегі банктің төлем жүйесімен интеграциясы бар екендігін;
9) техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулігіне 24 сағат/аптасына 7 күн жұмыс істейтін цифрлық жүйені пайдалана отырып, қызметтер көрсетінін растаймыз.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны_____________________________
__________ _______________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20__ жылғы "____" _______________
| Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Тіркеушіні айқындау бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама
_________________________ _______________
(отырысты өткізу орны) (уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы тіркеушіні айқындау жөніндегі комиссия:
____________________________________________________________________
(комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы көрсетіледі)
2. Мынадай әлеуетті тіркеушілердің конкурстық өтінімдері конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілді:
№ | Әлеуетті тіркеушінің атауы | Әлеуетті тіркеушінің мекенжайы | Конкурстық өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша) |
3. Себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген әлеуетті тіркеушілер туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
___________________________________________________
4. Конкурс жеңімпазын көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________
(тіркеушінің атауы көрсетіледі)
5. Комиссия төрағасы мен мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолдары
6. ______ парақта ерекше пікір.