"Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 1114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18126 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16514 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларында:

      2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктерге Ақпаратты Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді банктердің орындауы мақсатында табыс етеді.

      3. Банктерге уәкілетті органның Ақпаратты бастапқы алуы Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – ҚР БСАЖ) салық төлеушілердің, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тұрған жеке тұлғалардың немесе жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (бұдан әрі – салық төлеушілер) тіркеу мәліметтерін, "inis_RegData.tab" ТАВ файлға Қағидалардың қосымшасына сәйкес уәкілетті органның ақпарат сипаттамасына сай, жазбаны өңдеу түрін бейнелеусіз жолымен жүргізіледі және уәкілетті органның және банктің жауапты лауазымды тұлғаларымен қол қойылатын салық төлеушілердің тіркеу мәліметтерін қабылдау-өткізу актісі бойынша (бұдан әрі – қабылдау-өткізу актісі) банктерге табыс етіледі.

      Ақпаратты бастапқы алуы жауапты лауазымды тұлғаға жазбаша сұрау салудың негізінде банктің сенімхаты бойынша беріледі.

      Салық кодексінің 24-бабы 15) тармақшасының төртінші абзацында көзделінген міндеттерді банктердің орындауы мақсатында, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы ақпаратты уәкілетті орган электрондық өзара іс-қимыл арқылы және (немесе) осындай салық төлеушілер тізімін уәкілетті органның деректер базасынан алу жолымен банктерге ұсынады.

      Электрондық өзара іс-қимыл форматы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген, "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес жасалған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) мен банктің АЖ-нің интеграциясын іске асыру бойынша келісіммен айқындалады (бұдан әрі – Келісім), .

      Банктердің салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болуы мәніне тексеру жүргізуі, сондай-ақ уәкілетті органның www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында "Электрондық сервистер" режимінде іске асырылған "Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" сервисі арқылы жүргізіледі.

      4. Уәкілетті орган Ақпаратты жаңартуды мәліметтердің атауында алынған күні мен уақыты көрсетілген "inis_RegData_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ-файлға ҚР БСАЖ салық төлеушілердің өзгертілген, толықтырылған, жойылған тіркеу мәліметтерін алу арқылы жүзеге асырады.

      Ақпарат Қағидалардың қосымшасына сәйкес уәкілетті органның ақпарат сипаттамасына сай, жазбаны өңдеудің тиісті түрін көрсете отырып, жүктеледі.

      Күн сайынғы алуға ҚР БСАЖ-гі тіркеу есебінен шығарылғандарды қоса алғанда, салық төлеушілердің саны (жазба саны бойынша) туралы мәліметтер көрсетілетін қосымша "inis_SummaIIN_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ файлда беріледі.

      Электрондық өзара іс-қимыл шеңберінде салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді жаңарту онлайн-режимде жүзеге асырылады.

      Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы тізімді жаңартуды, уәкілетті орган операциялық жабылу күніне салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, салық төлеушілердің тіркеу нөмірі, мемлекеттік кірістер органдарының коды, бюджеттік сыныптама коды, берешек сомасы, төлем түрі (салық, айыппұл, өсімпұл) тізбесін деректер базасынан "CULC_NZ_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ-файлға алу арқылы жүзеге асырады.

      5. Жаңартылған Ақпарат rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға автоматты түрде күн сайын жұмыс күндері Астана қаласы уақыты бойынша сағат 08.00, Қағидалардың қосымшасына сәйкес уәкілетті орган ақпараттың сипаттамасы бойынша ағымдағы күннің Астана қаласы уақыты бойынша сағат 00.00 - 01.00 жағдайы бойынша Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жіберіледі.

      Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы жаңартылған тізімді уәкілетті орган күнделікті Астана уақыты бойынша сағат 08.00, ftp://ftp.salyk.kz серверінде, BVU_spisok папкасына орналастырады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы мәліметтер мен тізім қоса алғанда, ақпаратты техникалық проблемалар салдарынан, оның ішінде Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктер техникалық ақау туындаған күннің алдындағы күні уәкілетті орган табыс еткен Ақпаратты және (немесе) тізімді қолданады.

      Осы Қағидалардың мақсатында, техникалық ақау деп, оның ішінде Келісіммен айқындалған техникалық талаптарға сәйкес электрондық өзара іс-қимылдың жұмыс қабілеттілігінің сәйкес келмеуі түсініледі.

      Осындай жағдайларда уәкілетті орган 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде rnn-banks@mgd.kz электрондық таратуға техникалық проблемалардың туындағаны туралы хабарлама жібереді.

      8. Салық кодексінің 24-бабының 1), 4), 6), 8), 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындау мақсатында, банктер:

      1) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы тізімді қоса алғанда, Ақпаратты тиісті АЖ-не және (немесе) банктің деректер базасына "inis_RegData.tab" және "CULC_NZ_гггг-мм-дд_чч-мм-сс.tab" ТАВ-файлдан жүктелуінің;

      2) rnn-banks@mgd.kz таратылуына жіберген Ақпараттың және уәкілетті органның ftp серверінде орналастырылған тізімнің негізінде күн сайын жұмыс күндері банктің жұмыс күні басталғанға дейін салық төлеушілердің тіркеу деректерінің жаңартылуының;

      3) Келісімге сәйкес банктің АЖ-нің уәкілетті органның АЖ-не электрондық өзара іс-қимылдың жүзеге асырылуына талаптардың орындалу толықтығын қамтамасыз етеді.";

      Уәкілетті орган ақпараттың сипаттамасында:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша МКО коды

сандық

Егер СТ ДК тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша МКО тұрмаса (БДК үшін), онда бос жол жіберіледі. МКО* коды алдындағы нөлсіз жіберіледі. Тұрғылықты жер бойынша код тек ДК, ЖН, ЖСО, адвокат немесе КМ болып табылмайтын ЖТ үшін жіберіледі. ДК, адвокаттар, ЖН, ЖСО, КМ немесе ЗТ үшін МКО коды тіркеу есебінің тиісті түрі бойынша жіберіледі (ДК, адвокат, ЖН, ЖСО, КМ орналасқан жері бойынша, ЗТ орналасқан/келу жері бойынша)

  ";

      Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * МКО кодтары "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) бекітілген.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ДК – дара кәсіпкер;

      МКО – мемлекеттік кірістер органы;

      СТ – салық төлеуші;

      СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      ЖТ – жеке тұлға;

      ЖН – жекеше нотариус;

      ЖСО – жеке сот орындаушы;

      КМ – кәсіби медиатор;

      ЗТ – заңды тұлға.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі