РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидалары бекітілсін.
2. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптар қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 348 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8063 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 834-839 (27910) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығымен бекітілді |
Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және Заңның 6-4 бабының 15 тармақшасына сәйкес Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың (бұдан әрі – МҒМО) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік комиссиясы – құрамы МҒМО басшысының бұйрығымен айқындалатын, салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу мәселелері бойынша шешім қабылдайтын комиссия;
2) қайта аттестаттау – бұрын берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен, бұрын аттестатталған салыстырып тексерушілерді дәл сол қызметтік бағыт немесе өлшем түрлері бойынша қайталанған мерзімге аттестаттау;
3) өлшем құралдарын салыстырып тексерушi – өлшем құралдарына салыстырып тексеруді жүргiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға (бұдан әрі – салыстырып тексеруші);
4) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;
5) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) өтініш беруші – аттестатауға және қайта аттестаттауға өтінім беретін жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібі
3. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді (бұдан әрі – салыстырып тексерушілер) аттестаттау ҚР СТ 2.42 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем түрлері. Жіктеу" сәйкес өлшем түрлері бойынша жүзеге асырылады.
4. Салыстырып тексерушіні аттестаттау және қайта аттестаттау үшін осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар МҒМО-ға ұсынылады.
5. Салыстырып тексерушіні қайта аттестаттау үшін құжаттар бұрын берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі өткенге дейін, бірақ екі айдан ерте емес мерзімде МҒМО-ға ұсынылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 18.01.2023 № 15-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1) өлшем түрі көрсетілген, салыстырып тексеруші ретінде аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) біліктілік курсынан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1)-9) тармақшаларына сәйкес, жоғары техникалық білімі бар кандидаттарды қоспағанда, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттар;
6) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген өлшемнің түрі бойынша тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама (бұдан әрі – анықтама). Құжаттар жиынтығын бергенге дейін бір жыл бұрын берілген анықтаманы біліктілік комиссиясы ескермейді;
7) қосымша оқулар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де жұмыстарға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса).
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 18.01.2023 № 15-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Салыстырып тексерушілерді қайта аттестаттау үшін 3), 5) және 6) тармақшаларды қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы жіберіледі.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен соң алты айдан кешіктірмей қайта аттестаттауға құжаттарды ұсынғанда өтініш берілген өлшемнің түрі бойынша тағылымдамадан өту талап етілмейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 18.01.2023 № 15-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Құжаттар жиынтығын қабылдау кезінде МҒМО құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын түпнұсқамен салыстыру жолымен айқындайды және құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Құжаттар жиынтығы тігілген, нөмірленген түрде ұсынылады.
9. Ұсынылған материалдарды қарау және салыстырып тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттау туралы шешім қабылдау құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күні мерзімінде біліктілік комиссиясымен жүзеге асырылады.
10. Біліктілік комиссиясы кандидатты салыстырып тексеруші ретінде аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы шешім қабылдауда кандидатқа осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталған салыстырып тексерушінің міндеттері туралы декларацияны қол қоюға жібереді және салыстырып тексерушіні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта аттестаттау туралы сертификат бес жылдық мерзімге беріледі.
Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен салыстырып тексеруші аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы сертификаттағы тіркеу нөмірін көрсете отырып, Заңның 6-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіпте өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеледі.
11. Біліктілік комиссиясы салыстырып тексеруші ретінде аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, кандидатқа шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн мерзімінде жазбаша түрде дәлелді бас тарту жіберіледі.
Бас тарту үшін негіздер:
1) кандидаттың Қағидалардың 4-тарауына сәйкес біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
2) ұсынылған құжаттар жиынтығының Қағидалардың 6-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес келмеуі болып табылады.
12. Құжаттарды аттестаттауға қайта жіберу бас тартуға негіз болған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін жүзеге асырылады.
3-тарау. Сертификатты кері қайтарып алу тәртібі
13. Сертификаттың қолданылу кезеңінде МҒМО жылына бір рет келіп түскен ақпаратты талдау жолымен аттестатталған салыстырып тексерушінің қызметін бақылауды:
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері бойынша;
2) аккредиттеу жөніндегі органнан;
3) аккредиттелген заңды тұлғалардан;
4) заңды тұлғалардан анықтама-пікірлер бойынша;
5) орындалатын жұмыстардың сапасына жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда аттестатталған салыстырып тексеруші өз қызметін жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғалардан өзі орындайтын жұмыстардың сапасы туралы мәліметтер сұралады.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келіп түскен ақпаратты біліктілік комиссиясы талдайды, ол өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама және стандарттау жөніндегі құжаттар талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда сертификатты кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
15. МҒМО сертификатты кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінен алып тастайды және салыстырып тексеруші жұмыс істейтін ұйымға хабарлама жібереді.
Салыстырып тексеруші жұмыс істейтін ұйымның басшылығы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сертификатты МҒМО-ға жібереді.
16. Салыстырып тексеруші сертификатын қайта алу үшін, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес оны кері қайтарып алғаннан кейін алты айдан ерте емес маман осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
4-тарау. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптары
17. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруші кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) жоғарғы, жоғары техникалық немесе орта техникалық білімінің болуы;
2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі:
жоғары техникалық білімі бар кандидатқа өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
жоғары білімі немесе орта техникалық білімі бар кандидат үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) кадрлардың біліктілігін арттыру немесе оларды қайта даярлау туралы куәліктің болуы;
4) таңдалған өлшем түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде бес типін, егер салыстырып тексерушіге кандидат бірнеше өлшем түрлеріне өтініш берген жағдайда – әрбір өтініш берілген өлшем түрлері бойынша өлшем құралдарының кем дегенде үш типін салыстырып тексеруді өткізіп, тағылымдама жүргізілетін өлшем түрлері бойынша салыстырып тексеруші біліктілігін иелену туралы сертификаты бар салыстырып тексерушіде, өтініш берілген өлшем түрлері бойынша ұзақтығы 5 жұмыс күнінен кем емес тағылымдамадан өтуі.
18. Қағидалардың 17-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талаптары қайта аттестаттау кезінде салыстырып тексерушілерге кандидаттарға қолданылмайды.
5-тарау. Қорытынды ережелер
19. Салыстырып тексеруші сертификатты жоғалтқан жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында сертификаттың нөмірін, берілген күнін және жарамдылық мерзімін көрсетіп, сертификатты жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді жариялайды;
2) МҒМО-ға сертификатты жарамсыз деп тану туралы және сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәліметтердің жариялануын растайтын құжатты қоса бере отырып, сертификаттың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
20. Сертификат бүлінген жағдайда, салыстырып тексеруші МҒМО-ға сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген, сертификаттың бүлінген түпнұсқасын қоса бере отырып, сертификаттың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
21. Сертификаттың телнұсқасында оң жақ жоғарғы бұрышында "Телнұсқа" сөзі көрсетіледі, бұрын берілген сертификат түпнұсқасының нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі сақталады.
22. Сертификаттың телнұсқасы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні мерзімінде беріледі.
Ұйымның фирмалық бланкісі
Өтініш берілген өлшем түрлері бойынша тағылымдамадан өткенін куәландыратын № ______АНЫҚТАМА
1. Тағылымдаманы өткізген ұйымның атауы ___________________________________
2. Ұйым туралы мәліметтер _________________________________________________
аккредиттеу аттестатының № және берілген күні, аккредиттеу түрі
3. Ұйымның құрылымдық бөлімшесінің атауы __________________________________
_________________________________________________________________________
мысалы: сызықты-бұрыштық өлшемдер зертханасы
4. Тағылымдаманы жүргізген маман(дар): _____________________________________
салыстырып тексерушінің Тегі, Аты, Әкесінің
_________________________________________________________________________
аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) бұл бағыт бойынша жұмыс өтілі, салыстырып тексерушіні аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы сертификаттың № мен берілген күні, өлшем түрі (түрлері)
5. Тағылымдамадан өткен маман:____________________________________________
Т.А.Ә.
6. Тағылымдамадан өту мерзімі:_____________________________________________
7. Тағылымдама мерзімінде__________________________________
мынадай өлшем Т.А.Ә.
құралдарын салыстырып тексеруді жүргізді:
Өлшем түрі | Өлшем құралының атауы, типі | Шығарылған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген жылы | Салыстырып тексеру әдістемесі | |
Белгіленуі | Атауы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
8. Кәсіптік білімі мен іскерлігі*: ______________________________________________
_________________________________________________________________________
9. Ұсыныстар:_____________________________________________________________
өлшем түрін (түрлерін) көрсетіп салыстырып тексеруші біліктіліктілігін алуға
_________________________________________________________________________
қатысты тағылымдаманы өткізген ұйымның ұсыныстары (салыстырып тексеруді
жүргізу қабілетін көрсетті/көрсетпеді
Басшы ____________________ _______________________
қолы тегі, аты
М.О. (бар болған жағдайда)
Тағылымдаманы өткізген
құрылымдық бөлімшенің басшысы _____________ ____________________
қолы тегі, аты
Тағылымдаманы жүргізген
маман(дар): _____________ ____________________
қолы тегі, аты
Берілген күні 20__ жылы "____" ________
___________________
* Өлшеу деректерін алудың негізігі қағидаттарын және әдістерін, өлшемінің негізгі құралдарын (өлшеуіш тізбектерін қоса алғанда), өлшем қателігі және белгісіздігін бағалауды қоса алғанда өлшем нәтижелерін өңдеудің іргелі қағидаларын және әдістерін, нормативтік құжаттар талаптарын, құжаттамалардың ресімделуін, өлшеуіштерді сараптауды жоспарлау әдістерін және өлшеуге қажетті құралдарды таңдаудың тиімді әдістерін білу, өлшемдердің растығын қамтамасыз етуді, қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өлшеуіш аспаптардың құрылуын орындауды, өлшем қателіктерін талдауды, олардың көздерін белгілеуді және өлшем нәтижелерін дұрыс ресімдеуді, қолданылатын өлшем құралдарының жай-күйін бағалауды және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында басқа теориялық және практикалық білім мен икемділікті ұйымдастыра білу.
Аттестатталған салыстырып тексерушінің міндеттері туралы ДЕКЛАРАЦИЯ
Мен, ________________________________________________ Қазақстан Республикасы
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
Инвестициялар және даму министрінің "___" _____ № _______ бұйрығымен бекітілген
өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және
олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары
қағидаларында және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарда
жазылған барлық талаптарды орындауға, сондай-ақ:
қызметті тек берілген сертификат қамтитын қызмет саласында жүзеге асыруға;
сертификатты Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығының (бұдан әрі – МҒМО) атағына
зиян келтіруі мүмкін жолдармен пайдаланбауға, және МҒМО санкцияланбаған немесе жаңылысу
болып есептеуі мүмкін өтініштерге қатысты сертификаттауды жүргізбеуге;
берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен соң қызметті тоқтатуға;
сертификатты жаңылысуға әкелетін тәсілдермен пайдаланбауға міндеттенемін және келісемін.
_________________________ 20___жылы "_____"______________
Салыстырып тексерушінің қолы Қол қойған күні
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық
Салыстырып тексерушіні аттестаттау туралы СЕРТИФИКАТ
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген № _____________________ "___"_____ 20__жылы берілген "___"______20__жылға дейін жарамды |
Осы сертификат ________________________________________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
______________________________________________________________* өлшем құралдарын салыстырып тексеруші біліктілігін берумен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің _________ жылғы "___" _________ №_________ бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларына сәйкес берілді.
Басшы ________________ __________________ __________________
лауазымы қолы тегі, аты
М.О.
(бар болған жағдайда)
___________________
*Ұлттық стандартта белгіленген өлшем түрлерінің жіктеуіштеріне сәйкес өлшем түрі (түрлері) көрсетіледі.
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық
Салыстырып тексерушіні қайта аттестаттау туралы СЕРТИФИКАТ
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген № _____________________ "___"_____ 20__жылы берілген "___"______20__жылға дейін жарамды |
Осы сертификат ________________________________________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
______________________________________________________________* өлшем құралдарын салыстырып тексеруші біліктілігін берумен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің _________ жылғы "___" _________ №_________ бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларына сәйкес берілді.
Басшы ________________ __________________ __________________
лауазымы қолы тегі, аты
М.О.
(бар болған жағдайда)
____________________
* Ұлттық стандартта белгіленген өлшем түрлерінің жіктеуіштеріне сәйкес өлшем түрі (түрлері) көрсетіледі.