"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17892 болып тіркелді

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Мыналар:

      1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      3) осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 600. Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      4) осы нормативтік қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      5) осы нормативтік қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      6) осы нормативтік қаулыға 6-қосымшаға сәйкес 900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      7) осы нормативтік қаулыға 7-қосымшаға сәйкес 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      8) осы нормативтік қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      9) осы нормативтік қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 1000. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      10) осы нормативтік қаулыға 10-қосымшаға сәйкес 1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      11) осы нормативтік қаулыға 11-қосымшаға сәйкес 903. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін.

      осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес 11-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2018 жылғы
29 қарашадағы № 20-НҚ
нормативтік қаулысына
қосымша
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2016 жылғы
31 наурыздағы № 5-НҚ
нормативтік қаулысына
11-қосымша

903. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі - Стандарт) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі - сыртқы мемлекеттік аудит органдары) сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу бойынша қызметінің мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

      2. Стандарт мемлекеттік бақылау, аудит және қаржылық есептілік саласындағы халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      3. Сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу тәртібін және рәсімдерін регламенттеу Стандарттың мақсаты болып табылады.

      4. Мыналар:

      1) сараптамалық-талдау іс-шараларының мазмұнын және оларды жүзеге асыру қағидаттарын айқындау;

      2) сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыруға, жүргізуге және нәтижелерін ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілеу Стандарттың міндеттері болып табылады.

      5. Осы Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит органдарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудит органдары сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге тартатын мемлекеттік органдардың мамандарына, сарапшыларға, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдарға қолданылады.

      6. Осы Стандарттың ережелері жүзеге асырылуы "Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығымен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі - Есеп комитеті) 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартымен және Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартымен регламенттелген алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау шеңберінде қорытындылар дайындауға қолданылмайды.

      7. Стандарт мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) объективтілік - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған толық, өзекті, сенімді, анық және түсіндірілетін ақпаратты пайдалану арқылы бейтарап, турашыл және қандайда бір ықпалға ұшырамаған тәсілді қолдана отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу және соның негізінде сарапшылық тұжырымдар қалыптастыру;

      2) жүйелілік және кешенділік - мерзімдері, қамтитын мәселелері, талданатын көрсеткіштері, тәсілдері мен әдістері бойынша өзара байланысқан сараптамалық-талдау іс-қимылдар кешені түрінде сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу;

      3) ғылымилық - экономикалық талдау жүргізу әдіснамасы саласындағы ғылым жетістіктері және талданып отырған салада қолданылатын заңдарды есепке алу негізінде сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу;

      4) нәтижелілік - сараптамалық-талдау іс-шарасының ұйымдастырылуы оның негізінде сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша оның даму тиімділігін және (немесе) оның ел экономикасына немесе экономиканың жекелеген саласына, өңірге, әлеуметтік салаға қосатын үлесін арттыруға бағытталған жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдардың әзірленуін қамтамасыз етуі тиіс;

      5) негізділік - тұжырымдар мен ұсынымдардың пайдасына жасалған аргументтер саны ең көп тұжырымдар мен ұсыныстар қалыптастыру.

2-тарау. Сараптамалық-талдау іс-шарасының мақсаты мен мазмұны

      8. Сараптамалық-талдау іс-шарасы сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасының объектісіне шықпай, ұлттық ресурстардың, мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін талдауға, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің әсерін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу тиімділігін олардың экономиканың (немесе экономиканың жекелеген саласының, өңірдің), әлеуметтік саланың дамуына ықпалын зерттеу арқылы бағалауға бағытталған сараптамалық-талдау қызметін іске асыру нысанын білдіреді.

      9. Сараптамалық-талдау іс-шарасы:

      1) дербес іс-шара ретінде жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша сарапшылық қорытынды қалыптастырылады;

      2) тиімділік аудитінің құрамында жүргізіледі, оның нәтижелері аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық қорытындының талдамалық бөлігінде көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік реттеу, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің және мемлекеттік қолдаудың қолданылатын құралдары арқылы мемлекеттік реттеу бар экономиканың әртүрлі салаларындағы, әлеуметтік салалардағы процестер, қызмет түрлері, ұлттық ресурстарды басқару проблемалары сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы болып табылады.

      Дербес іс-шара ретінде жүргізілетін сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасын айқындау мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмалары;

      2) анықталған:

      әлеуметтік экономикалық даму, салалар, өңірлердің экономика салалары көрсеткіштерінің нашарлауы;

      есепті қаржы жылындағы бюджеттердің атқарылуын бағалау, сондай-ақ тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын бағалау қорытындысы бойынша жүйелі кемшіліктер мен тәуекелдер ескеріле отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік органдар мен мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, талданып отырған процеске қатысушылар болып табылатын бюджет қаражатын алушылар, мемлекеттік қолдау іс-шараларын алушылар, мемлекеттік реттеудің тиісті саласындағы қызмет түрлері және (немесе) проблемалар сараптамалық-талдау іс-шарасының объектісі болады.

      12. Мыналарды:

      негізгі ықпал етуші факторларды;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша қандайда бір шешімдер қабылдаудың мақсаттарын, уәждерін, себептерін;

      өзге де тең жағдайларда ахуалдың одан әрі даму немесе ахуалға сыртқы және (немесе) ішкі факторлар әсер еткен кезде оны модельдеу болжамын;

      жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдарды айқындай отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ағымдағы ахуалдың анық және объективті бағасын қалыптастыру сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізудің мақсаты болып табылады.

      13. Негізгі ықпал етуші факторларды, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша қандайда бір шешімдер қабылдаудың мақсаттарын, уәждерін, себептерін айқындау оның дамуының біртұтас сипатын және сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының өзгеру серпінін сипаттайтын көрсеткіштеріне әсер еткен себеп-салдарлық байланыстар жүйесін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      Себеп-салдарлық байланыстардың біртұтас жүйесінің құрылуы негізінде, деректер жеткілікті болғанда, тиісті жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдар әзірлене отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ахуалдың одан әрі даму болжамы құрылады.

3-тарау. Сараптамалық-талдау іс-шарасын ұйымдастыру және жүргізу

      14. Дербес іс-шара ретінде жүргізілетін сараптамалық-талдау іс-шарасы сыртқы мемлекеттік аудит органдарының тиісті жылға арналған жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады. Тиімділік аудитінің перспективалық жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің, тиісті сыртқы мемлекеттік аудит органы басшысының тапсырмалары осындай сараптамалық-талдау іс-шарасының тақырыптарын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын алдағы тиімділік аудиттерінің тақырыптары бойынша жүзеге асыру жоспарланған жағдайда, оның нәтижелерін аудиторлық қызметте пайдалану мақсатында оны жүргізу мерзімдері тиімділік аудитін бастау жоспарланған кезеңнен ерте жоспарланады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының ұзақтығы зерттелетін нысанасының ауқымына және күрделілігіне қарай айқындалады, бірақ егер тиісті бағыт аудиторлық іс-шараның нысанасы болғанда, тиімділік аудитінің мерзімінен аспайды.

      Тиімділік аудитінің құрамында сараптамалық-талдау іс-шарасын жоспарлау, жүргізу және қорытындыларын шығару Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12557 болып тіркелген) бекітілген Сыртық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      15. Сараптамалық-талдау іс-шарасы мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

      сараптамалық-талдау іс-шарасын жоспарлау;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ақпаратты жинау, жүйелеу және зерделеу;

      қолданыстағы экономикалық әдістерді пайдалана отырып, талдау жүргізу;

      жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдар көрсетілген сарапшылық қорытынды қалыптастыру.

      16. Сараптамалық-талдау іс-шарасына қатысуға Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған тәртіппен аудиторлық ұйымдар және сарапшылар тартылуы мүмкін.

      17. Жеке іс-шара ретінде жүргізілетін сараптамалық-талдау іс-шарасын жалпы ұйымдастыру оны іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына немесе оны жүргізуге бастамашылық жасаған сыртқы мемлекеттік аудит органының мүшесіне жүктеледі.

      Тиімділік аудитінің құрамында жүргізілетін сараптамалық-талдау іс-шарасын жалпы ұйымдастыру көрсетілген тиімділік аудитіне жетекшілік ететін сыртқы мемлекеттік аудит органының мүшесіне жүктеледі.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының жүргізілуіне тікелей басшылықты және сыртқы мемлекеттік аудит органдары жұмыскерлерінің, сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тартылатын адамдардың іс-әрекеттерін үйлестіруді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар айқындайтын, сараптамалық-талдау іс-шарасын орындаушылар тобының басшысы жүзеге асырады.

      18. Сараптамалық-талдау іс-шарасының орындаушылар тобы оны тиімді жүргізу үшін кәсіби құзыреттердің жиынтық деңгейінің жеткілікті болуы шартымен қалыптастырылады.

      Топты аппарат басшысының және тікелей басшысының келісімі бойынша сыртқы мемлекеттік аудит органының басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері қатарынан қалыптастыруға рұқсат етіледі.

      19. Жеке сараптамалық-талдау іс-шарасын жоспарлау процесінде осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша, тақырыбын және қалыптастырылған топтың қатарынан жауапты орындаушылар бойынша ранжирлей отырып, зерделеуге ұсынылатын негізгі бағыттарын, оны өткізу мерзімдерін көрсететін сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасы әзірленеді.

      20. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған тәсілдер, соның ішінде сұрау салулар қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

      21. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ақпарат жинау:

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша мәліметтерге егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша деректерді салыстыру;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы бойынша анық тұжырымдар қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      22. Бірінші кезектегі тәртіппен жинау, жүйелеу және зерделеу Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесінде, қашықтықтан қол жеткізуге рұқсат алынған мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерінде, ашық деректер порталында, жарияланған мемлекеттік немесе ведомстволық статистикада, мемлекеттік органдардың қызметін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау нәтижелерінде қамтылатын сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша қолжетімді ақпаратқа жүзеге асырылады. Мәліметтер болмаған және (немесе) жеткіліксіз болған кезде қажетті ақпараттың жеткізушісі немесе қалыптастыру (пайдалану) дереккөзі болып табылатын ұйымдарға сұрау салулар жолданады.

      Аудит нысанасын зерделеген кезде, болған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдардың ақпараты, жүргізіліп жатқан әлеуметтік пікіртерімдердің және зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады.

      23. Белгілі бір деректерді нақтылау және тұжырымдар мен ұсынымдарды күшейту мақсатында, сарапшылық қорытындыны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде ақпарат жинау жалғасады.

      24. Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында мынадай:

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасын және объектілерін зерделеу;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін растау;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының сапасын және сапа бақылауын қамтамасыз ету;

      сыртқы мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің және тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын орындағанын растау мақсатында жұмыс құжаттамасы қалыптастырылады.

      Жұмыс құжаттамасының құрамына сарапшылық қорытындыда тіркелген тұжырымдар мен ұсынымдарға негіз болған құжаттар мен материалдар қосылады.

      Сарапшылық қорытындыда пайдаланылатын, қалыптастырылған жұмыс құжаттамасынан алынған ақпараттың деректемелері мен дереккөзіне сілтеме міндетті түрде жасалауы тиіс.

      25. Сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының талдау жүргізу үшін таңдалған бағыттарын зерделеу кезінде оның сипатына, мақсаттары мен міндеттеріне қарай барлық белгілі ғылыми және экономикалық-математикалық әдістер мен талдау құралдары пайдаланылады, олардың негізгілері:

      макроэкономикалық талдау - әлеуметтік-экономикалық қызмет нәтижелерін бағалауға, проблемаларды, жағымсыз үрдістерді, өсу резервтерін анықтауға мүмкіндік беретін стратегиялық көрсеткіштерді талдау;

      факторлық талдау - айнымалы мәндер арасындағы өзара байланыстарды зерделеу үшін қолданылатын көп өлшемді әдіс;

      модельдеу әдістері - нысандандырылған түрде экономикалық процестер өзгерістерінің заңдылығын және себептерін айқындауға мүмкіндік беретін экономикалық модельдерді құру жолымен сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша мәселелерді зерттеу.

      26. Талдау бірыңғай сандық және сапалық сипаттамалары бар салыстырылатын деректерге негізделеді. Бұл ретте талданып отырған бағыттағы үрдістерді болжамдау үшін, базалық кезең айқындалуы тиіс, оның сандық және сапалық сипаттамаларына өзгертілетін мәндерді салыстыру жүзеге асырылатын болады.

      Талданып отырған бағыттағы болып жатқан заңдылықтарға бірлі-жарым (кездейсоқ) оқиғалардың факторлық әсер етуі себебінен олар бойынша тұжырымның бұрмалануын болдырмау үшін, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасын зерделеу таңдалған базалық кезеңнің алдындағы жылдан, айдан немесе оның басталуы айқындалған оқиғадан кейін басталады.

      27. Сарапшылық қорытындының мазмұны мен жалпы құрылымы сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша жиналған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды:

      1) кіріспе бөлікті:

      сараптамалық-талдау іс-шарасының объектілерін, нысанасын;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының мақсаттарына және мәселелеріне, талданатын кезеңге нұсқауды;

      сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының ағымдағы жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді;

      сараптамалық-талдау іс-шарасы шеңберінде пайдаланылған талдау әдіснамасы, түрлері, әдістері, құралдарының және бағаланатын айнымалылардың сипатын;

      2) талдамалық бөлікті:

      белгілі бір уақыт кезеңі серпінінде сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы көрсеткіштерінің өзгеруін талдауды;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасына тән, анықталған проблемаларды;

      сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының көрсеткіштеріне ықпал ететін факторларды сәйкестендіруді;

      мемлекеттік реттеу шараларын олардың зерттеу нысанасы бойынша жоспарланған мақсаттарға (мемлекеттік саясат шеңберінде) бағдарлану дәрежесін айқындай отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар ретінде бағалауды;

      қысқа мерзімді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) перспективада сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасына тән трендтерді болжамдауды, көп жағдайда анықталған теріс факторлар оған ықпал еткен кезде және ағымдағы үрдістер өзгермегенде олардың басталуы ықтимал;

      3) қарар бөлігін:

      сараптамалық-талдау іс-шарасы бойынша, қалыптасқан жағдайды оның негізгі көрсеткіштерін жақсарту және болып жатқан процестердің тиімділігін арттыру жағына қарай түзетуге мүмкіндік беретін жүйелі тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.

      Жасалған тұжырымдарды аудиторлық дәлелдемелермен растау үшін, алдағы кезеңдерде зерделенген нысана бойынша тиімділік аудитін жүргізудің орындылығы жөнінде ұсынымдар қалыптастыруға жол беріледі.

      28. Сараптамалық-талдау іс-шарасы нысанасының ерекшелігіне және мақсаттарының бағыттары әртүрлі болуына байланысты сарапшылық қорытындының форматын оны жоспарлаған кезде болжанған қорытындылардың қол жеткізілуін ескере отырып, орындаушылар тобы айқындайды.

      Бұл ретте сарапшылық қорытындыны дайындаған кезде мынадай талаптар сақталады:

      1) есепте сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері туралы ақпарат пайымдардың өзара қисынды байланысын қамтамасыз ете отырып, рет-ретімен жазылуы тиіс;

      2) жасалған тұжырымдар аргументтелуі және қалыптастырылған жұмыс құжаттамасымен расталуы тиіс;

      3) сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы бойынша ұсынымдар қисынды түрде тұжырымдардан шығуы, нақты әрі кесімді, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша анықталған проблемаларды шешу жөнінде нақты шаралар қабылдауға бағдарланған, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша себептер мен теріс салдарды жоюға бағытталған болуы тиіс;

      4) арнайы құралдар және (немесе) спецификалық терминология пайдаланылған жағдайда, ұғымдық аппараттың болуы міндетті;

      5) әртүрлі ресми дереккөздерден алынған қарама-қайшы деректер болған жағдайда, талдау жүргізген кезде басымдық берілген дереккөз және оны басым деп таңдаудың себептері көрсетілуі тиіс.

      29. Ресімдеу стилі (қаріптердің, диаграммалар мен кестелердің түрі мен өлшемі) Есеп комитетінің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіпке сәйкес айқындалады.

4-тарау. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін қарау және қолдану

      30. Сарапшылық қорытындымен ресімделген стараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелеріне осы Стандарттың 17-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам қол қояды және орындаушылар тобының жетекшісі әр бетіне қол қояды. Сарапшылық қорытындыны қарау сыртқы мемлекеттік аудит органдарының тиісті жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Сыртқы мемлекеттік аудит органы басшысының шешімімен сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері оның қорытындысы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсынымдарды өздеріне қатысты бөлігінде зерделеу үшін уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының объектілеріне жіберіледі.

      32. Сарапшылық қорытынды сыртқы мемлекеттік аудит органының мүшелеріне және мемлекеттік аудитті, талдау мен есептілікті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге танысу және жұмыста пайдалану үшін жіберіледі.

      Сыртқы мемлекеттік аудит органы басшысының шешімімен сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, интернет-ресурсқа орналастырылады.

      33. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері аудиторлық іс-шаралар жүргізу, алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау жүргізу кезінде пайдаланылады.

  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
органдарының
сараптамалық-талдау
іс-шарасын жүргізуі бойынша
сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына қосымша
  "Бекітемін"
____________________________
сыртқы мемлекеттік аудит
органының мүшесі немесе тиісті
құрылымдық бөлімшенің
басшысы
20____ жылғы "___"_________

Сараптамалық-талдау іс-шарасының БАҒДАРЛАМАСЫ

      Тақырыбы: ________________________________________________________________

      Негізгі бағыттары:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өткізу мерзімдері: 20__ жылғы "__"__________ - "__"_________ аралығы.

      Орындаушылар тобының құрамы:

ТАӘ (болған жағдайда)

Топтағы рөлі (жетекші/орындаушы)

Зерделеу үшін бекітілген бағыт
















      Орындаушылар тобының

      жетекшісі                                                      ____________________