"Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығына

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қарашада № 17838 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 173 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 19.08.2020 № 38-131 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кеген ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы С. Саниязов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Н. Советов