"Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 779 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 қарашадағы № 63 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17808 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12699 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес уранды қоспағанда, кең таралған және қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кен іздеушілікті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, оның сақталуын және анықтығын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2 - қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшаларға сәйкес редакциясында көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақтан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есеп жөніндегі комитеті

      2018 жылғы "___"______________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы
№ 63 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына, 143-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес қатты пайдалы қазбалар, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел – зиян келтіру салдарының ауырлығын ескере отырып, жер қойнауының жай-күйіне, минералдық-шикізат базасына, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың сақталуына және анықтығына зиян келтіру ықтималдығы;

      2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) – қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі, уранды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды және қатты пайдалы қазбаларды өндіру, геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану, кен іздеушілік, геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер (жер қойнауын пайдаланушылар);

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдалатынатын және жекелеген бақылау субъектісіне тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) елеулі бұзушылықтар – есептерді ұсынбауы, бұрмалауы, маркшейдерлік құжаттаманың болмауы, бақылау субъектілеріне бір және одан көп расталған шағымның болуы, лицензияның шарттарында көзделмеген механизациялау құралдарын пайдалану бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

      6) елеусіз бұзушылықтар – жергілікті жерде өндіру учаскесі шекарасында белгілердің болмауы, кен іздеушілікке лицензия берген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өндірілген құнды металдар және асыл тастар туралы кезеңдік есепті ұсынуы бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

      7) өрескел бұзушылықтар – жер қойнауы учаскесінен тыс жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу, жобалық құжаттың болмауы, жобалық құжаттарда көзделмеген жұмыстарды жүргізу, өндіру жөніндегі жұмыстарды құжаттаудың қамтамасыз етілмеуі, өндіруді және өндіру кезінде пайда болған өндіріс қалдықтарын қате есепке алу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймау, тең түрде бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау, техногендік минералдық түзілімдерді жер қойнауы учаскесінен тыс жерге орналатыру, тау-кендік жұмыстар жоспарын келіспеу, жобалық құжаттарда көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдерін және әдістерін қолдану, жобалық құжаттарға өзгерістер енгізілгенін құзыретті органға белгіленген мерзімде ескертпеу, құзыретті органға ескертпей тау-кендік жұмыстардың жоспарына өзгерістер енгізу, кен іздеушілік учаскесіне келетін су объектілерінде және су қоры жерлерінде экскаваторлар мен бульдозерлерді пайдалану, химиялық реагенттерді және жарылғыш заттарды қолдану, күрделі құрылысжайларды салу және тұрғызу, топырақ пен шығарылған тау-кендік массаны кен іздеушілік учаскесінен тыс жерге әкету бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелері бойынша жатқызу объективті өлшемшарттар мен субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

      Кен іздеушілік, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды мемлекеттік бақылауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін объективті өлшемшарттар бойынша бағалау және оларды жоғары немесе жоғарыға жатпайтын тәуекел тобына жатқызу бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтірудің ең үлкен ықтимал көрсеткіштері бойынша, оның салдарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектілерінің объективті өлшемшарттары бойынша мынадай тәуекелдер дәрежелеріне бөлінеді:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне:

      уранды өндіру операциясын қоспағанда, кен іздеушілік, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтынға:

      қатты пайдалы қазбаларды барлау, геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану, геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуын және анықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      7. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

      Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:

      1) мемлекеттік органдар жүргізетін бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген алдыңғы тексерістер мен профилактикалық бақылау нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      4) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар);

      8. Бақылау субъектісінде жеңілдететін индикаторлар бар болған кезде, геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуын және анықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тиісті профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      Жеңілдететін индикаторларға:

      жер қойнауын пайдаланушылардың жеке меншік геологиялық ақпаратын "Жер қойнауы туралы мемлекеттік деректер банкі" ақпараттық жүйесінде сақтау (Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттар депозитариінде 2014 жылғы 1 шілдеде № ДХ-14-0000067 және Мемлекеттік ақпараттық ресурстар тіркелімінде 2014 жылғы 8 шілдеде № KZ-П-14-0000029 болып тіркелген).

      "Жер қойнауы туралы мемлекеттік деректер банкі" ақпараттық жүйесі "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі құрылып, енгізілгенге дейін пайдаланылады.

      9. Субъективті өлшемшарттар сақталмауы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес белгілі бір бұзушылықтар дәрежесіне сәйкес келетін тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленді. Тексеру парақтарындағы әрбір талапқа қатысты бұзушылық дәрежесі – өрескел, елеулі және елеусіз болып айқындалады.

      Бұл ретте өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтарды айқындау кезінде мемлекеттік бақылаудың тиісті саласының ерекшелігін есепке ала отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

      Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылықтар дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) белгіленген өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтарға сәйкес беріледі.

      Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде өрескел, елеулі, елеусіз бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес айқындалды.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау әлеуетті тәуекелі ең көп бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилатикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап мерзімінің уақыты өткен деректер қолданылмайды.

      10. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін төмендегідей тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық айқындалған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұндағы:

      SРн – елеусіз бұзушылық көрсеткіші;

      SР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі мен елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін мынадай формула бойынша қосу жолымен айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұндағы:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.

      11. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтынға - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-ты қоса алғанға дейін болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді бағалау мен талдаудың нәтижесі бойынша айқындалады және жылына бір реттен артық болмауы тиіс.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші ең көп бақылау субъектісінің басымдығын ескере отырып жасалады.

  Жер қойнауын зерттеу және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (көрсетілген талап орындалмаған жағдайда ауырлық дәрежесі белгіленеді)

р/с №

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар)

1

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау

Өрескел

1. Мемлекеттік органдар жүргізетін бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

2

Кезеңдік геологиялық есептерді ұсынбауы (әр жылдың 30 сәуірінен кеш емес), бұрмалауы

Елеулі

3

Уранды қоспағанда, өдірілген құнды металдар және асыл тастар, , кең таралған және қатты пайдалы қазбалар туралы есептерді ұсынбау

Елеулі

4

Жобалық құжаттарда көзделмеген жұмыстарды жүргізу.

Өрескел

5

Жер қойнауы учаскесінен тыс жерлерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу

Өрескел

2. Алдыңғы тексерістердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері

Уранды қоспағанда, кең таралған және қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

6

Жер қойнауы учаскесі шегінде өндіруді жүргізу

Өрескел

7

Өндіру бойынша барлық жұмыстарды құжаттау. Құжаттамада жер қойнауы учаскесін дұрыс зерттеу және кейін игеру үшін қажетті жұмыстардың сипаты қамтылуы тиіс

Өрескел

8

Өндірілген пайдалы қазбаларды, өндіру кезінде түзілетін өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету

Өрескел

9

Маркшейдерлік құжаттамалардың болуы

Елеулі

10

Тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу (байыту) өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде орналастыру

Өрескел

11

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейтін жобалау құжатның болуы.

Өрескел

12

Тау-кен жұмыстарының жоспарын келісімдеудің болуы

Өрескел

13

Жобалық құжаттарда көзделген жұмыс түрлерін, тәсілдерін және әдістерін қолдана отырып, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу

Өрескел

14

Құзыретті органға (келісімшарттың бір тарабы және (немесе) жер қойнауын пайдалануға лицензия беруші мемлекеттік орган) белгіленген мерзімде жобалық құжаттарға өзгерістер енгізілгені туралы хабарлау

Өрескел

15

Өзгертілген тау-кен жұмыстарының жоспарын құзыретті органға ұсынғанға дейін ол бойынша жұмыстар жүргізуге тыйым салуды сақтау

Өрескел

Кен іздеушілікті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

16

Жер қойнауы учаскесі шегінде кен іздеушілікті жүргізу

Өрескел

17

Кен іздеушілік учаскесіне келетін су объектілерінде және су қоры жерлерінде экскаваторлар мен бульдозерлерді пайдалануға, химиялық реагенттерді және жарылғыш заттарды қолдануға, күрделі құрылысжайларды салуға және тұрғызуға, топырақ пен шығарылған тау-кендік массаны кен іздеушілік учаскесінен тыс жерге әкетуге тыйым салуды сақтау

Өрескел

18

Лицензия шарттарында көзделген механикаландыру құралдарын пайдалану бойынша шектеулерді сақтау

Өрескел

19

Өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы кезеңдік есепті кен іздеушілікке арналған лицензияны берген облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну

Өрескел

20

Механикаландыру құралдарын пайдалану кезінде кен іздеушілік жоспарының болуы

Елеусіз

3. Жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

21

Белгіленген талаптарды бұза отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізетін бақылау субъектілеріне расталған бір немесе одан көп шағымдардың болуы

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы
№ 63 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

      жер қойнауының геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын жер қойнауын

      пайдаланушыларға қатысты

      __________________________________________________________________________

                  бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                          №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-

      сәйкестендiру нөмiрi

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/р

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жер қойнауы учаскесі шегінде жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізу

2

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейтін жобалық құжаттың болуы

3

Жобалық құжатқа сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізу үшін (геологиялық зерттеудің жоспары, жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасы)

4

Геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша жүргізілетін жұмыстарды құжаттау және жер қойнауын дұрыс зерттеуге қажетті барлық мәліметтерді көрсету

5

Күрделі құрылысжайларды тұрғызуға, жарылғыш заттарды тұрақты түрде жинап қоюға және сақтауға, жыралар, шурфтар, арықтар және тау-кен қазбаларының басқа да түрлерін жасауға, сондай-ақ аршу жұмыстарын жүргізуге тыйым салуды сақтау (жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар үшін)

      Лауазымды адам (дар) ____________________________ ___________________

                                    лауазымы                         қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің

      басшысы

      ____________________________ ____________________

                  лауазымы                         қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы
№ 63 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

      жер қойнауының қатты пайдалы қазбаларды барлауын жүзеге асыратын жер қойнауын

      пайдаланушыларға қатысты

      __________________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                                №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-

      сәйкестендiру нөмiрi

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/р

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жер қойнауы учаскесі шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу

2

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейтін жобалық құжаттың болуы

3

Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарды құжаттау және жер қойнауын дұрыс зерттеу үшін қажет барлық мәліметтерді көрсету

4

Барлау учаскесінде құрылысжайларды тұрғызуға, сондай-ақ тау-кен қайта өңдеу өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыруға тыйым салуды сақтау

5

Жобалық құжатта көзделген жұмыс түрлерін, тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу

6

Құзыретті органға жобалық құжатқа белгіленген мерзімде өзгерістер енгізу туралы хабарландыру (келісімшарттың бір тарабы және (немесе) жер қойнауын пайдалануға лицензия беруші мемлекеттік орган)

7

Қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жоспарының көшірмесін ұсынғаннан кейін ғана қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу

8

Қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылған барлау жоспарында көзделмеген барлау жұмыстарын жүргізуге тыйым салуды сақтау

      Лауазымды адам (дар) ____________________________ ___________________

                                          лауазымы                   қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің

      басшысы ____________________________ ____________________

                              лауазымы                   қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы
№ 63 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

      уранды қоспағанда, кең таралған және қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге

      асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                          №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-

      сәйкестендiру нөмiрi

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/р

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жер қойнауы учаскесі шегінде өндіруді жүргізу

2

Өндіру бойынша барлық жұмыстарды құжаттау. Құжаттамалар анық зерттеу және жер қойнауы учаскесін кейіннен игеру үшін қажетті жұмыс сипатын қамтуы тиіс

3

Өндіру кезінде түзілетін өндірістің қалдықтарының, өндірілген пайдалы қазбалардың анық есепке алуын қамтамасыз ету

4

Маркшейдерлік құжаттардың болуы

5

Тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу (байыту) өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады

6

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуді көздейтін жобалау құжатының болуы

7

Тау-кен жұмыстарының жоспары келісімінің болуы

8

Жобалау құжатымен көзделген түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып өндіру бойынша операцияларды жүргізу

9

Құзыретті органды (келісімшарт тарапы және (немесе) жер қойнауын пайдалануға лицензияны берген мемлекеттік орган) жобалау құжаттарына белгіленген мерзімде өзгерістер енгізу туралы хабардар ету

10

Өзгертілген тау-кен жұмыстарының жоспарын қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынғанға дейін ол бойынша жұмыстар жүргізуге тыйым салуды сақтау

      Лауазымды адам (дар) ____________________________ ___________________

                                    лауазымы                         қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің

      басшысы ____________________________ ____________________

                              лауазымы                   қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы "9" қарашадағы
№ 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы "10" қарашадағы
№ 63 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

      жер қойнауының кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын

      пайдаланушыларға қатысты

      __________________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                          №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-

      сәйкестендiру нөмiрi

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/р

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жер қойнауы уаскесі шегінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану

2

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейтін жобалау құжатының болуы

3

Жобалау құжатына сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану

4

Қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды сақтау және (немесе) көму, сарқынды, өнеркәсіптік және техникалық суларды ағызу (айдау) кезінде есепке алудың анықтығын қамтамасыз ету

5

Тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу (байыту) өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады

      Лауазымды адам (дар)

      ____________________________ ___________________

                        лауазымы                   қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің

      басшысы ____________________________ ____________________

                        лауазымы                         қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы
№ 63 бірлескен бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

      кен іздеушілікті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                          №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-

      сәйкестендiру нөмiрi

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/р

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жер қойнауы учаскесі шегінде кен іздеушілікті жүргізу

2

Кен іздеушілік учаскесіндегі су объектілерінде және су қоры жерінде экскаваторлар мен бульдозерлерді пайдалануға, химиялық реагенттерді және жарылғыш заттарды қолдануға, күрделі құрылысжайларды тұрғызуға және салуға, топырақ пен айырып алынған тау-кен массасын кен іздеушілік учаскесінің шегінен тыс жерге шығаруға тыйым салуды сақтау

3

Лицензия шарттарында көзделген механикаландыру құралдарын пайдалану бойынша шектеулерді сақтау

4

Өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы кезеңдік есепті кен іздеушілікке арналған лицензияны берген облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну

5

Механикаландыру құралдарын пайдалану кезінде кен іздеушілік жоспарының болуы

      Лауазымды адам (дар)

      ____________________________ ___________________

                        лауазымы                   қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің

      басшысы ____________________________ ____________________

                        лауазымы                         қолы

      ___________________________________________________

                  аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы
№ 63 бірлескен бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парақтары

      геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, оның сақталуын және анықтығын

      қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

      __________________________________________________________________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                          №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-

      сәйкестендiру нөмiрi

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/р

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерінің болуын, оны есепке алу мен сақтауды, сондай-ақ зерттеу немесе тексеру үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің оған кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету

2

Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе лицензияның қолданылу кезінде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруға тыйым салынып сақтау

3

Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар туралы есептілік ұсыну

4

Жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу кезінде:
зертханалық зерттеулер мен талдаулардың деректерін қоса алғанда, жүргізілген операциялар барысында алынған геологиялық ақпараттың сақталуын және анықтығын;
геологиялық құжаттаманы жүргізудің уақтылығы және сапасын; лицензия берген жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде геологиялық зерттеу учаскесі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептерді және осындай жұмыстардың нәтижелері бойынша геологиялық есепті ұсынуды қамтамасыз ету

5

Мерзімді геологиялық есептерді жыл сайын өткен күнтізбелік жыл үшін әр жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірмей ұсыну.

6

Лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға геологиялық зерттеу нәтижелері туралы түпкілікті есепті ұсыну

7

Геологиялық зерттеу нәтижесінде алған геологиялық ақпаратты лицензия мерзімі аяқталған күннен бастап бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның пайдалануына өтеусіз беруді қамтамасыз ету тиіс

8

Барлау жөніндегі операцияларды жүргізген кезде:
зертханалық зерттеулердің және талдаулардың деректерін қоса алғанда, барлау барысында алынған барлық бастапқы геологиялық ақпараттың анықтығын және сақталуын;
геологиялық құжаттаманы (оның ішінде сынамалау жоспарларын, геологиялық карталар мен олардың кескіндері, кен денелерінің, аймақтарының геологиялық контурларын, тау-кен-барлау қазбаларының суреттерін салу) жүргізудің уақтылығын және сапасын қамтамасыз ету

9

Барлауға арналған лицензия бойынша кезеңді геологиялық есепті ұсыну

10

Лицензия қолданысы тоқтатылғаннан кейін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға барлау учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы түпкілікті есепті лицензияның қолданылу мерзімі тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей ұсыну

11

Өндіру кезінде, зертханалық зерттеулер мен талдаулар деректерін қоса алғанда, алынған бірінші және екінші геологиялық ақпараттың анықтығы мен сақталуын қамтамасыз ету

12

Өндіруге арналған лицензия бойынша мынадай мерзімдік есептерді:
1) геологиялық есептерді;
2) өндірілген пайдалы қазбалар бойынша есепті ұсыну

13

Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға жерасты құрылысжайын пайдалану туралы есептерді ұсыну

14

Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі барлық жұмыстарды құжаттау. Құжаттамада жер қойнауы учаскесін дұрыс зерттеу және кейін игеру үшін қажет жұмыстар сипаттамасы қамтылуы тиіс

15

Зертханалық зерттеулер мен талдаулардың деректерін қоса алғанда, жер қойнауы кеңістігін пайдалану кезінде алынған барлық бастапқы және қайталама геологиялық ақпараттың сақталуын және анықтығын қамтамасыз ету