"Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17776 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7583 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінің № 269-273 (27347) сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген карантин белгiленетiн жануарлардың жұқпалы ауруларының тiзбесi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 21 қарашадағы
№ 464 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 18-03/128 бұйрығына
1-қосымша

Карантин белгiленетiн жануарлардың жұқпалы ауруларының тiзбесi

      Әртүрлі жануарларға ортақ аурулар: сібір жарасы, аусыл, шешек (сиыр, жылқы, шошқа шешегінен басқа), Ауески ауруы, риккетсиоздар және экзотикалық аурулар.

      Күйіс қайыратын жануарлардың аурулары: ірі қара малдың обасы, ірi қара малдың жұқпалы алаөкпесі, қарасан, ірі қара малдың нодулярлық дерматиті, ірі қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы, түйелердің обасы, кебенек (ешкілердің жұқпалы плевропневмониясы), қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы (блютанг), қойлардың баяу инфекциялары (скрепи, висна-маеди, аденоматоз), күйіс қайыратын ұсақ малдардың обасы.

      Жылқының аурулары: маңқа, эпизоотиялық лимфангит, тұмау, жылқының африкалық обасы, инфекциялық энцефаломиелит, инфекциялық анемия.

      Шошқаның аурулары: классикалық оба, африка обасы, тұмау, везикулярлы ауру, энзоотиялық энцефаломиелиті (Тешен ауруы).

      Құстардың аурулары: құс шешегі, тұмау, Ньюкасл ауруы, үйректердің вирустық гепатиті, респираторлық микоплазмоз.

      Терісі бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары: етқоректілер обасы, қояндардың миксоматозы.

      Балықтардың аурулары: көктемгі вирус ауруы, аэромоноз.

      Баларалардың аурулары: американдық шіріме, еуропалық шіріме, залалды тұқым-құрт.