"Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұ

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 187/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 33 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 қарашада № 17732 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12760 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бірлескен бұйрыққа қосымша осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұлов
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

      ________________

      2018 жылғы "____"_______

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 30 қазан № 187/НҚ
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазан
№ 33 бірлескен бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
22 желтоқсандағы № 1218
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 810 бірлескен бұйрығына
қосымша

Тексеру парағы

      _______ғарыш қызметі _______________________ саласында/аясында

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес

      _______________________________________________________________ қатысты

      Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/

      профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы

      акт ____________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________

      _______________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы





2

Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы





3

Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының 10% кем емес болуы





4

Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы





      Лауазымды адам (адамдар) _______________________ ______________

      лауазымы                   қолы

      _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы _______________________ __________

      лауазымы             қолы

      ____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)