Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12760 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғарыш қызметi саласындағы тексеру парағы бекiтiлсiн.
      2. «Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 858 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 631 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12143 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму             Ұлттық экономика
      министрі                            министрі
      _____________ Ә. Исекешев           ____________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының Құқықтық
      статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің төрағасы
      _____________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 30 желтоқсан

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810
бірлескен бұйрығына    
қосымша          

Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                   (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН (ЖСН)
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Лицензиаттарға

1

Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы





2

Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы





3

Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының 10% кем емес болуы





4

Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы





     Лауазымдық тұлға (-лар) ______________ _________________________
         (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
                             ______________ _________ _______________
          (лауазымы) (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Тексерілетін
      субъектінің басшысы _________________________ _________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)