"Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республик

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 973 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қарашада № 17727 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1 ."Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер

РБ
РБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10
10

3
5
5
5
5

212
694
254
354
700

256
007
010
006
011

100
100
000
000
000

014

1) Жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендері туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның iшiнде:
1) туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерлер немесе оларды орналастыратын орындар;
қонақ үйлер, мотелдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру;
ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды (ортақ пайдаланылатын жолдардан басқа) орналастыру
жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу;
3) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiнде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және оларды зерделеу кезiнде жолсерiктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерiн көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсiру;
4) пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және аббаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;
5) қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;
6) көлік қызметтерін көрсету бойынша.

1) табиғи кешендердi сақтау және дамытуға;
2) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғауға;
3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;
4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;
5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау мен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметпен байланысты инфрақұрылымды дамытуға;
6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетушілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге;
7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (көрсетілетін қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеуге;
8) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы тетіктер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
9) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
11) табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
12) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
13) табиғат музейлер мен көрмелерді ұйымдастыруға және оларды күтіп ұстауға;
14) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;
15) жарнамалық қызметті жетілдіруге;
16) экологиялық насихатауға;
17) теріс экологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға.
(112, 113, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 431).

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы-ның 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 38-бабы, "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Қазақстан Республикасы-ның Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13378 болып тіркелді).

РБ
РБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10
10

3
5
5
5
5

212
694
254
354
700

256
007
010
006
011

100
100
000
000
000

015

Шектеулi шаруашылық қызметiнен, оның iшiнде:
1) кәдесый өнімдерін өндіруден;
2) аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;
3) жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинаудан);
4) ормандарды молайту және елдi мекендердi көгалдандыру үшiн көшет материалын өсiруден түсетiн табыстар;
5) шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, балықты және балық өнімін өткiзуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан түсетін табыстар;
6) балық шабақтарын өсiруден;
7) жеке және заңды тұлғалармен туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда жасалатын бiрлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнiм өндiруден және қызмет көрсетуден;
8) орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден) алынған табыстар;

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ РБ

10 10

5 3

694 212

007 256

100 100

016 016

Рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ РБ

10 10

5 3

694 212

007 256

100 100

017 017

Баспа, кәдесый және басқа да көбейтiлген өнiм өндiруден алынған табыстар

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ РБ

10 10

5 3

694 212

007 256

100 100

018 018

Жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымалдықтары

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

10

3

212

256

100

018-1

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер

Сол сияқты


  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов