Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткіз

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13378 болып тіркелді.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 70-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 3 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 22 бұйрығымен
бекітілген

Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

      1. Осы Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және бұл ретте олардың алынған қаражатты жұмсауы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар). 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 70-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін белгілейді.

      Осы Қағидалардың іс-қимылы орман шаруашылығы (бұдан әрі – орман мекемелері) және республикалық меншіктегі де коммуналдық меншіктегі де ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) салаларындағы мемлекеттік мекемелерге қолданылады.

      2. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін орман және табиғат қорғау мекемелері 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 112-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Орман және табиғат қорғау мекемелері осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс табу мақсатында мемлекеттiк сатып алу конкурстарына қатыса алады.

      4. Аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді жүзеге асыру кезінде алынған сүректі өңдеу тауарлары мен өнімдерін, сондай-ақ орманды жанама пайдалану өнімдерін өткізуді орман мекемелері нарықтық бағалар бойынша жүргізеді.

      5. Табиғат қорғау мекемелерінің шектеулі шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген тауарлар нарықтық бағалар бойынша өткізіледі.

      6. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін табиғат қорғау мекемелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары белгілеген тарифтерге сәйкес жүзеге асырады.

      7. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған қаражатты мемлекеттік мекемелердің жұмсауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Орман мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:

      1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге;

      2) орман шаруашылығы жолдарын салуға және күтіп ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға;

      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;

      4) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетшілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылдары жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ орман ресурстарын өңдеуді жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге;

      5) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;

      6) орман ресурстарын өңдеу үшін қажетті жабдықтар мен механизмдер сатып алуға;

      7) орман мекемелерінің жұмыс істеуімен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге;

      8) орман және аңшылық шаруашылығы үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

      9) орман мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.

      9. Табиғат қорғау мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:

      1) табиғи кешендерді сақтау мен дамытуға;

      2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға;

      3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;

      4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;

      5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау мен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметпен байланысты инфрақұрылымды дамытуға;

      6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетшілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге;

      7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (көрсетілетін қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге;

      8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің бақылау-өткізу бекеттерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге;

      9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;

      10) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге;

      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

      12) табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;

      13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;

      14) табиғат музейлері мен көрмелерін ұйымдастыруға және оларды күтіп ұстауға;

      15) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;

      16) жарнамалық қызметті жетілдіруге;

      17) экологиялық насихатауға;

      18) теріс экологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға жұмсалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.04.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.