"Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республи

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 314 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 53 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17680 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 23 қарашадағы № 151 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 86 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 23.11.2022 № 151 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 № 86 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13565 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі
      А. Мұхамедиұлы
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің төрағасы

      _______________ Қ. Жақыпбаев

      2018 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2018 жылғы 1 қарашадағы № 314
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 1 қарашадағы № 53
  бірлескен бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2016 жылғы 9 ақпандағы № 65
  бірлескен бұйрығына
  1-қосымша

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін әзірленген.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғым пайдаланылады:

      1) тәуекел – бақылау субъекті қызметінің нәтижесінде тіл туралы заңнамалар және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама талаптарына, мемлекеттің тіл саясатына қатысты мүдделеріне, жеке және заңды тұлғалардың тіл таңдау құқықтарын шектеу бойынша зиян келтіру ықтималдылығы;

      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) тексеру субъектілері – мемлекеттік органдар;

      5) өрескел бұзушылықтар – заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер бөлігіндегі талаптардың бұзылуы, статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттамалардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілмеуі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізуде жауаптардың мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде қолданылмауы, ісқағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолданбауы, мемлекеттік органдардың актілерді мемлекеттік тілде әзірлеу және қабылдауы барысында талаптардың сақталмауы, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімдеу барысында талаптардың сақталмауы;

      6) елеулі бұзушылықтар – заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер бөлігіндегі талаптарының бұзылуы, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үлесін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілмеуі (жыл сайын кемінде 10 %), жазбаша нысанда мәмiлелер жасау барысында мемлекеттік және орыс тілдерінің қолданылмауы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді мемлекеттік және орыс тілдерінде материалдармен толықтыру бойынша талаптардың сақталмауы;

      7) болмашы бұзушылықтар – "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қойылатын талаптар бөлігіндегі талаптарының бұзылуы, мемлекеттік органдардағы мөрлер мен мөртабандар мәтіндерінде мемлекеттік тілге қойылатын талаптардың сақталмауы;

      8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

      7. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау және қадағалау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

2. Объективті өлшемшарттар

      8. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы барлық бақылау субъектілері жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері мемлекеттік органдардың қызметінде тілдерді қолданумен, сондай-ақ мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге де заңдарымен жүктелген басқа да функциялардың орындалуымен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу жөніндегі мемлекеттің мүдделерімен тікелей байланысты.

3. Субъективті өлшемшарттар

      9. Субъективті өлшемшарттар келесі кезеңдерді қолдана отырып анықталады:

      1) ақпараттар жинау;

      2) ақпараттарды талдау және бағалау дәрежесі.

      10. Ақпараттарды жинау тілдерді қолдану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалауға келесі ақпараттар көзі қолданылады:

      1) бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері;

      2) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      3) мемлекеттік органдардың арнайы интернет-ресурстарын талдау;

      4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      11. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің өрескел, елеулі немесе болмашы тобына жатқызу осы Өлшемшарттардың қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 3 ауырлық бұзушылық дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

      Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеуде орындалмаған талаптардың үлес салмағы анықталады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

      мұндағы:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:

      SР = SРз + SРн

      мұндағы:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      13. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ді қоса алғанда дейінгі көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде жоғары тәуекел дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі қоса алғанда көрсеткіш кезінде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмегенде жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.

  Қазақстан Республикасының тіл
  туралы заңнамасын қолдану
  саласындағы тәуекел дәрежесін
  бағалау өлшемшарттарына
  1-қосымша

р/с

Субъектівті өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

1. Бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері

1

Статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттамалардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуі

өрескел

2

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізуде жауаптардың мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде қолданылуы

өрескел

3

Ісқағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануы

өрескел

4

Мемлекеттік органдардың актілерді мемлекеттік тілде әзірлеу және қабылдауы барысында талаптардың сақталуы

өрескел

5

Конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімдеу барысында талаптардың сақталуы

өрескел

6

Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үлесін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілуі (жыл сайын кемінде 10 %)

елеулі

7

Жазбаша нысанда мәмiлелер жасау барысында мемлекеттік және орыс тілдерінің қолданылуы

елеулі

8

Мемлекеттік органдардағы мөрлер мен мөртабандар мәтіндерінде мемлекеттік тілге қойылатын талаптардың сақталуы

болмашы

2. Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Мемлекеттік органдардағы шығыс құжаттарын рәсімдеуде мемлекеттік тілді қолдануы

өрескел

3. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің арнайы интернет-ресурстарын талдау

1

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді мемлекеттік және орыс тілдерінде материалдармен толықтыру бойынша талаптардың сақталуы

елеулі

4. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы бақылау субъектілерінде расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2018 жылғы 1 қарашадағы № 314
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2018 жылғы 1 қарашадағы № 53
  бірлескен бұйрығына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт министрінің
  2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20
  және Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2016 жылғы 9 ақпандағы № 65
  бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексеру парағы

      мемлекеттік органдарга қатысты

      (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт

      ___________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

талап етіледі

талап етілмейді

талаптарға сәйкес келеді


талаптарға сәйкес келмейді

1

Статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттамалардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуі






2

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізуде жауаптардың мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде қолданылуы






3

Ісқағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануы






4

Мемлекеттік органдардың актілерді мемлекеттік тілде әзірлеу және қабылдауы барысында талаптардың сақталуы






5

Конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімдеу барысында талаптардың сақталуы






6

Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үлесін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілуі (жыл сайын кемінде 10 %)






7

Жазбаша нысанда мәмiлелер жасау барысында мемлекеттік және орыс тілдерінің қолданылуы






8

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді мемлекеттік және орыс тілдерінде материалдармен толықтыру бойынша талаптардың сақталуы






9

Мемлекеттік органдардағы мөрлер мен мөртабандар мәтіндерінде мемлекеттік тілге қойылатын талаптардың сақталуы






      Лауазымды адам (адамдар) ___________ ___________

      лауазымы      қолы

      __________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы __________ __________

      лауазымы      қолы

      ______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)