"Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 183 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17677 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019 № 49 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және уәкілетті ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды қоса алғанда, уәкілетті ұйымдардың лицензиялау тәртібі мен шарттарын, уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібін, сондай-ақ уәкілетті банктің айырбастау пункттерін ашу, олардың қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, оларды жабу туралы хабардар ету тәртібін, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметі туралы, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялар бойынша ақпаратты ұсыну нысаны мен тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Валюталық реттеу туралы заңда, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.

      Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай терминдер мен ұғымдар да пайдаланылады:

      1) автоматтандырылған айырбастау пункті – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға тиесілі және оған қолма-қол ақшаны осы құрылғыға енгізу және одан басқа валютада қолма-қол балама соманы алу жолымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық-механикалық құрылғы;

      2) айырбастау операциялары – айырбастау пункттері және автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операциялар;

      3) айырбастау пунктінің операциялық кассасы – айырбастау пункті үй-жайының қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу кезінде клиенттерге қызмет көрсететін кассирге арналған арнайы жабдықталған бөлігі;

      4) компьютерлік жүйе – бақылау-кассалық машинаның функцияларын іске асыратын, айырбастау операцияларының есебін жүргізуді қамтамасыз ететін және салық органында есепке қойылған автоматтандырылған ақпарат жүйесі;

      5) қолданыстағы лицензия – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген немесе қайта ресімделген, қолданылуы тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған лицензия;

      6) қолма-қол шетел валютасы – шет мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған айналыстағы банкноттар және қазынашылық билеттер;

      7) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға – өзіне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген құқықтарға сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк;

      7-1) құймалардағы аффинирленген алтын – Ұлттық Банк 2017 жылдан ерте емес шығарған, "Алтынның өлшеуіш құймалары. Техникалық талаптар" ҚР СТ 2049-2010 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес келетін сертификатталған өлшеуіш құймалардағы инвестициялық аффинирленген алтын;

      8) лицензияға қолданыстағы қосымша – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген немесе қайта ресімделген, қолданылуы тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған лицензияға қосымша;

      9) лицензияға қосымша – лицензияның уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің нақты орналасқан орны туралы мәліметтер қамтылған ажырамас бөлігі;

      10) электрондық лицензия және лицензияға электрондық қосымша – ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін, маңызы қағаз тасымалдағыштағы лицензиямен және лицензияға қосымшамен бірдей электрондық құжат нысанындағы лицензия және лицензияға қосымша.

      3. Уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.";

      6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Астана қаласында, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 30 000 000 (отыз миллион) Қазақстан теңгесін;";

      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

      "6-2. Қаланы республикалық маңызы бар қала санатына жатқызған жағдайда осындай қалада айырбастау пункті бар уәкілетті ұйым қаланы республикалық маңызы бар қала санатына жатқызған күннен бастап алты ай ішінде жарғылық капиталының мөлшерін Қағидалардың 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келтіреді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды жібереді:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны алу үшін өтініш және оған қосымшалар (Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайда), Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияға қосымша алуға өтініш (Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайда);

      2) Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталына жарна ретіндегі ақшаның есепке жазылуын растайтын екінші деңгейдегі банктің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) не уәкілетті ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің қосымша айырбастау пунктін ескере отырып белгіленген талаптарға сәйкес келуін растайтын, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияға қосымша алуға өтініш берген айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша қаржылық есептілік (Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайда);

      3) кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша дайындықтан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариат куәландырған).";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті ұйым лицензияны және оған қосымшаны алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды жібереді:

      1) Қағидалардың 8-тармағында көзделген өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      2) жарғының нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) "электрондық үкімет" төлемдік шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) банктің шетел валютасындағы банк шотының болуы туралы анықтама.

      10. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және оған қосымшаны Ұлттық Банк филиалы "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қазақ және орыс тілдерінде құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша береді. Ұлттық Банк филиалы лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тартуды Валюталық реттеу туралы заңның 6-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда жүргізеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияға қосымша алу үшін уәкілетті ұйым немесе оның филиалы "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш берушінің Қағидалардың 8-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды жібереді.";

      15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық Банк филиалы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді құжаттардың толық топтамасы "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде және Рұқсаттар туралы заңның 33 және 34-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Бұл ретте қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған күннен бастап "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы күнтізбелік отыз күн ішінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарғылық капиталдың мөлшері ұлғайған жағдайда Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Автоматтандырылған айырбастау пункті айырбастау операциясын жасау кезінде төмендегі тәсілдермен банкноттар түпнұсқалығын анықтау функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкнотының екі жағынан көрінетін бейнесінің Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған ресми сипаттамасына сәйкес келуін тексеру;

      арнайы бояумен басылған сериясы мен нөмірінде ферромагниттік құрамдастардың болуын тексеру;

      банкнотты ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзгесі).";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Айырбастау пунктінің үй-жайында мынадай құжаттар сақталады:

      1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының тиісті тұлғаны кассир қызметіне қабылдау және (немесе) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі;

      2) айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) айырбастау пункті кассирінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) айырбастау пункті кассирінің осы құжатпен танысу туралы белгісі бар, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және қабылданған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның ішкі бақылау қағидаларының көшірмесі.

      Сондай-ақ уәкілетті ұйымдармен сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімдер шығаруға құқығы бар басшының және өзге тұлғалардың қол қою үлгілері бар құжат, бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының көшірмесі және Қағидалардың 43-1-тармағында көрсетілген уәкілетті банкпен шарттың көшірмесі сақталады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша бес жүз мың Қазақстан теңгесі баламасынан асатын сомаға айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында мыналар көрсетіледі:

      клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (аты мен әкесінің аты (ол бар болса) толық көрсетіледі), құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі);

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса);

      заңды мекенжайы.

      Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша бес жүз мың Қазақстан теңгесі баламасынан аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1 тарау. Құймалардағы аффинирленген алтынмен операциялар жүргізу

      58-1. Уәкілетті ұйым құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын өзінің айырбастау пункттері арқылы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

      Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің кассасын құймалардағы аффинирленген алтынмен толықтыру жеке тұлғалардан құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу операциялары есебінен және құймалардағы аффинирленген алтынды Ұлттық Банктен тиісті сатып алу-сату шартының негізінде жүзеге асырылады.

      Өзінің айырбастау пункттері арқылы құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүзеге асыратын уәкілетті ұйым осындай құймаларды сатып алу және (немесе) сату құны бар мәліметтерді ақпараттық стендте орналастырады.

      58-2. Құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату кезінде уәкілетті ұйым ультракүлгін жарықта люминесценцияның бақылауын қамтамасыз ететін техникалық құралды қолдану арқылы, сондай-ақ кемінде 10 (он) есе артуын қамтамасыз ететін оптикалық аспапты қолдана отырып құймалардағы аффинирленген алтынның арнайы қаптамасының тұтастылығын және қорғау элементтерін тексереді.

      58-3. Құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар уәкілетті ұйым құймалардағы аффинирленген алтынның құнын белгілеу туралы өкімде бекіткен құны бойынша жүзеге асырылады. Құймалардағы аффинирленген алтынның құнын белгілеу туралы өкімді міндетті түрде нөмірін, шығару күнін және уақытын (сағатпен және минутпен белгіленетін) көрсете отырып, уәкілетті ұйымның басшысы немесе осындай өкілеттіктер берілген өзге тұлға шығарады.

      Уәкілетті ұйым басшысының құймалардағы аффинирленген алтынның құнын белгілеу туралы өкімдерді шығаруға өкілеттігін өзге тұлғаға беру уәкілетті ұйым басшысының бұйрығы негізінде ғана жүргізіледі.

      58-4. Құймалардағы аффинирленген алтынның құнын белгілеу туралы өкімде белгіленген құймалардағы аффинирленген алтынның сатып алу және (немесе) сату құны туралы ақпарат клиенттерге арналған ақпараттық стендте оның бүкіл қолданылу кезеңі ішінде орналастырылады.

      Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің кассасында құймалардағы аффинирленген алтыны болмаған жағдайда, оларды сату құны туралы ақпарат уәкілетті ұйымның ақпараттық стендінде орналастырылмайды. Айырбастау пунктінің кассасында қолма-қол ұлттық валюта болмаған жағдайда құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу құны туралы ақпарат уәкілетті ұйымның ақпараттық стендінде орналастырылмайды.

      58-5. Уәкілетті ұйымның құймалардағы аффинирленген алтынның түрлері бойынша шектеулер белгілеуіне, сондай-ақ айырбастау пунктінде мұндай құймаларды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол ұлттық валюта болған кезде жеке тұлғаларға мұндай операцияны жүргізуден бас тартуға жол берілмейді.

      58-6. Уәкілетті ұйым құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алуды, сатуды бүтін арнайы қаптамада жүзеге асырады.

      58-7. Айырбастау пунктінде қолма-қол ұлттық валютаның жоқтығына байланысты жеке тұлғаға құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алудан бас тартылған жағдайда және уәкілетті ұйымның ақпараттық стендінде осындай алтынның сатып алу құны туралы ақпарат болса, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талап етуі бойынша айырбастау пунктінде жоқ осындай алтынның түрін, құймалардағы аффинирленген алтынның құнын белгілеу туралы өкімге сәйкес құнын және ұлттық валютадағы сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, еркін нысандағы анықтаманы береді. Анықтамаға уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және уәкілетті ұйымның ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркеледі.

      58-8. Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операциясының жүргізілгенін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі 166-бабының 6-тармағы 2) тармақшасына сәйкес бақылау чегін бере отырып растайды.

      58-9. Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінде жүргізілетін әрбір құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операциясы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құймалардағы аффинирленген алтынмен жасалатын операцияларды есепке алудың электрондық журналында (бұдан әрі – құймалардағы аффинирленген алтынмен жасалған операцияларды есепке алу журналы) есепке алынады.

      Құймалардағы аффинирленген алтынмен жасалатын операцияларды есепке алу журналы бағдарламалық қамтамасыз ету шеңберінде айырбастау пунктінің әрбір операциялық кассасында бөлек жүргізіледі. Бұл ретте құймалардағы аффинирленген алтынмен жасалатын операцияларды есепке алу журналын қалыптастырудың бағдарламалық-аппараттық құралдары жасалған операциялар бойынша ақпараттың түзетілмейтін күн сайынғы тіркелуін және энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап бес жыл ішінде қамтамасыз етеді.

      Құймалардағы аффинирленген алтынмен жасалатын, сомасы екі миллион Қазақстан теңгесінен асатын операциялар бойынша, құймалардағы аффинирленген алтынмен жасалатын операцияларды есепке алу журналында мыналар көрсетіледі:

      клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (аты мен әкесінің аты (ол бар болса) толық көрсетіледі), құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі);

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса);

      заңды мекенжайы.

      58-10. Құймалардағы аффинирленген алтын құнының өзгеруі осындай алтынның құнын белгілеу туралы жаңа өкімді шығару негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте құймалардағы аффинирленген алтынның құнын белгілеу туралы жаңа өкімнің қолданылуы басталғаннан бастап алдынғы өкімнің күші жойылады.

      Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің жұмыс уақыты барысында құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату құнын өзгертетін жаңа өкімді шығарған жағдайда құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияларды есепке алу журналында осындай алтынмен жасалған операциялар көлемдері бойынша аралық қорытынды жаңа құнымен операцияларды жүргізу басталғанға дейін жасалады. Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс уақыты ішінде жүргізілген операциялар бойынша құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияларды есепке алу журналында қорытындылар көрсетіледі және ақша қалдығы шығарылады.

      58-11. Есепті ай ішінде құймалардағы аффинирленген алтынмен операциялар жүзеге асырылған жағдайда уәкілетті ұйымдар есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Ұлттық Банктің филиалына Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректер жинауға арналған "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген құймалардағы аффинирленген алтынмен операциялар туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – құймалардағы аффинирленген алтынмен операциялар туралы есеп) береді.

      Уәкілетті ұйымның әрбір филиалы құймалардағы аффинирленген алтынмен операциялар туралы есепті дербес қалыптастырады және өзі орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына ұсынады.

      58-12. Арнайы қаптамасы ашылған, сондай-ақ арнайы қаптамасы жоқ құймалардағы аффинирленген алтынды сатуға жол берілмейді.

      Арнайы қаптамасы ашылған, сондай-ақ арнайы қаптамасы жоқ құймалардағы аффинирленген алтынды қабылдауды Ұлттық Банкпен оларды сатып алуға шарттық қатынастары бар уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады.

      Арнайы қаптамасы ашылған, сондай-ақ арнайы қаптамасы жоқ құймалардағы аффинирленген алтын жеке тұлғаның өтініші негізінде сатып алу үшін Ұлттық Банкке жіберіледі.

      Арнайы қаптамасы ашылған және арнайы қаптамасы жоқ құймалардағы аффинирленген алтын қабылданған жағдайда уәкілетті ұйымдар жеке тұлғаны мұндай алтынды сатып алу мақсатында Ұлттық Банкке оны жібергені үшін комиссиялық сыйақы алатыны туралы хабардар етеді.

      Уәкілетті ұйым арнайы қаптамасы ашылған және арнайы қаптамасы жоқ құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу мақсатында оларды Ұлттық Банкке жібергені үшін құймалардағы аффинирленген алтынның номиналды құнының 10 (он) пайызынан аспайтын комиссиялық сыйақыны дербес белгілейді.";

      2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және оның қосымшаларын алуға өтініш осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияға қосымша алуға өтініш осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің журналы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 14 және 15-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Айырбастау пункттері Шымкент және Түркістан қалаларында орналасқан уәкілетті ұйымдар 2019 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде өз қызметін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының 6-тармағының екінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтірсін.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Қуандықов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрлігі

      2018 жылғы 30 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2018 жылғы 29 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы 31 қазан

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 27 тамыздағы
  № 183 қаулысына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасында
  қолма-қол шетел валютасымен
  айырбастау операцияларын
  ұйымдастыру қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және оған қосымшаларды алуға өтініш

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, БСН, орналасқан жері)

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және

      мына мекенжайда орналасқан айырбастау пунктін ашу үшін лицензияға қосымша беруді

      сұраймын:

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, сондай-ақ қабат, сектор, блок және басқалар (бар болса))

      Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер:

      1. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына қатысушылардың қатысу үлесі:

      1) жеке тұлғалар:

      жеке басын куәландыратын құжат деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      туған күні);

      ЖСН (резиденттер үшін);

      тұрғылықты жері;

      жарғылық капиталдағы үлесі (% (сома)).

      2) заңды тұлғалар:

      заңды тұлғаның атауы;

      БСН (резиденттер үшін);

      орналасқан жері;

      жарғылық капиталдағы үлесі (% (сома)).

      2. Ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың

      сипаттамалары:

Моделі (Атауы)

Зауыттық нөмірі

Банкноттарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге)

Банкноттарды магниттік белгілердің болуына тексеру



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

      3. Бақылау-касса аппаратының (компьютерлік жүйенің) техникалық сипаттамалары:

Моделі (Атауы)

Зауыттық нөмірі

Айырбастау операцияларын түзетілмейтін күн сайынғы тіркеуді қамтамасыз ету

Жасалған айырбастау операциялары жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап бес жыл ішінде қамтамасыз ету



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

      4. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық сипаттамалары

Атауы

Өндіруші
(Жеткізуші)

Айырбастау операцияларын түзетілмейтін күн сайынғы тіркеуді қамтамасыз ету

Жасалған айырбастау операциялары жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап бес жыл ішінде қамтамасыз ету



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

      5. Бейнебақылау жүйесінің техникалық сипаттамалары

Жүйенің атауы

Өндіруші
(Жеткізуші)

Ақпаратты күнтізбелік отыз күн бойы жазуын және сақталуын қамтамасыз ету

Бейнебақылаудың көру аймағында кассирдің жұмыс аймағы мен клиентті көрсету, сондай-ақ бейнебақылау үшін кедергілердің болмауын қамтамасыз етілетін орындарда орнатуды қамтамасыз ету



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

      Қоса берілген құжаттар:

      1.

      2.

      Электрондық пошта ________________________________________

      Телефондар _______________________________________________

      Факс _____________________________________________________

      Теңгедегі банк шоты ________________________________________

      (уәкілетті банк шотының нөмірі, атауы)

      Осы арқылы мыналар расталады:

      көрсетілген барлық деректер лицензияны және лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберу үшін ресми байланыстар

      болып табылады;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмаған;

      барлық қоса берілген құжаттар (мәліметтер) жарамды болып табылады шындыққа

      (сәйкес келеді).

      Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:

      __________ ______________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 27 тамыздағы
  № 183 қаулысына
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасында
  қолма-қол шетел валютасымен
  айырбастау операцияларын
  ұйымдастыру қағидаларына
  5-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
  ________________________________
  (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияға қосымша алуға өтініш

      Лицензиат: ______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркелген жері, БСН)

      Лицензиаттың филиалы*: _________________________________________________________

      (филиалдың атауы, филиал орналасқан жері, БСН)

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген

      лицензияның нөмірі және күні:

      ________________________________________________________________________________

      Мына мекенжайда орналасқан айырбастау пунктіне қолма-қол шетел валютасымен

      айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияға қосымша беруді

      сұраймын **:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер:

      1. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың (қатысушылардың)

      қатысу үлесі:

      1) жеке тұлғалар:

      жеке басын куәландыратын құжат деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      туған күні);

      ЖСН (резиденттер үшін);

      тұрғылықты жері;

      жарғылық капиталдағы үлесі (% (сома)).

      2) заңды тұлғалар:

      заңды тұлғаның атауы;

      орналасқан жері;

      БСН (резиденттер үшін);

      жарғылық капиталдағы үлесі (% (сома)).

      2. Ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың

      сипаттамалары:

Моделі
(Атауы)

Зауыттық нөмір

Банкноттарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге)

Банкноттарды магниттік белгілердің болуына тексеру



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

      3. Бақылау-касса аппаратының (компьютерлік жүйенің) техникалық сипаттамалары:

Моделі (Атауы)

Зауыттық нөмір

Айырбастау операцияларын түзетілмейтін күн сайынғы тіркеуді қамтамасыз ету

Жасалған айырбастау операциялары жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап бес жыл ішінде қамтамасыз ету



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

      4. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық сипаттамалары

Атауы

Өндіруші(Жеткізуші)

Айырбастау операцияларын түзетілмейтін күн сайынғы тіркеуді қамтамасыз ету

Жасалған айырбастау операциялары жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап бес жыл ішінде қамтамасыз ету



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

      5. Бейнебақылау жүйесінің техникалық сипаттамалары

Жүйенің атауы

Өндіруші(Жеткізуші)

Ақпаратты күнтізбелік отыз күн бойы жазуын және сақталуын қамтамасыз ету

Бейнебақылаудың көру аймағында кассирдің жұмыс аймағы мен клиентті көрсету, сондай-ақ бейнебақылау үшін кедергілердің болмауын қамтамасыз етілетін орындарда орнатуды қамтамасыз ету



Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

      Қоса берілген құжаттар:

      1.

      2.

      Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:

      _____________       _________________________________

      (лауазымы)            (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Ескерту:

      * - лицензиат орналасқан өңірден тыс жерде қосымша айырбастау пункті ашылған

      кезде көрсетіледі

      ** - айырбастау пункті көп функционалды мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда

      (оның ішінде теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда орталықтарында)

      орналасқан жағдайда айырбастау пунктінің орналасқан жерін нақтылайтын деректерді көрсете

      отырып, айырбастау пунктінің үй-жайы орналасқан мекенжайы

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 27 тамыздағы
  № 183 қаулысына
  3-қосымша
  Қазақстан Республикасында
  қолма-қол шетел валютасымен
  айырбастау операцияларын
  ұйымдастыру қағидаларына
  11-қосымша
  Нысан

Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің журналы

      Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның немесе оның

      филиалының атауы

      ________________________________________________________________________________

      Уәкілетті ұйымның лицензиясына қосымшаның (уәкілетті банктің айырбастау пункті

      куәлігінің) (уәкілетті банк осындай куәлікті алғаннан кейін) нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      20___ жылғы "_____" ______________

      Айырбастау пунктінің операциялық             _______________________________ теңге

      кассасындағы күн басындағы қалдық*

      ____________________________________

      (валюталардың барлық түрлері бойынша)

      Айырбастау пунктінің операциялық             _______________________________ теңге

      кассасындағы күн соңындағы қалдық*             ____________________________________

      (валюталардың барлық түрлері бойынша)

      *Айырбастау операцияларын өзге де банк операцияларымен қоса жүргізген кезде

      толтырылмайды

Өкімнің қолданыла бастаған күні мен уақыты

Басшы өкімінің нөмірі мен күні

USD

EUR

...

Сатып алу

Сату

Сатып алу

Сату

Сатып алу

Сату









      20___ жылғы "___" ___________ сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел

      валютасының тізілімі

р/с №

Резиденттік белгісі*

Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері**

Шетел валютасының атауы

Валюта сомасы

Операцияны жүргізу уақыты (сағатпен және минутпен) *****

Сатып алынды

Сатылды

шетел валютасымен

теңгемен ***

шетел валютасымен

теңгемен ****

1

2

3

4

5

6

7

8

9













Жиынтығы:















      Кассир _______________________________________       _________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)      (қолы)

      Ескерту:

      *- айырбастау операциясын жүргізген кезде клиент берген құжаттарға сәйкес

      көрсетіледі: 1 – резиденттер үшін (Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан

      Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ

      адамдар), 2 - резидент еместер үшін, 0 – бес жүз мың Қазақстан теңгесінен (қоса алғанда) кем

      операциялар үшін;

      **- Қағидалардың 53-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда толтырылады.

      Айырбастау операциясы баламасының теңгемен сомасын қайта есептеу айырбастау

      операциясын жүргізу бағамы бойынша жүзеге асырылады.

      ***- сатып алу бағамы бойынша есептеледі;

      ****- сату бағамы бойынша есептеледі;

      *****- бақылау чегінде көрсетілген операцияны жүргізу уақыты.

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 27 тамыздағы
  № 183 қаулысына
  4-қосымша
  Қазақстан Республикасында
  қолма-қол шетел валютасымен
  айырбастау операцияларын
  ұйымдастыру қағидаларына
  14-қосымша
  Нысан

Құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияларды есепке алу журналы

      Уәкілетті ұйымның немесе оның филиалының атауы

      __________________________________________________________________________

      Уәкілетті ұйымның лицензиясына қосымшаның нөмірі

      ___________________________________ "____"______________20____ж.

Айырбастау пунктінің операциялық кассасындағы құймалардағы аффинирленген алтынның қалдығы

Құймалардың массадағы түрлері бойынша саны (грамм)

Күннің басындағы






Күннің соңындағы






Өкімнің қолданыла басталған күні мен уақыты

Басшы өкімінің нөмірі мен күні

Құймалардағы массасының түрлері бойынша ұлттық валюта теңгемен аффинирленген бір алтынның құны (грамм)

 
Сатып алу (массасы бойынша)

Сату (массасы бойынша)













      Құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияларды есепке алу тізілімі 20____ж.

      "____"_________________үшін

р/с №

Резиденттік белгісі*

Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері **

Сатып алынды

Сатылды

Операция жүргізу уақыты (сағатпен және минутпен) *****

Құйманың массасы (грамм)

Теңгедегі құны***

Құйманың бірегей нөмірі

Құйманың массасы (грамм)

Теңгедегі құны ****

Құйманың бірегей нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10














Жиынтығы: по:

















      Кассир _________________________________       _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      (қолы)

      Ескерту:

      * – операцияларды жүргізген кезде клиент берген құжаттарға сәйкес көрсетіледі: 1 –

      резиденттер үшін (Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасында

      тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар), 2 – резидент

      еместер үшін, 0 - оларды жүргізген кезде жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаған, екі

      миллион Қазақстан теңгесінен (қоса алғанда) кем операциялар үшін;

      **- Қағидалардың 58-9-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда

      толтырылады.

      ***- сатып алу құны бойынша есептеледі;

      ****- сату құны бойынша есептеледі;

      *****- бақылау чегінде көрсетілген операцияны жүргізу уақыты.

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 27 тамыздағы
  № 183 қаулысына
  5-қосымша
  Қазақстан Республикасында
  қолма-қол шетел валютасымен
  айырбастау операцияларын
  ұйымдастыру қағидаларына
  15-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      "Айырбастау пункттері арқылы құймалардағы аффинирленген алтынмен жүргізілген

      операциялар туралы есеп"

      Есепті кезең: 20__ жылғы __________

      Индексі: SMSAZ_UO

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын: уәкілетті ұйым (оның филиалы)

      Нысан қайда ұсынылады: уәкілетті ұйымның (оның филиалының) орналасқан жері

      бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда)

  Нысан

      __________________________________________________________________________

      уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияның

      нөмірі мен күні

      __________________________________________________________________________

      пошталық мекенжайы, телефон, факс

Көрсеткіштің атауы

Жол коды

Барлығы теңгемен

Массасы (грамм) бойынша түрлері

А

Б

1

2

3

4

5

6

1-бөлім. Жеке тұлғалардан құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу бойынша операциялар

Барлығы сатып алынған құймалардағы аффинирленген алтынның құны

110







оның ішінде резидент еместер

111







Барлығы сатып алынған құймалардағы аффинирленген алтынның саны

120

X






2-бөлім. Жеке тұлғаларға құймалардағы аффинирленген алтынды сату бойынша операциялар

Барлығы сатылған құймалардағы аффинирленген алтынның құны

210







оның ішінде резидент еместер

211







Барлығы сатылған құймалардағы аффинирленген алтынның саны

220

X






3-бөлім. Құймалардағы аффинирленген алтынмен операциялар бойынша қорытындылар

Есепті айдың басында құймалардағы аффинирленген алтынның айырбастау пункттерінің кассасындағы қалдық

310

X






Есепті айдың соңындағы құймалардағы аффинирленген алтынның қалдығы

320

X






      20____жылғы "____"_______________

      _____________________________________             _________

      басшы (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)       (қолы)

      _____________________________________             _________

      орындаушы (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)      (қолы)

  Әкімшілік деректерін жинауға арналған
  "Айырбастау пункттері арқылы
  құймалардағы аффинирленген
  алтынмен жүргізілген операциялар
  туралы есеп" нысанына қосымша

Әкімшілік деректерін жинауға арналған "Айырбастау пункттері арқылы құймалардағы аффинирленген алтынмен жүргізілген операциялар туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерін жинауға арналған "Айырбастау пункттері арқылы құймалардағы аффинирленген алтынмен жүргізілген операциялар туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды уәкілетті ұйым (оның филиалы) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияларды есепке алу журналының есепті айдағы деректері бойынша ай сайын жасайды. Уәкілетті ұйымның филиалы Нысанды дербес жасайды.

      4. Нысанды жасау кезінде теңгедегі деректерге арналған есептерде Құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияларды есепке алу тізілімінің тиісінше 5 және 8-бағандарында көрсетілген операциялар сомасы теңгемен қолданылады.