БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 9-тармағына сәйкес";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасына:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының Бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағы негізінде әзірленді және тағылымдамадан өтушілердің барлығына міндетті болып табылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бағдарлама бір күнтізбелік жылға арналған теоретикалық дайындық пен практикалық дағдылардан тұрады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Бағдарламаның мазмұны";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тағылымдамадан өтуші әр тоқсан сайын аумақтық нотариаттық палатаның басқарма отырыстарында тағылымдаманың барысы туралы баяндайды.
Тағылымдама аяқталған соң тағылымдама жетекшісі тағылымдамадан өтушінің кәсіби дайындық бағдарламасынан өту деңгейі көрсетілген қорытындыны әзірлейді. Бұл қорытындыны тағылымдама жетекшісі аумақтық нотариаттық палатаға жолдайды, бұдан әрі ол тағылымдамадан өтуші мен тағылымдама жетекшісінің қатысуымен қарастырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Әділет министрі | М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық нотариаттық
палатаның төрайымы
____________ Ә.Б. Жанәбілова
2018 жылғы қыркүйек