БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10681 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында:
13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі" өлшемшарты бойынша мыналар:
мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштерге қол жеткізуін бағалау;
мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау айқындалады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтау жүргізіледі:
1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:
тиімділігі жоғары (10-8 балл);
тиімділігі орташа (7-4 балл);
тиімділігі төмен (3-0 балл);
2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:
тиімділігі жоғары (20-18 балл);
тиімділігі орташа (17-8 балл);
тиімділігі төмен (7-0 балл);
мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:
тиімділігі жоғары (18-16 балл);
тиімділігі орташа (15-8 балл);
тиімділігі төмен (7-0 балл);
3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:
тиімділігі жоғары (16-14 балл);
тиімділігі орташа (13-6 балл);
тиімділігі төмен (5-0 балл);
4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:
тиімділігі жоғары (16-14 балл);
тиімділігі орташа (13-6 балл);
тиімділігі төмен (5-0 балл).";
1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
Р. Дәленов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 28 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығына 1-қосымша |
|
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 1-қосымша |
Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің балдары
Р/с № | Өлшемшарт/көрсеткіш атауы | Балл |
1 | 2 | 3 |
1 | Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту | |
Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болмауы | 2 | |
Болуы | 0 | |
Есепті жылдағы өзгерістер: | ||
азаю жағына қарай | 1 | |
ұлғаю жағына қарай немесе өзгерістерсіз | 0 | |
2 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету | |
Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлестеріне) дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдардың болмауы | 2 | |
Болуы | 0 | |
3 | Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау | |
3.1 | "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрықпен (бұдан әрі - № 179 бұйрық) бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны | |
Бұзушылықтардың болмауы | 2 | |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі | 1 | |
Бұзушылықтардың болуы | 0 | |
3.2 | № 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны | |
Бұзушылықтардың болмауы | 2 | |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі | 1 | |
Бұзушылықтардың болуы | 0 | |
3.3 | № 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны | |
Бұзушылықтардың болмауы | 2 | |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі | 1 | |
Бұзушылықтардың болуы | 0 | |
3.4 | "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының (бұдан әрі - № 145 қаулы) 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларының бұзушылығы анықталған мемлекеттік кәсіпоргандар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны | |
Бұзушылықтардың болмауы | 2 | |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі | 1 | |
Бұзушылықтардың болуы | 0 | |
3.5 | № 145 қаулысының 1-4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес бекітілген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар саны | |
Бұзушылықтардың болмауы | 2 | |
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі | 1 | |
Бұзушылықтардың болуы | 0 | |
4 | Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу | |
Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауы | 2 | |
Болуы | 0 | |
5 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру | |
5.1 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны | |
Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы | 1 | |
Болуы | 0 | |
5.2 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны | |
Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы | 1 | |
Болуы | 0 | |
6 | Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы | |
Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-та (ЖШС-де) бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалған | 2 | |
Бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы | 0 | |
7 | Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі | |
7.1 | Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау | |
Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындады | 2 | |
Даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы | 0 | |
7.2 | Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау | |
Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы | 2 | |
Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы | 0 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығына 2-қосымша |
|
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп
__________________________________________________________________________
(тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)
______________
(есепті кезең)
Р/с № | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | Барлығы | оның ішінде: | |||
мемлекеттік мекемелер | мемлекеттік кәсіпорындар | мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдар | мемлекет бақылауындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Ұйымдар саны | бірлік | |||||
Есепті кезең басында | бірлік | ||||||
Есепті кезең соңында | бірлік | ||||||
Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің басы) | бірлік | ||||||
2 | "Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту" өлшемшарты* | ||||||
қаржылық нәтижесі теріс ұйымдар саны: | |||||||
Есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңында | бірлік | ||||||
Есепті кезең соңында | бірлік | ||||||
Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңы) | бірлік | ||||||
3 | "Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету" өлшемшарты* | ||||||
Оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған ұйымдар саны | бірлік | Х | |||||
Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдар саны | бірлік | Х | |||||
4 | "Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау" өлшемшарты* | ||||||
Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны | бірлік | Х | Х | Х | |||
Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларының артуы анықталған ұйымдар саны | бірлік | Х | Х | Х | |||
Мемлекеттік органдарды телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны | бірлік | Х | Х | Х | |||
Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны | бірлік | Х | |||||
Тиісті саланың уәкілетті органдары бекіткен арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар саны | бірлік | Х | Х | Х | |||
5 | "Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу" өлшемшарты* | ||||||
Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілер бар мемлекеттік заңды тұлғалар саны | бірлік | Х | Х | ||||
6 | "Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру" өлшемшарты* | ||||||
6.1 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны | бірлік | Х | ||||
6.2 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны | бірлік | Х | ||||
7 | "Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" өлшемшарты* | ||||||
Бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны | бірлік | Х | |||||
8 | "Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі" өлшемшарты* | ||||||
8.1 | Даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) саны | бірлік | Х | ||||
8.2 | Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны | бірлік | Х |
Ескертпе: "Х" белгіленген жолдар толтырылмайды;
* есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның ауысуы болған ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.
Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің басшысы
________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығына 3-қосымша |
|
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Бағалау парағы
_________________________________________________________________________
(тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)
______________ (есепті кезең)
Мемлекеттік мекемелерді басқару
Р/с № | Өлшемшарт/көрсеткіш атауы | Балл |
1 | 2 | 3 |
1 | Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту | |
2 | Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау | |
2.1 | "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен (бұдан әрі - № 179 бұйрық) бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау | |
2.2 | № 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау | |
2.3 | № 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау | |
3 | Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу | |
Жиыны: |
Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару
Р/с № | Өлшемшарт/көрсеткіш атауы | Балл |
1 | 2 | 3 |
1 | Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту | |
2 | Мемлекеттік кәсіпорындар таза кірісінің бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету | |
3 | Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау | |
3.1 | "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының (бұдан әрі - № 145 қаулы) 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау | |
3.2 | № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау | |
3.3 | № 145 қаулының 1-4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн сақтау | |
4 | Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу | |
5 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну | |
5.1 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну | |
5.2 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну | |
6 | Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы | |
7 | Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі | |
7.1 | Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау | |
7.2 | Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау | |
Жиыны: |
Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару
Р/с № | Өлшемшарт/көрсеткіш атауы | Балл |
1 | 2 | 3 |
1 | Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту | |
2 | Акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету | |
3 | Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау | |
3.1 | № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау | |
3.2 | № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау | |
4 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен оларды мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС)орындауы бойынша есептерді ұсыну | |
4.1 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну | |
4.2 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну | |
5 | Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы | |
6 | Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі | |
6.1 | Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау | |
6.2 | Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау | |
Жиыны: |
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін басқару
Р/с № | Өлшемшарт/көрсеткіш атауы | Балл |
1 | 2 | 3 |
1 | Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту | |
2 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыстың бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету | |
3 | Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау | |
3.1 | № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау | |
3.2 | № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау | |
4 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін ұсыну | |
4.1 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну | |
4.2 | Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну | |
5 | Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы | |
6 | Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі | |
6.1 | Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау | |
6.2 | Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау | |
Жиыны: |