"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 25 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 923 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 маусымда № 17098 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының құқықтық сараптамасын жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 25 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10169 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Д. Айтмухаметовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 18 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 18 маусым