РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 156-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар бекітілсін.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10838 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған);
2) "Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 492 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14571 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi
___________________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы 4 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________________Ж. Қасымбек
2018 жылғы 27 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрі
_________________Қ. Қасымов
2018 жылғы 11 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген |
Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар (бұдан әрі – Ең төменгі нормативтер мен талаптар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 156-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Ең төменгі нормативтер мен талаптар теңіз объектілері мен теңіз порттарына, сондай-ақ объектілеріне 1978 жылғы Хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертілген түзетулері бар 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңізге мұнайдың төгілуі тәуекелімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
3. Жүккөтерімділігі 2000 тоннадан жоғары өздігінен жүретін мұнай құюға арналған кемелерде мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығы – мұнай төгілуін оқшаулауға арналған құралдар көзделеді. Мұнайдың төгілуіне қарсы күрес бойынша кеме жиынтығына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6991 болып тіркелген) бекітілген Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасының 556-577 тармақтарымен белгіленеді.
4. Осы Ең төменгі нормативтер мен талаптарда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар
5. Кодекстің 155-бабының 3 - тармағына сәйкес ресурстар саны мұнайдың ықтимал төгілу деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Мұнай төгілу деңгейлері бойынша мұнай төгілуінің болжалды көлемдері "Мұнай және газ өнеркәсібі. Теңіздік кен орындарынан өндіруге арналған қондырғылар. Тәуекелді бағалау қауіптілігін сәйкестендіруге арналған құралдар мен әдістерді таңдау жөніндегі басшылық нұсқаулар" ҚР СТ ИСО 17776:2004 сәйкес тәуекелдерді бағалау негізінде айқындалады.
6. Теңіз порттары мен объектілері бірінші және екінші деңгейлі мұнай төгілуін жою үшін осы Ең төменгі нормативтерге мен талаптарға қосымшада келтірілгеннен кем болмайтын ресурстармен жабдықталады.
7. Теңіз порттары мен объектілерінің меншік иелері әзірлейтін теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар қажетті ресурстардың толық сипаттамасын қамтиды.
Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарға қосымша |
Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Теңіз порттары. Мұнай төгілуінің бірінші деңгейі
№ | Ресурстар | Ресурстар саны/ көлемі/ мөлшері бойынша нормативтер | Талаптар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Персонал | ||
1) | мұнайдың авариялық төгілуін жоюды басқару және басшылық беру персоналы (бұдан әрі – МАТЖ) | 1 адам |
МАТЖ-ны, бонды орнату және мұнай жинақтаушы орналастыру бойынша оқуы және дағдыларды меңгеруі туралы растауының бар болуы; |
2) | бондық бөгеттерді орнататын персонал | 2 адам | |
3) | жағалаулық нығыздалған бондық бөгетті орнататын персонал | 2 адам | |
4) | шағын көлемді жағалаулық кемені жүргізуші | 1 адам | кеме жүргізушілерде шағын кемелерді жүргізу құқығына куәлігінің бар болуы |
2 | Кемелер | ||
1) | МАТЖ үшін шағын көлемді жағалаулық кеме | 1 бірлік қозғалтқыш қуаты 200 ат күші немесе одан жоғары |
жағалаулық бондық бөгеттерді және (немесе) сорбенттер орнату; |
3 | Жабдық | ||
1) | щетқалы/диск түріндегі мұнай жинақтаушы | 2 бірлік қуаты - сағатына 10 тонна немесе одан жоғары |
су бетінен мұнайды жинау; |
орнату құрал-жабдықтары (катушкалар, күш агрегаттары, ауа компрессорлары және т. б.) бар бондық бөгеттер | 300 м / 250 мм немесе одан жоғары |
мұнай дағын қорғау және оқшаулауды қамтамасыз ету; | |
3) | жағалаулық нығыздалған бондық бөгет | 50 м | |
4) | зәкір жинақтамасы | 10 бірлік | бондық бөгетті орнықтыру |
5) | шлангалары бар су сорғылары, бондардың әуе камераларын толтыруға арналған үрлеу сорғылары | 1 бірлік | мұнайды жағалаулық нығыздалған бондық бөгетке толтыру үшін мұнайды жуу немесе қозғау |
4 | Химиялық заттар | ||
1) | диспергенттер | 0,4 м3 |
Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10- тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарына мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау; |
5 | Өзге де материалдар | ||
1) | жиналған мұнайды сақтауға арналған уақытша резервуарлар | 2 бірлік 10 м3 |
қайта ластауға жол бермеу; |
2) | газ (газдар) детекторы | 2 бірлік | қауіпсіздікті, газ табуды қамтамасыз ету |
3) | генератор | 1 бірлік қуаты 4 кВА | электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету |
2- тарау. Теңіз объектілері. Мұнай төгілуінің бірінші деңгейі
№ | Ресурстар | Ресурстар саны/ көлемі/ мөлшері бойынша нормативтер | Талаптар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Персонал | ||
1) | МАТЖ-ды басқару және басшылық беру персоналы | 1 адам |
МАТЖ-ны, бонды орнату және мұнай жинақтаушы орналастыру бойынша оқуы және дағдыларды меңгеруі туралы растауының бар болуы; |
2) | бондық бөгетті орнататын персонал (егер МАТЖ-дың негізгі кемесінде бүйірлік орнату және жинақтау жүйесі болмаса) | 2 адам | |
2 | Кемелер | ||
1) | оның көмегімен теңізде бондық бөгеттерді орнату немесе бүйірлік жүйені немесе бүйірлік орнату және жинақтау жүйесін бекітіп қою мүмкін болатын кеме (МАТЖ-дың негізгі кемесі) | 1 бірлік |
жағалаулық бондық бөгетті және/немесе сорбенттерді орнату; |
2) | бондық бөгетті орнатуға арналған қосымша кеме (егер МАТЖ-дың негізгі кемесінде бүйірлік орнату және жинақтау жүйесі болмаса) | 1 бірлік | |
3 | Жабдық | ||
1) | щетқалы/диск түріндегі мұнай жинақтаушы | 1 бірлік қуаты - сағатына 10 тонна немесе одан жоғары |
төгілген мұнайдың қасиетіне, алаңына және жай-күйіне, ауа-райы жағдайларына байланысты оның типін, түрін, қуатын және санын анықтау; |
2) | орнату құрал-жабдықтары (катушкалар, күш агрегаттары, ауа компрессорлары және т. б.) бар бондық бөгеттер | 300 м / 750 мм немесе одан жоғары |
төгілген мұнайдың қасиетіне, алаңына және жай-күйіне, ауа-райы жағдайларына байланысты оның типін, түрін, қуатын және санын анықтау; |
4 | Химиялық заттар | ||
1) | диспергенттер | 0,4 м3 |
Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10- тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарына мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау; |
5 | Өзге де материалдар | ||
1) | Жиналған мұнайды сақтауға арналған жүзетін уақытша резервуарлар | 2 бірлік 25 м3 |
қайта ластауға жол бермеу; |
3- тарау. Теңіз порттары мен объектілері. Мұнай төгілуінің екінші деңгейі
№ | Ресурстар | Ресурстар саны/ көлемі/ мөлшері бойынша нормативтер | Талаптар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Персонал | ||
1) | МАТЖ-ды басқару және басшылық беру персоналы | 1 адам |
МАТЖ-ны, бонды орнату және мұнай жинақтаушы орналастыру бойынша оқуы және дағдыларды меңгеруі туралы растауының бар болуы; |
2) | бондық бөгетті орнататын персонал | 3 адам | |
3) | жағалаулық нығыздалған бондық бөгетті орнататын персонал | 2 адам | |
2 | Кемелер | ||
1) | оның көмегімен теңізде бондық бөгеттерді орнату мүмкін болатын кеме (МАТЖ-дың негізгі кемесі) | 1 бірлік |
бондық бөгеттерді орнату; |
2) | бондық бөгетті орнатуға арналған қосымша кеме (қосалқы кеме) | 1 бірлік | |
3) | МАТЖ үшін шағын көлемді жағалаулық кеме | 1 бірлік, қозғалтқыш қуаты 200 және одан жоғары ат күші |
жағалаулық бондық бөгетті және (немесе) сорбенттер орнату; |
3 | Жабдық | ||
1) | олеофильді (дискілі) мұнай жинақтаушы | 2 бірлік қуаты 12 м3/сағ және одан жоғары |
төгілген мұнайдың қасиетіне, алаңына және жай-күйіне, ауа-райы жағдайларына байланысты оның типін, түрін, қуатын және санын анықтау; |
2) | мұнай жинағыштың суағар жүйесі | 1 бірлік қуаты 20 м3/сағ. және одан жоғары | |
3) | мұнай жинаудың вакуумдық жүйесі | 2 бірлік қуаты 12 м3/сағ. және одан жоғары, қуаты 10 м3/сағ. және одан жоғары | |
4) | оларды орнатуға арналған құрал-жабдықтары (катушкалар, күш агрегаттары, ауа компрессорлар және т. б.) бар үрлеу бондық бөгеті | 500 м /1100 мм немесе одан жоғары |
төгілген мұнайдың қасиетіне, алаңына және жай-күйіне, ауа-райы жағдайларына байланысты оның типін, түрін, қуатын және санын анықтау; |
5) |
пенопласттан жасалған жағалаулық бондық бөгет немесе оларды орнатуға арналған құрал-жабдықтары (катушкалар, күш агрегаттары, ауа компрессорлар және т. б.) бар үрлеу бондық бөгеті; |
1200 м /750 мм; | |
4 | Химиялық заттар | ||
1) | диспергенттер | 10 м3 |
Қазақстан Республикасының Экология кодексі 398-бабының 10- тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарына мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес диспергент түрін анықтау; |
5 | Өзге де материалдар | ||
1) | жиналған мұнайды сақтауға арналған уақытша резервуарлар | 4 бірлік 10 м3 |
қайта ластауға жол бермеу; |
2) | генератор |
1 бірлік қуаты - 4 кВА; | электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. |
3) | газ (газдар) детекторлары | 2 бірлік | қауіпсіздік, газды табу |
Ескертпе:
*ASTM F1778-07 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4861 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін скиммерлерді таңдау жөніндегі стандарттық басшылыққа алу құжаты;
**ASTM F1523-94 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4863 тіркелген Су объектілерінің жіктемесіне сәйкес бондық бөгеттерді таңдау жөніндегі стандарттық басшылыққа алу құжаты;
**ASTM F2683-11 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4865 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін бондық бөгеттерді таңдау жөніндегі стандарттық басшылыққа алу құжаты;
***ASTM F1413-07 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4856 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін диспергенттерді жағуға арналған жабдық: тозаңдау саптама қарнағы мен саптама жүйелері стандарттық басшылыққа алу құжаты;
***ASTM F1737-2015 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4857 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін диспергенттерді жағуға арналған жабдық: тозаңдау саптама қарнағы мен саптама жүйелері стандарттық басшылыққа алу құжаты;
***ASTM F2465-05 – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 2017 жылғы 04 сәуірде № 022/4864 тіркелген Мұнайдың авариялық төгілуін жою үшін диспергенттерді жағуға арналған жабдық: бір нүктелі тозаңдау жүйелері стандарттық басшылыққа алу құжаты.