Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10838 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 18.04.2018 № 130 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 18 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптардың қосымшалары бекітілсін.

      2. "Каспий теңізінің Қазақстандық секторында қолдану үшін диспергенттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 202-Ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 8605 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 31.10.2013 жылы № 243 жарияланған (28182)).

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Iшкi iстер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 17 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 189 бұйрығымен
бекітілген

Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті
материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптар (бұдан әрі - Нормативтер) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 18 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Теңіз құрылыстары, магистральды мұнай құбырлары, теңіз порттары Заңның 95-бабының 5 тармағына және 95-1-бабының 4, 10 - тармақтарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14018 болып тіркелген) Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне, сондай-ақ осы Нормативтерге сәйкес бірінші және екінші деңгейлі мұнай төгілуін жоюға арналған қажетті материал және заттармен жабдықталады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 15.11.2016 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Теңізде мұнай төгілудің деңгейлері Заңның 95-1 бабына сәйкес белгіленеді.

2. Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті
материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер

      4. Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты, оның ішінде мұнайдың төгілуін жою жөнінде тиімді әрекет ететін нормативтер:

      1) бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес төгілген мұнайды оқшаулау үшін жеткілікті мөлшердегі (теңіз имараты периметрінің өлшемі бойынша) бондардың болуы;

      2) жұмыстар жүргізіліп жатқан орындарға барынша жақындатылған жағалау базаларындағы бірінші және екінші деңгейлі төгілу кезінде кемелерге тіркелген су бетінен мұнайды оқшаулау мен мұнайды қалқып алуға арналған сорғыш заттардан, (жүзбелі заттардан) жасалған мұнай тұтқыш материалдардың болуы;

      3) түрлі ауа-райы жағдайларында кемелердің теңіз имаратын табуын қамтамасыз ету үшін радиолокациялық бейнелегіштің немесе басқа да материалдардың болуы;

      4) екінші деңгейлі төгілу болған жағдайда кеме бортынан пайдаланылатын, су бетінен мұнайды жинауға қажетті қосымша материалдар мен заттардың болуы;

      5) бірінші деңгейлі төгілулерді жою үшін жеткілікті материалдардың, заттар мен жабдықтардың отыз минуттық қол жетімділік шегінде болуы.

      5. Теңізде мұнайдың төгілуін жоюдың таңдалынған әдістеріне байланысты, қауіптілікті бағалау негізінде теңізді және жағалау аймақтарын тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін керек болатын, қажетті қосымша ресурстар анықталады: абсорбенттер, жүк тиегіштер, диспергенттерді шашыратқыш, кеме- буксир, сораптар, цистерналары, баржылар, қоймалар, күбілер, вагоншалар, вакуумдық агрегаттар, пластикалық беттер, авиация, көлік құралдары.

3. Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті
материалдар мен заттарға қойылатын талаптар

      6. Талаптар, есептік табиғи жағдайларда жұмыстарды Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде ескеріп:

      1) теңіз деңгейінің ұзақ мерзімді әлеуетті құбылуы;

      2) теңіз деңгейіне әсер ететін қысқа мерзімді дауылды көтерілу мен қайтулар;

      3) суы таяз, ортадағы қарашадан сәуірге дейінгі аралықтағы қалыпты (орташа) ауа-райы жағдайындағы қысқы мұз жабыны (0-10 м);

      4) мұздың әлеуетті қауіпті қозғалысы және теңіз имараттарының жанындағы үйінділер;

      5) жаз және қыс аралығындағы кезеңде температураның күрт өзгеруі;

      6) жоғары биологиялық өнімділік учаскелері, әсіресе Орал өзенінің атырабы маңындағы қамыс-қопалы солтүстік жағалау сызықтары мен суы таяз кең көлемді жағалау учаскелерінде негізделеді.

      7. Талаптар, мұнай операцияларын жүргізуге байланысты теңіз имараттарында жұмыс істейтін адамдарды жедел құтқаруды ескереді.

      8. Мұнай төгілу қауіптілігіне байланысты, мұнай операцияларын немесе қызметін жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14018 болып тіркелген) Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жою үшін қолдануға рұқсат етілген диспергенттер;

      2) мұнайды, уақытша сақтау қоймасына жинауға мүмкіндік беретін мұнай жинауға арналған материалдар, егер оның төгілген мөлшері оқиға болған жердегі бар абсорбенттердің мүмкіндігін асырса;

      3) тасымалдау және қауіпсіз жерде жағу үшін пластикалық қапшықтар немесе герметикалық контейнерлер (астаулар) қарастырылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 15.11.2016 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Алдын ала сақтандыру шаралары ретінде теңіз имаратында ұңғымаларды сынау кезінде жер қойнауын пайдаланушының құрлықтағы жабдықтау базасынан қосымша материалдар мен заттар жеткізіледі, және сынау кезеңінде мүмкін болатын төгілуді оқшаулау және кейін теңіз бетінен мұнайды алу үшін бондық қоршаулар немесе мұнай жинағыш орнатылады.

      10. Теңізді тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдарға талаптар осы Нормативтің 2 қосымшасында көрсетілген.

  Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды
жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға
нормативтер мен талаптарына
1 Қосымша

Мұнайдың апаттық төгілуін жою кезінде пайдалануға болатын
диспергенттер

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 15.11.2016 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды
жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға
нормативтер және талаптарына
2 Қосымша

Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті
материалдар тізімі

      Теңіз порттары. Бірінші дәрежелі мұнай төгілуі үшін қажетті

      материалдар (10 тоннадан аспайтын).

Мөлшері

Сипатталуы

Мақсаты (міндеті)

10 бірлік

Зәкір жинақтамасы

Бондық бөгетті бекіту.

1 бірлік

Генератордың қуаттылығы 4 кВА.

Электрмен жабдықтау.

1 бірлік

Щетқалы/дөңгелек түрдегі мұнай жинақтаушы (қуаттылығы сағатына 10 тонн немесе көбірек).

Мұнайды жинақтау.

300 м

Бондық бөгет (250мм енділігі 250мм немесе көп), сондай-ақ оларды өрбітетін қызметкерлер құрамы.

Қорғау және оқшаулау.

2 бірлік

Сақтау үшін уақытша резервуарлар (10 м3).

Мұнайды уақытша сақтау.

2 бірлік

Газ детекторы (газдар).

Қауіпсіздік, газды табу.

50 м

Жағалаулық нығыздалған бондық бөгет, сондай-ақ оларды өрбітетін қызметкерлер құрамы.

Қорғау және оқшаулау.

1 бірлік

Шлангамен бірге су сорғысы.

Мұнайды жағалаулық нығыздалған бондық бөгетке толтыру үшін жуу немесе мұнайды қозғау.

1 бірлік

Мұнайдың апаттық төгілуін жою үшін тар жағалаулық кеме аспа моторымен бірге (бұдан әрі – МАТЖ).

Сорбенттер және (немесе) жағалаулық бондық бөгеттерді өрбіту


      Теңіз құрлыстары және магистральды мұнай құбырлары. Бірінші дәрежелі

      мұнай төгілуі үшін қажетті материалдар (10 тоннадан аспайтын)

Мөлшері

Сипатталуы

Мақсаты (міндеті)

1 бірлік

Кеменің көмегімен теңізде бондық бөгеттерді ашуға болады немесе бүйірлік жүйені бекіту немесе бүйірлік өрбіту және жинақтау жүйесін.

Негізгі кеме МАТЖ.

1 бірлік

Бондық бөгетті өрбіту үшін қосымша кеме (егер негізгі кемеде МАТЖ бүйірлеп өрбіту және жинақтау жүйесі жоқ болған жағдайда)

Пішіні "J" және "U" бондық бөгеттерді өрбіту кезінде қолдау.

300 м

Бондық бөгет (енділігі 750мм немесе көбірек), сондай-ақ оларды өрбіту үшін қызметкерлер құрамы (егер негізгі кемеде МАТЖ бүйірлеп өрбіту және жинақтау жүйесі жоқ болған жағдайда).

Мұнайды оқшаулау.

1 бірлік

Щетқалы/дөңгелек түрдегі мұнай жинақтаушы (қуаттылығы сағатына 10 тонн немесе көбірек).

Мұнайды жинақтау.

1 бірлік

Қалықтаған уақытша сақтау резервуарлары 50м3.

Жинақталған мұнайды сақтау.

Теңіз құрлыстары, магистральды мұнай құбырлары, теңіз порттары
Екінші дәрежелі мұнай төгілуі үшін қажетті материалдар (көлемі 10 тоннадан 250 тоннаға дейін)

Мөлшері

Сипатталуы

Мақсаты (міндеті)

4 бірлік

Генератордың қуаттылығы 4 кВА.

Электрмен жабдықтау.

500 м

Теңіздік бондық бөгет – енділігі 1500мм неопрен материалынан үрленген.

Өрбіту үшін және бүйірлік өрбіту жүйесі ретінде бір кемеден өрбіту.

1200 м

Пенопласттан немесе 750мм енімен үрленген жағалаулық бондық бөгет.

Қорғау және оқшаулау.

400 м

Пенопласттан немесе 450 – 550 мм енімен үрленген жағалаулық бондық бөгет.

Қорғау және жағалық сызықты нығыздау

2 бірлік

Олеофильды (дөңгелек) минимальды қуаттылығы 12 м3/сағ мұнай жинақтаушы.

Мұнайды жинақтау

1 бірлік

Мұнай жинағыштың суағар жүйесі – минимальды қуаттылығы 20 м3/сағ.

Мұнайды жинақтау

2 бірлік

Мұнайды жинаудың вакуумдық жүйесі – минимальды қуаттылығы 10 м3/сағ.

Құрғақта немесе жағалауда мұнайды жинақтау.

5 бірлік

Уақытша сақтау резервуарлары – минимум 50м3.

Жинақталған мұнайды сақтау.