Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 мамырда № 16922 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7925 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 696-701 (27773) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 229 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12950 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы "27" сәуірдегі
№ 70 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалар Ұлттық Банктің банкноттарды және айналыстағы монеталарды ұсақтау, тозған банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталарды, сондай-ақ заңды төлем құралы ретінде күшін жойған банкноттар мен монеталарды айырбастау бойынша операциялар жүргізуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.

2-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан жасалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар;

      2) банкноттар және монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын ақша белгілері;

      3) белгіленген құн – банкноттардың, монеталардың номиналы бойынша құны;

      4) инвестициялық монеталар – бағалы металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын монеталар;

      5) коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақтау объектісі болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулі таралыммен дайындалған мерекелік, естелік және өзге де арнайы соғылған монеталар;

      6) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – түрлі материалдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;"

      7) Ұлттық Банктің интернет-дүкені – жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық Банк шығаратын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға және (немесе) жеткізуге берілген тапсырыстарын орналастыруға, сатып алынатын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға ақы төлеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін орналастырылған тапсырыстың жай-күйін қарап көруге арналған Ұлттық Банктің интернет-ресурсының бөлімі;

      8) Ұлттық Банктің Орталығы – ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал);

      9) Ұлттық Банктің филиалы – Ұлттық Банктің ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын аумақтық филиалы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3-тарау. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату және сатып алу

      4. Жеке және заңды тұлғаларға банкноттарды және айналыстағы монеталарды сатуды, сондай-ақ оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Ұлттық Банктің Орталығы жүзеге асырады.

      5. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату, сатып алу олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.

      6. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату және сатып алу кезінде кассалық операцияларды жасау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату және сатып алу

      7. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуды және сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Ұлттық Банктің Орталығы жүзеге асырады.

      Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы да жүзеге асырылады.

      8. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қаулысымен белгіленеді.

      Бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық монеталарды сату бағасы белгіленген болып табылады.

      Бағалы металдардан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы монета дайындалған, бағалы металдың бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген таңертеңгі фиксинг (бағаны белгілеу) бойынша және сату күнінің алдындағы жұмыс күні ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы бойынша айқындалған бағалы металдың құнына байланысты өзгереді.

      Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылатын инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы оларды жеткізу құнын және инвестициялық және коллекциялық монеталарды жеткізу жөніндегі шартта белгіленген сақтандыру алымының сомасын қосымша қамтиды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Заңды тұлғалардың инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 25-бабының 9-тармағында белгіленген сомаға сатуына және сатып алуына байланысты операциялар бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатқан және (немесе) сатып алған жағдайда, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алатын немесе сатып алуға тапсыратын жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіреді, сондай-ақ оларды "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасының талабына сәйкес тексереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерді, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.

      Жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға тапсырған кезде:

      1) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) 2 (екі) данада толтырады, оның біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) беріледі;

      2) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерді, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжатты (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу өкілеттігін растайтын құжатта (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) көрсетілген мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу кезінде жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру Өтініште және сатып алу үшін инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды тапсыру өкілеттігін растайтын құжатта (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) көрсетілген мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру жолымен жүзеге асырылады.

      Жеке басын куәландыратын құжатта не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерде орналастырылған фотосуретті ұсынушының жеке басымен көзбен шолып салыстыру да жүргізіледі.

      Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптар екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық пошта операторына және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Жеке, заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) Өтініште көрсеткен мәліметтері дәйексіз болған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу бойынша кассалық операцияларды жүргізуден бас тартады.

      Егер жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болса, Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату және сатып алу бойынша кассалық операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және бас тарту бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді –ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны қабылдайтын Ұлттық Банк филиалының немесе Ұлттық Банк Орталығының қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу үшін монеталарды қабылдау-өткізу актісін 2 (екі) данада жасайды, олардың біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға (олардың өкілдеріне) беріледі.

      15. Бағалы емес металдардан коллекциялық монеталарды сатып алу олардың белгіленген құны бойынша жүргізіледі.

      Бағалы емес металдардан коллекциялық монеталарды сатып алу кезінде Ұлттық Банк филиалының немесе Ұлттық Банк Орталығының қызметкері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16120 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында белгіленген тәртіпте монеталардың төлемділігін айқындайды.

5-тарау. Бағалы металдардан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алған кездегі сараптама, олардың сомасын есептеу және оны төлеу мерзімі

      16. Сатып алу үшін қабылданған бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға монетаның жасалған металын, металдың сынамын және монетадағы бағалы металдың таза химиялық салмағын граммен анықтау үшін сараптама жүргізіледі.

      17. Ұлттық Банктің филиалы сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарды қоспағанда, және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы сатып алу үшін қабылданған бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталардың сараптамасын осындай сараптаманы жүргізуге арналған жабдықта жүргізеді.

      Ұлттық Банктің филиалы сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарды сараптама жүргізу үшін Ұлттық Банктің Орталығына береді. Сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарға сараптаманы Ұлттық Банктің Орталығы осындай сараптама жүргізуге арналған жабдықта жүргізеді.

      Ұлттық Банктің филиалы сараптаманы жүргізуге арналған жабдықтың болмауы немесе істен шығуы себебімен сатып алу үшін қабылдаған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға сараптама жүргізе алмаған жағдайда, сараптаманы Ұлттық Банктің Орталығы жүргізеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Сатып алу үшін қабылданған бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монета сараптамасының қорытындысы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монета сараптамасының қорытындысы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Сараптаманың қорытындысы негізінде:

      Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталардың;

      Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың сатып алу сомасын есептеу жүргізіледі.

      Бағалы металдың химиялық таза бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) АҚШ долларымен белгілеген таңертеңгі фиксинг (бағаны белгілеу) инвестициялық немесе коллекциялық монетаны Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы жеке немесе заңды тұлғадан (олардың өкілдерінен) сатып алуы үшін қабылдау күнінің алдындағы Қазақстан Республикасындағы жұмыс күні айқындалады.

      Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы жеке немесе заңды тұлғадан (олардың өкілдерінен) инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін қабылдау күнінің алдындағы Қазақстан Республикасындағы жұмыс күні айқындалады.

      Бағалы металдан жасалған, теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектенген инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу сомасы инвестициялық немесе коллекциялық монетаның дизайнында пайдаланылған, салынған теңбілдер, қондырмалар, жалатулар және басқа да декоративтік бөлшектер құнын қоспағанда, монетадағы бағалы металдың граммен химиялық таза салмағының құнына тең болады.

      Теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектенген құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың сатып алу сомасы құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың дизайнында пайдаланылған, салынған теңбілдер, қондырмалар, жалатулар және басқа да декоративтік бөлшектер құнын қоспағанда, коллекциялық монетаның әрбір құрамдас бөлігінің химиялық таза бағалы металдың граммен салмағының құнына тең болады.

      Егер сараптама нәтижелері бойынша бағалы металдардан жасалған бір коллекциялық монетаны сатып алудың есептелген сомасы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген сату бағасынан асып кетсе, онда сатып алу сомасы оны сату бағасына тең болады.

      Егер сараптама нәтижелері бойынша бағалы металдардан жасалған бір инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алудың есептелген сомасы оның белгіленген құнынан аз болса, онда сатып алу сомасы бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның белгіленген құнына тең болады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмейтін мерзімде оларды сатып алу үшін тапсырған жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) сараптаманың қорытындысын жібереді және бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алу сомасын төлейді.

      21. Орталық Қағидалардың 17-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда сараптама жүргізген кезде Ұлттық Банктің филиалы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде оларды сатып алуға тапсырған жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) Ұлттық Банктің Орталығы дайындаған сараптаманың қорытындысын жібереді және бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алу сомасын төлейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Жеке тұлғалар үшін – 10000000 (он миллионнан) теңге, заңды тұлғалар үшін Төлемдер туралы заңның 25-бабының 9-тармағында белгіленген сомадан асатын сатып алу сомасы Өтініште көрсетілген шотқа ақшаны аударғаны үшін алынатын комиссия сомасын шегергенде қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді.

      23. Қолдан жасалу белгісі бар монета ретінде бағалы металдың Ұлттық Банк органының Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қабылданған шешімдерінде айқындалған құрамы мен сынамасына сәйкес келмейтін түпнұсқа монетаның сыртқы түрін көрсететін монета танылады.

      Сараптаманың нәтижелері бойынша анықталған қолдан жасалған белгілері бар монеталар оларды сатып алуға тапсырған жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) қайтарылмайды және Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы оларды құқық қорғау органдарына береді. Қолдан жасалған белгілері бар монеталардың сатып алу сомасы есептелмейді және төленбейді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_____қаласы

20___ жылғы "___" ________

      Мен,_____________________________________________________________________,

      (жеке тұлғаның не оның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды

      сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілінің тегі,

      аты, әкесінің аты (ол бар болса)) осы арқылы өз атымнан (сенімгердің атынан) мәміле

      жасайтынымды растаймын және

      __________________________________________________________________________

      (Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)

      осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша монетаны (монеталарды) сатып алуға қабылдауды сұраймын, сондай-ақ:

      1) салдарынан монета (монеталар) қайтарылуға жатпайтын, бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;

      2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді (сенімгердің дербес деректерін) жинауға, өңдеуге және таратуға;

      3) Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есептелген сатып алу сомасын алуға;

      4) ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда алуға және егер монетадағы химиялық таза бағалы металл салмағының құны үшін төлем сомасы ақша аудару үшін комиссия сомасын шегергенде 10000000 (он миллион) теңгеден асқан жағдайда, ақшаны осы өтініштің 2-кестесінде көрсетілген шотқа аударуға келісім беремін.

      1-кесте

Монетаның атауы

Монетаның түрі (инвестициялық немесе коллекциялық)

Номиналы теңгемен (цифрмен және жазумен)

Саны, данасы (цифрмен және жазумен)

Монетада көрсетілген металдың түрі

Монетада граммен (унциямен) көрсетілген салмағы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3








Барлығы

х

х


х


      2-кесте

Талап етілетін мәліметтер

мәміле жасайтын жеке тұлға туралы

инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжат бойынша жеке тұлғаның өкілі
туралы

1

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)



2

Туған күні мен жері



3

Азаматтығы



4

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)



5

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер



6

Тұрғылықты жерінің мекенжайы.
Тіркелген жерінің немесе келген жерінің мекенжайы (мемлекеті, облысы, ауданы, елді мекені (қаласы, кенті, ауылы), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі (олар бар болса) көрсетіледі



7

Байланыс телефон нөмірі



8

Электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)



9

Шоттың нөмірі, банктің толық атауы


х

      Жеке тұлғаның (оның өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _________________________________________ ______________

      (қолы)


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_____қаласы

20___ жылғы "___" ________

      ________________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы)

      ___________________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын

      __________________________________________________________________ арқылы,

      (заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)

      осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша монетаны (монеталарды) сатып алуға қабылдауды сұрайды, сондай-ақ:

      1) салдарынан монета (монеталар) қайтарылуға жатпайтын, бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;

      2) Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлға өкілінің ________________________ дербес деректерін жинауға, өңдеуге және таратуға;

      3) Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есептелген сатып ау сомасын алуға келісімін береді.

      1-кесте

Монетаның атауы

Монетаның түрі (инвестициялық немесе коллекциялық)

Номиналы теңгемен (цифрмен және жазумен)

Саны, данасы (цифрмен және жазумен)

Монетада көрсетілген металдың түрі

Монетада граммен (унциямен) көрсетілген салмағы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3








Барлығы

х

х


х


      2-кесте

Заңды тұлға туралы мәліметтер

1

Толық, қысқарған атауы (ол бар болса), ұйымдық-құқықтық нысаны


2

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


3

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама берілген күні, тіркеуші органның атауы


4

Орналасқан жерінің мекенжайы. Заңды мекенжайы және нақты мекенжайы (мемлекеті, облысы, ауданы, елді мекені (қаласы, кенті, ауылы), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі, кеңсе нөмірі (бар болса) көрсетіледі


5

Байланыс телефон нөмірі


6

Электрондық пошта мекенжайы (бар болса)


7

Шоттың нөмірі, банктің толық атауы


8

Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы деректер (құрылтайшының (қатысушының) атауы көрсетіледі), егер құрылтайшы (қатысушы) жеке тұлға немесе дара кәсіпкер болып табылса, онда тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіледі)


      3-кесте

Заңды тұлғаның өкілі туралы мәліметтер

1

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


2

Туған күні мен жері


3

Азаматтығы


4

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


5

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер


6

Тұрғылықты жерінің мекенжайы. Тіркелген жерінің немесе келген жерінің мекенжайы (мемлекеті, облысы, ауданы, елді мекені (қаласы, кенті, ауылы), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі (олар бар болса) көрсетіледі


7

Байланыс телефон нөмірі


8

Электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)


      Заңды тұлға өкілінің

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ___________________________________ _________________

      (қолы)


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Сатып алу үшін монеталарды қабылдау-өткізу актісі

      ______________ қаласы                        20___ жылғы "___" ___________

      Осы акт қызметкер

      _________________________________________________________________________

      (Ұлттық Банк филиалының немесе Ұлттық Банк Орталығының атауы)

      _________________________________________________________________________

      (қызметкердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің атын (ол бар болса)

      _____________________________________________ мына монетаны (монеталарды)

      (жеке тұлғаның (оның өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса) не заңды тұлғаның атауы және оның өкілінің тегі,

      аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      қабылдағаны туралы жазылады:

Монетаның атауы

Монетаның түрі (инвестициялық немесе коллекциялық)

Номиналы теңгемен (цифрмен және жазумен)

Саны, дана (цифрмен және жазумен)

Монетада көрсетілген металдың түрі

Монетада граммен (унциямен) көрсетіл-ген салмағы

1

2

3

4

5

6

7

1







2








Барлығы

х

х


х


      Қабылдаған:

      ______________________________________            _______________

      (Ұлттық Банктің филиалы немесе                         (қолы)

      Ұлттық Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы

      және тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Өткізген:

      ______________________________________             _______________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол                   (қолы)

      бар болса) не заңды тұлғаның атауы

      және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

№ ______ сатып алу үшін қабылданған бағалы металдардан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сараптау қорытындысы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _____қаласы                                                    20___ жылғы "___" ________

      _______________________________________________________________
(бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық
монеталарға сараптама жүргізген Ұлттық Банк /
филиалының немесе Орталығының атауы)

Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Заңды тұлғаның атауы


Монетаны алу күні


Сараптама жүргізу күні


Монетаның сипаттамасы

Монетаның атауы


Номиналы (теңге)


Монетаның нақты салмағы (грамм)


Тұтастығы (иә/жоқ)


Монетаның салмағы (грамм)


Бағалы металдың түрі


Негізгі бағалы металдың сынамы


Химиялық таза бағалы металдың салмағы (грамм)


Қорытынды


      Сатып алынатын монетаға сараптама
жүргізген Ұлттық Банктің филиалы
немесе Ұлттық Банктің Орталығы
қызметкерінің лауазымы ________________________ _____________ ___________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)


      Сатып алынатын монетаға сараптама
жүргізуге бақылау жасаған Ұлттық
Банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің
Орталығы қызметкерінің лауазымы _____________________ _____________ ______________
(қолы) тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болса)


      Ескертпе: "Монетаның атауы" және "Монетаның салмағы" жолдарында инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаның Ұлттық Банк органының Ұлттық Банкі туралы заңның 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қабылданған шешімдерінде айқындалған ақпаратқа сәйкес келетін атауы және салмағы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына
4-1-қосымша
  Нысан

№ ___ Ұлттық Банк Орталығының сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монета бойынша жүргізілген сараптама қорытындысы

      ________ қаласы                                    20___ жылғы "__" ________

      Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Заңды тұлғаның атауы


Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаны алу күні


Сараптама жүргізу күні


Монетаның сипаттамасы

Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның атауы


Номиналы (теңге)


Тұтастығы (иә (жоқ)


Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның салмағы (грамм)


Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің салмағы (грамм)


Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің нақты салмағы (грамм)




Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің бағалы металының түрі




Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің бағалы металының сынамасы




Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің химиялық таза бағалы металының салмағы (грамм)




Қорытынды


      "Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның атауы", "Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның салмағы (грамм)" және "Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің салмағы (грамм)" жолдарында тиісті монетаны дайындау туралы шешім қабылданған Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына сәйкес тұтасы монетаның атауы, салмағы және құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің салмағы көрсетіледі.

Сатып алынатын монетаға сараптама жүзеге асырған Ұлттық Банктің Орталығы қызметкерінің лауазымы
______________________________
______________________________

________________
(қолы)

______________________
тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

 
Сатып алынатын монетаға сараптама жүзеге асырған Ұлттық Банктің Орталығы қызметкерінің лауазымы
_______________________________
_______________________________

________________
(қолы)

_____________________
тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

      20___ жылғы "___" ___________*

20 ____ жылғы "___" ____________ Бағалы металдардан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу сомасының есебі

      ____________________________________________________________________

      (Ұлттық Банктің филиалының немесе Орталығының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған жеке

      тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы және

      оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

Бағалы металдың түрі

Монетаның атауы (инвестициялық, коллекциялық)

Номиналы

Химиялық таза бағалы металдың граммен салмағы (сараптама жасауға
сәйкес)

1 (бір) грамм үшін монетаның бағасы
(теңге, тиын)

1

2

3

4

5

6






7*8/31,1034768







Жиынтығы:






Барлығы:






      кестенің жалғасы:

Бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушыларының қауымдастығы (LBMA) белгілеген бағалы металдардың химиялық таза бағалы металдардың таңғы фиксингі (баға белгілеу)

Ұлттық валютаның АҚШ долларына ресми бағамы

Бір монета үшін сатып алу бағасы (теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектеу)

Дана саны (сатып алынғаны)

Сатып алудың жалпы сомасы

7

8

9

10

11



5*6


9*10
















      Сатып алынатын монетаның құнын

      есептеуді жүзеге асырған Ұлттық Банк

      филиалы немесе Ұлттық Банк Орталығы

      қызметкерінің лауазымы

      ___________________________________            ___________      ___________________

      ____________________________________            (қолы)      тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса)

      Сатып алынатын монетаға сараптама

      жүргізуге бақылауды жүзеге асырған

      Ұлттық Банк филиалы немесе Ұлттық

      Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы

      ____________________________________ ___________ _______________________

      ____________________________________ (қолы)      тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса)

      Сатып алынатын монетаға сараптаманы

      жүзеге асырған Ұлттық Банк филиалы

      немесе Ұлттық Банк Орталығы

      қызметкерінің лауазымы

      _______________________________      ___________            ____________________

      ____________________________________ (қолы)             тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса)

      *Ескертпе: Ұлттық Банктің Орталығы монеталарды сатып алуға қабылдаған Ұлттық Банктің филиалына монеталарды сатып алу сомасын аударған күні (сатып алынған монетаға Ұлттық Банктің Орталығы сараптама жүргізген жағдайда), немесе Ұлттық Банктің филиалы монетаны сатып алу сомасын жеке немесе заңды тұлғаға берген күні (сатып алынған монетаға Ұлттық Банктің филиалы сараптама жүргізген жағдайда) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына
5-1-қосымша
  Нысан

      20___ жылғы "___" ___________

Ұлттық Банк Орталығының құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарды сатып алу сомасының есебі _______________________________________________________________________________ (құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаны тапсырған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      20___ жылғы "___" ___________

      Ескерту. Қағида 5-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың атауы

Номиналы

Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың әрбір бөлігінің бағалы металының түрі

Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың әрбір бөлігінің химиялық таза бағалы металының граммен салмағы ( сараптама қорытындысына
сәйкес )

Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың әрбір бөлігінің химиялық таза бағалы металының бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушыларының қауымдастығы (LBMA) белгілеген бағалы металдардың таңғы фиксингі (баға белгілеу)

Ұлттық валютаның АҚШ долларына ресми бағамы

Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың әрбір бөлігінің 1 (бір) грамы үшін бағасы
(теңге, тиын)

Құрамдас бөліктері бар бір қоллекциялық монета үшін сатып алу бағасы (теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектеу)

Дана саны (сатып алынғаны )

Сатып алудың жалпы сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




























































Жиынтығы









Жиынтығы:











Барлығы:










Сатып алынатын монетаның құнын есептеуді жүзеге асырған Ұлттық Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы
_____________________________________________

_________
(қолы)

_____________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Сатып алынатын монетаға сараптама жүргізуге бақылауды жүзеге асырған Ұлттық Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы
______________________________________________

_________
(қолы)

___________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Сатып алынатын монетаға сараптаманы жүзеге асырған Ұлттық Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы
______________________________________________

_________
(қолы)

___________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Ескертпе.

      Ұлттық Банк орталығының монеталарды сатып алуға қабылдаған Ұлттық Банктің филиалына монеталарды сатып алу сомасын аударған күні (Ұлттық Банктің Орталығы сатып алған монетаға сараптама жүргізген жағдайда) немесе Ұлттық Банк филиалының монетаны жеке немесе заңды тұлғаға сатып алу сомасын берген күні (Ұлттық Банктің филиалы сатып алған монетаға сараптама жүргізген жағдайда) құжаттың күні болып көрсетіледі.