"Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жыл

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 мамырда № 16861 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14856 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Бағдарламаға қатысушылар – кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша кредит/микрокредит алушылар болып табылатын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруашылық және фермерлік қожалықтар, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен бекітілген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмыскер;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жұмыс істеп тұрған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде кредит/микрокредит алу үшін екінші деңгейдегі банктерге/микроқаржы ұйымдарына жүгінген кезде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан асатын кәсіпкер;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) бастапқы бизнес (стартап жобалар) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде бір жылдан кем уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобалары;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларды одан әрі қаржыландыруға арналған қаражатты кредиторларға орналастыру;";

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қарыз Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында іске асыруға жоспарланатын және/немесе іске асырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің жобаларын нысаналы мақсатпен қаржыландыру жылдық 1%-бен 7 (жеті) жылдан астам мерзімге беріледі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кредиторлардың орналастырылған қаражатты игеру мерзімі кредиттік келісім жасалған күннен бастап 6 (алты) ай;"

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) кредиторлар орналастырылатын қаражатты мақсатты пайдаланбаған, толық немесе жартылай игермеген жағдайларда, және/немесе кредиттік келісімде көзделген өзге де жағдайлар орын алған кезде, микрокредит беру ұйымы кредиттік келісім шарттарына сәйкес кредиторларға қатысты шаралар қолданады, оның ішішде кредиттік келісімді мерзімінен бұрын бұзу және (немесе) оларды одан әрі басқа кредиторлар арасында қайта бөле отырып, орналастырылған қаражатты қайтарып алу мәселесіне бастамашылық жасауға құқылы. Қайтарылған, сондай-ақ кредиторлар мерзімінен бұрын өтеген қаражатты қайта бөлу қайта бөлінетін қаражат бастапқыда қаражат бөлінген өңірлерде пайдалануға тиіс болған жағдайда микрокредит беру ұйымының шешімі негізінде кредиторлар арасында жүзеге асырылады;";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кредиттер/микрокредиттерді шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларын іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысушыларға, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге олардың шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген жерін есепке алмай, кредиторлар береді.

      6. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған кредиттер/микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне не Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өту шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не Бағдарламаға қатысушылар кредит/микрокредит алуға жүгінген күннің алдында сертификат алған күннен бастап соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болған кезде беріледі.

      7. Бағдарламаға қатысушыларға (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қоспағанда) арналған кредиттер/микрокредиттер жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылған жағдайда беріледі. Кредиторлар кредит/микрокредит беру туралы шартта Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруы жөніндегі шартты міндетті түрде көрсетеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кредиторлар кредиттік келісім сомасының кемінде 20%-ын бастапқы бизнесті (стартап жобаны) қаржыландыруға жібереді.";

      11-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағыты кредит/микрокредит беру туралы шарт жасасқан күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын тұрғын үйді, жер учаскелерін (нысаналы бағыты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) сатып алуға және салуға.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманың болуы Бағдарламаға қатысушылардың (жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қоспағанда) кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады. Бағдарламаға қатысушылар жолдама алу үшін мынадай құжаттарды: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін, болған жағдайда кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны (куәлік, сертификат) туралы құжаттың көшірмесін ұсынады.

      Бұл ретте "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйсіндегі тексерулердің нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін жолдама береді.

      Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредитті/микрокредитті алуға арналған өтініммен халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы мен кәсіпкерлік негіздеріне оқыған (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған) сертификаттарын қоса бере отырып, кредиторға жүгінеді.

      18. Кредиторлар әлеуетті бизнес-жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және кредитті/микрокредитті берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмыскер кредитті/микрокредитті алуға өтініш бергенге дейін шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне ие болады.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Кредиторлар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) күніне дейін берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты микрокредит беру ұйымына ұсынады.

      21. Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдарға және уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

      Уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) күніне дейін береді.";

      22-тармақ алып тасталсын;

      23-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Кредиторлар қаражаттың игерілуі туралы есептерді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымдарына жібереді. Есепті берудің нысаны мен мерзімдері тиісті кредиттік келісімде көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтiк

      қорғау министрі

      _____________ М. Әбілқасымова

      "__"__________2018 жылғы