"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 24 желтоқсанда № 248 (28976) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) дербес кластерлік қор - "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқару органы болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;";
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері (бұдан әрі – ҚР ІІМ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің көші-қон қызметі бөлімшелері;
12) ҚР ІIМ нұсқауы – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң және/немесе Үкiметінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде шақыруларды ресімдеу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, ұзарту, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы (төрағаның орынбасарлары) жедел шешім қабылдау үшін қабылдаған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру Қазақстан Республикасына визаны алушының болжамды келу күніне 1 жылдан ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Шақыруды қарау мерзімі осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш білдірген күннен бастап электронды түрде қызмет көрсету кезінде – 3 жұмыс күнінен және қағаз түрінде – 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
ҚР ІІМ және ҚР СІМ нұсқауы бойынша шақыру құжаттары қысқа мерзімде қабылданады және өңделеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ-ге немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынады:
1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат;
осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес шетелдікті және азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініш-сауалнама;
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
2) заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда көзделген екі данада толтырылған кесте;
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
3) шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады:
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәлігінің) немесе жеке кәсіпкердің хабарламаның көшірмесі;
АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес заңды тұлғаны тіркеуді/аккредиттеуді растайтын сертификаттың көшірмесі;
өкілдің уәкілеттігін растайтын құжат;
шетелдік туристерді шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңына сәйкес берген туристiк операторлық қызмет лицензиясының немесе туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесі;
виза алушыны білім алу мақсатында шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес берген білім саласындағы қызметі туралы лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының көшірмесі;
виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар үшін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес медициналық қызметке берген лицензиясының көшірмесі.";
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, соның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – шақырушы тарапқа шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат, не өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамасы, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы құжаттар;";
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының немесе дербес кластерлік қордың қолдаухаты;";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұсынылған құжаттарға сәйкес сұратылған сапардың мақсатының, визаның мәртелігінің, қолданылу мерзімінің және оны беру орнының сәйкестігі.
Визаны беру орны АХҚО қатысушылары мен органдарын қоспағанда, виза алушының азаматтығына тиесілі елге қатысты консулдық округке сәйкес немесе мына шарттардың біреуі:
1) болатын елінде тұрақты тұруға рұқсаты;
2) іскерлік және инвесторлық мақсаттар бойынша, еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға, емделуде ұзақ болуына рұқсаты болған кезде анықталады;
ҚР СІМ қызмет көрсететін консулдық округтерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы шет елдердегі мекемелерінің тізімін ҚР ІІМ-ге береді.
АХҚО қатысушылары мен органдарының қызметі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Конституциялық Заңымен реттеледі.";
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңды тұлғаның қолдаухатының бірінші данасына ҚР ІІМ уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және мөрмен бекітілген келісу нөмерін қою жолымен. Қолдаухаттың екінші данасы мен қоса берілген құжаттар ҚР ІІМ іс номенклатурасына тігіледі.
Шақырудың тіркеу нөмірі мен шақыруды беру күні туралы ақпарат "Бүркіт" БАЖ-ға енгізіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ҚР шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де немесе ҚР ІІМ-де виза алушының немесе шақырушы тараптың тіркелген орны бойынша визаларды беру үшін келесі құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:
1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға нөмірді және шақыруды беру күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаттары;
3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);
4) консулдық алым немесе мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
5) 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.
Шет мемлекеттің уәкілетті органдары берген құжаттар (соттылығының болмауы туралы анықтама, ұлттық тиесілігін растайтын құжат, диплом) егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, заңдастыруға жатады.";
20-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес шақыруға құжаттарды ресімдеу және визаны беру үшін, соның ішінде оның қолдану мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге консулдық алым немесе мемлекеттік баж алынады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Визалардың берілуі:
1) шет елдерде:
ҚР шет елдердегі мекемелері келесі санаттардағы визаларды береді: А1", "А2", "А3", "А4", "А5", "В1", "В2", "В3", "В4", "В5", "В6", "В7", "В8", "В10", "В11", "В12", "В13", "С1", "С2", "С3", "С4", "С5", "С6", "С7", "С8", "С9", "С10" және "С12";
2) Қазақстан Республикасының аумағында:
ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды береді: "А1", "А2", "А3", "А4", "А5", "В1", "В2", "В3", "В5", "В7", "В8", "В10", "В11", "В12", "В13", "С3", "С8", "С9" және "С12";
ҚР ІІМ келесі санаттардағы визаларды береді: "А5", "В2" (АХҚО қатысушылары және органдары үшін), "В3", "В7", "В8", "В14", "В15", "В16", "В17", "В18", "В19", "В20", "В21", "В22", "С1", "С3", "С4", "С9" (этникалық қазақтарға), "С11" және "С12".";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ҚР ІІМ визаларды беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды шетелдіктің уақытша тіркеу орны немесе шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша ("А5" санатындағы виза, виза алушының нақты болу орны бойынша), не болмаса ҚР ІІМ нұсқауы бойынша жүзеге асырады.
Визасыз келу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар елдерден Қазақстан Республикасына келген және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жүгінген адамдарға "В8" санатындағы виза өтінішхатты қарау үшін қажетті кезеңге, бірақ күнтізбелік 90 күннен асырмай беріледі.
ҚР ІІМ АХҚО қатысушылары мен органдарына "С3" визасын беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, қолданылу мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды, сондай-ақ отбасы мүшелеріне "С3" визасын еңбек қызметін жүзеге асыру үшін бұрын берілген алғашқы визаларды ескермей "С3" визасына өзгертуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған виза "В14" санатындағы визаны қоспағанда, виза алушының нақты болу орны бойынша беріледі.
Оқуға арналған визалар виза алушыны қабылдаған оқу мекемесінің орналасқан орны бойынша беріледі.
С3 және С4 санатындағы визалар заңды тұлғаның еңбек қызметін жүзеге асыру және тіркеу орны (жұмыс берушінің болуы) бойынша беріледі.";
29-тармақ алынып тасталсын;
34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ҚР ІІМ:
"А5" санатына – "В3", "В10", "С3", "С4", "С5" және "С10" санаттарынан;
"В2" санатына (АХҚО қатысушылары мен органдарына) – "В3", "В7" (дербес кластерлік қор үшін) және "С3" санаттарынан;
"В7" санатына – "С9" санатынан;
"В8" санатына – "С3" санатынан;
"С1" санатына – тек этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан;
"С3" санатына – "В2", "В3", "В7" (дербес кластерлік қор үшін), "С2", "С3" (жұмыс берушінің атынан шақырушы тарапты ауыстыру, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса еңбекші көшіп келушінің рұқсаты болған кезде қолдаухат негізінде), "С9" және "С10" санаттарынан;
"С4" санатына – "В10", "С2", "С9" және "С10" санаттарынан;
"С9" санатына – тек этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге;
"С12" санатына – визаның барлық санаттарынан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Уәкілетті қызметкер виза ресімдеуге материалдарды зерделеу нәтижесінде визаларды беру немесе виза беруден бас тарту туралы шешімді ҚР ҰҚК-мен келісілгеннен кейін қабылдайды.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Күнтізбелік 60 күн ресімделетін "В8" және "С1" санаттарындағы визалардан басқа визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Визалық құжаттар, соның ішінде вербалды ноталар және қолдаухаттар "Бүркіт" БАЖ арқылы келісіледі. "С11" санатындағы визалар және Қазақстан Республикасынан шығуға арналған визалар "Бүркіт" БАЖ-ға енгізу арқылы келісіледі.
ҚР ҰҚК визаларды ресімдеуді келісуді 3 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күніне дейін ұзартылуы мүмкін.";
44-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ҚР ІІМ-інде виза алушының Қазақстан Республикасына уақытша келуінің мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданса; виза алушыны Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығару туралы шешім қабылданса;
егер жаңа виза беру кезінде виза алушының паспортында қолданылу мерзімі аяқталмаған немесе пайдаланылмаған виза болса;
егер виза осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұзу жолымен ресімделген болса;
виза беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтағаны анықталған болса;
егер визалық жапсырманы толтырған кезде қателіктерге жол берілген болса, паспортқа әлі жапсырылмағанда немесе оны паспортқа жапсырып қойғанда (визаның күші жойылғаннан кейін келесі бетке жаңа виза жапсырылады);
жұмыс берушінің атынан шақырушы тарап ауысқан кезде;
ҚР ІІМ "Бүркіт" БАЖ-ға енгізілген, виза алушыға Қазақстан Республикасына келуге шақыруды ресімдеген және оның күшін жою туралы өтініш білдірген жеке және заңды тұлғалардың ақпараты негізінде;
3) ҚР ҰҚК Шекара қызметінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту пунктерінде):
кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылданса;
Қазақстан Республикасының аумағына келуге шектеу болса;
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның шығуы кезінде визаның күшін жою туралы ҚР ІІМ "Бүркіт" БАЖ-ға енгізілген ақпараттың негізінде, сондай-ақ визаның күшін біруақытта жоя отырып, Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуден бас тартылады.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Виза түрлі себептермен бүлінген/күші жойылған жағдайда, 46-тармаққа сәйкес, паспорттан (егер визалық жапсырма паспортқа жапсырылған болса) фотосурет пен паспорт деректері бар беттің, сондай-ақ бүлінген/күші жойылған виза бар беттің көшірмесі алынады.
Әрбір бүлінген/күші жойылған/жоғалған визалық жапсырма туралы осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күші жойылған/бүлінген/жоғалған бланктер туралы акт жасалады.";
3)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сонымен қатар Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының немесе дербес кластерлік қордың қолдаухаттары негізінде. Визаның қолданылуын 90 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "С3" – бұрын алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбек көшіп келушінің рұқсатнамасы болған кезде, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. "С3" санатындағы визаның қолданылу мерзімін ұзарту рұқсаттың жарамдылық мерзіміне, бірақ 3 жылдан артық емес (АХҚО қатысушылары мен органдарына – 5 жылдан аспайтын мерзімге) мерзімге жүзеге асырылады;";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Визаны ұзарту туралы өтінішті бастапқы визаны алуға, "С4" және "С9" санатындағы визаны қоспағанда, шақыру ресімдеген шақырушы тарап қана бере алады.
Визаны ұзартуға құжаттар отыз жұмыс күнінен ерте емес және қолданыстағы визаның мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.";
1, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;
7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның елтаңбалық мөрмен расталған көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі__________ Қ. Әбдірахманов | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі _______________Қ. Қасымов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
___________________ К. Мәсімов
2018 жылғы "____" ___________
р/с № | Виза санаттары | Виза алушылар | Визаның мәртелігі | Визаның қолданылу мерзімі | Болу кезеңі | Виза беру негізі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
"А" санаты | ||||||
Дипломатиялық виза | ||||||
1. | А1 |
1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың басшылары мен олардың отбасы мүшелері; | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді: |
| 1 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
2. | А2 | Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдердің дипломатиялық агенттері, шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктердің Қазақстан Республикасына жұмысқа жіберілетін қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді: |
көп мәртелі | 180 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
Қызметтік виза | ||||||
3. | А3 |
1) ресми шетелдік делегация мүшелері, олармен бірге жүретін адамдар және олардың отбасы мүшелері; | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді: |
көп мәртелі | 1 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
көп мәртелі | 3 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
4. | А4 | әкімшілік-техникалық және дипломатиялық өкілдіктер персоналына қызмет көрсететін мүшелер, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелері персоналына қызмет көрсететін консулдық қызметшілер, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді: |
көп мәртелі | 180 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
Инвесторлық виза | ||||||
5. | А5 | Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары және (немесе) басшыларының орынбасарлары, және (немесе) құрылымдық бөлімше басшылары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді. |
көп мәртелі | 3 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
"B" санаты | ||||||
Іскерлік сапарға арналған виза | ||||||
6. | В1 |
1) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми және басқа да іс-шараларға қатысушылар; | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін |
60 тәулікке дейін |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді: |
3) гуманитарлық көмекті алып жүретін адамдар; | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | 60 тәулікке дейін әрбір келу кезінде | |||
| 1 жылға дейін | 60 тәуліктен артық емес | ||||
7. | В2 |
1) жабдықты монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету мақсатында келетін адамдар; | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | 30 тәулікке дейін |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді. |
көп мәртелі | 180 тәулікке дейін | 90 тәулікке дейін | ||||
8. | В3 | 1) келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасасуға келетін адамдар; | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | 30 тәулікке дейін |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді: |
2) құрылтайшылар немесе директорлар кеңесі. | көп мәртелі | 1 жылға дейін | әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес | |||
Халықаралық автомобилдік тасымалдарын жүзеге асыруға арналған виза | ||||||
9. | В4 | халықаралық автомобилдік тасымалдарды жүзеге асыратын адамдар. | бір мәрте-лі | 90 тәулікке дейін | 30 тәуліктен артық емес |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері келесі құжаттардың негізінде беріледі: |
көп мәртелі | 1 жылға дейін | әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес | ||||
Әуе, теңіз, өзен кемелері экипаждары мен поезд бригадараларының мүшелеріне арналған виза | ||||||
10. | В5 | Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты және чартерлік әуе рейстері ұшақтарының мүшелері, поезд бригадаларының, сондай-ақ теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын адамдар. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | 30 тәуліктен артық емес |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ қолдаухат негізінде беріледі (жазбаша өтініш және Қазақстан Республикасының аумағымен жүруіне рұқсат беретін құжаттар): |
көп мәртелі | 1 жылға дейін | әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес | ||||
Діни іс-шараларға қатысуға арналған виза | ||||||
11. | В6 | Қазақстан Республикасына діни бірлестіктің іс-шараларына қатысу үшін (миссионерлік қызметті қоспағанда) жіберілетін адамдар. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | 30 тәуліктен артық емес | Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақыру негізінде береді. |
Оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтуге арналған виза | ||||||
12. | В7 | оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері. | бір мәртелі | 90 тәулік-ке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді. |
көп мәртелі | 180 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза | ||||||
13. | В8 |
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын адамдар; | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын (ҚР ІІМ-мен келісусіз), шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың этникалық қазақтардан басқа қолдаухаттары негізінде береді. |
көп мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
Жеке сапарға арналған виза | ||||||
14. | В10 |
1) Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келетін адамдар; | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері келесі құжаттардың бірінің негізінде беріледі: |
көп мәртелі | 180 тәулікке дейін | әрбір кіру кезінде 90 тәуліктен артық емес | ||||
Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алуға арналған виза | ||||||
15. | В11 | Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін жіберілетін адамдар. | бір мәртелі | 180 тәулікке дейін | 120 тәуліктен артық емес | Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді. |
көп мәртелі | 1 жылға дейін | әрбір кіру кезінде 120 тәуліктен артық емес | ||||
Туристік мақсатпен келетін виза | ||||||
16. | В12 | Қазақстан Республикасына турист ретінде жіберілетін адамдар. | бір мәрте-лі | 90 тәулікке дейін | 30 тәуліктен артық емес |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері мен ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде беріледі: |
көп мәртелі | 90 тәулікке дейін | әрбір кіру кезінде 30 тәуліктен артық емес | ||||
Транзитпен өту үшін виза | ||||||
17. | В13 | Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | бір бағытта 5 тәулік ішінде |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ қолдаухат негізінде келесі құжаттардың бірі бар болғанда беріледі; |
көп мәртелі | 180 тәулікке дейін | бір бағытта 5 тәулік ішінде | ||||
Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған виза | ||||||
18. | В14 | тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданылуының барлық кезеңіне | Виза ҚР ІІМ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұруға ішкі істер органдарымен берілген рұқсат негізінде беріледі. |
19. | В15 | Қазақстан Республикасының аумағында паспортын жоғалтқан адамдар. | бір мәртелі | 30 күнге дейін, бірақ паспорттың қол-дану мерзі-мінен артық емес | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Виза ҚР ІІМ Қазақстан Республикасына кіруін растайтын мәліметтер мен ішкі істер органдарында тіркеуі расталған кезде немесе ҚР ІІМ нұсқауы бойынша қолдаухат және қайта оралу куәлігінің (басқа жол жүру құжаты) негізінде беріледі. |
20. | В16 | Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы қабылданған шешімге қатысты адамдар. | бір мәртелі | 30 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Виза ҚР ІІМ Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы ішкі істер органдарының қорытындысы негізінде беріледі. |
21. | В17 | егер, Қазақстан Республикасында одан әрі болу үшін негіз болмаса және шығарып жіберуге қатысты емес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданған адамдар. | бір мәртелі | 15тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР ІІМ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы және ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасында одан әрі болу үшін негіздердің жоқтығы туралы қорытындысы негізінде береді. |
22. | В18 | егер, Қазақстан Республикасында одан әрі болу үшін негіз болмаса, Қазақстан Республикасына визасыз келген не Қазақстан Республикасында келетін адамдар | бір мәртелі | 30 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР ІІМ, егер, іс мән-жайлары әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасында одан әрі болу үшін негіздердің жоқтығы туралы қорытындысы не болмаса ҚР ІІМ нұсқауы негізінде береді. |
23. | В19 | жазасын өтеген немесе жазадан босатылған адамдар, сонымен қатар пробациондық бақылау мерзімі өткен, жазаны орындау мерзімі ұзартылған адамдар. | бір мәртелі | 15тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР ІІМ, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің немесе ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері (мерзімінен бұрын шартты босату) хабарламасы негізінде береді. |
24. | В20 | визаның қолданылу немесе болудың рұқсат етілген визасыз мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге кедергі болған форс-мажорлық мән-жайлардың, рейстің, поезд немесе өзге көлік құралы жөнелтілімінің кідіргені немесе ауыстырылғаны туралы дәлелдеме берген адамдар. | бір мәртелі | 15тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР ІІМ Қолдаухат және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге кедергі болған форс-мажорлық мән-жайлардың, рейстің, поезд немесе өзге көлік құралы жөнелтілімінің кідіргені немесе ауыстырылғаны туралы құжаттар негізінде немесе ҚР ІІМ нұсқауы бойынша береді. |
25. | В21 | өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын әрекетті жасады деп хабарланған адамдар. | бір мәртелі | 30 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР ІІМ Қылмыстық қудалау органы берген өтінішті сотқа дейінгі тергеу туралы талон хабарлама болған кезде қолдаухат негізінде береді. |
26. | В22 | қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар және оларға қатысты қылмыстық іс тоқтаған, сонымен қатар басқа адамдардан Қазақстан Республикасынан тыс шығуға қойылған заңды шекті алынған адамдар. | бір мәртелі | 15тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР ІІМ Қылмыстық істі тоқтату туралы прокурормен бекітілген немесе келісілген қаулы, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс шығуға шектеу қойған уәкілетті органның ақпараты негізінде береді. |
"С" санаты | ||||||
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза | ||||||
27. | С1 | тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына жіберілген немесе келген этникалық қазақтар. | көп мәртелі | 1 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны Қазақстан Республикасы шетелдік мекемелер (Қазақстан Республикасы ІІМ-мен келісусіз) және Қазақстан Республикасы ІІМ мынадай құжаттар негізінде береді: |
Отбасын біріктіруге арналған виза | ||||||
28. | С2 | Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын адамдар, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастардың , Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ бизнес иммигранттардың отбасы мүшесі болып табылатын адамдар (кемінде екі жыл мерзім). | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері (ҚР ІІМ келісімінсіз) мына құжаттардың негізінде береді: |
көп мәртелі | 1 жылға дейін | қолданы-луының барлық кезеңіне немесе шақырушы адамның (ҚР азаматтарынан басқа) тіркелу мерзіміне | ||||
Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза | ||||||
29. | С3 | еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына бара жатқан, немесе Қазақстан Республикасындағы адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін(паспортын Қазақстан Республикасы мойындамайтын елдің адамдары үшін-1 жылға дейін) | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді. |
көп мәртелі | 3 жылға дейін (АХҚО қатысушылары мен органдарына – 5 жылға дейін) немесе рұқсаттың мерзіміне | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
30. | С4 | экономиканың құрылымдық секторларында талап етілетін мамандық бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына бар жатқан немесе Қазақстан Республикасындағы адамдар. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Бір мәртелі визаны ҚР шет елдердегі мекемелері мына құжаттардың негізінде береді: |
көп мәртелі | 3 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
31. | С5 | бизнес-иммигранттар | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Бір мәртелі визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақырудың негізінде келесі құжаттар бар болғанда береді: |
көп мәртелі | 2 жылға дейін (этникалық қазақтарға –3 жылға дейін) | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
32. | С6 | маусымдық шетелдік қызметкерлер | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | виза қолданылуының барлық кезеңіне | Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақыру негізінде шетел жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге берілген рұқсаты бар болған жағдайда береді. |
көп мәртелі | 1 жылға дейін, бірақ рұқсат-тың мерзімінен артық емес | виза қолданылуының барлық кезеңіне | ||||
Миссионерлік қызметті жүзеге асыруға арналған виза | ||||||
33. | С7 | миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін жіберілетін адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері. | бір мәртелі | 90 тәулікке дейін | 30 тәуліктен артық емес | Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақыру негізінде береді. |
көп мәртелі | 180 тәулікке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
Гуманитарлық уәждер бойынша виза | ||||||
34. | С8 | білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласында қайтарымсыз негізде қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберілген волонтерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде қайрымдылық, гуманитарлық көмек және гранттар беру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін адамдар | бір мәртелі | 90 тәулік-ке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді. |
көп мәртелі | 1 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
Білім алуға арналған виза | ||||||
35. | С9 |
1) орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім бойынша білім беру оқу бағдарламалары, оның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу, оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар; |
бір мәртелі |
90 тәулік-ке дейін |
виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері мен ҚР СІМ шақыру негізінде береді (кәмелетке толмаған виза алушылар үшін ата-аналарының немесе қорғаншыларының, қамқоршыларының нотариалды куәландырылған келісімі қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар болғанда). |
Жеке сапарға арналған виза (этникалық қазақтар) | ||||||
36. | С10 | этникалық казақтар | бір мәртелі | 90 тәулік-ке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері қолдаухат және ұлттық тиесілігін растайтын құжаттар негізінде береді. |
көп мәртелі | 3 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
Кәмелетке толмаған азаматтарға арналған виза | ||||||
37. | С11 | кәмелетке толмаған адамдар (18 жасқа дейін) | бір мәртелі | 1 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | Визаны ҚР ІІМ заңды өкілдерінің не кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің сенімхаты болған кезде жеке тұлғалардың қолдаухаттарының негізінде береді. |
көп мәртелі | 3 жылға дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне | ||||
Емделуге арналған виза | ||||||
38. | С12 |
1) емделу, медициналық тексерілу немесе консультация үшін Қазақстан Республикасына баратын адамдар, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдар; | бір мәртелі | 180 тәулік-ке дейін | 90 тәулік-тен артық емес |
Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ 1) және 3)-тармақтағы адамдарға шақырудың негізінде береді. |
3) жақын туыстары – Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және медициналық мекемелерде емделудегі шетелдіктерге күтім жасау мақсатында Қазақстан Республикасына баратын адамдар; | бір мәртелі | 180 тәулік-ке дейін | 90 тәулік-тен артық емес | |||
көп мәртелі | 180 тәулік-ке дейін | виза қолданы-луының барлық кезеңіне |
Шақырушы тарап қабылдауды растайды:
р/с | Тегі , аты (шақырылатын адамның паспортына қатаң сәйкестікте толтырылады) | Жынысы | Туған жері және күні |
Азамат | Паспорт нөмірі | Паспорттың берілген күні және қолдану мерзімі | Жұмыс орны және шетелдегі лауазымы | Қазақстан Республикасында тұрғылықты жерінің мекенжайы | ||||
ӘАОЖ коды (елді мекен) | Көше, ықшам аудан | Үй нөмірі | Корпус | Пәтер | ||||||||
кестенің жалғасы
Қазақстан Республикасы аумағында болған кезеңдегі қозғалыс маршруты | Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы (ағылшын) | ҚР-да болу кезеңі | Визаның мәртелігі | Визаны алу орны |
Ескертпе: ӘАОЖ - әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші.
Сапар мақсаты (визаның санаты): дипломатиялық, қызметтік, жеке сапар, жұмысқа, туристік, оқуға, іскерлік, транзиттік,
инвесторлық, емделуге, тұрғылықты тұруға (керегін сызу)
(Шақырушы тараптың атауы) шақырылатын тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олардың құқықтары мен міндеттерін уақытында түсіндіру туралы міндеттеме алады.
Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы" Кодексінің 518-бабына сәйкес иммигранттарды уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болуына, елдің аумағында жүріп-тұруына құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және болуының белгіленген мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасынан шығуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік жөнінде ескертілді.
Директор | |||||
( заңды тұлғадағы басшының лауазымы) | (қолы, мөрі) | (заңды тұлғадағы басшының тегі, аты) | |||
Орындаушы: | тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, телефоны. |
Ішкі істер департаменті
_______________________________________________
қала, облысы
_______________________________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________
егер басқа тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) болса, көрсетіңіз
_______________________________________________
туған күні, айы, жылы
_______________________________________________
тұрақты тұратын жері, үй, ұялы телефондары
Шетелдікті және азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініш-сауалнама
Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдар туралы мәліметтер
р/с № |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Азаматтығы, | Туған жері және күні | Келетін елі, мекенжайы және тұрғылықты жері | Қазақстан Республикасындағы мекенжайы | Қазақстан Республикасында болу кезінде қозғалу бағыты | ||||
ӘАОЖ коды (елді мекен) | Көше, ықшам аудан | Үй нөмірі | Корпус | Пәтер |
Ескертпе: ӘАОЖ - әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші.
Жол жүру мерзімі_____________________
Жеке куәлік № ______________ 20 жылғы "___" _________
Паспорттың № _________________ 20 жылғы "___" ________
Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты 20___ жылғы "___" ________ № _________
Азаматтығы жоқ адамның куәлігі 20___ жылғы "___" ______ №__________
ЖСН №_________________
Қабылдаушы тұлға шақырылатын тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олардың құқықтары мен міндеттерін уақытында түсіндіру туралы міндеттеме алады. Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы" Кодексінің 518-бабына сәйкес иммигранттарды уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болуына, елдің аумағында жүріп-тұруына құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және болуының белгіленген мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасынан шығуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік жөнінде ескертілді.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ жылғы "_____" ________ ________________________
(өтініш иесінің қолы)
Өтініш - сауалнама- 20__ жылғы "___" ____ қабылданды.
__________________________________________________________________________
(өтініш-сауалнаманы қабылдаған адамның тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
Жойылған/бүлінген/жоғалған Қазақстан Республикасының визалық бланктерін (қатаң есептегі) жою туралы АКТ
Біз төменде қол қоюшылар, құрамында:
1._______________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
2._______________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
осы акт № ______________ визалық жапсырма алынғаны/бүлінгені/жоғалғаны туралы жасалды
Қосымша: күші жойылған/бүлінген визалық жапсырмалардың көшірмелері _____ парақта.
_______________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Орындаушы: тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері,
телефоны.