"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер мен

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 11-1-4/78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 сәуірде № 16804 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 11-1-4/319 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 № 11-1-4/319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11646 тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес "Құжаттарды заңдастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес "Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) паспортқа жазба енгізу үшін:

      еркін нысанда жазылған өтініш;

      баланың туу туралы куәлігі;

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      мөлшері 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет;

      консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

      Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не арнайы соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз түріндегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) өмірбаян (өз қолымен жазылған);

      3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;

      4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен ресімделген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат;

      6) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша адамның соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 тіркелген);

      7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);

      8) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;

      9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;

      10) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың нотариалдық түрде куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға өтініш-келісімі және материалдық және өзге де наразылықтардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы не хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.

      18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықтан шығу мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған қолдаухатты, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге олардың заңды өкілдері береді.

      14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді.

      Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не арнайы соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған не берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұрады.";

      9-1 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15884 тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі;";

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

      "В9" және "С1" (Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында баратын тұлғалар үшін) санаттағы визалар үшін – 5 (бес) ай және ұсынылған құжаттарға қосымша зерделеу қажет болған жағдайда аталған мерзім 7 (жеті) айға дейін ұзартылады;";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;

      вербалдық нота/ қолдаухат/ ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген шақыру (шақырушы тарап виза алушыға нөмірді және шақыруды беру күнін хабарлайды);

      шет мемлекет азаматының жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат;

      консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      "В4" санаттағы виза үшін (халықаралық автомобильдік тасымалдарды жүзеге асыратын тұлғалар үшін) қосымша ұсынылады:

      Қазақстан Республикасының аумағымен автокөліктік құралдардың жүруіне рұқсат беретін құжаттар (рұқсат беру бланкісі);

      халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру рұқсатының көшірмесі;

      жүргізуші куәлігінің көшірмесі;

      көлік құралының құжаттары;

      "В5" санаттағы виза үшін (Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты және чартерлік әуе рейстері ұшақтары экипаждарының, поезд бригадаларының, сондай-ақ теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын тұлғалар үшін) қосымша ұсынылады:

      жазбаша өтініш және Қазақстан Республикасының аумағымен жүруіне рұқсат беретін құжаттар;

      "В9" санаттағы виза үшін (Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында баратын тұлғалар үшін) қосымша ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш бланкісі;

      азаматтығына сай мемлекеттің жазбаша келісімі, дәлел ретінде шығу парақшасы не болмаса шет елге тұрғылықты тұруға шығуға рұқсат берілгенін куәландыратын басқа құжат (егер халықаралық келісімдермен басқа көзделмесе, босқын болып танылған немесе Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдары және Қытай Халық Республикасынан келген этникалық қазақтарды қоспағанда);

      өмірбаян;

      2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлемге қабілеттігін растау ережелеріне сәйкес өзінің төлемге қабілетін растау туралы құжат;

      азаматтығына жататын және (немесе) тұрғылықты тұратын мемлекеттің құзіретті органымен берілген сотталғандығы (сотталмағандығы) туралы құжат;

      10-нан 16 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға берген нотариалды куәландырылған келісімі;

      өтініш берушіге тұруға баспана беру және тұрақты тіркеуге қою туралы жеке немесе заңды адамдардың нотариалды куәландырылған шарты немесе келісімі;

      өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген аурулардың жоқтығы туралы анықтама;

      "В13" санаттағы виза үшін (Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін тұлғалар үшін) қосымша ұсынылады:

      жол жүру құжаттары, ресімделген виза немесе баратын елге кіруге құқық беретін басқа да негіздер;

      жеке көлікпен бара жатқан адамның жол жүру құжаттары, ресімделген виза, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын басқару құқығын растайтын құжаттар;

      "С1" санаттағы виза үшін (тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін этникалық қазақтар) қосымша ұсынылады:

      жеке басты куәландыратын құжаттарда ұлты туралы жазба болмаған кезде өтініш берушінің ұлтын растайтын құжаттар;

      басым тәртіппен оралмандарды иммиграциялық квотаға енгізуге құқық беретін құжаттар (болған жағдайда);

      өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Тізбеде көрсетілген аурулардың жоқтығы туралы анықтама;

      соттылығының болуын не жоқтығын растайтын құжат;

      "С2" санаттағы виза үшін (Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ бизнес иммигранттардың отбасы мүшесі болып табылатын адамдар үшін (кемінде екі жыл мерзім) қосымша ұсынылады:

      шақырушы тараптың қолдаухаты (еркін нысанда);

      Қазақстан Республикасы азаматтарын қоспағанда, шақырушы адамның уақытша тұруға рұқсаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

      шақырушы адам мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

      шақырушы адамның Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген әрбір отбасы мүшесін ай сайын ұстауға арналған ақшасының кемінде ең төменгі жалақы мөлшерінің болуын растау;

      шақырушы адамның Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйінің болуын растау, оның алаңы әрбір отбасы мүшесіне белгіленген ең төмен нормаларға, сондай-ақ санитарлық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормаларға сәйкес келуі тиіс (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

      шақырушы адамның отбасының мүшелері үшін медициналық сақтандыру;

      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті органдары ұсынған шақырушы адаммен отбасылық қатынасты растайтын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме);

      отбасының кәмелетке толған мүшелеріне соттылығының болуы не болмауын растайтын құжат;

      "С4" санаттағы виза үшін (экономиканың басым салаларында талап етілетін мамандықтар бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына бара жатқан немесе Қазақстан Республикасында жүрген тұлғалар үшін) біліктілік сәйкестігі туралы анықтама қосымша ұсынылады;

      "С5" санаттағы виза үшін (бизнес-иммигранттар үшін) қосымша ұсынылады:

      еңбек етуге кедергі болатын аурулардың жоқ екендігін растайтын медициналық анықтама;

      медициналық сақтандыру;

      соттылықтың болуы не болмауы туралы тұрақты тұру немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген анықтамасы;

      тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органы берген кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сот шешімі бойынша тыйым салудың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

      "С10" санаттағы виза үшін (жеке сапармен бара жатқан этникалық қазақтар үшін) ұлттық тиесілігін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жадайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балаларды есепке қою туралы өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған балаларды есепке қою жеке карточкасы;

      3) Ішкi iстер органдарының шетелге тұрақты тұруға шығу туралы рұқсат жазбасы бар шетелдіктердің асырауына берілген балаға (қызға) – Қазақстан Республикасының азаматына берілген паспорттың түпнұсқасы;

      4) баланың паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      5) баланы (қызды) асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      6) баланың 3,5х4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;

      7) баланың туу туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      8) бала (қыз) асырап алу туралы куәлiктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      9) шетелдіктердің баланы (қызды) асырап алу өтінішін қанағаттандыру туралы сот шешімінің сот куәландырған көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар";

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Консулдық заңдастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Консулдық заңдастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Құжаттарды заңдастыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) жеке тұлға үшін:

      еркін нысандағы өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

      заңдастыруға жататын құжат;

      консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

      2) заңды тұлға үшін:

      еркін нысандағы өтініш;

      уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

      заңдастыруға жататын құжат;

      консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      құрылтай құжаттардың көшірмелері;

      өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.";

      9-1 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 тіркелген) Құжаттарды заңдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
3-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
4-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
5-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
6-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
7-қосымша";

      көрсетілген бұйрыққа 11-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
8-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қ. Әбдірахманов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 9 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _________________ Е. Сағадиев

      2018 жылғы 16 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      _________________ К. Мәсімов

      2018 жылғы 27 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы 5 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 11-1-4/78 бұйрығына
1-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
шетелдердегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының
азаматтығынан шығу жөніндегі
құжаттарды ресiмдеуі"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
  нысан

Сауалнама – өтініш



      Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеуге рұқсат беруді сұраймын.

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)


2. Барлық бұрынғы тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеппен өзгерткеніңізді атаңыз


3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шет елде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз)


4. Ұлты


5. Отбасы жағдайы (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)


6. Шетелге шығар алдында тұрған мекенжайы


7. Соңғы тiркелген орны


8. Соңғы жұмыс, оқу орны


9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)


10. Бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды егжей-тегжейлі көрсетiңiз


11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба? Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты?


12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатнамамен байланысты міндеттемелеріңіз бар ма


      13. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз бен шеніңізді көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері




      14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен әпке-сіңлілер, ата, апа, немерелер).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және шет елде тұратын барлық жақын туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Болу елі, тұрғылықты мекенжайы






      15. Жұбайым/зайыбым ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде.

      (иә/жоқ).

      16. Егер жұбайыңыз/зайыбыңыз Қазақстан Республикасының азаматы (-шасы) болмаса, онда

      оның азаматтығын көрсетiңiз _______________________________________________

      17. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде әскери билет тапсырылған мекеменің

      атауы __________________________________________________________________________

      18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз ____________________________________

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары түсіндірілді.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматында шет мемлекеттің азаматтығы

      танылмайтындығы туралы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы

      20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының ережесі түсіндірілді.

      Өтініш берушінің қолы __________________

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 11-1-4/78 бұйрығына
2-қосымша
  "Шетелдіктерге асырап алуға
берілген
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды (қыздарды)
есепке алу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
  1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігіне
азамат/ша (Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда), азаматтығы)
_____________________
мекенжайы және телефон
нөмірі:____________

Баланы есепке қою туралы өтiнiш

      ________________________________қалалық АХАЖ бөлімі 20__ жылғы

      "____"_________берген сериясы ________ №______ баланы асырап алу туралы

      куәлiктiң негiзiнде менiң ұлымды/қызымды – Қазақстан Республикасының

      азаматын/шасын есепке алуыңызды сұраймын.

      Бала туралы мәлiметтер: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған күні мен жерi:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Паспорт № _______________ берген мекеме___________________________________

      берілген күні – қолданылу мерзімі_________________________________________

      __________________________________________ мекен-жайы бойынша

      Қазақстан Республикасында тұратын және ___________________________________

      кіруге және тұруға рұқсаты бар.

      Қазақстан Республикасында баланың келесі жақын туыстары тұратынын

      хабарлаймын (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және тұратын мекенжайы):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес мен асырап алған бала

      __________________________________________________________________________

      кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (18 жас) Қазақстан Республикасының

      азаматтығын сақтайтындығы және консулдық лауазымды адам баланың тұрмыс

      жағдайы мен тәрбиесiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатында баланы асырап

      алушыларға кез келген уақытта баруға құқығы бар екендiгi маған белгiлi.

      _________________________________ тұрғылықты жерім өзгерген жағдайда,

      кетерден 10 жұмыс күн бұрын: ____________________________ мекенжайы

      бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесiн

      ақпараттандырамын.

      20___ жылғы "___" ____________                        ____________________

      (өтiнiш берушiнің қолы)

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 11-1-4/78 бұйрығына
3-қосымша
  "Шетелдіктерге асырап алуға
берілген
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды (қыздарды)
есепке алу" мемлекеттік
көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі



Балаларды есепке алудың жеке карточкасы

      ________________________________________________________________________________

      1. Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________________________________________

      (Асырап алғаннан кейінгі)

      2. Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________________________________________

      (Асырап алғанға дейінгі)

      3. Жынысы: _____________________________________________________________________

      4. Туған жылы және жері: _______________________________________________________

      5. Паспорттың сериясы мен нөмірі _____________ қашан және кім берді ___________

      6. Шетелге кетер алдындағы Қазақстандағы тұрғылықты жері (тіркелген жері):

      7. Сот шешімі: _________________________________________________________________

      (нөмірі, күні және жері)

      8. Асырап алушылар (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      1) Асырап алған әкесі: _________________________________________________________

      2) Асырап алған анасы: _________________________________________________________

      9. Тұратын елдегі мекенжайы және телефон нөмірі: _______________________________

      10. Баланы асырап алу туралы куәлік: ___________________________________________

      (деректер)

      11. Қазақстандағы жақын туыстары: ______________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), мекенжайы)

      12. Консулдық есепке алу немесе есептен шығару туралы белгі:

      ________________________________________________________________________________

      20___ жылғы "___" _______________ Қолы _________________________________________

      (қызметтік белгілер үшін)