Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерің бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11530 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:
1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) негізінде (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Электронды түрде тіркеген жағдайда заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу портал арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорына түсетін хабарламалар негізінде жүзеге асырылады.
Қызмет алушыда электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда портал арқылы өтінім берілген сәттен бастап жұмыс күнінің бір сағат ішінде акционерлік қоғамдар мен олардың филиалдарынан (өкілдіктерінен) басқа шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, "электрондық үкімет" веб-порталы өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту;
порталда – "жеке кабинетке" шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен күәландырылған мемлекеттік қызметті электрондық құжат нысанында көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы.";
5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті берушіге заңды тұлғаны тіркеуге, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуге құжаттар түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлмесінің қызметкері құжаттарды тізілімге сәйкес қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау және беру ұзақтығы 30 минуттан аспайды.
Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді.
Жауапты орындаушы:
1) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың жасалуының (ресімделуінің) дұрыстығын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты немесе бас тарту туралы дәлелді ресімдейді;
3) Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне мәліметтер енгізеді;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген анықтаманы ресімдейді.
Жауапты орындаушының құжаттарды қарау және рәсімдеу ұзақтығы мынандай:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда мемлекеттік кезінде қажетті құжаттар қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 5 сағат кешіктірілмей жүргізіледі;
қызметін үлгілік жарғы болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды (саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 8 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 13 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;
саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш берілген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама не дәлелді бас тарту уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жіберіледі. Қарау ұзақтығы 2 сағатты құрайды.
Жауапты орындаушы басшылық қол қойған құжаттарды көрсетілетін қызметі берушінің жинақтау бөліміне береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініштерді және тіркеуге арналған құжаттар топтамасын қабылдау, оларды бастапқы тексеру;
2) ұсынылған құжаттарға заң сараптамасын жүргізу;
3) басшылықтың құжаттарды қарауы және оларды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы есеп хабарлама жіберу үшін әзірлеу.
6. Мемлекеттік қызметін көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) мемлекеттік корпорацияның инспекторы – құжаттарды қабылдайды және береді;
2) мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөлімінің инспекторы – тізілім жасайды және оны уәкілетті органға жібереді;
3) басқарма (бөлім) басшысы құжаттарды тізілім бойынша қабылдайды;
4) көрсетілетін қызметті орындаушы – заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізеді.";
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны көрсетілетін қызметі алушы саll-оралығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алады.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне.
1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсету қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы анықтама болып табылады.
Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жолданады.
4. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы немесе қағаз түріндегі өтініші мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік корпорациядан Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттары қоса берілген өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтаушы бөлмесінің қызметкері құжаттарды тізілімге сәйкес қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау және жіберу ұзақтығы 30 минуттан аспайды.
Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) бастығы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді.
Жауапты орындаушы:
1) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың жасалуының (ресімделуінің) дұрыстығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді;
2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын мемлекеттік қайта тіркеу туралы бұйрықты, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерді немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрықты ресімдейді;
3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтер енгізеді;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып ресімдейді.
Жауапты орындаушының құжаттарды қарау және ресімдеу ұзақтығы мынадай:
қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу кезінде қажетті құжаттар қоса беріл отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 5 сағат кешіктірілмей жүргізіледі;
саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу кезінде, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 8 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 13 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;
саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттар қоса беріле отырып,өтініш берілген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жауапты орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген анықтама не дәлелді бас тарту уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жолданады. Қарау ұзақтығы 2 сағатты құрайды.
Жауапты орындаушы басшылық қол қойған құжаттарды уәкілетті органның жинақтаушы бөліміне береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.
6. Келесі рәсім (әрекет) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) өтінішті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) басшысының қарауы;
2) заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) жауапты орындаушысы өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
4) көрсетілетін қызметті орындаушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жіберу болып табылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) мемлекеттік корпорацияның инспекторы – құжаттарды қабылдайды және береді;
2) мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөлімінің инспекторы – тізілім жасайды және уәкілетті органға жолдайды;
3) бөлім басшысы құжаттарды тізілім бойынша қабылдайды;
4) көрсетілетін қызметті беруші – заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізеді.
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны саll-оралығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсету қызмет регламентіне.":
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11384 тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы анықтама болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі мынадай рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіз болып табылады:
1) өтінішті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) басшысының қарауы;
2) заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) сарапшысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеуі;
3) мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11384 тіркелді) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаларға, сондай-ақ акционерлік қоғамдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне көрсетіледі.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" мемлекеттік емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.";
4, 5 және 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы немесе қағаз түріндегі өтініші мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті көрсетушіге жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге құжаттар келіп түскен кезде жинақтау бөлмесінің қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдайды және заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау мен берудің ұзақтығы 30 минуттан аспайды.
Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді.
Жауапты орындаушы өтініш берілген күннен кейінгі 8 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 13 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі:
1) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және оларды жасау (рәсімдеу) дұрыстығының қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексереді;
2) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықты және дәлелді бас тарту туралы бұйрықты рәсімдейді;
3) Ұлттық бизнес-сәйкестендіру номерлерінің тіркеліміне мәлімет енгізеді;
4) бизнес-сәйкестендіру номерін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы рәсімдейді.
Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе дәлелді бас тарту уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жібереді. Қараудың ұзақтығы бір жұмыс күнін құрайды.
Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет берушінің жинақтау бөліміне береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы береді.
6. Мынадай рәсімдерді (әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімінің (әрекеттің) нәтижесі:
1) өтінішті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) басшысының қарауы;
2) заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) жауапты орындаушысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу болып табылады.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызмет регламентіне:
1, 2 және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік кґрсетілетін қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал ) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту;
порталда – заңды тұлғаны тарату туралы (филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы) бұйрық немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ күәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту "жеке кабинетке" жіберіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) мемлекеттік корпорацияның инспекторы – құжаттарды қабылдау және беру;
2) мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің инспекторы – тіркелімді жасайды және уәкілетті органға жібереді;
3) басқарма (бөлім) басшысы құжаттарды тіркелім бойынша қабылдайды;
4) заңды тұлғаларды тіркеу басқарманың (бөлім) жауапты орындаушысы – заңды тұлғаны, филиалды мен (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізеді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық құжат нысанында:
тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;
заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;
заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;
жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;
заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар ерендігі тану туралы;
құрылатын заңды тұлға атауының тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы;
заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы;
көрсетілген мерзімге тіркелген заңды тұлға туралы;
құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы;
заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтамалар беру
"Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңның 11-бабына сәйкес төменде көрсетілген анықтамалар келесі жағдайларда:
"Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп тану немесе оның қатысушыларының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар екендігі туралы" анықтама мына жағдайларда:
егер заңды тұлға тұлғаның өзі туралы мәліметтерді сұратса;
егер жеке тұлға өзі басшы немесе құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса;
егер жеке тұлға өзінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтерді сұратса;
егер заңды тұлға өзінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтерді сұратса;
егер заңды тұлға өзі құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса, ұсынылады.
"Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы" анықтама мына жағдайларда:
егер заңды тұлға тұлғаның өзі туралы мәліметтерді сұратса;
егер жеке тұлға өзі басшы немесе құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса;
егер заңды тұлға өзі құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса, ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Әділет Министрі | М. Бекетаев |