"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 наурызда № 16555 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9 Сарапшыларды сыртқы мемлекеттік аудит жүргізуге тартудың қажеттілігі:

      1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мүшелерінің аудиторлық іс-шара жүргізуге арналған өтінім жасауы;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;

      3) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу кезінде айқындалады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сарапшылар Қағидаларда айқындалған ішкі сараптамалардан өтуді ескере отырып, жиналған дәлелдемелер негізінде аудиторлық қорытындыға және жиынтық тізілімге тұжырымдар мен ұсынымдарды қалыптастырады.

      Сарапшылар мемлекеттік аудит барысында алынатын немесе жасалатын құжаттарды үшінші адамдарға беру не болмаса оларда қамтылған мәліметтерді ауызша жариялау құқығынсыз олардың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
      атқарылуын бақылау жөніндегі
      есеп комитетінің Төрайымы Н. Годунова

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2018 жылғы
26 ақпандағы № 5-НҚ
нормативтік қаулысына
1-қосымша
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
5-қосымша

700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 19-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Стандарттың мақсаты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – мемлекеттік аудит органдары) жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) тануына бірыңғай әдіснамалық тәсілді белгілеу болып табылады.

      3. Стандарттың міндеттері мемлекеттік аудит органдары жүргізетін мемлекеттік аудиттің қайталануын болдырмау және көлемдерін қысқарту үшін мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды жүзеге асыру бойынша бірыңғай рәсімдер мен талаптарды айқындау болып табылады.

      4. Стандарт мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарына сәйкес әзірленді, мемлекеттік аудит органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит стандарттары) сақтаған жағдайда, мемлекеттік аудит нәтижелерін тануға арналған.

      5. Тану жүргізілген аудиттің және оның нәтижелерінің заңдылығын дәлелдеу болып табылмайды.

2-тарау. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану тәртібі

      6. Мемлекеттік аудит органдары ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, егер оларды:

      1) сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз;

      2) Есеп комитеті Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес емес деп танымаса, басқа мемлекеттік аудит органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін таниды.

      Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану жоспарланатын немесе жүргізілетін мемлекеттік аудиттің ауқымына өзгеріс жасауға әкеп соғады.

      7. Есеп комитеті мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды мынадай тәсілдердің біреуі арқылы:

      1) Заңға сәйкес қалыптастырылған, Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу барысында жүргізілетін жоспарлы;

      2) басқа мемлекеттік аудит органының мақсаты, аудиторлық іс-шарамен қамтылған кезеңі бойынша Есеп комитетінің аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келетін мемлекеттік аудит жүргізу фактісі анықталған мемлекеттік аудит объектілерінде аудит жүргізу барысында жүргізілетін жедел;

      3) мемлекеттік аудит органдарының сұрау салулары негізінде жүзеге асырады.

      8. Осы Стандарттың 7-тармағының 1) тармақшасы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты ретінде айқындалған топ Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.

      9. Осы Стандарттың 7-тармағының 2) тармақшасы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды мемлекеттік аудит объектісінде аудитті тікелей жүргізетін аудиторлар жүзеге асырады.

      10. Осы Стандарттың 7-тармағының 3) тармақшасы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

      11. Есеп комитетінің мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі аудиторлық іс-шараны жүргізуге дайындыққа жүргізіліп жатқан сапа бақылауы және аудиторлық есептердің сапа бақылауы шеңберінде осы Стандарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшалары бойынша тану рәсімінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

      12. Мемлекеттік аудит органдарынан сұрау салулар түскен кезде Есеп комитетінің мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі нақты аудит нәтижелерінің Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкестігін тану, соның ішінде жүргізіліп жатқан аудиторлық іс-шаралар шеңберінде тану фактісінің болуы немесе болмауы туралы анықтама (еркін нысанда) дайындайды. Анықтама сұрау салуды жолдаған мемлекеттік аудит органына сұрау салу түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

      13. Мемлекеттік аудит органдарының сұрау салуларында басқа мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудит нәтижелерін танымау үшін негізделген дәлелдер болған кезде, Есеп комитетінің мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі сұрау салу түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Есеп комитетінің Төрағасы алдында мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімін жүргізу мәселесіне бастамашылық жасайды.

      14. Тану рәсімі осы Стандарттың 18-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

      15. Осы Стандарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік аудит нәтижелерін тану тәсілі Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕК ИАЖ) арқылы сұрау салулар жолымен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік аудит органдарының ақпараттық жүйелері Есеп комитетінің ЕК ИАЖ-бен интеграцияланғанға дейін нәтижелерді тану рәсімін жүргізу туралы сұрау салу электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін көрсетілген рәсімдерді жүргізудің бастамашысы ұсынған және (немесе) Бірыңғай дерекқорға орналастырылған материалдарды зерделеу жүзеге асырылады.

      17. Зерделенетін материалдардың жеткіліксіздігі, олардың толық болмауы және (немесе) олардың анықтығына күмән келтірілген жағдайда, Есеп комитеті мемлекеттік аудит нәтижелеріне тану рәсімі жүргізілетін тиісті мемлекеттік аудит органына сұрау салуды жүзеге асырады.

      Сұратылатын ақпаратты ұсыну мерзімдерін Есеп комитеті белгілейді және олар мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімінің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды және жеткілікті болып табылады.

      18. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану:

      1) жоспарлы тәсілде – аудиторлық іс-шара жүргізу үшін Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12557 болып тіркелген) бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес объектілерді алдын ала зерделеу үшін белгіленген мерзімдерде;

      2) жедел тәсілде – мемлекеттік аудит объектісінде басқа мемлекеттік аудит органының мемлекеттік аудит жүргізу фактісі анықталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде;

      3) мемлекеттік аудит органдарының сұрау салуы болғанда – сұрау салу түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      19. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттарының негізінде айқындалады.

      20. Мына бұзушылықтардың бірі:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №167 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарының 84-тармағына сәйкес Қағидалар талаптарына сәйкес бекітілген Аудит бағдарламасы (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы) мәселелерінің толық қамтылуын қамтамасыз етпеу;

      2) Аудит бағдарламасында көзделген мәселелердің отыз және одан көп пайызының толық ашылуын қамтамасыз етпеу;

      3) үш және одан көп жағдайларда (фактілерде) бұзушылықтардың болу фактілерін тіркеу бойынша талапты сақтамау анықталған жағдайларда жүргізілген тану рәсімінің қорытындылары бойынша аудиторлық есеп Стандарттарға сәйкес емес деп танылады және Есеп комитетінің сарапшылық қорытындысында көрсетіледі.

      21. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімінің қорытындылары бойынша мынадай:

      1) тану (Мемлекеттік аудит стандарттары сақталған кезде не Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтамау мемлекеттік аудит нәтижелеріне әсер етпеген кезде);

      2) танымау (Мемлекеттік аудит стандарттарын сақтамау мемлекеттік аудит нәтижелеріне әсер еткен кезде) туралы шешім қабылданады.

      22. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары:

      1) осы Стандарттың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспарлы тәсіл үшін – мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратқа тұжырымды қоса отырып, тиісті мемлекеттік аудит объектісі бойынша осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанмен мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) қорытындылары бойынша Есеп комитетінің сарапшылық қорытындысымен ресімделеді;

      2) осы Стандарттың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жедел тәсіл үшін – аудиторлық есепке тұжырымды қосып, аудиторлық есепке қорытындыны қоса бере отырып, осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысанмен мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) қорытындылары бойынша Есеп комитетінің сарапшылық қорытындысымен ресімделеді;

      3) осы Стандарттың 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит органдарының сұрау салулары бойынша - осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанмен мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) қорытындылары бойынша Есеп комитетінің сарапшылық қорытындысымен ресімделеді және оған қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды жүргізу рәсімінің бастамашысына және аудит нәтижелеріне тану рәсімі жүргізілген мемлекеттік аудит органына жіберіледі.

      23. Есеп комитеті мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындыларын "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген) көзделген тәртіппен Есеп комитетінің ИАЖ негізінде қалыптастырылған Бірыңғай дерекқорға орналастырады.

  Мемлекеттік аудит нәтижелерін
тану бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік аудит стандарттарының сақталуы мәніне мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттары

Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттары

Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкессіздіктердің анықталған фактілері

1

Аудит бағдарламасында айқындалған мемлекеттік аудит объектілері мен мәселелердің толықтығы және мемлекеттік аудиттің мақсаты мен көрсеткіштеріне сәйкестігі


2

Мемлекеттік аудитпен қамтылған мәселелердің толық қамтылуы және Аудит бағдарламасында көрсетілген мәселелерге сәйкестігі


3

Аудит бағдарламасы мәселелерінің толық талдануы


4

Бақылау өлшемін, тексеріп қарауды жүргізу (оларды жүргізу қажет болған жағдайда) бойынша талаптың сақталуы


5

Бұзушылықтардың болу фактілерін тіркеу бойынша талаптардың сақталуы


 
  Мемлекеттік аудит нәтижелерін
тану бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына
2-қосымша
нысан
Келісілді
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің мүшесі
____________________________
(қолы, қолтаңбасының толық жазылуы, күні)

Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) қорытындылары бойынша Есеп комитетінің сарапшылық қорытындысы

      (осы Стандарттың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жағдайларда)

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      (тану рәсімі жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылдаған құжаттың атауы)

Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттары

Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкессіздіктердің анықталған фактілері
(нақты фактілерге сілтемелер көрсетіле отырып)

1

2

3

      Тұжырым: (Стандарттарға сәйкес келеді немесе Стандарттарға сәйкес келмейді). Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі ______________________________________

      (қолы, қолтаңбасының толық жазылуы, күні)

      Есеп комитетінің мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________________________________________

      (қолы, қолтаңбасының толық жазылуы, күні)

      Сапа бақылауының нәтижесі _________________________________________________

                                          (Келісілді немесе келісілмеді)

      Есеп комитетінің сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық

      бөлімшесінің басшысы _____________________________________________

      (қолы, қолтаңбасының толық жазылуы, күні)

 
  Мемлекеттік аудит нәтижелерін
тану бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына 3-қосымша
нысан

Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) қорытындылары бойынша Есеп комитетінің сарапшылық қорытындысы

      (осы Стандарттың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жағдайларда)

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      (тану рәсімі жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылдаған құжаттың атауы)

Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттары

Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкессіздіктердің анықталған фактілері
(нақты фактілерге сілтемелер көрсетіле отырып)

1

2

3

      Тұжырым:

      (Стандарттарға сәйкес келеді немесе Стандарттарға сәйкес келмейді).

      Мемлекеттік аудитор ______________________________________________________

      (қолы, қолтаңбасының толық жазылуы, күні)

  Мемлекеттік аудит нәтижелерін
тану бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына 4-қосымша
нысан
Бекітемін
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы
___________________________
(қолы, қолтаңбасының толық
жазылуы, күні)

Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) қорытындылары бойынша Есеп комитетінің сарапшылық қорытындысы

      (осы Стандарттың 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жағдайларда)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тану рәсімі жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылдаған құжаттың атауы)

Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану өлшемшарттары

Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкессіздіктердің анықталған фактілері (нақты фактілерге сілтемелер көрсетіле отырып)

1

2

3

      Тұжырым:

      (Стандарттарға сәйкес келеді немесе Стандарттарға сәйкес келмейді)

      Есеп комитетінің мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      ___________________________________________________________

      (қолы, қолтаңбасының толық жазылуы, күні)

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
2-қосымша
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
5-қосымша

      750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына және 24-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізетін мемлекеттік аудиттің, мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыруға және оның нәтижелерін ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.

      3. Стандарттың мақсаты сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің және мемлекеттік аудиторлардың, сондай-ақ мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың іс-қимылдарының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12557 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Стандарттың міндеті мемлекеттік аудиттің, мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалардарының) сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша рәсімдік талаптарға қойылатын бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.

      5. Мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау деп мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиторлардың, мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың Қағидаларда айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтауын тексеру түсініледі.

2-тарау. Сапа бақылауын ұйымдастыру

      6. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары құжаттарды Қағидаларда айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне тұрақты түрде тексеру жолымен сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      7. Сапа бақылауын құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қатысуымен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

      8. Сапа бақылауын жүргізуге сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының осы мемлекеттік аудитке қатыспаған, мемлекеттік аудитке тәуелсіз баға бере алатын мемлекеттік аудиторлары тартылуы мүмкін.

      9. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының аудиторлық іс-шараны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің және мемлекеттік аудиторлар тобының басшылары өз уәкілеттіктері шегінде мемлекеттік аудиттің сапасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      10. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері мемлекеттік аудит материалдарына талдау жасайды, сараптама жүргізеді және оның нәтижелеріне объективті баға береді.

      11. Сапа бақылауына сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметінің барлық кезеңдері, сондай-ақ мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалдардың) қорытындысы жатқызылады.

      12. Сапа бақылауы сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары айқындайтын өлшемшарттар негізінде дайындық жүргізуден бастап, толық іске асырылуына дейінгі мемлекеттік аудит материалдарын тексеруді білдіреді.

      13. Сапа бақылауының қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды әзірленеді, ол сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының аудиторлық іс-шараны ұйымдастыру және жүзеге асыруға жауапты мүшесіне және мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

      Сараптамалық қорытындыда сапа бақылауы өлшемшарттарының бөлінісінде ережелері бұзылған құжаттарға, нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тармақтарына сілтеме жасала отырып, нақты фактілерді көрсету арқылы бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің анықталған фактілері, сондай-ақ сапа бақылауының нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетіледі.

      14. Мемлекеттік аудит материалдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудиторлардың аудиторлық есептеріне, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне шыға отырып, олар жүргізген мемлекеттік аудиттің жекелеген бағыттарына қайта тексеру жүргізудің қажеттілігін айқындайды.