Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 187 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9483 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 128 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13802 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 9 қаулысымен бекітілді |
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидалары
1. Осы Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беруді уәкілетті орган шығарылым туралы мынадай мәліметтер қамтылатын ұлттық бірдейлендіру нөмірін беру туралы электрондық сұрату негізінде жүргізеді:
1) мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі, олардың толық атауы (қысқартылған атауы, аббревиатурасы);
2) шығарылым валютасы;
3) айналыс мерзімі;
4) эмитент пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірі;
5) болжанған орналастыру күні;
6) өтеу күні.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беруді уәкілетті орган эмитенттің еркін нысанда жасалған және Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген осы шығарылым туралы мәліметтер қамтылатын жазбаша сұратуы негізінде жүргізеді.
4. Эмитент болжап отырған біреуден асатын, оның ішінде белгілі бір уақыт кезеңінен бұрынғы шығарылым үшін Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беруге бір сұрату жасауға рұқсат етіледі.
5. Уәкілетті орган эмитенттің сұратуын алғаннан кейін оның мына бөліктерде жасалуын тексереді:
1) Қағидалардың 2-тармағына сәйкес сұратуда көрсетілуге тиіс мәліметтердің толықтығы;
2) мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті түрінің шығарылымын көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар түрін белгілеудің дұрыс көрсетілу;
3) мемлекеттік бағалы қағаздардың болжанған шығарылымының реттік нөмірінің уәкілетті органдағы мемлекеттік бағалы қағаздардың осы түрінің алдыңғы шығарылымдары туралы ақпаратқа сәйкес келу.
6. Эмитенттің сұратуында көрсетілген мәліметтер Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган ұлттық бірдейлендіру нөмірін береді және сұратуға мыналар қамтылатын электрондық не жазбаша жауап жібереді:
1) эмитент пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірі;
2) ұлттық бірдейлендіру нөмірі (егер ол берілсе);
3) бас тарту себебі (егер ұлттық бірдейлендіру нөмірін беруден бас тартылса).
7. Уәкілетті орган эмитенттің ұлттық бірдейлендіру нөмірін беруге сұратуын оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды (осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда).
Егер эмитент алты және одан астам болжанған шығарылымдар үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беруге сұрату жасаса, уәкілетті орган эмитенттің сұратуын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін береді.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың ұлттық бірдейлендіру нөмірін тізіп шығу Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірін беру үлгісі Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың ұлттық бірдейлендіру нөмірінің төртінші позициясын толтырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің кодтары пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар кодтары Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар кодтары Қағидаларға 3-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар кодтары Қағидаларға 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
Ұлттық бірдейлендіру нөмірін тізіп шығу кезінде әріптік символдарды сандармен ауыстыру Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды сандармен ауыстыру кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік бағалы қағаздардың ұлттық бірдейлендіру нөмірін тізіп шығу
1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың ұлттық бірдейлендіру нөмірін (бұдан әрі – ҰБН) құру үшін араб цифрлары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері ("I" және "О" әріптерінен басқа) пайдаланылады.
2. ҰБН-ға тыныс белгісімен бөлінбеген, қатарынан он екі символ (солдан оңға санағанда) кіреді және мына үш бөліктен тұрады:
1) ҰБН-ның бірінші және екінші позицияларында орналасқан символдар эмитент елінің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін "КZ" коды пайдаланылады);
2) ҰБН-ның үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан символдар осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес жасалатын негізгі нөмірлер болып табылады;
3) ҰБН-ның он екінші позициясында орналасқан символ осы қосымшаның 10-тармағына сәйкес есептелетін тексеру цифрі болып табылады.
3. ҰБН-ның үшінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін білдіреді:
1) "К" - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
2) "W" - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
3) "А" - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы;
4) "Z" - Астана қаласының жергілікті атқарушы органы;
5) "М" - облыстардың жергілікті атқарушы органдары.
4. ҰБН-ның төртінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың кодын білдіреді:
1) "1" символы – шығарылымының талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша төленетін сыйақыны индекстеу көзделмейтін құжаттамасыз дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
2) "2" символы – шығарылымының талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша төленетін сыйақыны индекстеу көзделмейтін құжаттамасыз купондық бағалы қағаздар;
3) "3" символы – шығарылымының талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша көрсеткішке төленетін сыйақыны ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттамасыз дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
4) "4" символы – шығарылымының талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша көрсеткішке төленетін сыйақыны ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттамасыз купондық бағалы қағаздар;
5) "5" символы – шығарылымының талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша төленетін сыйақыны индекстеу көзделмейтін құжаттамалы дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
6) "6" символы – шығарылымының талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша төленетін сыйақыны индекстеу көзделмейтін құжаттамалы купондық бағалы қағаздар;
7) "7" символы – шығарылымының талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша көрсеткішке төленетін сыйақыны ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттамалы дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
8) "8" символы – шығарылымының талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша көрсеткішке төленетін сыйақыны ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттамалы купондық бағалы қағаздар;
9) "9" символы – Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтемақы төлеу мақсатында шығарылған құжаттамасыз купондық бағалы қағаздар;
10) "А" символы – орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленетін құжаттамасыз купондық бағалы қағаздар;
11) "В" символы – орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленетін құжаттамасыз купондық бағалы қағаздар;
12) "С" символы – орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленетін құжаттамасыз купондық бағалы қағаздар;
13) "D" символы – орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалған, купон деп аталатын сыйақы төленетін құжаттамасыз купондық бағалы қағаздар;
14) "Е" символы – республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді бағалы қағаздары;
15) "F" символы - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді бағалы қағаздары;
16) "G" символы – республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздары;
17) "Н" символы – республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздары;
18) "J" символы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздары.
5. ҰБН төртінші позициясын толтыру кезінде пайдаланылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің кодтары Қағидаларға 3-қосымшаның 1, 2 және 3-кестелерінде берілген.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрі шығарылған жағдайда ҰБН-ның төртінші позициясында орналасқан және мемлекеттік бағалы қағаздардың кодын білдіретін символ ретінде алдыңғылардан кейінгі латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері ("I" және "О" әріптерінен басқа) пайдаланылады.
6. ҰБН-ның бесінші позициясында орналасқан символ шығарылымның валютасын білдіреді:
1) "К" – қазақстандық теңге;
2) "U" – АҚШ доллары;
3) "Е" – еуро.
7. ҰБН-ның алтыншы позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірлігін білдіреді:
1) "Ү" – жылдар;
2) "М" – айлар;
3) "W" – апталар;
4) "D" – күндер.
8. ҰБН-ның жетінші және сегізінші позицияларында орналасқан символдар мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті өлшем бірлігіндегі айналыс мерзімін білдіреді.
Егер айналыс мерзімі оннан аз тиісті өлшем бірлігін құраса, онда ҰБН-ның жетінші позициясында "0" (нөл) символы көрсетіледі.
9. ҰБН-ның тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан символдар мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының уәкілетті орган пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірін білдіреді.
Егер шығарылымның реттік нөмірі жүзден кем болса, онда ҰБН-ның тоғызыншы позициясында "0" (нөл) символы көрсетіледі.
Егер шығарылымның реттік нөмірі оннан кем болса, онда оныншы позицияда (ҰБН-ның тоғызыншы позициясындағы "0" символына қосымша) "0" (нөл) символы көрсетіледі.
Егер шығарылымның реттік нөмірі тоғыз жүз тоқсан тоғыздан асып кетсе, онда оның бірінші цифрі көрсетілмейді.
10. Тексеру цифрі былайша есептеледі:
1) 1-қадам: осы қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасына, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес ҰБН-ның алғашқы он бір позициясы толтырылады;
2) 2-қадам: ҰБН-ның позицияларында орналасқан әріптік символдар Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес сандармен ауыстырылады;
3) 3-қадам: алынған сандық қатардағы (оның оң жақ шетінен бастап) әрбір цифр мына коэффициентке көбейтіледі: "2" – ҰБН-ның тақ позицияларында орналасқан цифрлар үшін немесе "1" – ҰБН-ның жұп позицияларында орналасқан цифрлар үшін;
4) 4-қадам: 3-қадамды орындау нәтижесінде алынған цифрлар қатары қосылады;
5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0" болып аяқталса, онда тексеру цифрі "0" болады. Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және онға еселі сандардың ең азы болатын соманы шегеру нәтижесі тексеру цифрі болады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірін беру үлгісі
Берілді (үлгінің талаптары):
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алты ай айналыс мерзімімен мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелерін (бұдан әрі – МЕККАМ) айналысқа шығарады. Эмитент пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірі – 123.
1-қадам:
ҰБН позицияларының нөмірлері | Символдар | Түсініктемелер |
1-2 | KZ | Эмитент елінің таңбалануы (Қағидаларға 1-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы) |
3 | К | Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің таңбалануы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті ретінде "К" символы сәйкес келеді (Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тармағының 1) тармақшасы) |
4 | 1 | Мемлекеттік бағалы қағаздар кодының таңбалануы: МЕККАМ-ға "1" символы сәйкес келеді (Қағидаларға 1-қосымшаның 4-тармағының 1) тармақшасы және 3-қосымшаның 1-кестесі) |
5 | К | Шығарылым валютасын таңбалау: МЕККАМ номиналды құны "К" символы сәйкес келетін қазақстандық теңгеде көрсетіледі (Қағидаларға 1-қосымшаның 6-тармағының 1) тармақшасы) |
6 | М | Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімін өлшеу бірліктерін таңбалау: МЕККАМ айналыс мерзімі "М" символы сәйкес келетін айлармен өлшенеді (Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағының 2) тармақшасы) |
7-8 | 06 | Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімін айлармен таңбалау: осы шығарылымдағы МЕККАМ-ның айналыс мерзімі 10 айдан аз болғандықтан, ҰБН жетінші позициясында "0" (нөл) символы көрсетіледі (Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағы) |
9-11 | 123 | Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірін таңбалау (Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағы) |
Нәтижесінде осы шығарылымның МЕККАМ ҰБН (ҰБН он екінші позициясындағы тексеретін цифрсіз) былайша болады:
K | Z | K | 1 | K | M | 0 | 6 | 1 | 2 | 3 |
2-қадам:
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды сандармен ауыстыру кестесіне сәйкес әріптік символдарды сандармен ауыстыру:
1 | 9 | 3 | 3 | 1 | 9 | 1 | 1 | 9 | 2 | 1 | 0 | 6 | 1 | 2 | 3 |
3-қадам:
Алынған сандық қатар цифрларын (оның оң жақ шетінен бастап) коэффициентке көбейту: "2" - ҰБН тақ позицияларында тұрған цифрлар үшін немесе "1" - ҰБН жұп позицияларында тұрған цифрлар үшін:
сандық қатар (3-қадамның орындалу нәтижесі):
1 | 9 | 3 | 3 | 1 | 9 | 1 | 1 | 9 | 2 | 1 | 0 | 6 | 1 | 2 | 3 |
көбейту коэффициенттері:
1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 |
көбейту нәтижесі:
1 | 1 | 8 | 3 | 6 | 1 | 1 | 8 | 1 | 2 | 9 | 4 | 1 | 0 | 6 | 2 | 2 | 6 |
4-қадам:
3-қадамды орындау нәтижесінде алынған қатардың цифрларын қосу:
1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 1 + 1 + 8 + 1 + 2 + 9 + 4 + 1 + 0 + 6 + 2 + 2 + 6 = 62
5-қадам:
4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0"-ге аяқталмайтындықтан, осы сомадан асатын және онға еселі сандардың ең азы болатын сан анықталады. 62 сомасы үшін осындай сан 70 болады. Тиісінше, тексеру цифрі 8-ге тең (70 - 62).
Осы эмиссияның мемлекеттік бағалы қағаздарының толық ұлттық бірдейлендіру нөмірі мынаған тең:
K | Z | K | 1 | K | M | 0 | 6 | 1 | 2 | 3 | 8 |
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидаларына 3-қосымша 1-кесте |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар кодтары
Бағалы қағаз түрі | Код |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) | 1 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) | 2 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ) | 3 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелері (МЕОКАВМ) | 4 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) | A |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МУИКАМ) | B |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МОИКАМ) | C |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) | D |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МАОКАМ) | N |
2-кесте |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар кодтары
Бағалы қағаз түрі | Код |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде номинирленген қысқа мерзімді ноты | 1 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасында номинирленген қысқа мерзімді ноты | 3 |
3-кесте |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар кодтары
Бағалы қағаз түрі | Код |
Жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімді бағалы қағаздары | Е |
Жергілікті атқарушы органдардың ұзақ мерзімді бағалы қағаздары | F |
Жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздары | G |
Жергілікті атқарушы органдардың ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздары | H |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздары | J |
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру қағидаларына 4-қосымша |
Әріптік символдарды сандармен ауыстыру кестесі
A | 10 | F | 15 | L | 20 | R | 25 | W | 30 |
B | 11 | G | 16 | M | 21 | S | 26 | X | 31 |
C | 12 | H | 17 | N | 22 | T | 27 | Y | 32 |
D | 13 | J | 18 | P | 23 | U | 28 | Z | 33 |
E | 14 | K | 19 | Q | 24 | V | 29 |