"Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 590 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 16086 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10285 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде:

      9, 10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мына тұлғаларды:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзіне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерін орындаудан шеттетiлгендердi;

      4) егер бала асырап алуды сот олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы асырап алушыларды;

      5) денсаулық жағдайы бойынша баланы қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін орындай алмайтын адамдарды;

      6) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген адамдарды;

      8) азаматтығы жоқ адамдарды;

      9) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

      10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

      12) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы қылмыстық құқық бұзушылығы үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында көзделген біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес келетін тек кәмелетке толған тұлғалар патронат тәрбиешілер болып табылады.

      10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттарды:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасасу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

      2) тұлғаны куәландыру құжатын (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      3) егер патронат тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса, зайыбының (жұбайының) нотариалды куәландырылған келiсiмiн;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екендігін растайтын патронат тәрбиешi болуға тілек білдірген адамның денсаулық жағдайы туралы анықтаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманы;

      5) білімі туралы дипломның көшірмесін;

      6) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) сәйкес баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның, сондай-ақ егер ол некеде тұрса, оның жұбайының соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді;

      7) егер некеде тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;

      8) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.

      11. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша орган өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін жасайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.

      Қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң қорытынды алған тұлғалар туралы мәліметтерді Кодекстің 118-3-бабына сәйкес Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) енгізеді.

      Баланы патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген, оң қорытынды алған тұлғалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14666 болып тіркелген) бекітілген Республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес балаларды Республикалық деректер банкінде іріктеуді жүзеге асырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиешi) мен орган арасында баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адамдардың тұрғылықты жері бойынша жасалатын шарт:

      1) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын;

      2) патронат тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн;

      3) органның патронат тәрбиешiлерге қатысты мiндеттерiн;

      4) шартты тоқтатудың негiздерiн көздейді.

      Патронаттық тәрбиеге берілген әрбір балаға (балаларға) жеке (дербес) шарт жасалады.

      Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда оны ұзартуға болады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу шарттары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес мемлекеттiк білім беру мекемелерi тәрбиешілерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Патронат тәрбиеші қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу, сондай-ақ оның мүлкін басқару бойынша жұмыс туралы есептерді органға алты айда кемінде бір рет ұсынады.".

      осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1, 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.Ә. Оршубеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі
Е. Сағадиев

  Патронаттық тәрбие туралы
ережеге 1-қосымша
  Нысан
  Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті
атқарушы органы

      _____________________________________
мекенжайы бойынша тұратын, телефоны
_____________________________________
азамат (ша) ___________________________
_____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
және жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________
__________________________________

Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасасу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру туралы өтініш

      Мен, ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда), маған баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру

      туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды шығаруды сұраймын.

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымды тексеріп-қарауға қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға келісімімді беремін.

      20__жылғы "___" ____________ тұлғалардың қолы.

  Патронаттық тәрбие туралы
ережеге 2-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органының басшысы
  ____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
____________________________
20___ жылғы "__"
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген тұлғалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі

      Тексеріп-қарау жүргізілген күн _____________________________________________

      Тексеріп-қарауды жүргізген ________________________________________________

                        (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты

                                    (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны) ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын

      органның мекенжайы және телефоны: ___________________________________________

      1. ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) тұрғын үй-тұрмыстық

      жағдайлары тексерілді.

      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) __________________________________

      Нақты тұрғылықты жері _________________________________________________

      Білімі _________________________________________________________________

      Жұмыс орны ___________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) __________________________________

      Нақты тұрғылықты жері _________________________________________________

      Білімі _________________________________________________________________

      Жұмыс орны _____________________________________________________________

      2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы

      Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат

      ____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Тұрғын үйдің меншік иесінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Жалпы көлемі __________ (ш.м.) тұрғын көлемі __________________________ (ш.м.)

      Тұрғын бөлмелердің саны ______, тіркеуде тұрғандар __________________________

      (тұрақты, уақытша)

      Тұрғын үйдің жайлылығы ___________________________________________________

      (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі

      __________________________________________________________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны,сабақ

      дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б.бар болуы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны

Туыстық қатынастары

Ескерту

      4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________, оның ішінде жалақы,

      басқа да табыстар _________________________________________________________ (жазу).

      5. Отбасының сипаттамасы (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас,

      олардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық

      отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы) ______________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау себептері:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Қорытынды (балаларды отбасына патронатқа беру үшін жағдайдың бар болуы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі,аты-жөні) (күні)

      Таныстық: ________________________________________________________________________________

      (баланы (балаларды) отбасына патронатқа қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), күні, қолы)

  Патронаттық тәрбие туралы
ережеге 3-қосымша
Нысан
  Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
____________________________
20___ жылғы "__"
____________________________
  күні, қолы, мөрдің орны

Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты жасау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы

      " " _______ №___

      қорытынды

      Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы,

      ____________________________________________________________________

      Тұрғылықты жері:

      ____________________________________________________________________

      Отбасының сипаттамасы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Білімі және кәсіби қызметі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Денсаулық жағдайының сипаттамасы:

      ____________________________________________________________________

      Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау себептері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Баланың кандидатурасы бойынша тілектері ______________________________

      ____________________________________________________________________

      Қорытынды:

      ____________________________________________________________________