Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8642 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (28238) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетiлетiн қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) өтінім – табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органның ведомствосына берген реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның ішінде сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы ресми өтініші (арызы);
3) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;
4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы өтінім берген және шешім қабылдаған кезде, сондай-ақ тарифтік сметаларды орындау туралы есепті қарау кезінде уәкiлеттi органның ведомствосы және табиғи монополиялар субъектiлерi Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген) бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі – Ерекше тәртіп), өзге де табиғи монополиялар салаларындағы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді, салық заңнамасын басшылыққа алады;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге арналған өтiнiмге:
1) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба;
2) тариф (баға, алым ставкаларының) жобасы;
3) осы Қағидаларға 3-33-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша Ерекше тәртіптің 6-тармағының талаптарына сәйкес тарифтік сметалардың жобасы;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бухгалтерлік баланс (бұдан әрі – бухгалтерлік баланс);
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кірістер мен залалдар туралы есеп (бұдан әрі – кірістер мен залалдар туралы есеп);
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капиталдағы өзгерістер туралы есеп (бұдан әрі – капиталдағы өзгерістер туралы есеп);
8) Қағидалардың осы тармағының 4) – 7) тармақшаларында көзделген қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес статистикалық нысан бойынша еңбек бойынша есеп (коды 1211101, индексі 1-Т, мерзімділігі тоқсандық);
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығына 9-қосымшаға сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 болып тіркелген) нысан бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп (коды 0041104, индексі 1-ПФ мерзімділігі жылдық);
11) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларын) жобасын есептеу арналған жиынтық деректер;
12) тарифтік смета бойынша өзге және басқа шығыстардың толық жазылуы (табиғи монополия субъектілер қызметін жүзеге асыру үшін талап етілетін осы шығындардың қажеттілігін негіздей отырып тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сатып алынуын растайтын құжаттар);
13) қабылданған шешімнің нөмірі мен күнін көрсете отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуын растайтын құжат;
14) негiзгi құралдар құнының өсуіне алып келмейтін, ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
15) есепке алу саясаты (ол болған жағдайда);
16) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған персонал саны, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттіліктерінің есептеулері мен техникалық шығындардың есептеулері;
17) пайдалану мерзiмдерi көрсетiлген, инвестициялық бағдарлама (жоба) іске асырылғанға дейін пайдаланылатын және жылдар бойынша бөле отырып, инвестициялық бағдарлама (жоба) ұзақ мерзімді кезеңде іске асырылған кезде пайдалануға берілетін негiзгi құралдарға арналған амортизациялық аударымдардың есептеулері;
18) реттеліп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, табиғи монополия субъектісінің жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету мiндетi мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) деңгейін сақтау немесе өсіру мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол берілмеуін негізге ала отырып, тауар өндіру көлемінің есептеулері), тұтынушы сұранысын маркетингтік зерттеулер материалдары);
19) табиғи монополия субъектiсiнiң жобалық қуаты туралы және оның іс жүзінде пайдаланылуы туралы деректер;
20) амортизациялық аударымдардың пайдаланылуы туралы ақпарат.";
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық тарифті бекітуге өтiнiм беру жағдайларын қоспағанда, табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген конкурс (тендер) өткізу туралы талаптарды, сондай-ақ өзге тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы талаптарды бұзуы;";
көрсетілген бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес теңіз порты қызметтеріне арналған тарифтік смета нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
Субъектiнiң атауы _______________________
Теңіз порты** көрсететін қызметтерге тарифтік смета
р/с | Көрсеткіштердің атауы* | Өлшем бірлігі | Табиғи монополия субъектісінің жобасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
I | Тауарларды өндіруге және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы | мың теңге | |
оның ішінде: | |||
1. | материалдық шығындар, барлығы | ||
оның ішінде: | |||
1.1. | материалдар | ||
1.2. | отын | ||
1.3. | электр энергиясы | ||
2. | Еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар, барлығы | ||
оның ішінде: | |||
2.1. | жалақы | ||
2.2. | әлеуметтік салық | ||
3. | Негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы | ||
4. | Жөндеу, барлығы | ||
5 | Өзге шығындар*, барлығы | ||
Оның ішінде: | |||
5.1. | байланыс қызметтері | ||
5.2. | іссапар шығыстары | ||
5.3. | шаруашылық шығыстары | ||
5.4. | кадрларды даярлау | ||
5.5 | еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы | ||
5.6 | Басқа шығындар*, барлығы | ||
II | Кезең шығыстары, барлығы | ||
6. | Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы | ||
оның ішінде: | |||
6.1. | Әкімшілік персоналдардың жалақысы | ||
6.2. | Әлеуметтік салық | ||
6.3. | Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы | ||
6.4 | Коммуналдық қызметтер | ||
6.5. | Бөгде ұйымдардың қызметтері, барлығы | ||
Оның ішінде: | |||
6.5.1. | аудиторлық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер | ||
6.5.2. | Банк көрсететін қызметтері | ||
6.6. | іссапар шығыстары | ||
6.7. | өкілдік шығыстар | ||
6.8. | салықтар | ||
6.9. | Басқа шығыстар (таратып жазу қажет) | ||
7. | Сыйақыға (мүддесі үшін) төленетін шығыстар | ||
III | Барлық шығын | ||
IV | Пайда | ||
V | Барлық табыстар | ||
VI | Көрсетілген қызметтердің көлемі | нақты көріністе мың теңге | |
VII | Тариф (ҚҚС-сыз) | теңге/1 өнімге |
Ескертпе:
* - шығындар қажет болғанда кеңейтiлуi немесе толықтырылуы мүмкін
** - табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттеуге жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша беріледі
Қолы _____________________________________________________
(Табиғи монополия субъектiсiнің басшысы)
Мөр орны