"Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларын бекіту туралы және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 354 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 қарашада № 15955 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларын бекіту туралы және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 623 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 585 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11944 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төмен азық-түлік себеті құнының 45% мөлшерінде белгіленсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидаларында:

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жасөспірім қыздар мен әйелдер, жасы:

      14-тен 17-ге дейін;

      18-29;

      30-58;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30-58,5;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30-59;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30-59,5;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30-60;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30-60,5;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30-61;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30-61,5;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 30-62;

      58,5-ден жоғары;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59-дан жоғары;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5-тен жоғары;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60-тан жоғары;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5-тен жоғары;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61-ден жоғары;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5-тен жоғары;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62-ден жоғары;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5-тен жоғары;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63-тен жоғары.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының әртүрлі әлеуметтік және жыныстық-жас топтарына арналған азық-түлік себетінің құрылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14674 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 503 бұйрық) бекітілген тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларының 8, 9 және 10-бөлімдерінде көрсетілген.

      13. Қазақстан Республикасы халқының әртүрлі әлеуметтік және жыныстық-жас топтары үшін азық-түлік себетіне енгізілген тамақ өнімдерінің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы № 503 бұйрықпен бекітілген тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларының 11, 12 және 13-бөлімдерінде көрсетілген.";

      көрсетілген бұйрыққа 2, 3, 4 және 5-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_________ Т. Дүйсенова
Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономикаминистрі___________ Т. Сүлейменов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      _____________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 19 қазан