Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген, № 13 Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілері жинағында 2010 жылғы 7 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулық жағдайының сәйкестігіне қойылатын талаптарда:
1-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
1-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің қызметкерлері;";
1-тармақтың 1) тармақшасының он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері;";
1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері (өртті сөндіруге тікелей катысатын);";
1-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мына: азаматтық қорғау органдары (ІІ бағанда көрсетілгендерден басқа), техникалық, жедел-техникалық қызмет бөліністерінің қызметкерлері;";
1-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
Талаптарға 87-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы басқармасы (Н.Ш. Исабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның елтаңбалық мөрмен расталған көнсірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық түрде ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына (Н.Ш. Исабеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_____________ Е.Біртанов
2017 жылғы 04 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 586 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы №132 бұйрығына 87-қосымша |
Аурулардың атаулары | Бағандар | |||||||
I | II | III | IV | |||||
Дене бітімінің жеткіліксіз дамуы: | о | о | о | о | ||||
1) нақтылы лауазымда, қызмет түрінде талап етілетіндерден кем дене массасы, бойы немесе дене массасының индексі (ДМИ) | жз | жз | жз | жз | ||||
2) дәл сондай, қызметке орналасқан кезде бірінші рет анықталған. | жз | жз | жз | Жз |
Дене бітімінің даму деңгейі туралы қорытынды жасына қарай бұлшықеттері жүйесінің, бойының, дене массасының, кеуде көлемінің даму деңгейі қатаң жеке беріледі. Бұлшықеті жүйесінің дамуын бағалау кезінде тер асты-майы клетчаткасының түзелу дәрежесі, сондай-ақ ұзын бойлы адамның аз рельефті бұлшықеттері қаңқа бұлшықетінің ерекшеліктері ескеріледі.
Бұлшықет жүйесінің нашар дамуы бұлшықеттерінің босаңсуы, рельефтердің контурының болмауымен және бұлшықетінің, бұлшықет күшінің жетіспеушілігімен сипатталады.
Ағзасы және қоректенуі, пропорциялық дене бітімі жақсы дамыған қызметке орналасушылар мына жағдайларда қатардағы және басшы құрам адамдары лауазымына қызметке жарамды деп танылады:
І, ІІ баған бойынша куәландырылушылар бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см), дене массасының индексі кемінде 18,5 кг/м2; азаматтық қорғану органдарына (өрт сөндіруге тікелей қатысатындар) бойы кемінде 165 см, дене массасының индексі кемінде 19 кг/м2;
III, IV бағандар бойынша куәландырылушылар бойы кемінде 165 см (әйелдер үшін – 160 см), ДМИ кемінде 18,5 кг/м2;
Орта мектепті бітірген соң оқу орындарына түсуші және 21 жасқа дейінгі қызметке орналасушы, дене бітімі жеткіліксіз дамыған азаматтарға түтіктік сүйектердің өсу аймақтарына рентгенеографиялық зерттеу жүргізу қажет.
Түтіктік сүйектердің өсу аймағы жабық, ағза бітімі жеткіліксіз дамыған адамдар 1) тармақша бойынша куәландырылады. Жыныс мүшесінің кеш жетілуінің салдарынан өсу аймағы ашық, дене бітімі жеткіліксіз дамыған 21 жасқа дейінгі қызметке орналасушылар 2) тармақша бойынша қызмет түрлеріндегі қызметке жарамды деп танылады.
Түтіктік сүйектердің ашық өсу аймақтары бар дене бітімінің жеткіліксіз дамыған 17-18 жастағы оқуға түсушілер асқазан-ішек жолы, эндокринді жүйе, созылмалы инфекция, интоксикация жағынан өзгерістер болмаған, дене бітімінің одан әрі даму мүмкіндігін есептей отырып, жақын аралықтағы анамнезге негізделген бойы 2 см-ге, салмағы ДМС 18,0 кг/м2 аз ғана қалыс қалушылық пен қолайлы болжам болған жағдайларда оқуға түсуге жарамды деп танылады.
Күндізгі оқу нысанына оқуға түсушілерге ӘДК қорытындысы "оқуға түсушілер" деген бөлім бойынша шығарылады:
І баған бойынша жедел тергеу факультеттеріне оқуға түсуге кандидаттарға;
ІІ баған бойынша азаматтық қорғану, төтенше жағдайлардан қорғау және азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды даярлайтын факультеттерге оқуға түсуге кандидаттарға шығарылады;
ІІІ баған бойынша ақпараттық және техникалық мамандар даярлайтын факультетке оқуға түсуге кандидаттарға шығарылады;
Осы Талаптардың III, IV бағандарына жатқызылған қатардағы және басшы құрам адамдар І, ІІ баған бойынша лауазымдарға ауысқан кезде мыналар міндетті түрде ескерілсін: бойы кемінде 170 см (әйелдер 160 см).
Бірқатар сырқаттарға ("гипофоз, қалқанша, айырша және басқа бездердің сырқаттары, нефрогендік остеопатиялар, бауыр сырқаттары, созылмалы инфекциялар, интоксикациялар және т.б.) байланысты дене бітімі жеткіліксіз дамыған адамдар Талаптарға қосымшалардың тиісті тармақшалары бойынша куәландырылады.
* дене массасы (кг)
ДМС:=---------------------- формуласы бойынша анықталады.
Дененің ұзындығы (м2)