"Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына өзг

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15720 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10176 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларында және олардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

      15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Бюджеттік бағдарламаның түрі" деген жолда:

      "мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты" деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаның мынадай түрлерінің бірі көрсетіледі:

      республикалық;

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;

      аудандық (қалалық);

      республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала бюджеттерінің құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары;

      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;

      аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;

      аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары көрсетіледі;

      "мазмұнына байланысты" деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаның мынадай түрлерінің бірі көрсетіледі:

      мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;

      бюджеттік кредиттер беру;

      бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;

      күрделі шығыстарды жүзеге асыру;

      мемлекет міндеттемелерін орындау;

      нысаналы салым салу;

      нысаналы аударым;

      "іске асыру тәсіліне қарай" деген жол бойынша жеке не бөлінетін бюджеттік бағдарлама көрсетіледі;

      "ағымдағы/даму" деген жол бойынша ағымдағы бюджеттік бағдарлама не бюджеттік даму бағдарламасы көрсетіледі;

      мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындарды қамтитын бюджеттік бағдарламалар бойынша "мазмұнына байланысты", "ағымдағы/даму" деген жолдар бойынша бюджеттік бағдарламаның түрі көрсетілмейді;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынылатын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджетінің құрамында бекітілетін бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін 2018 – 2020 және одан кейінгі жылдарға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары әзірленеді және бекітіледі.

      Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін 2020 – 2022 жылдарға және одан кейінгі жылдарға аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары әзірленеді және бекітіледі.

      Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін 2018-2020 және 2019 – 2021 жылдарға аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары әзірленеді және бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің құрамында бекітілетін бюджеттік бағдарламаларының жобалары аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджеттері бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісу бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі басшысының өкімімен бекітіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бюджеттік бағдарламалар жобалары осы Қағидалардың 18-22-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік органдармен келісіледі.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бір мезгілде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға адресаты "Мемлекеттік органдарға (тізім бойынша)" деп көрсетіле отырып және көрсетілген тиісті мемлекеттік органдар тізімін қоса, мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған бір ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджеттің мәслихаты бекіткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына келісуге ұсынылады.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты тиісті жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына келісуге ұсынылады.

      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен бір мезгілде жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансферттерді аударатын бюджеттік бағдарламалары әкімшісіне келісуге ұсынылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оларды басқа мемлекеттік органдармен келісуді талап етпейді.

      Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда, бас тарту себебі негізделеді.

      Бюджеттік бағдарламалардың жобалары келісуге жіберілген мемлекеттік органдар оларды алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бюджеттік бағдарламалар жобаларын ұсынған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындайды немесе олардың жоқ екендігі туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ескертулерінде кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар қамтылуы тиіс, сондай-ақ тікелей оның құзыреті мәселелеріне қатысты, негізделген және толық болуы тиіс.

      Ескертулер болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтайды.

      Келісуші мемлекеттік органдардың ескертулерімен келіспеген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осындай әрбір ескерту бойынша келіспейтіндігін жазбаша түрде негіздей отырып, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бұрыштама қол қоюға жібереді.

      Келісуші мемлекеттік органдарға "ескертулері бар" бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге жол берілмейді.

      Келісуші мемлекеттік орган тұжырымдамалық сипаттағы ескертулердің болуына байланысты бюджеттік бағдарламаның жобасын келісуден бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік орган осындай ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімін көрсете отырып, дәлелді жауап береді.

      Бұл ретте, мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден олар берген ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімін көрсетпей бас тартуға жол берілмейді.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының қосымшалары бар бюджеттік бағдарламаларды бекіту жөніндегі бұйрығының барлық парақтарына осы бұйрықты келісуге жіберген мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы не оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының не олар уәкілеттік берген лауазымды тұлғалардың бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нысаналы трансферттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің түпкілікті келісуі ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей осы нысаналы трансфертті бөлу жөніндегі жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы басшысының бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Бұрыштама қол қою мемлекеттік орган басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның лауазымының атауын, бұрыштама қол қоюшының жеке қолын, қолын таратып жазуды, күні мен елтаңбалы мөрін қамтиды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтың соңғы бетінің төменгі сол жақ бұрышында орналастырылады және "КЕЛІСІЛДІ" деген сөзден тұрады.

      Нысаналы трансферттерді бөлетін, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі тиісті жергілікті бюжеттік бағдарламаның бірінші бетіндегі "Келісілді" деген жолда орналастырылады.

      Мемлекеттік органдармен түпкілікті келісілген бюджеттік бағдарламаның мәтініне түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) 2017 жылға арналған бюджетін нақтылау және (немесе) түзету кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті құрамында бекітілген 2016 жылы мәслихаттың бюджет туралы шешімімен бекітілген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне сәйкес аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітіледі және (немесе) оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрдегі оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 25 тамыз