"Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 15662 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 7547 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында, 2012 жылғы № 8 (24.07.2012 ж.) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 411 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2017 жылғы 13 наурыздағы
№ 99 бұйрығына 5-қосымша

Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы республикалық кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) республикалық кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік әріптестер – жұмыс берушілер және конкурсты ұйымдастыруға тікелей көмек көрсететін демеушілер;

      2) құзыреттіліктің техникалық сипаттамасы – құзыреттіліктер атауын анықтайтын, сайыс кезеңдерінің жүргізілу бірізділігін, конкурсқа қатысушылардың конкурстық тапсырмаларын бағалау өлшемшарттарын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникаларының салалық талаптарын, материалдар мен жабдықтарды анықтайтын құжат;

      3) Competition Information System, CIS (Компетишн Информэйшн Систем, СИС – байқауға қатысушыларын бағалаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БАЖ).

2-тарау. Республикалық кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі конкурстың ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен бекітіледі.

      Конкурстың ұйымдастыру комитетінің құрамына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) өкілі, Министрліктің қарамағына жататын ұйымдардың, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармаларының, тиісті қызмет салаларының жұмыс берушілер бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің өкілдері кіреді.

      4. Ұйымдастыру комитеті республикалық мерзімді басылымдарға және Министрліктің интернет-ресурсына конкурстың өткізілетін уақыты, күні және орны туралы, өтінім қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі туралы хабарлама жібереді.

      5. Конкурсқа облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары өткізетін облыстық конкурстың жеңімпаздары (бұдан әрі – конкурсқа қатысушы) қатысады.

      Конкурсқа қатысушы Ұйымдастыру комитетіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік деңгейдедегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) 3х4 сантиметр көлеміндегі 4 фото сурет;

      5) мінездеме – жіберіп отырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының ұсынымы;

      6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/Е нысаны бойынша анықтама;

      6. Ұйымдастыру комитеті осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді. Толық құжаттардың жиынтығын ұсынған конкурсқа қатысушыларға қатысуға рұқсат етіледі.

      Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген толық емес құжаттардың жиынтығы ұсынылған жағдайда, түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттар қайтарылады.

      Ұйымдастыру комитеті хабарландыруда көрсетілген құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылардың тізімін жасайды.

      7. Конкурс 1 (бір) кезеңнен тұрады.

      8. Конкурстық тапсырмаларды құру және оларды бағалау өлшемшарттарын, алаңдарды салу өлшемшарттарын әзірлеу үшін, Министрдің бұйрығымен бекітілген сарапшылар кеңесі құрылады.

      Сарапшылар кеңесі әлеуметтік әріптестердің өкілдерінен, орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерінен құрылады.

      9. Ұйымдастыру комитеті жарыстың басталуына дейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей үй-жайларды және конкурстық орындарды дайындауды (салуды) қамтамасыз етеді және конкурс басталмас бұрын 1 (бір) күн бұрын қатысушыларға жұмсалатын материалдармен, құралдармен, жабдықпен қамтамасыз етеді.

      10. Конкурстың басталуына дейін 1 (бір) сағат бұрын сарапшылар кеңесі Ұйымдастыру комитеті бекіткен конкурстық тапсырманы бағалау өлшемшарттарына қатысушыларды таныстырады, оларды конкурстық тапсырмаларды, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды ұсынады.

      11. Осы Ереженің 5-тармағында көзделген ұсынылған құжаттарды және конкурстық тапсырмаларын орындау нәтижелерін бағалау үшін Министрдің бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия құрамына белгілі бір мамандық бойынша кемінде 3 (үш) сарапшыдан тұратын конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері кіреді. Конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ сан. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді және конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      12. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық тапсырмаларды орындағаннан кейін конкурстық комиссияға конкурсқа қатысушылардың конкурстық тапсырмаларды орындауы туралы қорытындысын (бұдан әрі - қорытынды) (ерікті нысанда) ұсынады.

      13. Байқау комиссиясының мүшелері сарапшылардың ұсынған пікірлері негізінде конкурс қатысушыларын БАЖ-ды пайдалана отырып, құзыреттердің техникалық сипаттамаларына сәйкес бағалайды.

      14. Конкурстың жеңімпаздары әрбір мамандық бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды иелену арқылы конкурстық комиссияның шешімімен еркін конкурстық комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

  Республикалық кәсіби шеберлік
конкурстарын ұйымдастыру
және өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Конкурсқа қатысуға өтінім

      __________________________________________________________________

      (облыстың, Астана және Алматы қалаларының атауы)

Конкурсқа қатысушысының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Туған жылы/айы/күні

Ұйым атауы

Лауазымы (жұмыс істейтін адамдар үшін)

Кәсіптік құзыреті

Байланыс ақпараты (мекенжай, телефон, e-mail)

Ұйым басшысы





























      Өңірлік деңгейде өткізілетін конкурстың сарапшылар кеңесінің мүшелері:

      _____________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ______________________________

      (қолы)

      Ұйымдастыру комитетінің төрағасы

      ______________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ______________________________

      (қолы)

      Күні ____________20___ ж.

  Республикалық кәсіби шеберлік
конкурстарын ұйымдастыру
және өткізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өңірлік деңгейдедегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

      _______________________________________________________

      (облыстың, Астана және Алматы қалаларының атауы)

      Мамандық __________________

                        (атауы)

      Қатысқандар:

      сарапшылар кеңесінің мүшелері (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      конкурстық комиссия мүшелері (Т.А.Ә. (болған жағдайда) лауазымы, жұмыс орны):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      1. Конкурсқа ___ адам қатысты

Конкурсқа қатысушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ұйым атауы

Жинаған балл саны







      2. Конкурстық комиссия қойған балдарды есептеу нәтижесі бойынша жүлделі орындар тағайындалады:

Орын

Конкурсқа қатысушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жинаған балл саны

I



II



III



      Қолы:

      Сарапшылар кеңесінің мүшелері: ______________________________

                                     Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ______________________________

      (қолы)

      Конкурстық комиссия мүшелері: ______________________________

                                     Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ______________________________

      (қолы)

      Мерзімі ____________20___ ж.