"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 713 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 513 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15652 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1111 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.12.2019 № 1111 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 713 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9074 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (28271) болып жарияланған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықта:

      8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әкімшілік істер толтырылғаннан кейін сегіз сағат ішінде ІІО құрылымдық бөлінісінің басшысына, ал саптық бөліністерде - взвод командиріне тапсырылады, ол олардың толтырылуының, қысқартылған іс жүргізуді қолданудың дұрыстығын және негізділігін, шығарылған қаулының заңдылығын, әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тексереді.

      Тексерілгеннен кейін әкімшілік істер ІІО құрылымдық бөлінісі басшысының (взвод командирінің) "Тексерілді. Ескертулер жоқ" деген қолымен расталады, Әкімшілік істерді есепке алу журналына осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі және қолхат арқылы әкімшілік практика бөлінісіне немесе жауапты қызметкерге оларды толтырған сәттен бастап он сағаттан кешіктірмей тапсырылады.".

      9. Әкімшілік практика бөлінісінің қызметкері немесе жауапты қызметкер әкімшілік істерді қабылдау кезінде:

      1) хаттаманың және өзге де іс жүргізу құжаттарының дұрыс толтырылуын, салынған жазалаулардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі - Кодекс) санкцияларына сәйкестігін, қысқартылған іс жүргізуді қолданудың негізділігін, материалдардың толықтығын тексереді, қажет болған жағдайда қосымша мәліметтерді жинақтауды жүзеге асырады;

      2) әкімшілік істерді Әкімшілік істерді тіркеу журналына осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әкімшілік істерді есепке алу бойынша ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйеге және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" (бұдан әрі - "ББСЖ") есепке алу жүйесіне тіркейді;

      3) егер әкімшілік істерді қарау мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне жатқызылған болса, әкімшілік істерді толтырған сәттен бастап үш тәулік ішінде оларды сотқа жолдайды. Құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік әкімшілік қамауға әкеп соқтыратын әкімшілік істерді толтырғаннан кейін дереу оны толтырған лауазымды адам сотқа жолдайды;

      4) айыппұлдың көрсетілген сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығы пайдаланылмаған әкімшілік істерді, сондай-ақ ІІО құзыретіне жататын, оның ішінде әкімшілік істерді қарау кезінде қатысуы қажет адамдарды шақыру жөніндегі басқа да істерді белгіленген мерзімдерде қарау бойынша шаралар қабылдайды. Адамдарды шақыру фактісін растайтын құжаттар әкімшілік істерге қоса тігіледі;

      5) әкімшілік істер бойынша енгізілген қаулыларды орындау бойынша шаралар қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы акті осы Нұсқаулыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.";

      19 және 20-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не жауапты қызметкер:

      1) мыналарды:

      әкімшілік істерді салынған қаулыларды орындау бойынша шаралар қабылдау үшін (Кодексте көзделген жағдайларда – қарау үшін) құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға;

      айыппұлдар салу туралы қаулыларды жұмыс орны немесе жауапкершілікке тартылған адам сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымға оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлі түрде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін;

      айыппұлдар салу туралы қаулыларды мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына, оның ішінде электронды нысанда айыппұлдар төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымдарды уақтылы жолдауды;

      2) мыналарды:

      ІІО бөліністерінің қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуы және дұрыс шығысталуын;

      ІІО деректерімен медициналық куәландыру мекемелеріне жеткізілген адамдар бойынша;

      сотқа жіберілген және келіп түскен әкімшілік істерді;

      қамауға алу түріндегі әкімшілік жазалау туралы енгізілген және орындалған соттардың қаулыларын;

      жұмыс орны немесе жауапкершілікке тартылған адам сыйақы, зейнатақы, стипендия алатын ұйымға оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлі түрде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін жіберілген қаулыны орындау бойынша;

      атқару өндірісі органдарымен жіберілген және мәжбүрлі тәртіпте орындалған қаулыларды, ұйғарымдарды;

      ІІО-да тіркелген әкімшілік істерді ҚСжАЕАК деректерімен (тоқсан сайын) ай сайынғы салыстыра тексеру жүргізуді;

      3) құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесі арқылы ұсынылған төлем құжаттарына сәйкес төленген әкімшілік айыппұлдар сомаларының бюджетке іс жүзінде түсуі мәніне тексеруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      20. Осы Нұсқаулықтың 19-тармағының 2) тармақшасында көзделген жүргізілген салыстыра тексерудің нәтижелері осы Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті актімен ресімделеді. Салыстыра тексеру нәтижелері туралы әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не болмаса жауапты қызметкер ІІО басшысына баянат арқылы баяндайды, ол заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеріс тағайындайды.";

      23-тармақ алынып тасталсын.

      25 және 26-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "25. Олар бойынша іс жүргізу аяқталған әкімшілік істер, сондай-ақ қатаң есептегі бүлінген бланкілер номенклатуралық істерге тігіледі және әкімшілік практика бөліністерінің мұрағаттық үй-жайларында (шкафтарында) немесе ІІО мұрағаттарында сақталады.

      26. Істердегі парақтар нөмірленеді және соңғы парағында нөмірленген парақтардың саны туралы растау қолы қойылады. Олар бойынша іс жүргізу аяқталған әкімшілік істер бар әрбір номенклатуралық істің мынадай мәліметтерді: құқық бұзушының тегін және аты-жөнін, хаттаманың нөмірін, Кодекстің бабын, әкімшілік жазаның түрін, салынған айыппұлдың сомасын, парақтар нөмірін қамтитын тізімдемесі болуы тиіс.";

      1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаға сәйкес 13 және 14-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі ішкі істер депертаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін және орындауын ұйымдастырсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
  Нысан

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ___ № ___________ ХАТТАМА

      20 ___ жылғы "____" _______ сағ. ____ мин. _________________________________________

      (толтырылған жері)

      Хаттаманы толтырған адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні _____________________

      ________________________________________________________________________________

      Оған қатысты іс қозғалған адам туралы мәлімет:

      Жеке тұлғалар үшін:

      Тегі

      Аты

      Әкесінің аты

      Азаматтығы:____________________Туған күні және жері: ______________________________

      Тұрғылықты жері: ________________________________________________________________

      Телефонның абоненттік/факстің/ұялы байланыстың нөмірі______________________________

      Электрондық мекенжайы __________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат:__________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді)

      ЖСН № ____________________ Жұмыс (оқу) орны/лауазымы: __________________________

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы:__________________________________________________________________________

      Заңды мекенжайы:________________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні:_________________________ БСН № ________________

      Көлік құралының маркасы: ___________КҚТК___________ жылы берілген МТНБ __________

      Бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе (және) соттылығының болуы туралы

      мәліметтер ______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жасалған күні, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің,

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің бабы)

      Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін: ______________________________

      Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған орны, уақыты және мәні: _______________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      осылайша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс ________

      бабының _____________________ бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған.

      Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, техникалық құралдың көрсеткіштері:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысушылар туралы мәліметтер:

      куә, куәгер, жәбірленуші, жеке (заңды) тұлғаның заңды өкілі, қорғаушы, аудармашы

      (қажетінің астын сызу керек)

      1. ______________________________________________________________________________

      (адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      2. ______________________________________________________________________________

      (адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: 1._________________ 2. ______________

      (қолы)                  (қолы)

      Жеке тұлғаның (заңды тұлға өкілінің) түсініктемесі: ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қолы)

      Істі шешу үшін қажетті өзге де мәліметтер:____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (адамға қатысты қолданылған өндірісті қамтамасыз ету шарасы;

      ________________________________________________________________________________

      Дербес жалақысы жоқ, 16-дан бастап 18-ге дейінгі жастағы адамға қатысты хаттама

      ________________________________________________________________________________

      толтырылған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың тегі, аты-

      ________________________________________________________________________________

      жөні, тұрғылықты жері және жұмыс орны, атқаратын лауазымы: және басқа да мәліметтер)

      ________________________________________________________________________________

      Хаттамаға қоса беріледі:___________________________________________________________

      (хаттамаға қоса берілетін құжаттар мен заттардың тізбесі)

      ________________________________________________________________________________

      Істі қарау үшін:___________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _________________ мекенжайы бойынша "___"________20___ж. сағат____ мин. келу қажет.

      Қолдары: хаттаманы толтырған адам ________________________________________________

      жәбірленуші (жәбірленушілер) _____________________________________________________

      куә _____________________________________________________________________________

      куәгерлер 1. _____________________ 2. ______________________________________________

      Заңгерлік көмек қажет / қажет емес (қажетінің асты сызылады) __________________________

      (қолы)

      Аудармашы қажет / қажет емес (қажетінің асты сызылады) ______________________________

      (қолы)

      Хаттамамен таныстым, көшірмесін алдым 20 ___ жылғы "___"_______

      _________________________

      (қолы)

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 744-бабында

      көзделген құқықтар мен міндеттер маған түсіндірілді ______________________

      (қолы)

      Уақытша куәлік алдым 20 ___ жылғы "___"__________________ ___________

      (қолы)

  Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ҚАУЛЫ

      20 ____ жылғы "____"____________                  _________________________________

      (істі қарау орны)

      Қаулыны енгізген адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні _____________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 685,821, 822-баптарына сәйкес,

      Жеке тұлға: _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Туған күні және жері: _____________________________________________________________

      Тұрғылықты жері: ________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаты: ________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді)

      ЖСН № _________________________ Жұмыс орны:____________________________________

      Заңды тұлға:

      Атауы: _________________________________________________________________________

      Заңды мекенжайы: _______________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні:___________ БСН № _______ жасаған құқық бұзушылық

      туралы әкімшілік өндірісті қарап,

      Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін:________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған орны, уақыты және мәні)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда көрінген, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық

      бұзушылықтар туралы кодекс _______ бабының ________ бөлігін бұзғаны үшін

ҚАУЛЫ ЕТТІМ

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлға үшін - толық атауы)

      сомасы ______________________________ теңге әкімшілік айыппұл салуға.

      (сомасы толық жазылады)

      ________________________________________________________________________________

      (қаулыны енгізген адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні, қолы)

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 893-бабына

      сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам айыппұлды қаулының заңды күшіне енген

      күннен бастап күннен кешіктірмей төлеуі тиіс.

      Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы

      қаулыны енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлай отырып, жеке тұлға немесе заңды

      тұлға _________________________________ банктің есеп шотына енгізеді немесе аударады.

      Айыппұлды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік

      құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 894, 895-баптарының ережелері қолданылады.

      Осы қаулыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 45-

      47-баптарына сәйкес шағымдану мүмкін.

ҚОЛХАТ

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы көшірмесін алдым, айыппұлды төлеу

      тәртібі маған түсіндірілді

      20___ жылғы "___" ___________. _____________________________

      (қолы)

      Алынған ___________________________ алдым 20___ жылғы "___" ___________. __________

      (алынған заттар мен құжаттар көрсетіледі)                        (қолы)

  Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
  Нысан

Алынған жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА
РЕСПУБЛИКАСЫ KZ КАЗАХСТАН

Уақытша куәлік көлік құралдарын басқару үшін Қазақстан Республикасы ӘКБтК ___________ бабы бойынша 20___ ж. "___" __________ алынған ________ сериялы _______________ нөмірлі жүргізуші куәлігінің орнына беріледі.
Временное удостоверение выдано на право управления транспортными средствами взамен водительского удостоверения серии ________ № _______________, изъятого "___" _________ 20___ г. по ст. ___________ КРКоАП.
Жеке басын куәландыратын құжаты бар болған кезде берілген күннен бастап 30 тәулік мерзімге жарамды.
Действительно в течении 30 суток со дня выдачи при наличии документа удостоверяющего личность.
Кім берді_________________________
(куәлік берген адамның лауазымы, атағы, аты-жөні)
Кем выдано________________________
(должность, звание, фамилия и инициалы лица, выдавшего удостоверение)
"___" _______20___ ж.; г._________
(берілген күні, лауазымды адамның қолы; дата выдачи, подпись должностного лица)
Жарамдылық мерзімі 20___ ж. "___" _________ дейін ұзартылды.
Срок действия продлен до "___" _________ 20___ г. М.О. М.П.
__________________________________
(уақытша куәліктің жарамдылық мерзімін ұзартқан адамның қолы, лауазымы, атағы, аты-жөні; подпись, должность, звание, фамилия и инициалы лица, продлившего срок действия временного удостоверения)

УАҚЫТША PERMIS ВРЕМЕННОЕ
КУӘЛІК DE CONDUIRE УДОСТОВЕРЕНИЕ
01 № 0000000
(уақытша куәліктің сериясы және нөмірі; серия и номер временного удостоверения)
1.________________________________
(тегі; фамилия)
2.________________________________
(аты, әкесінің аты; имя, отчество)
3.________________________________
(туған күні және жері; дата и место рождения)
4.________________________________
(тұрғылықты жері, место жительства)
5. Жарамдылық мерзімі:
Действительно до: "___" _____
20 ___ ж.; г.
6. Рұқсат етілген санаттары:
Разрешенные категории: А; В; С; D; BЕ, CE, DE
A1, B1, C1, D1,C1E, D1E
(керек емесін сызып тастаңыз; ненужное вычеркнуть)

Фотаға арналған орын;
Место для фото
М.О.М.П

_________________________________
(иесінің қолы;подпись владельца)
Фотосуретті иесі өз қалауы бойынша өздігімен қоса береді
Фотография прилагается владельцем самостоятельно по его желанию

  Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша
  Нысан

Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы АКТІ

      20__ года "___" _______ уақыт "___" сағ. "____" мин. __________________________________

      (толтырылған орны)

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні)

      ӘҚБтК 797-бабына сәйкес, куәлердің қатысуымен:

      1)______________________________________________________________________________

      (ТАЖ, т.ж., тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжат, байланыс тел. нөмірі )

      2)______________________________________________________________________________

      (ТАЖ, т.ж., тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжат, байланыс тел. нөмірі )

      Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: 1)________________      2)________________________

      (қолы)                  (қолы)

      _____________________________________________________________________қатысуымен

      (көлік құралының, кеменің немесе шағын кеменің иесі, өзге де тұлғалар)

      құқықтары мен міндеттері түсіндірілді _____________________________________________

      (қолы)

      Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға

      тыйым салу туралы актіні толтырды, оларды арнайы алаңдарға уақытша сақтау үшін жеткізу

      жолымен, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді

      кемені пайдалана отырып; мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді алу.

      (қажетінің асты сызылсын)

      Көлік құралы, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме туралы мәлімет:

      Маркасы, моделі:________________________________________________________________,

      МТНБ__________________________________________________________________________,

      КҚТК __________________________________________________________________________

      (сериясы, нөмірі, берілген күні)

      Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің меншік иесі туралы мәлімет

      ________________________________________________________________________________

      (ТАЖ, тұрғылықты мекен жайы)

      Көлік құралы, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме жүргізушісі жол берген құқық

      бұзушылық мәні _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйі_______

      ________________________________________________________________________________

      (ақаусыз/ақаулы, ішкі бүлінулері)

      Жабдықталуы, жүктің және т.б. бар болуы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Актіге қоса беріледі:______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Куәлер: 1)__________________________ 2)_______________________________

      (қолы, тегі және аты-жөні)            (қолы, тегі және аты-жөні)

      Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің иесі

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, тегі және аты-жөні)

      Өзге адамдар:____________________________________________________________________

      (қолы, тегі және аты-жөні)      

      Актіні толтырған лауазымды адам__________________________________________________

      (қолы, тегі және аты-жөні)      

  Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 513 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
14-қосымша
  Нысан

Қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуын және ІІО бөліністерінің дұрыс шығыстауын салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Қатаң есептіліктегі бланкілердің сериясы, нөмірі ___ бастап _____дейін

Алған күні

Қатаң есептіліктегі бланкілерді алған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні

Пайдаланылмаған қатаң есептіліктегі бланкілердің сериясы, нөмірі

Бүлінген қатаң есептіліктегі бланкілердің сериясы, нөмірі

Ескертпе








Медициналық мекемелерге куәландыруға жеткізілген адамдар бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Жеткізу күні, уақыты

Куәландыруға жеткізілген адамның тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда)

Жеткізу себебі

Жолдама берген адамның лауазымы, тегі және аты-жөні

Қорытынды нөмірі, куәландыру нәтижесі

Қабылданған шаралар (әкімш.хаттама, АЕК, СДТБТ нөмірі)

Ескертпе









Сотқа жолданған және келіп түскен істерді салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Құқық бұзушының ТАЖ

Хаттама нөмірі, толтырылған күні

Құқық бұзушылықтың саралануы (ӘҚБтК бабы, бөлігі)

Жолдау күні, шығыс №

Сотқа келіп түскен күні, кіріс №

Іс бойынша қабылданған шешім








Қамаққа алу түрінде әкімшілік жазалау туралы соттың енгізілген және орындалған
қаулылары бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Әкімшілік қамаққа алуға тартылған адамның ТАЖ

Соттың атауы, қаулының енгізілген күні, қамаққа алу мерзімі

Құқық бұзушылықтың саралануы (ӘҚБтК бабы, бөлігі)

Қамаққа алу күні және уақыты

Босатылған күні және уақыты

Ескертпе








Жауапкершілікке тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен
мәжбүрлеу тәртібінде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін ол сыйақы, зейнетақы,
стипендия алатын жұмыс орны немесе ұйымға жолданған қаулыларды орындау
бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Құқық бұзушының ТАЖ

Хаттама нөмірі, толтырылған күні

Құқық бұзушылықтың саралануы (ӘҚБтК бабы, бөлігі), салынған айыппұл сомасы

Жұмыс орны немесе ұйым атауы

Хаттаманы жолдаған күн, шығыс №

Орындалғаны туралы мәлімет








Жолданған және мәжбүрлі тәртіпте орындалған қаулылар бойынша атқарушылық іс
жүргізу органдарымен салыстары тексеру
АКТІСІ


р/с

Құқық бұзушының ТАЖ

Хаттама нөмірі, толтырылған күні

Құқық бұзушылықтың саралануы (ӘҚБтК бабы, бөлігі), салынған айыппұл сомасы

Хаттаманы жолдаған күн, шығыс №

Атқарушылық іс жүргізу органы қабылдаған шешім

Орындалғаны туралы мәлімет








ІІО-да тіркелген әкімшілік істерді ҚСжАЕАК деректерімен салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

ІІО деректері бойынша

ҚСжАЕК деректері бойынша

Айырмашылығы +/-

Тіркелген әкімш. істер саны

Салынған айыппұлдар сомасы

Өндірілген айыппұлдар сомасы

Тіркелген әкімш. істер саны

Салынған айыппұлдар сомасы

Өндірілген айыппұлдар сомасы