Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15642 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Генерал-полковник С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 2 тамыздағы
№ 405 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.06.2025 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу жөніндегі функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесі ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері айқындалған.

2-тарау. Тұрғын үй комиссиясы қызметінің тәртібі

      3. Комиссия кемінде бес адамның тақ санынан және Комиссия мүшесі болып табылмайтын Комиссия хатшысынан құрылады.

      4. Комиссия құрамы тиісті гарнизон бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      5. Комиссия құрамына:

      1) Комиссия төрағасы – гарнизон бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары;

      2) гарнизон бастығының құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі;

      3) әскери бөлім командирлері мен мекеме бастықтары;

      4) кадр қызметінің бастығы;

      5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының офицері;

      6) Комиссия хатшысы – гарнизонның аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімшесінің басшысы кіреді.

      6. Комиссияның қызметі:

      1) бұрын жалға берілген тұрғынжайды алмастыру үшін өтініш жасаған, әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқаруына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың өтініштерін қарауды өтініш түскеннен кейін бір ай ішінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асыруды;

      2) әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың баянаттарын (өтініштерін) қанағаттандыру туралы шешім қабылдауды не оның "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес бір ай мерзімде дәлелді бас тартуын.

      Бұл ретте әскери қызметшілер мен әскери қызметтен шығарылған адамдар, сондай-ақ азаматтық персонал Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының тәртібімен дәлелді бас тартуға шағымдануға құқылы;

      3) жоғары әскери оқу орындарында білім алатын шет мемлекеттердің әскери қызметшілерін қоспағанда, тұрғынжайды кезектілік тізіміне сәйкес бөлуді;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларына сәйкес Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғынжайды жекешелендіру туралы мәселені шешу үшін жүгінген әскери қызметшілердің баянаттарын және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың өтініштерін қарауды қамтиды.

      7. Комиссия екі аптада бір рет отырыс өткізеді.

      8. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Шешімге шағымданған жағдайда Комиссия шағымданатын органда өз мүддесін білдіруге жеке өзі қатысады.

      Комиссия шешімі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссия мүшелері қол қояды және гарнизон бастығы бекітеді.

      Шешім әрбір әскери қызметші мен әскери қызметтен шығарылған адам, сондай-ақ азаматтық персонал бойынша қабылданады.

      Комиссия мүшелері ерекше пікір туындаған жағдайда оны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша мазмұндайды.

      Комиссия күнтізбелік он бес күн ішінде тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған кезде құрылымдық бөлімше әскери қызметшілермен және әскери қызметтен шығарылған адамдармен, сондай-ақ азаматтық персоналмен қызметтік тұрғынжайды жалдау шартын жасайды.

      Бұл ретте әскери қызметшілер мен әскери қызметтен шығарылған адамдар, сондай-ақ азаматтық персонал жасалған қызметтік тұрғынжайды жалдау шарты негізінде берілген тұрғынжайға қоныс аударады.

      9. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді.

      10. Тұрғын үй комиссиясының шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелердің үштен екісі қабылдаса, заңды болады.

      11. Комиссия уәкілетті орган не гарнизон таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде өз қызметін тоқтатады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері тұрғын
үй комиссияларының қызметі
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
___________________
гарнизоны (атауы)
тұрғын үй комиссиясының
төрағасына
____________________________
(атауы)
мекенжайы бойынша
жекешелендіруге жатпайтын
қызметтік тұрғынжайда тұратын
азамат
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Өтініш

      Сізден "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-1-тармағына сәйкес маған _______________ (атауы) гарнизонында орналасқан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайды _________________ гарнизонының тұрғын үй қорынан жекешелендіруге жататын тұрғынжай (атауы) беру үшін алмастыруыңызды сұраймын. Отбасы құрамы:

      1. ___________________________________________ , ЖСН: ________________;

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)

      2. ___________________________________________ , ЖСН: ________________.

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)

      Менде және отбасы мүшелерімде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуын немесе болмауын тексеруге қарсы емеспін. Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Қосымша ___ парақта: Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________. _____________________________

      (күні, азаматтың қолтаңбасы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері тұрғын үй
комиссияларының қызметі
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
______________________
гарнизоны (атауы) тұрғын үй
комиссиясының төрағасына
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
(атауы)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің (әскери
бөлімнің) атауы) әскери
қызметшісі (азамат)
____________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)

Баянат (Өтініш)

      Сізден ________________мекенжайы бойынша тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды (атауы) өтеусіз (қалдық құны бойынша) жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын: Әскери қызметшінің (азаматтың) кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімі:

      1. __________________________________________________________________;

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі, азаматтың қолтаңбасы)

      2. __________________________________________________________________.

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі, азаматтың қолтаңбасы) Менде және отбасы мүшелерімде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуын немесе болмауын тексеруге қарсы емеспін. Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Қосымша ___ парақта: Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________. ________________________________

      (күні, әскери қызметшінің (азаматтың) қолтаңбасы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері тұрғын үй
комиссияларының қызметі
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
  БЕКІТЕМІН
ҚР ҚК _______ гарнизонының
бастығы (атауы)
____________________________
(әскери атағы, қолтаңбасы, тегі
және инициалдары)

_____________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы отырысының (атауы) №_____ ХАТТАМАСЫ

      20__ жылғы "___" _________ _______________ қ. (күні, айы, жылы) (қала атауы) _______________гарнизонының тұрғын үй комиссиясы _______________гарнизоны (атауы) (атауы) бастығының 20__ жылғы "__" _______________ № ___ бұйрығына сәйкес мынадай құрамда: (күні, айы, жылы) (бұйрықтың нөмірі)

      1)______________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының төрағасы – ________________

      (атауы) (әскери атағы, тегі және инициалдары)

      ______________ гарнизоны бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс

      (атауы) жөніндегі орынбасары;

      2) ____________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары – (атауы) ____________________, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі __________________ (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы) аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;

      тұрғын үй комиссиясының мүшелері:

      2)________________________, ___________ гарнизоны бастығының құқықтық жұмыс

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы) жөніндегі көмекшісі;

      4) __________________________________, _____________ әскери бөлімінің командирі;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      5) _____________, _______________гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы) жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері;

      6) _____________________, ___________________ қаржы қызметінің (әскери бастығы;

      атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      7) __________________________, _______________________ кадр қызметінің бастығы;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      ___________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының хатшысы –

      (атауы)

      ________________________________, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)

      ______________ аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің)

      (атауы)

      ____________.

      (атауы)

      Мынадай күн тәртібімен тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізді:

      1) тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізіміне сәйкес __________________

      (атауы)

      гарнизонының тұрғын үй қорын бөлу;

Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізімін қарап, шешім қабылдады:

Р /с №

Әскери атағы (бар болса) Т.А.Ә. (бар болса)

Қызмет (жұмыс) орны

ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы

Отбасы құрамы

Ұсынылып отырған тұрғынжайдың мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы)

Ескертпе








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ___________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      2) әскери бөлім командирлерінің жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың тұрғын үй қорын _____________ гарнизонының мұқтаж адамдарына бөлу туралы қолдаухаттарын қарау. (атауы)

      Тұрғын үй комиссиясы әскери бөлім командирлерінің түскен қолдаухаттарын қарап, шешім қабылдады:

Р /с №

Әскери атағы (бар болса) Т.А.Ә. (бар болса)

Қызмет (жұмыс) орны

Қолдаухаттың тіркеу нөмірі

Отбасы құрамы

Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы)

Қабылданған шешім








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды. Ерекше пікір: ________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      3) әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқаруына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың ________________гарнизонында қызметтік тұрғынжайды алмастыруды жүзеге (атауы) асыру үшін түскен өтініштерін қарау.

      Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың өтініштерін қарап, шешім қабылдады:

Р /с №

Әскери атағы (бар болса) Т.А.Ә. (бар болса)

Қызмет (жұмыс) орны

ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы

Отбасы құрамы

Қызметтік тұрғынжайда нақты тұратын мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы)

Ұсынылып отырған тұрғынжайдың мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы)








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды. Ерекше пікір: _________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді

      4) әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың тұрғынжайды жекешелендіруге баянаттарын (өтініштерін) қарау.

      Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың баянаттарын (өтініштерін) қарап, шешім қабылдады:

Р /с №

Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы)

Әскери атағы (бар болса) Т.А.Ә. (бар болса)

Жекешелендіру түрі

Отбасы құрамы, күнтізбелік есептеумен еңбек сіңірген жылдары (еңбек өтілі)

Қабылданған шешім







      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды. Ерекше пікір: _________________________________________________________

      (бар болса)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      Тұрғын үй комиссиясының төрағасы: әскери атағы қолтаңбасы Т.А.Ә. (бар болса) Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары: әскери атағы қолтаңбасы Т.А.Ә. (бар болса) Комиссия мүшелері: әскери атағы қолтаңбасы Т.А.Ә. (бар болса) Тұрғын үй комиссиясының хатшысы әскери атағы қолтанбасы Т.А.Ә. (бар болса)