Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопи

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 тамызда № 15516 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.02.2018 № 29 (бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1), 2), 6-1) тармақшаларын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 27 тамызында жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры Ж. Асанов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2017 жылғы "__"_______
___________Б. Сұлтанов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
2017 жылғы 13 сәуір
___________Қ. Қожамжаров

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
2017 жылғы "__"_______
___________К. Мәсімов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
2017 жылғы 18 шілде
___________ Қ.Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 30 маусымдағы
№68 бұйрығымен бекітілген

Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 3-тармағының 1), 2) және 6-1) тармақшаларына және 4-тармағына сәйкес адамдардың бірыңғай есебін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

      2. Осы Қағидалар қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың, ұсталғандардың (бұдан әрі – тегі бойынша есеп) қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың ақпараттық есепке алу құжаттарын, ұсталғандардың, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін (бұдан әрі – дактилоскопиялық есеп) ұсынудың, оларды ақпараттық жүйелерге енгізу және алып тастау, заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді есепке алуды және пайдалануды анықтайды.

      3. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АДАЖ) - саусақ таңбалары бойынша қалыптастырылатын дактилоскопиялық ақпараттарды жүргізуді, жинақтауды, өңдеуді және ұсынуды іске асыратын жүйе;

      2) ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі - АЕҚ) – өз негiзiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерi құралатын, белгiленген үлгiдегi құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттiк, оптикалық) жеткiзушiсi;

      3) арнайы есепке алу - мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты жинақтау, тіркеу, өңдеу, жинау, жүйелендіру, жіктеу, сақтау;

      3) арнайы есепке алу субъектілері – қылмыстық қудалауды, қылмыстық жазаны орындауды іске асыратын мемлекетік органдар, арнайы мекемелер, сот органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әкімшілік және көші-қон полициясының бөлімшелері;

      4) "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЕ ААЖ) - Заңмен қарастырылған арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізуді, жинақтауды, өңдеуді және ұсынуды іске асыратын жүйе;

      6) графикалық көшірме - jpeg және jpg форматтарындағы (фотосуреттерді сақтау форматтары) мәліметтерді қамтитын графикалық ақпарат;

      7) әліпбилік есепке алу карточкалары – арнайы есепке алу субьектілері Комитетке және оның аумақтық органдарына электрондық әліпбилік есепке алу карточкаларын АЕ ААЖ-не енгізу үшін жолдайды.

      4. Арнайы есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары АЕ ААЖ және АДАЖ, тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      Орталықтандырылған тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларды жүргізу (бұдан әрі – орталықтандырылған есепке алу) Комитетте іске асырылады.

      5. Арнайы есепке алу субъектілері Комитеттің аумақтық басқармаларына АЕҚ ұсынудың толықтығын, нақтылығын және уақытылы болуын қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидалармен қарастырылған АЕҚ бланкілерін белгіленген нысанда және материалдың сапасына сай арнайы есепке алу субъектілері дайындайды.

2-тарау. АЕҚ-ны рәсімдеу нысандары мен тәртібі

      6. АЕҚ нысандары:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әліпбилік есепке алу карточкасы;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дактилоскопиялық карта (бұдан әрі – дактилоскопиялық карта-1);

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әкімшілік қамауға алынған адамға арналған дактилоскопиялық карта (бұдан әрі – дактилоскопиялық карта-2);

      4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгілі тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаты жоқ адамға арналған дактилоскопиялық карта (бұдан әрі – дактилоскопиялық карта-3);

      5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сотталған адам (қамауға алынған) туралы хабарлау (бұдан әрі - хабарлау).

      7. Әліпбилік есепке алу карточкалары қатты қағазда (картон) дайындалады, дактилоскопиялық карталар және сотталған (қамауға алынған) адам туралы хабарлау жазба қағазында дайындалады.

      8. Есепке алу субъектілері АЕҚ-ны Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, ұсталған, белгілі тұрағы немесе жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ тұлғаларға қатысты ақпараттық есепке алу құжаттарын рәсімдеу тәртібін іске асырады.

      Тиісті түрде рәсімделмеген, көзделген барлық деректемелері толтырылмаған, белгіленбеген нысандағы бланкілерде толтырылған және материалдың сапасы – мәліметтері тазартылған, түзетілген және өзге де түзетулері бар, сондай-ақ қарастырылған адамдардың қолдары қойлмаған АЕҚ Комитеттің аймақтық органдарымен бес жұмыс күні ішінде есепке алудың тиісті субъектіне қайтаруға жатады.

3-тарау. Қылмыстық қудалау органдарының АЕҚ-ны ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      19. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстағаннан кейін қылмыстық қудалау органы, әскери және көліктік бөлімшелерді қоса алғанда, бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке басты куәландыратын құжаттың немесе жеке басты анықтау туралы қаулының көшірмесін қоса бере отырып, дактилоскопиялық картаның-1 бір данасын Комитеттің аумақтық органына жолдайды.

      Жеке басты куәландыратын құжат болмаған жағдайда қылмыстық қудалау органы оны талап ету шараларын қабылдайды.

      10. Дұрыс сауалнамалық деректерді анықтаған жағдайда жаңа дактилоскопиялық карта құрылады, ол бұрынғы сауалнамалық деректерді, сондай-ақ оларды өзгерту негіздерін көрсете отырып, Комитеттің аумақтық органына бес жұмыс күнінен кешікпей жолдануы тиіс.

      11. Саусақтарының тері жабынының ауыруларына немесе басқа да уақытша ауыруларына (сынуы) байланысты папиллярлы сызықтарының айқын және анық бедерлерін алу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық қудалау органы бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына дәрігердің еркін нысандағы анықтамасын қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамға арналған әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын жолдайды. Оларды емдеу аяқталғаннан кейін дактилоскопиялық картаның бір данасы сол мерзімде Комитеттің аумақтық органына жолданады. Егер саусақтар емдеуге жарамаса, арғы бетінде дәрігердің қорытындысы жазылған дактилоскопиялық карта ұсынылады.

      12. Істері қылмыстық қудалау органдарының орталық құрылымдарының, сондай-ақ олардың әскери және көліктік бөлімшелерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамдарға арналған дактилоскопиялық карталар қылмыстық құқық бұзушылықты жасау орны бойынша Комитеттің тиісті аумақтық басқармасына ұсынылады.

      13. Қылмыстық қудалау органында ұсталған адам қайтыс болған жағдайда есептерге өзгерту енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына қайтыс болу туралы актінің көшірмесі жолданады.

4-тарау. Тергеу изоляторлары, гауптвахта, сот органдары және Қылмыстық жазаны орындайтын органдары АЕҚ-ны ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      14. Тергеу изоляторы, гауптвахта (сотталғанды), қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамды елден шығару сәтінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе жеке басты анықтау туралы қаулы көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып әліпбилік есепке алу карточкасының үш данасы және дактилоскопиялық картаны-1 үш данасы құрастырылып, Комитеттің аумақтық органына жолданады. Қамауда ұстау (сотталған) түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған шетелдік азаматтың жеке басын куәландыратын құжатына міндетті түрде құжаттардың аудармасы (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері, жынысы және басқа) қоса беріледі.

      Азаматтығы жоқ шетел азаматында жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, әліпбилік есепке алу карточкасына, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағына сәйкес, оның жеке басын куәландыратын басқа құжат қоса берілуі мүмкін.

      Жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда тергеу изоляторы, гауптвахта қылмыстық қудалауды іске асыратын органға сұрау салады, сот үкімінде қайшы деректер анықталған жағдайда тиісті деректерді жою туралы сұрау үкім шығарған сотқа жолданады.

      15. Қамауда ұсталған (сотталған) адамның дұрыс сауалнамалық деректері анықталған жағдайда, жаңа ақпараттық есепке алу құжаттары құрылады, олар бұрынғы сауалнамалық деректерді, сондай-ақ оларды өзгерту негіздерін көрсете отырып, Комитеттің аумақтық органына бес жұмыс күнінен кешікпей жолдануы тиіс.

      16. осы қағидалардың 11 тармағына сәйкес жағдайда тергеу изоляторы, гауптвахта бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына дәрігердің екрін нысандағы анықтамасын қоса бере отырып, қамауда ұсталған (сотталған) адамға арналған әліпбилік есепке алу карточкасының үш данасын жолдайды. Оларды емдеу аяқталғаннан кейін дактилоскопиялық картаның үш данасы сол мерзімде Комитеттің аумақтық органына жолданады. Егер саусақтар емдеуге жарамаса, арғы бетінде дәрігердің қорытындысы жазылған дактилоскопиялық карта ұсынылады.

      17. тергеу изоляторы, гауптвахта бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына:

      бұлтартпау шарасы қамауда ұстаудан басқаға өзгерген немесе істің қысқартылуына, өлімге, қамауда ұстау бұлтартпау шарасының белгіленген заңды мерзімінің өтуіне немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 151-бабында (бұдан әрі – ҚР ҚПК) көзделген негіздерге байланысты өзгерген жағдайда;

      сот үкімінің (қаулысының) заңды күшіне енуі туралы осы үкімнің (қаулының) мәні туралы мәліметтер көрсетілетін анықтаманы алғаннан кейін сотталған (қамауға алынған) адам туралы;

      Ең ауыр жазаға сотталған адамға қатысты хабарлауды бірінші сатыдағы сот шығарған үкімді алғаннан кейін және қосымша үкім заңды күшіне енгеннен кейін;

      сотталғаннан кейін тергеу изоляторында, гауптвахтада қалдырған жағдайда, не сотталған адамның жазаны өтеу орнына кеткеннен кейін хабарлауды жолдайды.

      18. Қылмыстық істің материалдарын эпизод бойынша жеке өндіріске бөліп, сот қосымша тергеуге жолдау туралы сот актісін шығарған жағдайда, тергеу изоляторы, гауптвахта сот актісін алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей үш дана әлiпбилiк есепке алу карточкасы және үш дана дактилоскопиялық карта құрастырылып, Комитеттің аумақтық органына жолданады.

      19. Тергеу изоляторы, гауптвахта экстрадициялық қамауға алу тәртібінде қамауда ұсталған адамды басқа елге іс жүзінде берген (экстрадициялаған) сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына экстрадиция туралы қаулының көшірмесін және шығарылу (эстрадиция) күні мен себебі туралы мәліметтерімен тиісті хабарлауды жолдайды. Экстрадициялық қамауға алу тәртібінде қамауда ұсталған адам экстрадициялық қамауға алу күшін жою нәтижесінде босатылған кезде, босатылуы туралы хабарлаумен бірге қабылданған шешім туралы растаушы құжаттардың көшірмелері жолданады.

      20. Қамауда ұсталғандардың тергеу изоляторынан, гауптвахтадан уақытша кетуі жөнiнде хабарлау құрастырылмайды.

      Жеке істің мұқабасының ішкі жағының жоғарғы сол жақ бұрышында орындаушы туралы мәлімет, АЕҚ-ның саны және жолданған күні, сондай-ақ мекенжайы көрсетілуі тиіс.

      21. Тергеу (анықтау) органының немесе басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астанасының (мемлекеттің) сотының тапсырмасымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданған адам туралы тергеу изоляторы, гауптвахта әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын және қай органның қарамағына жіберілгені, кеткен күні көрсетілген қосымша мәліметтері бар дактилоскопиялық картаның бір данасын Комитеттің аумақтық органына ұсынады.

      22. Облыс республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемесінен түзету мекемесіне келген адам туралы бес жұмыс күні ішінде осы облыстағы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы Комитеттің аумақтық органы үшін хабарлау құрастырылады.

      Басқа облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотымен сотталған, осы облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың түзету мекемесіне жазасын өтеуге келген адамға бір дана әліпбилік есепке алу карточкасы, бір дана хабарлау құрастырылады және бес жұмыс күні ішінде осы облыстағы республикалық маңызы бар қаланың, астананың Комитеттің аумақтық органына жолданады.

      Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) мемлекеттерінің соттарымен сотталған адамға, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы 2002 жылы 7 қарашада қабылданған Кишинев конвенциясына сәйкес, бір дана әліпбилік есепке алу карточкасы және бір дана хабарлау құрастырылады, олар заңды күшіне енген тағайындалған жаза туралы сот үкімінің және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне (бұдан әрі – ҚР ҚК) сәйкес оның әрекетін саралау туралы Қазақстан Республикасының соты шығарған сот актісінің көшірмесін қоса берумен бес жұмыс күні ішінде осы облыстағы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы Комитеттің аумақтық органына жолданады.

      Транзиттік-жөнелтілуші сотталғандарға соттылық туралы хабарлау жазаны өтеу орындарына келгеннен кейін ұсынылады.

      23. Егер түзету мекемесіне келген адамның жеке ісінде АЕҚ-ны Комитеттің аумақтық органына жолдау туралы белгілер жоқ болса, сотталушы келген түзету мекемесі осы Қағидалардың 15-қосымшасында көзделген тәртіпте әліпбилік есепке алу карточкаларын және дактилоскопиялық карталарды құрастырады.

      Осы АЕҚ-ларды Комитеттің аумақтық органына жолдаған кезде, сотталушының жеке ісінде бастапқы тіркеу туралы мәліметтердің болмауына байланысты оларды құру фактісін көрсету қажет және осы адам қамауда ұсталған тергеу изоляторы, гауптвахта көрсетіледі.

      24. Тергеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға қатысты үкім өзгерген жағдайда, түзету мекемесі тиісті сотқа оның орындалуы туралы хабарлайды және үкімге өзгеріс енгізу туралы сот қаулысын және енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді көрсете отырып, хабарлауды бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына жолдайды. Өзге аймақта сотталған адамға, сонымен қатар соттың істі қарау бойынша тиісті үкімі (қаулысы) келіп түскенге дейін босатылған адамға қатысты үкім өзгерген жағдайда, сол мерзімдерде Комитеттің аумақтық органына сотталу орны бойынша тиісті мәліметтер қоса беріле отырып, хабарлау ұсынылады.

      25. Түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қайта сотталған адамға АЕҚ-ны, егер адам тергеу изоляторында, гауптвахтада қамауда ұсталмаса, тергеу изоляторы, гауптвахта немесе түзету мекемесі осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес құрады.

      26. Сотталушы босатылған немесе қаза болған кезде, түзету мекемесі бес жүмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органы үшін хабарлауды құрады. Сотталушы шартты-мерзімінен бұрын босатылған немесе қайтыс болған жағдайда, босатылуы туралы сот қаулысының немесе қайтыс болу туралы актілік жазбалардың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10173 болып тіркелген) бұйрығының қосымшасына сәйкес, көшірмелері қоса беріледі. Өзге аймақта сотталған адамға сотталу орны бойынша облыс республикалық маңызы бар қала, астана хабарлауының бір данасы Комитеттің аумақтық органы үшін құрылады.

      Жол бойында қайтыс болған сотталушыға қайтыс болғаны туралы актіні алғаннан кейін, сотталушы шығарылған түзету мекемесі хабарлауды құрастырады.

      Кешірім жасау актісі орындалған адамға қатысты түзету мекемесі хабарлаудың екі данасын құрады, олардың бірі бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына одан әрі Комитетке ұсыну үшін, басқасы – сотталған жері бойынша Комитеттің аумақтық органына жолданады.

      27. Айдаудағы сотталушы жол бойындағы айдауда ауырса, орналастырылған емдеу мекемесінің хабарлауды құрастырады және бес жұмыс күні ішінде оны сотталушы айдалынған облыстағы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы Комитеттің аумақтық органына ұсынады.

      28. Қамауға алу түріндегі жазалау шарасын орындайтын тергеу изоляторы, гауптвахта сотталушы (қамауға алу түріндегі жаза тағайындалғанға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамдардан басқа) келгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына әліпбилік есепке алу карточкасының үш данасын және жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса отырып, дактилоскопиялық картаның үш данасын ұсынады, сотталушы босатылған кезде – көрсетілген мерзімде хабарлау жолданады.

      29. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындаған түзету мекемесі бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына сотталған орны бойынша Комитеттің аумақтық органына жолдау үшін, үкімнің орындалу фактісін көрсете отырып, хабарлаудың екі данасын Комитеттің аумақтық органына ұсынады.

      30. Пробация қызметі үкімнің орындалу мерзімін ұзартып, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына тартуға, бас бостандығын шектеуге шартты түрде сотталған адамды өз есебіне қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына хабарлауды, үкімнің көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      Пробация қызметі қылмыстық қудалау органында немесе тергеу изоляторында дактилоскопиялық тіркеуді өтпеген адамды (жеке айыптау істері) өз есебіне қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына дактилоскопиялық картаның бір данасын ұсынады.

      Өзге облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың соты соттаған адамға – хабарлау, үкімнің көшірмесі, әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасы және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      31. Есепте тұрған адам жазадан босатылған немесе оған қатысты үкім өзгерген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша есептен алынған жағдайда, пробация қызметі тиісті процестік шешімді алғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде сотталушыны пробация қызметінің есебінен алу негізі немесе заңды күшіне енген сот қаулысының көшірмесін қоса отырып, үкімнің өзгеруі туралы толық мәліметтерді көрсете отырып, Комитеттің аумақтық органына хабарлауды жолдайды.

      32. ҚР ҚПК 470-бабының 3-тармағына сәйкес бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді.

      ҚР ҚПК 472-бабының 2-тармағына сәйкес, үкiмдi орындау туралы өкiмдi судья үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес үкiмдi орындауға келтіру мiндетi жүктелген органға жiбередi. Апелляциялық сатыдағы сотқа күзетпен ұсталып отырған адамдарға қатысты iстi апелляциялық қарау нәтижелерiн хабарлау мiндетi жүктеледi. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгертілген жағдайда, үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса берілуге тиiс.

5-тарау. Арнайы қабылдауыштардың және қабылдауыш таратушылардың АЕҚ-ны ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      33. дактилоскопиялық карта-2 құрастырылып жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса отырып, бір данада арнайы қабылдауышқа орналастырған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшесі арқылы қамауға алу орны бойынша Комитеттің аумақтық органына жолданады.

      Шетелдік, азаматтығы жоқ адамда жеке басын куәландыратын құжаты болмаған ерекше жағдайдаларда дактилоскопиялық картамен өзге құжат қоса берілуі мүмкін.

      34. Арнайы қабылдауыш бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына бұрынғы сауалнамалық деректерін көрсете отырып, есепке алу деректерін түзетуге арналған ақпаратты, сондай-ақ оларды өзгерту негіздерін ұсынады.

      35. осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайда медицина қызметкерімен қорытынды беріледі.

      36. Қабылдауыш-таратушы белгілі тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды босатқаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына 3-дактилоскопиялық картаның бір данасын ұсынады.

      Бір облыс республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында күнтізбелік үш жыл ішінде (1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан арасында) бір адамға қатысты дактилоскопиялық есепке қайта қоюға жол берілмейді. Есептік жылды есептеу адамның әкімшілік қамауға алынған немесе қабылдауыш-таратушыдан босатылған сәтінен бастап іске асырылады.

      Бостандығын алдын ала шектеу мерзімі ішінде жеке басы анықталған адамға арналған дактилоскопиялық картаға жеке басын куәландыратын құжаттың расталған көшірмесі қоса беріледі.

      37. Белгілі тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды орналастырған сәттен бастап, қабылдауыш-таратушы үш жұмыс күні ішінде жеке басын анықтау мақсатында, Комитеттің аумақтық басқармасына, 1-дактилоскопиялық картаның бір данасын және осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес дактилоскопиялық есепке алу бойынша тексерілуге тиісті тұлғаларға арналған талапталаптарды Комитеттің есептері бойынша тексеру үшін жолдайды.

      38. Белгілі тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, сауалнамалық деректері анықталмаған адамға арналған Комитеттің аумақтық органына ұсынуға жататын дактилоскопиялық картада сауалнамалық деректер туралы мәліметтер Комитеттің есептері бойыша тексеру нәтижелеріне сәйкес көрсетіледі. Комитеттің есептері бойынша мәліметтер болмаған жағдайда, дактилоскопиялық карта Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Бас ақпараттық-талдау орталығының (бұдан әрі – РФ ІІМ БАТО) базасы негізінде қолданылатын ТМД мемлекеттерінің Мемлекетаралық ақпараттық банкі (бұдан әрі – МАБ) деректері негізінде (олар болған жағдайда) құрастырылады.

      Егер тексеру іс-шаралары нәтижесінде қабылдауыш-таратушыдан босатылған адамға арналған бұрынғы жолданған дактилоскопиялық картада көрсетілгенннен бөлек сауалнамалық деректер анықталатын болса, қабылдауыш-таратушы бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына есепке алу деректерін түзету үшін ұсталған адамның жеке басын анықтау бойынша тексеру нәтижелері туралы анықтаманың көшірмесін жолдайды.

      39. Әкімшілік қамауға тартылған адам, сондай-ақ қабылдауыш-таратушыға орналастырылған адам қайтыс болған жағдайда, есептерге өзгерістер енгізу үшін, Комитеттің аумақтық органына бес жұмыс күні ішінде қаза болғаны туралы актінің көшірмесі жолданады.

      40. Тұрақты (уақытша) тұрғылықты жерін растайтын құжаттары, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да есепке қоюға жатады.

6-тарау. Комитеттің аумақтық органдарында АЕҚ өңдеу, енгізу және сақтау тәртібі мен мерзімдері

      41. Комитеттің аумақтық басқармаларында АЕҚ өңделіп, АЕ ААЖ мен АДАЖ-ға енгізілгеннен кейін осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларды құрудың мөлшерлі тәртібі бойынша жүргізілетін тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда сақталады.

      Картотекада әліпбилік есепке алу карточкаларын орналастырған кезде, оларда осы жұмысты жүргізген күні және қызметкердің тегі көрсетіледі, дактилоскопиялық карталардың келесі жағында сол жақ төменгі бұрышында дактилоскопиялық формуланы есептеген күн, қызметкердің тегі көрсетіледі, хабарлауларда – әліпбилік есепке алу карточкаларымен салыстыруды жүзеге асырған және тиісті белгілеулерді енгізген күн мен қызметкердің тегі көрсетіледі.

      42. АЕҚ өңдеген кезде олардың уақытылы ұсынылуы және дұрыс рәсімделуі, толтыру сапасы және дактилоскопиялық карталар мен әліпбилік есепке алу карточкаларындағы саусақ таңбаларының бірдей болуы тексеріледі.

      Саусақ таңбалары бойынша дактилоскопиялық карталар мен әліпбилік есепке алу карточкаларында көрсетуге жататын дактилоскопиялық формулалар есептеледі.

      43. Комитеттің аумақтық органының қызметкері әліпбилік есепке алу карточкасын және дактилоскопиялық картаны орналастырған кезде картотекалар бойынша іздеу арқылы адамға күдікті, айыпталушы, бұрын сотталған, соның ішінде басқа да (ойдан шығарылған) сауалнамалық деректермен жасырынған ретінде тартылған адамдарды анықтау мақсатында тексеру жүргізеді.

      Тегі бойынша картотекадан осы адамға арналған, бірақ бұрын АЕ ААЖ-ға енгізілмеген әліпбилік есепке алу карточкалары анықталған жағдайда АЕ ААЖ-ға мәліметтер бұрын шығарылған АЕҚ-ден енгізіледі. Егер әліпбилік есепке алу карточкасы орталықтандырылған есепке алынуы тиіс болса, онда оның екінші нұсқасы жасалынады және қою мерзімін бұзу себептерін көрсете отырып, белгіленген мерзімде жеке ілеспе хатпен Комитетке жолданады.

      44. Тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда әліпбилік есепке алу карточкалары мен дактилоскопиялық картаның бір данасы орналастырылады.

      Қамауда ұсталған (сотталған) адамдарға қатысты әліпбилік есепке алу карточкалары мен дактилоскопиялық карталардың қалған даналарынан әліпбилік тәртіпте тергеу (анықтау) және сот органдарының процестік шешімдерінің келіп түсуін қадағалау жөніндегі бақылау картотекасы құрастырылады.

      Сауалнамалық деректердің түпнұсқаларын анықтағаннан кейін әліпбилік есепке алу карточкалары мен дактилоскопиялық карталар келіп түскен кезде, бұрынғы әліпбилік есепке алу карточкалары мен дактилоскопиялық карталар жойылады, ал олардың орнына жаңа АЕҚ орналастырылады.

      Егер әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасы орталықтандырылған есепке жіберілуі тиіс болған жағдайда, тегі бойынша картотекада орналастырылған карточкада екінші дананы Комитетке жіберу күні туралы белгі қойылады.

      45. Қабылданған іс жүргізу шешімдері туралы мәліметтер түзетулер мен қысқартуларсыз толық әрі нақты әліпбилік есепке алу карточкаларына енгізілуі тиіс.

      Толық емес немесе қайшы мәліметтер анықталған жағдайда, оларды толықтыру немесе нақтылау бойынша жедел шаралар қабылданады.

      Адамға қатысты әліпбилік есепке алу карточкасында көрсетілген сауалнамалық деректерді өзгерту соттың сауалнамалық деректерді өзгерту туралы тиісті қаулысының негізінде іске асырылады, оның көшірмесі Комитетке жолданады.

      Комитеттің әскери және көліктік аумақтық органдары прокурорлар, тергеу (анықтау) органдары, әскери және көліктік прокурорлардың қадағалауындағы немесе тиісті әскери соттар қабылдаған қылмыстық істер бойынша іс жүргізу шешімдері туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін енгізу мен бақылауды іске асырады.

      46. Қағаз тасымалдағыштарда ұсынылған әліпбилік есепке алу карточкалары мен дактилоскопиялық карталар осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес тәртіпте және АЕ ААЖ-ға растайтын құжаттардың (үкім, қаулы, хабарлау, үкімнің (қаулының) заңды күшіне енуі туралы анықтама, жеке куәлігі, төлқұжат немесе өзге құжат) графикалық көшірмелерін міндетті түрде қоса отырып, Комитеттің аумақтық органдарына келіп түскен уақытынан бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде АЕ ААЖ бен АДАЖ-ға енгізілуі тиіс.

      Қаза болу туралы актіні алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаза болу туралы мәліметтер АЕ ААЖ-ға (графикалық көшірмені қоса бере отырып) және АДАЖ-ға енгізіледі, қаза болу туралы актінің көшірмесі Комитетке жолданады.

      47. Комитеттің аумақтық органдары, әскери және көліктік органдарды қоса алғанда, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - СДТБТ) күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған адамдар туралы ақпарат, сондай-ақ оларға қатысты қабылданған іс жүргізу шешімдері туралы мәліметтер келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес тәртіпте, растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген үкім, қаулы және басқа) графикалық көшірмелерін қоса отырып, АЕ ААЖ әліпбилік есепке алу карточкаларына деректерді енгізеді. Шетелдіктерге, сондай-ақ ЖСН-і жоқ ҚР азаматтарына АЕ ААЖ-ға жеке басты куәландыратын құжаттардың графикалық көшірмелері міндетті түрде енгізіледі, жеке басты анықтау кезінде тиісті қаулының көшірмесі енгізіледі.

      Шетелдіктерге қатысты, қажет болған жағдайда қылмыстық қудалауды іске асыратын органда сауалнамалық деректердің аудармасы талап етіледі.

      Қылмыстық істері қылмыстық қудалау органдарының орталық құрылымының іс жүргізуінде жатқан адамдардың мәліметтерін АЕ ААЖ-ға қылмыстық құқық бұзушылық жасалған орын бойынша Комитеттің тиісті аумақтық органының қызметкерлері енгізеді.

      Осыған ұқсас іс жүргізу шешімдері қабылданған немесе қылмыстық теріс қылықтар бойынша (ҚР ҚПК 37-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) үкімдері (қаулылары) заңды күшіне енген адамдар бойынша мәліметтер енгізіледі.

      Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған, бірақ МАБ-қа жолдануға тиісті, Комитеттің аумақтық органының қызметкері оған қатысты әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын құрып, Комитетке жолдаған сотталғандарды қоспағанда, жоғарыда аталған санаттағы адамдарға қағаз тасымалдағыштағы карточкалар құрастырылмайды.

      48. Комитеттің аумақтық органының аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметкерлері әр он күндік сайын 5, 15 және 25-і күндері сот органдарының ақпараттық жүйелерінен жеке айыптау істері бойынша (ҚР ҚПК 37-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) іс жүргізу шешімдері заңды күшіне енген адамдардың тізімін құрады және оларды АЕ ААЖ-бен салыстырып тексереді. Жетіспеген мәліметтерді бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды күшіне енген үкімнің (қаулының) графикалық көшірмесін тіркей отырып, АЕ ААЖ-ға енгізеді. Шетелдіктерге, сондай-ақ ЖСН-і жоқ ҚР азаматтарына міндетті түрде жеке басты куәландыратын құжаттардың графикалық көшірмелері енгізіледі.

      Осы санаттағы адамдарға қағаз тасымалдағыштарда әліпбилік есепке алу карточкалары құрастырылмайды.

      49. Хабарлау мәліметтері әліпбилік есепке алу карточкаларына енгізіледі және олар Комитеттің аумақтық басқармаларына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (графикалық көшірмелерді міндетті түрде тіркей отырып) АЕ ААЖ-ға енгізілуі тиіс.

      Әліпбилік есепке алу карточкаларына сотталғанның қаза болуы туралы және ең ауыр жазаға сотталған адамға қатысты үкімді орындау туралы мәліметтерді енгізгеннен кейін, мәліметтер картотекадан алынуға тиісті дактилоскопиялық қарталарға енгізіледі.

      50. Босату туралы, оның ішінде шартты мерзімінен бұрын босату, есептен алу, қаза болу және оның орнын тіркеу, заңды күшіне енген сот үкімінің өзгеруі туралы, айдаудағы сотталушының жол бойындағы айдауда ауруына байланысты тергеу изоляторының, гауптвахтаның емдеу мекемесіне ауыстыру туралы, кешірім жасау актісі орындалған адамдарға, ТМД елдерінің сотымен сотталғандарға, Қазақстан Республикасының түзету мекемесіне жазасын өтеуге келгендерге, сондай-ақ қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданбаған, бірақ МАБ-ке жолдануға тиісті адамдарға қатысты хабарлаулар ғана Комитетке жолдануға жатады.

      Комитеттің аумақтық органы ілеспе хатпен айына екі реттен кем емес орталықтандырылған есепке хабарлау жолдайды.

      Комитеттің аумақтық органы ең ауыр жазаны орындау туралы белгісі бар хабарлауды соттау орны бойынша Комитетке жеке хатпен жолдайды.

      51. Комитеттің аумақтық органы тергеу изоляторынан, гауптвахтадан экстрадициялық қамауға алу тәртібінде қамауда ұсталған адамды беру (экстрадициялау) туралы хабарлау келіп түскен сәттен бастап немесе беру (экстрадиция) жүргізілмейтін жағдайлар анықталған болса, бес жұмыс күнінен кешіктірмей АДАЖ және АЕ ААЖ-не адамның тергеу изоляторынан, гауптвахтадан шығарылу уақыты мен себебі туралы мәліметтерді енгізеді. Экстрадициялық қамауға алу тәртібінде қамауда ұсталған адамның бұрын ұсынылған АЕҚ-сы бақылау және тегі бойынша картотекалардан алынады, Комитетке АЕ ААЖ-нен тиісті ақпаратты жою туралы сұрау жолданады.

      Қамауда ұсталған адамды уақытша берген (экстрадициялаған) кезде, АЕҚ картотекалардан алынбайды және мәліметтер АЕ ААЖ-ден жойылмайды.

      52. Комитеттің аумақтық органдарының тегі бойынша және дактилоскопиялық есепке алу бөлімшелерінің қызметкерлері АЕҚ-ны өңдеу кезінде соттардың процестік шешімдерінде Қазақстан Республикасы қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамасының нормалары талаптарының бұзылуларын анықтаған жағдайда, қадағалаушы прокурорларға хабарлайды.

      53. Тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда АЕҚ-ны және АЕ ААЖ мен АДАЖ-да мәліметтерді сақтау мерзімі осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес тізбемен белгіленеді.

7-тарау. Комитеттің аумақтық органдарының АЕҚ мен тізімдерді орталықтандырылған есепке ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      54. Орталықтандырылған есепке қоюға жататын ақпараттық есепке алу және өзге де құжаттар Комитетке кемінде 10 жұмыс күні ішінде бір рет, әліпбилік есепке алу карточкаларының, дактилоскопиялық карталардың және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес ақпараттық есепке алу құжаттары орталықтандырылған есепке жолданатын адамдардың тізімін қосып, сотталған (қамауға алынған) туралы жолданған хабарлаулардың саны көрсетілетін ілеспе хатпен қоса ұсынылады.

      Айына екі рет 1 және 15 күндері жеке ілеспе хатпен МАБ-ке жолдауға жатпайтын, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған адамдарға қатысты әліпбилік есепке алу карточкаларын бір данадан жолдайды.

      55. Есепке алу субъектілерінде толықтығы мен дұрыстығын нақтылауды және тексеруді қажет еткен орталықтандырылған есепке алуға жататын АЕҚ Комитетке уақытылы ұсынылмау себебі көрсетіле отырып, жеке ілеспе хатпен жолданады.

8-тарау. МАБ-ке есепке алу мәліметтерін ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      56. Комитет осы Қағидалардың 12-қосымшасы МАБ-ке ұсынуға жататын ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесіне сәйкес, тегі бойынша және дактилоскопиялық есепке алу мәліметтерін айына кемінде екі рет ілеспе хатпен РФ ІІМ БАТО МАБ-ке жолдайды.

      57. МАБ-ке әліпбилік есепке алу карточкалары және дактилоскопиялық карталар жолданған кезде, Комитеттің картотекаларында орналастырылатын АЕҚ-нде оларды РФ ІІМ БАТО-ға жіберу күні қойылады.

9-тарау. Ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімшелерінің адамдардың анықтамалық деректерін өзгертуі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      58. Адамдар анықтамалық деректерін өзгерткен жағдайда, ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімшелері әр айдың 15 және 30 күндеріне қарай анықтамалық деректерінің ауысу себебімен (тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, жынысы, туған күні мен жері) жеке басын куәландыратын құжаттарды алмастыру мәселесі бойынша ішкі істер органдарына жүгінген азаматтар туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық органдарына осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      59. Тізімдерде көрсетілген адамдарға тегі бойынша есепке алу бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Комитеттің аумақтық органы көші-қон полициясы органдарына Қазақстан Республикасының құжаттандырылатын халқының орталықтандырылған ақпараттық базасынан формуляр мәліметтерін ұсыну туралы сұрауды немесе сауалнамалық деректерін өзгерткен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға 1974 жылғы үлгідегі паспорттар көшірмелерін жолдайды.

      Анықтамалық деректерін өзгерткен азаматтарға қатысты мәліметтер болған кезде, тегі бойынша картотекада жаңа сауалнамалық деректері бойынша орналастыру үшін Комитеттің аумақтық органының қызметкері бес жұмыс күнінен кешіктірмей мәліметтері АЕ ААЖ-не енгізілетін әліпбилік есепке алу карточкасының (кіріс және шығыс нөмірлерімен) көші-қон полициясы бөлімшесі хатының графикалық көшірмесін қоса отырып) және Қазақстан Республикасының құжаттандырылатын халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасынан формуляр мәліметтерінің немесе паспорттар көшірмесінің бір данасын құрастырады. Бұл ретте, әліпбилік есепке алу карточкасында бұрынға сауалнамалық деректері бойынша толық көрсетіле отырып, азаматтың анықтамалық деректерінің өзгеруі туралы белгілеу қойылады, осыған ұқсас мәліметтер АЕ ААЖ-не енгізіледі.

      60. Сауалнамалық деректері өзгерген азаматқа қатысты әліпбилік есепке алу карточкалары бұрын Комитетке МАБ-ке қою үшін жолданған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері жаңа анықтамалық деректері бар әліпбилік есепке алу карточкасының қосымша 2 данасын құрастырады және АЕ ААЖ-не ақпарат енгізілген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Комитетке ілеспе хаптен және карточкалардың тізімін қоса отырып жолдайды. Әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасы Комитеттің тегі бойынша картотекасында орналастырылады, екіншісі - РФ ІІМ БАТО-ға жолданады.

10-тарау. Есепке алу мәліметтеріне түзетулер енгізу тәртібі

      61. АЕ ААЖ-де тегі бойынша және дактилоскопиялық есепте тұрған адамдардың сауалнамалық деректерін түзетуді, оларды есептен алуды, қате енгізілген мәліметтерді жоюды Комитеттің Арнайы есепке алу басқармасы (бұдан әрі - АЕБ) жүзеге асырады.

      АЕ ААЖ-де тегі бойынша және дактилоскопиялық есепте тұрған адамдардың сауалнамалық деректеріне түзету енгізу, қате енгізілген мәліметтерді жою қажет болған жағдайда, Комитеттің аумақтық басқармасы бастығының немесе жетекшілік ететін орынбасарының қолымен АЕБ-на түзету туралы толық мәліметтер көрсетіле отырып, дәлелді хат жолданады, оған деректемелерді түзету және СДТБТ және/немесе ББСЖ деректер базасына қате енгізілген мәліметтерді жою қажеттігі туралы субъектінің өтінішхаты қосылып, растаушы құжаттардың графикалық көшірмесі қоса тіркеледі.

      АЕ ААЖ-не қате енгізілген мәліметтерді жою туралы сұрауда себебі көрсетіледі (әскери және көлік органдарын қоса алғанда, аумақтық орган қызметкерінің қате енгізуі, СДТБТ және/немесе ББСЖ-не қате енгізу, есепке алу субъектілерінің дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы және басқалар).

      Мәліметтері түзетуге жататын адамдардың тізімі қатаң түрде олардың сауалнамалық деректерінің әліпбилік тәртібінде рәсімделеді.

      62. АЕБ-не сот шешімі бойынша ақталған, сонымен қатар ақтайтын негіздер бойынша немесе маңызының аз болуына байланысты қылмыстық істері тоқтатылған адамдардың мәліметтерін есептен алу туралы сұрауды жолдаған кезде, АЕ ААЖ-нде міндетті түрде растаушы құжаттардың графикалық көшірмелері қоса тіркеледі (процестік шешімдер, ақтау туралы анықтамалар және басқа)

      63. Комитеттің аумақтық органының құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшесі, әскери және көліктік бөлімшелерді қоса алғанда, немесе СДТБТ мен/немесе ББСЖ-не қате енгізілген мәліметтерге түзетулер енгізілгеннен немесе жойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тегі бойынша есепке алу бөлімшесіне жазбаша мәлімдейді.

      Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алу бөлімшесінің қызметкері, әскери және көліктік бөлімшені қоса алғанда СДТБТ және/немесе ББСЖ деректерін түзету туралы ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткіліксіз мәліметтерді АЕ ААЖ-не енгізуді немесе түзетуді қамтамасыз етеді.

11-тарау. Есепке алу мәліметтерінің толықтығын, уақытылы ұсынылуын және сақталуын қамтамасыз ету шаралары

      64. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 1- тармағы 3)-тармақшасына сәйкес Комитетің аумақтық органы Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды анықтауға және жоюға бағытталған бақылау және қадағалау шаралары кешенiн жүзеге асырады.

      65. АЕ ААЖ-не мәліметтерді толық әрі уақытылы енгізу мақсатында Комитеттің аумақтық органы аудандық (қалалық) бөлімшесінің қызметкерлері, әскери және көліктік бөлімшелерді қоса алғанда, СДТБТ мен АЕ ААЖ мәліметтеріне келесі тәртіпте өзара салыстырып тексеру жүргізеді:

      1) күн сайын СДТБТ-нен прокурорлар, тергеу (анықтау) органдары немесе соттар процестік, соның ішінде өткен тәуліктерде енгізілген қылмыстық істерді тоқтату туралы қабылдаған шешімдерін көрсете отырып, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулысы шығарылған адамдардың саны басып шығарылады;

      2) онкүндік сайын 5, 15 және 25 күндері сот органдарының ақпараттық жүйесінен және СДТБТ-нен процестік шешімдері қабылданған және қылмыстық теріс қылықтар (ҚР ҚПК 37-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) бойынша үкімдері (қаулылары) заңды күшіне енген адамдардың тізімі қалыптастырылады.

      Тізімдер АЕ ААЖ-нен тегі бойынша есепке алуда толық мәліметтердің болуы мәніне салыстырылады. Алшақтықтар анықталған жағдайда, жеткіліксіз мәліметтер АЕ ААЖ-не бір жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      66. АЕ ААЖ-не мәліметтерді енгізудің толықтығы мен уақытылы болуын бақылау мақсатында, Комитеттің аумақтық органдарының құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшелері, әскери және көліктік бөлімшелерді қоса алғанда, тегі бойынша есепке алу бөлімшелеріне қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар бойынша бақылау мониторингтерін өткізу үшін есептік кезеңдегі тізімдерді ұсынады (электрондық нысанда):

      1) СДТБТ-не енгізілген мәліметтерді:

      онкүндік сайын күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулысы шығарылған адамдар бойынша;

      есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай, ай сайын:

      ҚР ҚПК 37-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда (прокурор бекіткен қаулылар бойынша), ҚР ҚПК 35 немесе 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істері (қудалау) тоқтатылған адамдарға қатысты;

      күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулысы шығарылған және кейіннен қылмыстық ісі (қудалау) ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған (прокурордың қорытындысы бар қаулылар бойынша) адамдарға қатысты;

      бұрын қылмыстық қудалау органдары қабылдаған процестік шешімдері күшін жойған адамдарға қатысты.

      2) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай сот органдарының ақпараттық жүйесінен келесі адамдар бойынша мәліметтерді:

      соттар соттаған;

      ҚР ҚПК 37-бабының 1-бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда (заңды күшіне енген сот актілері бойынша), соның ішінде жеке айыптау істері бойынша, ҚР ҚПК 35 немесе 36-баптарында көзделген негіздер бойынша соттар қылмыстық істерін (қудалауды) тоқтатқан адамдарға қатысты;

      соттар апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында шешімдерін шығарғандарға қатысты;

      жеке айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық істерін (қудалауын) ҚР ҚПК 37-бабының 1-бөлігінде аталған ақтайтын негіздер бойынша соттар тоқтатқан адамдарға қатысты (заңды күшіне енген сот актілері бойынша).

      Мониторингтердің нәтижелері бойынша арнайы есепке алу бөлімшесі анықтаған бұзушылықтар (алшақтықтар) анықтамамен ресімделіп, Комитеттің аумақтық органының, әскери мен көліктік органдарды қоса алғанда, бастығына енгізіледі, СДТБТ-нде немесе ББСЖ-нде дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайда, құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшесі бастығының қолымен куәландырылады.

      Алшақтықтар анықталған кезде, Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алу бөлімшесінің, әскери мен көліктік бөлімшені қоса алғанда, қызметкері дереу оларды жою шараларын қабылдайды және анық мәліметтер алынған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде АЕ ААЖ-не жеткіліксіз мәліметтерді қосады.

      Сот шешімі бойынша ақталған, сонымен қатар қылмыстық істері ақтайтын негіздер бойынша немесе маңызының аз болуына байланысты тоқтатылған адамдардың тізімі АЕБ-не есептен алу үшін жолдауға жатады.

      67. АЕҚ анықтамалық жұмыс жүргізуге ыңғайлы арнайы шкафтарда сақтауға жатады. Шкафтар оқшауланған және заманауи өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған, күзет және өрт дабылдары бар жеке орынжайларда (картотекаларда) орналастырылады. Картотека орынжайы көрші кабинеттерден жанбайтын қабырғалармен бөлінуі тиіс.

      Картотекаға кіру кодты құлыптары бар металл есікпен жабдықталуы тиіс. Картотека терезелерінде ашылатын металл торлар орнатылуы қажет (ішінен құлыппен жабылатын).

      Картотека орынжайлары арқылы газ, су және кәріз құбырлары өтпеуі тиіс. АЕҚ-ны тиісті жарықпен, "Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимдермен қамтылған жағдайларда сақтау қажет.

      68. Картотекасы бар орынжайға бөгде адамдардың, соның ішінде қызметтік міндеттеріне картотекалармен жұмыс істеу кірмейтін қызметкерлердің кіруіне тыйым салынады. Комитеттің аумақтық органының бастығы картотека орынжайына кіруге рұқсат берілген қызметкерлерің тізімін олардың арнайы есепке алуды жүргізу бойынша атқаратын жұмысын ескере отырып бекітеді.

      69. Катотека қорларының сақталуын қамтамасыз ету және онда қамтылған ақпаратты қорғау мақсатында мыналарға тыйым салынады:

      1) белгіленген сақтау мерзімі өткенге дейін әліпбилік есепке алу карточкаларын және дактилоскопиялық карталарды алуға;

      2) картотека қорларының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарға АЕҚ-ны уақытша пайдалануға беруге.

12-тарау. Адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарға, мекемелер мен ұйымдарға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету

      70. Адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың сұраулары бойынша, тексеру негіздеріне қарамастан, келесі адамдар туралы Комитетте және оның аумақтық органдарында бар барлық мәліметтер тексеру күні ұсынылады:

      қылмыстық жауаптылыққа алып келетін қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандар;

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар, сотталғандар, соның ішінде соттылықтың жойылуына, алынуына, жазаға тартылу, соттау және жазаны өтеу күніне қарамастан, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары;

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар немесе қылмыстық жауаптылықтан босату немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істерін тоқтату жағдайларын қоспағанда, қылмыстық істері тоқтатылғандар;

      ҚП ҚПК 37-бабы 1-бөлігінің 3, 4, 6, 9, 10, 11 және 12-тармақтары негізінде (1997 жылғы редакцияда) қылмыстық істер қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылғандар;

      іздеуде жүргендер (күдіктілер, айыпталушылар, борышкерлер/ жауапкерлер, хабар-ошарсыз жоғалғандар);

      сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығандар;

      әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың есебінде тұрғандар;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың есебінде тұрғандар;

      мемлекеттік қызметтен теріс уәжбен шығарылғандар.

      71. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сұраулары бойынша 70-тармақта көрсетілген тексеру күніндегі адамдар туралы Комитетте бар барлық мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептен алынған мәліметтер ұсынылады.

      72. Адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар Комитет пен оның аумақтық органдарының есептері бойынша қайтарымсыз негізде Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес талаптар бланкілерінде сұратады.

      Қазақстан Республикасының Соттары қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау аясында Комитеттің аумақтық органдарында судьяның қолымен сұрау нысанында есепке алу мәліметтерін сұратуға құқылы.

      73. Есепке алулар бойынша тексеру туралы Комитеттің орталық аппаратына жүгінуге Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының орталық аппараттарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына рұқсат етіледі.

      Комитеттің аумақтық органдарына есепке алу бойынша тексеру туралы, тек Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, сондай-ақ жергілікті судьялар өтінішіне ғана жол беріледі.

      Арнайы тексеру жүргізу аясында құқық қорғау/мемлекеттік қызметтеріне түсуге үміткер адамдарға, сондай-ақ олардың туыстарына қатысты талаптарды жолдауды ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.

      МАБ есептерінен мәліметтерді алу үшін сұраулар РФ ІІМ БАТО мекенжайына орталық мемлекеттік органдар арқылы жолданады.

      74. Талаптар электрондық құжат нысанында немесе тексерілетін адамдардың тізімі қосыла отырып, орган басшысының немесе оның орнын алмастырушы адамның қолымен ілеспе хатпен қағаз жеткізгіште жолданады.

      Электрондық құжат нысанындағы талаптар "Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделеді.

      75. Азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар талаптарды жолдаған кезде ілеспе хатта азаматтарға тексеруді жүзеге асыруға құқық беретін нормативтік құқықтық актіге міндетті түрде сілтеме жасайды.

      Бұл ереже жедел-іздестіру қызметін, тергеуді (анықтауды), жазаның орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының соттарына, көші-қон полициясының бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсатнама жүйесіне және қорғаныс істері органдарына қолданылмайды.

      76. Талапта барлық деректемелердің толтырылуы міндетті болып табылады, тексеруші адамда сауалнамалық деректемелерінің бірі болмаған жағдайда, тиісті деректемеде "жоқ" жазбасы енгізіледі. Талап әрбір тексерілетін адамға жеке құрылады. Тегі, аты, әкесінің аты анық, баспа әріптерімен, бірінші бас әріппен жазылады. Туған күні мен орны толық көрсетілеуі тиіс. Егер туған күні немесе айы белгісіз болса, тиісті бағандарға "00" жазбасы енгізіледі.

      Тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін өзгерткен адамға талапты толтырған кезде бұрынғы және өзгертілген сауалнамалық деректері көрсетіледі.

      77. Тізімдер бойынша мәліметтерді сұрату құқығы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сондай-ақ алқа билеріне кандидаттарды тексерген кезде жергілікті атқарушы органдарға берілген. Тізімдерде тексерілетін адамдардың толық сауалнамалық деректері көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, айы, жылы және жері. Тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін өзгерткен адамдарға бұрынғы және өзгертілген сауалнамалық деректерін көрсету қажет. Тізімнің әрбір парағы тексеруге бастама жасаған органның мөрімен және басшысының қолымен куәландырылады.

      Осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес тізім түрінде ұсынылған алқа билерге кандидаттарға сұраулар үш жұмыс күні ішінде орындауға жатады, тізім бойынша басқа сұраулар он жұмыс күні ішінде орындауға жатады. 10 мың адамнан асатын көлемдегі тізім келіп түскен кезде, Комитеттің аумақтық органының және бастамашы органның басшысы тексеруді кезең-кезеңімен ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс әзірлейді.

      78. Комитетке және оның аумақтық органдарына осы Қағидалардың 73-78 тармақтары бұзылып ресімделген талаптарды ұсыну – бас тартуға және сұраудың бастамашысына орындаусыз қайтаруға негіз болып табылады.

      Халықаралық келісімшарттармен белгіленген тәртіпті бұзып, факс байланысы арналары арқылы келіп түскен сұраулар, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің сұраулары орындауға жатпайды.

      Азаматтардың, сондай-ақ тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті емес мекемелер мен ұйымдардың талаптар бланкілерінде ресімделген сұраулары тексеруге жатпайды және орындаудан бас тарту себептері мен есепке алуға жүгіну тәртібі түсіндіріле отырып, бастамашыларға орындаусыз кері қайтарылады.

      79. Талаптар Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалады. Электрондық талаптар бір жұмыс күні ішінде, қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде орындалады.

      Электрондық талаптарды өңдеу барысында тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұраулар жолдай отырып, қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болса, сұраудың бастамашысына аралық жауап жолданып, онда 10 жұмыс күні өткеннен кейін электрондық талапты қайта ресімдеу қажеттігі туралы хабарланады.

      80. Тексеру нәтижелері осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес мөрлерді қоя отырып талаптарда бейнеленеді. Электрондық цифрлық қолтаңба қолданылып, ақпараттық жүйелер арқылы жолданған электрондық талаптар бұларға қосылмайды.

      81. Тексерілетін адам есепте тұрған адам деп, сондай-ақ сауалнамалық деректердің бұрмалануы қателік немесе жаңылыс жазу салдарынан орын алды деп пайымдауға негіз болатын, тексерілетін адаммен сауалнамалық деректері ұқсас адам есептен табылған жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күнінде алшақтықтар), "... мәліметтер бар" белгісі қойылған мәліметтер беріледі. Тексерілушінің есепте тұрған адамның іс-әрекетіне қатыстылығын сұраудың бастамашысы белгілейді.

      82. Егер талаптарды тексеру барысында сауалнамалық деректерде алшақтық немесе тексерілетін адамға қатысты растаушы құжаттардың негізінде (жеке басын куәландырушы құжаттар, қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың және басқа процестік құжаттары) СДТБТ немесе ББСЖ мәліметтерінде процестік шешімдердің сәйкес келмеуі анықталса, СДТБТ немесе ББСЖ мәліметтерін енгізу/түзету осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес, сұрау бастамашысына жауаптың нәтижелері бойынша ұсына отырып жүргізіледі.

      83. АЕ ААЖ-нде өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша процестік шешімдер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ АДАЖ-де ұсталғаны немесе қамауда ұсталғаны (қамауға алу) туралы мәліметтер болып, ал АЕ ААЖ-нде осы адамға қатысты қандай да бір мәліметтер болмаса, Комитеттің аумақтық органының қызметкері тегі бойынша картотекадан тиісті әліпбилік есепке алу карточкасының болуын тексеруі қажет, және келесі жағдайларда:

      бар болса, АЕ ААЖ-не карточканың графикалық көшірмесін қоса сала отырып, мәліметтерді енгізуі тиіс. Егер әліпбилік есепке алу карточкасы орталықтандырылған есепке қоюға жатса, оның екінші нұсқасы құрастырылып, Комитетке жеке ілеспе хатпен жіберіліп, қою себебі көрсетіледі;

      болмаса, тексерілетін адамды ұстауды немесе қамауда ұстауды (қамауға алу) жүзеге асырған орган аумақтылығы бойынша Комитеттің тексеру жүргізген аумақтық органына жатса, дактилоскопиялық картотекада процестік шешім туралы мәліметтердің болуын тексеру керек, сондай-ақ тиісті қылмыстық қудалау органдарына, тергеу изоляторына, гауптвахтаға сот пен мұрағаттарға осы іс бойынша ақпарат алу үшін сұрауларды жолдау қажет. Мәліметтер болған жағдайда, алынған мәліметтердің негізінде әліпбилік есепке алу карточкасының екінші нұсқасын жазып, растаушы құжаттардың графикалық көшірмелерін салу қажет.

      АЕ ААЖ және АДАЖ мәліметтерін Комитеттің өзге аумақтық органында немесе РФ ІІМ БАТО-да нақтылау қажет болса, АЕБ-не тиісті тексеру іс-шараларын жүргізу үшін сұрау жолдау қажет.

      Тексерілетін адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (соттау) нәтижелері туралы деректер анықталмаған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері АДАЖ-ға тиісті белгілеуді енгізу үшін немесе әліпбилік есепке алу карточкасына құзыретті органдардың адамды одан әрі қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе соттау туралы мәліметтердің жоқ екенін растайтын құжаттарының (жауаптарының) графикалық көшірмелерін сала отырып, АЕ ААЖ-нен мәліметтерді жою үшін АЕБ-на сұрау жолдайды.

      Аумақтық органнан келіп түскен сұраудың негізінде Комитеттің АЕБ АДАЖ-ға тиісті белгілеуді енгізеді немесе әліпбилік есепке алу карточкасының "процестік шешім табылмады" деректемесін енгізгеннен кейін АЕ ААЖ-ден мәліметтерді жояды және жоғарыда көрсетілген барлық іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін ғана мәліметтерді көрсетпестен, ақпарат берілуі тиіс.

      84. Комитет және оның аумақтық органдары ұсынған мәліметтерді сұрау бастамашылары қолданыстағы заңнамаға, соның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 61-бабына және ҚР ҚК 79, 89-баптарына сәйкес қолдануы тиіс.

13-тарау. Дактилоскопиялық есепке алу бойынша сұрауларды тексеру тәртібі

      85. Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтау үшін немесе ұсталған адамның жеке басын анықтау қажет болған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін, тергеуді (қудалау) жүзеге асыратын органдар дактилоскопиялық картаның бір данасын және талапты Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес Комитеттің аумақтық басқармасына жолдайды.

      86. Талаптар Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалады.

      87. Талаптарда тексеру күніндегі Комитетте және оның аумақтық органдарында бар барлық мәліметтер ұсынылады.

      88. Басқа сауалнамалық деректерімен тексерілетін адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе соттау туралы дактилоскопиялық есепке алу мәліметтері анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органы тексеру бастамашысына осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес Қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны, соттылығы туралы, қаңғыбастығы үшін ұсталғаны туралы нысан бойынша анықтаманы, ал танылмаған мәйіттің жеке басы анықталған жағдайда, осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша танылмаған мәйіттің жеке басын анықтау хаттамасын ұсынады.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
1-қосымшасы
  Нысан

Әліпбилік есеп карточкасы

1. Тегі ______________________________________
2. Аты ______________________________________
3. Әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________________
4. Туған жылы "___"_______________ 19___ ж.
5. Туған жері_________________________________
____________________________________________
6. Жеке басты куәландыратын құжат:
төлқұжат (1), жеке бас куәлігі (2), тұруға ыхтиярхат
(3), азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (4), жүргізу куәлігі (5), әскери билет (6), туу туралы куәлік (7), басқасы (8)
№ _______________________ "___"________ 20___ ж.
Берілді "___"____________ _____ ж.
____________________________________________
(кім берді)
7.ЖСН ______________________________________
8. Тұрғылықты жері (нақты, тұрақты) ____________
____________________________________________
9. Жұмыс орны, лауазымы, мамандығы_________________________________
____________________________________________
10. Ұлты ____________________________________
11. Азаматтығы ______________________________
12. Қамауға алынды "__"________________ 20__ ж.
13. Ұсталды "___"_______________ 20__ ж.
14. Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған күн "___"__________________ 20____ ж.
15. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаттамасы ____________________________________________
16. ҚР ҚК баптары ____________________________
17. Карточка құрылды_________________________
____________________________________________
(органның атауын көрсету)
"___"_______________ 20___ ж.
___________________________________________
(карточканы құрастырған,
____________________________________________
қызметкердің тегі)

Орган _______________________________
(кім ұстады, қамауға алды
________________________________ қысқартусыз)
____________________________________
____________________________________
 

Істердің №№
Қызметтік ____________________________________
Мұрағаттық__________________________
____________________________________
Дактилоскопиялық формула
____________________________________
____________________________________
Оң қолдағы сұқ саусақ ізінің таңбасы

      (сыртқы беті)

      Сотталды ________________________________________________________________________________

      (соттың атауы)

      Қашан "____"_______ 20___ ж. ҚР ҚК________________________________________бабы бойынша

      __________________________________________________________________________

      Мерзімі ________________________________ жыл ______________________________

      __________________________________________________________________________

      (қосымша шараларды толық көрсету)

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Үкім заңды күшіне енді "____"____________________ 20___ ж.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (мөлшері 140 х 95) 

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
2-қосымшасы
  Нысан

ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ КАРТА

_________________
(жынысы)
Тегі _______________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда)__________________________________
Туған жылы "_____" _______________________________ 19___ ж.
Туған жері _________________________________________________
________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: төлқұжат (1), жеке бас куәлігі (2), тұруға ыхтиярхат
(3), азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (4), жүргізу куәлігі (5), әскери билет (6), туу туралы куәлік (7), басқасы (8)
№ _____________________ "____" _______________ _______ ж.
берілді "____" ____________ _________ ж. ________________________________________________________
(кім берді)

 

дактилоскопиялық
____________________
формула
 
формула
__________________
қосымша саралау
 

 

      ЖСН_____________________________

      Азаматтығы __________________________ Ұлты ______________________________

      Тұрғылықты жер бойынша тіркеу туралы мәлімет _______________________________

      (келген жері бойынша)

      қылмыстық істің №_____________________________________________________________________

      Оң қол

1. бас

2. сұқ

3. ортаңғы

4. аты жоқ саусақ

5. шынашақ


16


8


16


8


4

      Сол қол

      Бүктеу сызығы

      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6. бас

7. сұқ

8. ортаңғы

9. аты жоқ саусақ

10. шынашақ

4


2


1


2


1


      Бақылау таңбалары

Сол қол

Оң қол



      Дактилоскопия жасаған тұлғаның қолы _____________________________________________________

      Дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу негізі __________________________________________________

      Карта толтырылды "___" ______________ 20___ ж.

      __________________________________________________________________________

      (қай жерде және қай органда екендігін көрсету)

      __________________________________________________________________________

      (сыртқы беті)

      ҰСТАУ, ҚАМАУҒА АЛУ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР


      Ұсталды (тергеу изоляторына, гауптвахтаға түзету мекемесіне және т.б. орнатылды)__________________________ ___________________________________________

      (қашан, қай орган, қандай құқық бұзушылық жасағаны үшін -

      __________________________________________________________________________

      ҚР ҚК кодексінің бабы, бөлігі, тармағы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      БЕЛГІЛЕРІ:

      Дене кемістіктері, ерекше белгілері:

      __________________________________________________________________________

      (кемістігі, жарақаты, сүйелдері, қалы, қара дақтары, тыртықтары, денесінің

      ауырсынатын жері, таздығы (формасы)

      __________________________________________________________________________

      кекештігі, бет пішіні, көздің түрлі түстілігі, тұтығуы, денедегі суреттері)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________


сол жақ алақан

оң жақ алақан

      Картаны құрастырды_____________________________________________________________________

      (лауазымы мен тегі)

      Картаның дұрыстығын тексерген, формуланы есептеген _________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, күні) 

      Саусақтарды түсіру тырнақтың бір шетінен екінші шетіне дейін толық алынуы тиіс. Іздердің бояуы таза біркелкі боялған, папилляр сызықтарының және өрнектердің айқын және нақ, жай көзге жақсы көрінетін болуы тиіс.

      Саусақтар, қолдың басы болмаса, ол туралы қашаннан бері жоқ екендігі көрсетіліп, картаның тиісті шаршысына жазу жүргізіледі (жылы, айы). 

      (мөлшері 205х290)

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
3-қосымшасы
  Нысан

Әкімшілік қамауға алынған адамға арналған

ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ КАРТА

_________________
(жынысы)
Тегі _________________________________________________
Аты __________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________
Туған жылы "_____" ____________________________ 19___ ж.
Туған жері ____________________________________________
______________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: төлқұжат (1), жеке бас куәлігі (2), тұруға ыхтиярхат
(3), азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (4), жүргізу куәлігі (5), әскери билет (6), туу туралы куәлік (7), басқасы (8)
№ _____________________ "____" ______________ _______ ж.
берілді "____" ____________ _________ ж. ____________________________________________________
(кім берді)

дактилоскопиялық
____________________
формула
 
формула
__________________
қосымша саралау


      ЖСН ________________________________________

      Азаматтығы ___________________________ Ұлты _______________________________

      Тұрғылықты жер бойынша тіркеу туралы мәлімет

      __________________________________________________________________________

      (келген жері бойынша)

      Оң қол

1. бас

2. сұқ

3. ортаңғы

4. аты жоқ саусақ

5. шынашақ


16


8


16


8


4

      Сол қол

      Бүктеу сызығы

      _________________________________________________________________________

6. бас

7. сұқ

8. ортаңғы

9. аты жоқ саусақ

10. шынашақ

4


2


1




      Соңғы таңбалар

Сол қол

Оң қол



      Дактилоскопия жасаған тұлғаның қолы _______________________________________

      Дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу негізі _____________________________________

      Карта толтырылды "___" ______________ 20___ ж.

      __________________________________________________________________________

      (қай жерде және қай органда екендігін көрсету)

      __________________________________________________________________________

      (сыртқы беті)

      ӘКІМШІЛІК ТӘРТІПТЕ ҚАМАУҒА АЛУ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

      Қамауға алынды/ұсталды (арнайы қабылдауышқа орналастырылды және т.б.) ________________________________________________________________________________

      (қашан, қай орган, қандай құқық бұзушылықты жасағаны үшін

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің бабы, бөлігі, тармағы)

      хаттама №________ "___"____________20___ж.________________________________

      __________________________________________________________________________

      Босату туралы деректер

      Босатылды ________________________________________________________________________________

      (қашан, қамауға алынған/ұсталған адамға

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      қандай шаралар қабылданды)

      __________________________________________________________________________

      Қосымша мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бұрын сотталған, қайда, қашан ұсталды, басқа сауалнамалық деректермен)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________


      БЕЛГІЛЕРІ: Дене кемістіктері, ерекше белгілері:

      __________________________________________________________________________

      (кемістігі, жарақаты, сүйелдері, қалы, қара дақтары, тыртықтары, денесінің ауырсынатын жері, таздығы (формасы)

      __________________________________________________________________________

      кекештігі, бет пішіні, көздің түрлі түстілігі, тұтығуы, денедегі суреттері және т.б.)

      __________________________________________________________________________

      Бақылау таңбалары

      Сол қол Оң қол



      Картаны құрастырды_____________________________________________________________________

      (лауазымы мен тегі)

      Картаның дұрыстығын тексерген, формуланы есептеген __________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, күні)

      Саусақтарды түсіру тырнақтың бір шетінен екінші шетіне дейін толық алынуы тиіс. Іздердің бояуы таза біркелкі боялған, папилляр сызықтарының және өрнектердің айқын және нақ, жай көзге жақсы көрінетін болуы тиіс.

      Саусақтар, қолдың басы болмаса, ол туралы қашаннан бері жоқ екендігі көрсетіліп, картаның тиісті шаршысына жазу жүргізіледі (жылы, айы).

      (мөлшері 205х290)

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
4-қосымшасы
  Нысан

Белгілі тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаты жоқ адамға арналған дактилоскопиялық карта

_________________
(жынысы)
Тегі ____________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда)___________________________________
Туған жылы "_____" _______________________________ 19_____ ж.
Туған жері _________________________________________________
_______________________________________________________________
Азаматтығы ___________________ Ұлты _____________________________
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер _________________
(келген жері бойынша)
_______________________________________________________________

 

дактилоскопиялық
____________________
формула
 
формула
__________________
қосымша саралау
 

 

      Тексеру ісі № _________________________________________________

      Оң қол

1. бас

2. сұқ

3. ортаңғы

4. аты жоқ саусақ

5. шынашақ


16


8


16


8


4

      Сол қол

      Бүгу сызығы

      -----------------------------------------------------------------------------

6. бас

7. сұқ

8. ортаңғы

9. аты жоқ саусақ

10. шынашақ

4


2


1




      Бақылау таңбалары

      Сол қол Оң қол



      Дактилоскопиядан өтушінің қолы_____________________________________________

      Дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу негізі _____________________________________

      Карта толтырылды "___" ______________ 20___ ж.

      __________________________________________________________________________

      (қай жерде және қай органда екендігін көрсету)

      _________________________________________________________________________

      (сыртқы беті)

      Ұстау туралы деректер

      Ұсталды ________________________________________________________________________________

      (қашан, қай орган, ұстау негіздері)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Босату туралы деректер

      Босатылды ________________________________________________________________________________

      (қашан, ұсталған адамға қандай

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      шаралар қабылданды)

      __________________________________________________________________________

      Жеке бас куәлігі немесе төлқұжат сериясы _______________________________________________________

      № ________________________________ берілді "___"_____________ ______ ж.

      Қосымша мәліметтер

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (бұрын сотталған, ұсталды - қайда, қашан, басқа сауалнамалық деректермен)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________


      БЕЛГІЛЕРІ: Дене кемістіктері, ерекше белгілері:

      __________________________________________________________________________

      (кемістігі, жарақаты, сүйелдері, қалы, қара дақтары, тыртықтары, денесінің ауырсынатын жері, таздығы (формасы)

      __________________________________________________________________________

      кекештігі, бет пішіні, көздің түрлі түстілігі, тұтығуы, денедегі суреттері және т.б.)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау таңбалары

      Сол қол Оң қол



      Картаны құрастырды____________________________________________________________________

      (лауазымы мен тегі)

      Картаның дұрыстығын тексерген, формуланы есептеген _________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, күні)

      Саусақтарды түсіру тырнақтың бір шетінен екінші шетіне дейін толық алынуы тиіс. Іздердің бояуы таза біркелкі боялған, папилляр сызықтарының және өрнектердің айқын және нақ, жай көзге жақсы көрінетін болуы тиіс.
Саусақтар, қолдың басы болмаса, ол туралы қашаннан бері жоқ екендігі көрсетіліп, картаның тиісті шаршысына жазу жүргізіледі (жылы, айы).

      (мөлшері 205х290)

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
5-қосымшасы
  Нысан

      Тегі бойынша картотекамен салыстырылды Белгі қойылды _______________________

      (тегі)

      Жеке істің № ______________________                        Қылмыстық істің

      №_________________________________

СОТТАЛҒАН (ҚАМАУҒА АЛЫНҒАН) ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

      1. Тегі ____________________________________________________________________

      2. Аты ____________________________________________________________________

      3. Әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________________________

      4. Туған күні "__"____________ 19__ ж. ЖСН___________________________________

      5. Туған жері ______________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен)

      __________________________________________________________________________

      6. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғанға дейінгі тұрған жері ___________________

      __________________________________________________________________________

      7. Ұсталған күні "___"_______________ 20___ ж. ________________________________

      8. Сотталды "___"__________ 20___ ж.

      __________________________________________________________________________

      (соттың атауы)

      _________________________________________________________________________

      ҚР ҚК __________________________________________________ баптары

      (республика)

      мерзімі _______ жыл _______ ай

      ________________________________________________________________________

      (негізгі және қосымша жазаның түрлері,

      __________________________________________________________________________

      қашан, қандай сотпен аса қауіпті рецидивист деп танылған)

      __________________________________________________________________________

      9. Үкім заңды күшіне енді "___"__________ 20___ ж.

      10. Үкім өзгертілді __________________________________________________________

      (қаулы және

      __________________________________________________________________________

      соттың атауы)

      "___"_________ 20___ж. ____________________________________________________

      (қаулының мазмұны)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Сыртқы беті

      11. Келді, кетті "___"________ 20__ ж.

      __________________________________________________________________________

      (керек емесін сызу)                              (мекеменің шартты атауы,

      __________________________________________________________________________

      олардың тұрған жері - облысы)

      12. Жазаның өтелмеген бөлігі жазаның жеңілдеу түріне ауыстырылды немесе тағайындалған жаза мерзімі қысқартылды (ҚР ҚК 73, 87-бб.) Шешім қабылданды "___"______ 20___ ж. __________________________________________________

      қаулының шығару күні, соттың атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                          (шешім мазмұны)

      13. Босатылды /____ /__ / "___"_______ 20__ ж.

      13.1 жазалау мерзімінің аяқталуымен

      13.2 ҚР ҚК __________ бб. (ҚР ҚК 65-71 баптары) қолдану арқылы қылмыстық жауапкершіліктен

      13.3 жазадан рақымшылық немесе кешірім жасау актісінің негізінде (ҚР ҚК 78-бабы)

      13.4 ҚР ҚК 63-бабының ______бөлігі негізінде шартты түрде соттау қолданылған мерзімі_____жыл_______ай

      13.5 ҚР ҚК 74-бабына сәйкес жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру қолданылған "___"___________ 20____ дейін мерзімі_____________жыл___________ай____________күн

      13.6 ҚР ҚК _____ б. (ҚР ҚК 72, 86-баптары) негізінде шартты-мерзімінен босату қолданылған өтелмеген мерзімге___________жыл_____________ай_________күн__________

      13.7 ҚР ҚК 64-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық соттаудың болмауына байланысты _________жыл________ай______күн мерзіміне

      Шешім қабылданды "___"______ 20__ ж.

      __________________________________________________________________________

      (негіз, шешімді кім, қашан қабылдады,

      __________________________________________________________________________

      және оның мазмұны, шартты және

      __________________________________________________________________________

      шартты-мерзімінен босату кезінде – өтелмеген мерзім)

      14. Босатылғаннан кейін кетті

      __________________________________________________________________________

      (таңдаған тұратын жері)

      __________________________________________________________________________

      15. Бас бостандығынан айырған орынға қайтару /____/__/

      Мерзімді есептеудің басталған күні "____"____________ 20___ ж.

      байланысты:

      15.1 шартты-мерзімінен босатуды қолдануды бұзу ____жыл___ай____күн___

      15.2 шартты түрде соттауды бұзу (ҚР ҚК 63-бабының 3-бөлігі) мерзімі_____жыл_______ай______күн

      15.3 жазасын өтеу мерзімің күшін жою немесе оның өтуі ҚР ҚК 74-бабының 2, 3-бөлігі) мерзімі_____жыл_______ай______күн

      15.4 ҚР ҚК 60-бабымен қарастырылған қағида бойынша жаза тағайындалғанда бұрын тұлғаға шартты-мерзімінен босату болмаса шарты сотталу (ҚР ҚК 64-бабы 5-бөлігі) немесе жазасын өтеуді кейінге қалдыру (ҚР ҚК 72-бабы 4-бөлігі) қолданылған.

      15.5 бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін (ҚР ҚК 44-бабы 3-бөлігі) _____жыл_______ай______күнге бас бостандығынан айыруға алмастыру.

      Шешім қабылданды "___"______ 20___ ж. ____________________________________

      қаулыны шығару күні, соттың атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (шешімнің мазмұны)

      __________________________________________________________________________

      16. Қайтыс болды "___"___________ 20___ ж. қайтыс болуды тіркеу туралы хабарлама жолданды

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (АХАТ органының атауы, күні)

      17. Хабарлама құрастырылды

      __________________________________________________________________________

      (мекеменің шартты атауы,

      __________________________________________________________________________

      олардың тұрған жері, (облыс, елді-мекен)

      Орындаушы __________________________________________________

      (қолы, тегі)

      Бастық ____________________________________________________

      (қолы, тегі)

      "___"__________________ 20___ ж.

      Ескерту: 1-6, 17-тармақтар барлық жағдайларда, 8-тек сотталғандарға, қалғандары – хабарламаны құрастырудағы мақсатқа қарай (босату, бас бостандығынан айыру орнына қайтару және басқалар) толтырылады.

      (мөлшері 205 х 290)

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
6-қосымшасы

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, ұсталған, белгілі тұрағы немесе жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ тұлғаларға қатысты ақпараттық есепке алу құжаттарын рәсімдеу

Әліпбилік есеп карточкасы

(Қағиданың 1-қосымшасы)

      Есепке алу құжаттарындағы жазбалар (қағаз тасымалдағыштарда) орыс тілінде компьютер техникасын қолдана отырып толтырылады. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда қара немесе көк сиямен есептік құжаттарды анық болатындай етіп қолмен жазуға болады, бұл ретте тегі, аты және әкесінің аты баспа әріптерімен жазылуға тиісті. Түзетулер, тазартулар және жөндеулерге жол берілмейді.

      Есепке алу субъектісінің туған күні мен туған жері, қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейінгі тұрған жері, сондай-ақ қылмыстық қудалау органының атауы қысқартусыз көрсетіледі. Қылмыстық істің нөмірі көрсетілуі тиіс.

      Карточканың 1-5 тармақтарымен көзделген деректемелер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ҚР ҚПК 300-бабымен белгіленген жеке басты анықтайтын құжаттан толтырылады, бұл ретте олар қазақ тіліндегі әріптерден тұратын болса, жақшаның ішінде сауалнамалық деректер орыс транскрипциясында мына тәртіпте көрсетілуі қажет: Ә-А; Ғ-Г; Қ-К; Ө-О; Ұ,Ү-У; Ң-Н; І-Й; Һ-Х. Шетелдіктердің жеке басын анықтайтын құжаттарында сауалнамалық деректер мемлекеттік және орыс тілдерінен өзге тілде толтырылған болса, әліпбилік есепке алу карточкасына мәліметтер орыс транскрипциясында енгізіледі.

      Тұлғада 1-3 тармақтармен қарастырылған деректеменің біреуі жоқ болған жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты) тиісті тармақта "жоқ" деп жазылады.

      ҚР азаматының төлқұжаты немесе жүргізуші куәлігі болғанда құжаттағы жоқ (ҚР азаматының төлқұжатында "әкесінің аты" және "туған жері: облыс", ал жүргізуші куәлігінде "туған күнінің күні, айы") сауалнамалық деректерді анықтау керек.

      Ескерту: ҚР ҚПК 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған не жоғалған, оны жоғалтқан жағдайда, оны құжаттауды уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      Шетел азаматы болып табылатын айыпталушыда,азаматтығы, жеке басын растайтын құжаты жоқ тұлғаларға ерекше жағдайда қылмыстық іске басқа құжат салынады.

      Егер бұл құжаттарда әртүрлі деректер анықталса немесе есепке алынатын тұлғада бірнеше тегі, аты, әкесінің аты болса, онда өндірісінде істер (материалдар) бар тергеуші (анықтаушы), тергеу изоляторының, гауптвахтаның әкімшілігі сол қамаудағы тұлғалардың шын сауалнамалық деректерін анықтау үшін дереу шара қолданады.

       Сот үкімдеріне сәйкес емес деректер табылса, есеп құжаттары құрастырылатын мекеменің әкімшілігі, тиісті мәліметтерді анықтау жөнінде үкім шығарған сотқа сұрау жібереді.

      Қос тегі, аты, әкесінің аты бар тұлғаларға екі әліпбилік есеп карточкалары құрастырылады, онда тектері орын ауыстырып жазылады. Қосарланған аты, әкесінің аты жайындағы деректер күдік тудырған жағдайда, әліпбилік есеп карточкалары осы тәртіпте жүргізіледі, дұрыс сауалнамалық деректер алуға дереу шара қолданылады.

      Егер қамаудағы (айыпталушы) белгіленген тәртіпте иеленбеген бірнеше тектерді, аттарды, әкесінің аттарын, оның ішінде бұрын сотты болғандарын атаса, әліпбилік есеп карточкасы жеке басты анықтау туралы құжаттың негізінде бір шынайы (тектік) тегі бойынша толтырылады. Басқа ойдан шығарылған тегі, аты, әкесінің аты бойынша әліпбилік есеп карточкалары толтырылмайды.

      Тегі тере арқылы жазылатын тұлғаларға, тегі жеке басты куәландыратын құжатқа, сот үкіміне немесе есептік құжатты рәсімдеу үшін негіз болған басқа іс жүргізу актісіне сәйкес жазылып, бір әліпбилік есеп карточкасы толтырылады.

      5-тармақта "облыс (қала), ал шет ел азаматтарына қосымша "ел" көрсетіледі.

      7-тармақта азаматтың ЖСН-і толтырылуы тиіс. Шетелдіктерге, сондай-ақ ЖСН-і жоқ ҚР азаматтарына 7-деректемеде "жоқ" деп көрсетіледі.

      Есеп карточкасының 8-тармағында қалада тұратын тұлғаларға елді мекеннің, көшенің (шағын ауданның және т.б.) аты, үйдің (құрылыстың және т.б.) және пәтердің (бөлменің және т.б.) нөмірі көрсетіледі. Мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлердің есеп карточкасының 8-9 тармақтарында тұратын жері және әскери қызметке шақырылғанға дейінгі жұмыс орны көрсетіледі.

      Жазасын өтеп жүрген кезде қылмыстық жауапқа тартылған тұлғаларға әліпбилік есеп карточкасының 8-тармағында оның сотталғанға дейінгі тұрғылықты мекенжайы, ал 9-тармағында "сотталған" деп жазылып Қылмыстық атқару жүйесі басқармасы мекемесінің, қоныс аудару мекемесінің және т.б, мекенжайы көрсетіледі, қоныс-колониясының және сол сияқты орналасқан орыны көрсетіледі. Бұл ретте, жазасын Қылмыстық атқару жүйесі басқармасында өтеуші тұлғаларға карточканың 12-тармағында "сотталған" деген жазу болуы керек.

      Қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылған тұлғалардың әліпбилік есеп карточкасының 12-тармағында тұлғаның тергеу изоляторына, гауптвахтаға қамауға алынған күні көрсетіледі.

      Қамауға алудан басқа бұлтартпау шарасы қолданылған тұлғалардың әліпбилік есеп карточкасын да "қамауға алынған" деген сөздің үстіне қабылданған бұлтартпау шарасы және оны қолдану туралы шыққан қаулының күні жазылады.

      13-тармақта ұстау хаттамасының құрастырылған күні көрсетіледі.

      14 тармақта тұлғаны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының шыққан күнін көрсету керек.

      Әліпбилік есеп карточкасында қамауға алынған тұлғаның оң қолының сұқ саусағының іздері көрсетіледі, ал ол саусақ болмаса немесе онда ақау болса, кез келген келесі саусақтың ізі алынып, ол жайында төменгі жағына жазылады. Саусақ іздерінің көшірмесін желімдеп жапсыруға тыйым салынады.

      Есеп карточкасында соттылық туралы мәліметтер қатаң түрде сот үкіміне сәйкес толтырылады. Соттың атауы және процесуалдық шешімнің мазмұны толық көлемде және қысқартусыз көрсетіледі.

      Бұл ретте, егер тұлға қылмыстық іс бойынша Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің әртүрлі баптарымен қарастырылған екі немесе одан да көп қылмыстар үшін сотталса, есеп карточкасында айыптаудың барлық баптары және ҚР ҚК 58-бабына сілтеме жасай отырып, қылмыстар жиынтығы бойынша ақтық жаза көрсетіледі.

      Сотпен әрбір қылмыстық іс бойынша бөлек үкім шығарған жағдайда, сотталған тұлға бойынша әрбір қылмысқа жеке есеп құжаттары құрастырылады. Екінші қылмыс бойынша толтырылған есеп карточкасында және дактилоскопиялық картада, 12-тармақта "қамауға алынған" дегеннің орнына, тұлға екінші іс бойынша жауапқа тартылған деген мәлімет, 14-тармақта оны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығарылған күн көрсетілуі тиіс. "Кім қамауға алды" деген деректемеде оны жауапқа тарту туралы шешім қабылдаған органның атауы, ал 15, 16-тармақтарда жасалған қылмыстың түрі және баптар көрсетілуі тиіс.

      Егер тұлға бір үкім бойынша жазасын өтеп болмай екінші қылмыс жасаса, онда жаңа есеп материалы құрастырылады. Бұл ретте карточканың сыртқы бетінде ҚР ҚК-нің 60-бабына сілтеме жасап, соңғы үкім бойынша сотталғандығы туралы деректер, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген мерзімнің қосылғаны (сіңірілгені) ескеріліп, жазаның жалпы мерзімі көрсетіледі. Мына деректер көрсетілуге жатады: есепке алуға жататын тұлғаның бұрын қай сотпен, қашан, қай баппен, қандай мерзімге сотталғаны.

      Қылмыстық жауапқа тарту (айыптау) бабы іс жүргізу шешімін толтырған кезде өзгерген болса, процесуалдық шешім туралы мәліметті толтырған кезде әліпбилік есеп карточкасының сыртқы бетінде тұлғаның ҚК-нің сараланғандығы туралы белгі қойылады.

      Қосымша жаза, түзету мекемесінің режимі, жазаны санау мерзімі, үкімнің заңды күшіне енген күні көрсетілуге жатады. Рақымшылық жасалған тұлғаларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жазу жүргізіледі.

      Сотпен ҚР ҚК ерекше бөлімінің баптарымен қарастырылған жазаның жұмсақ түрі тағайындалған жағдайда, әіліпбилік есеп карточкасында, ҚР ҚК жалпы бөлімінің баптарына немесе тиісті нормативтік актіге сілтеме көрсетіледі.

2. Дактилоскопиялық карта

(Қағиданың 2, 3, 4-қосымшалары)

      Дактилоскопиялық картада қамауда отырған орынның немесе дактилоскопия жасаған органның атауы, оның құрастырылған күні және оны құрастырған қызметкердің тегі міндетті түрде көрсетіліп, барлық қарастырылған деректемелер толтырылады.

      Тұлғаның сауалнамалық деректері дактилоскопиялық картаға белгілі тұрғылықты жері немесе жеке басты анықтайтын құжаттары жоқ тұлғалардың деректерін қоспағанда әліпбилік есепке алу карточкасын рәсімдеу қағидаларына сәйкес енгізіледі.

      Қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылмаған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған қамаудағы (сотталған) тұлғаларға дактилоскопия жасау кезінде, ұстау, қамауда ұстау туралы мәліметтер (осы Қағиданың 2-қосымшасы) тиісті хаттамаға сәйкес дактилоскопиялық картаға енгізіледі.

      Әкімшілік тәртіпте сотталған және арнайы қабылдағышқа орналастырылған тұлғаларға дактилоскопия жасағанда ұстау/босату туралы мәліметтер (осы Қағиданың 4-қосымшасы) әкімшілік тәртіпте сотталған тұлғаларға арналған дактилоскопиялық картаға тұлғаны арнайы қабылдағыштан босату туралы қаулыға сәйкес енгізіледі. Белгілі тұрағы немесе жеке басын растайтын құжаттары жоқ тұлғаларға дактилоскопия жасағанда сауалнамалық деректері және ұстау/босату туралы мәліметтер белгілі тұрағы немесе жеке басын растайтын құжаттары жоқ тұлғаларға арналған дактилоскопиялық картаға (осы Қағиданың 3-қосымшасы) қадағалау-бөлу мекемелерінен тұлғаны босату туралы қаулысына сәйкес енгізіледі.

      Қол саусақтарының іздері тырнақтың бір шетінен екінші шетіне дейін толық түсіріледі, папиллярлық сызықтар жай көзге анық көрінетіндей айқын бейнеленуі тиіс.

      Дактилоскопия жасалатын тұлғаның қолы немесе саусақтары жоқ болса, дактилоскопиялық картаның тиісті шаршысында қолын немесе саусақтарын жоғалту себебі (тірі кезінде кесіп алынып тасталған, теміржол жарақаты, іріңдеп шіріп кеткен және басқа) және күні көрсетіліп, тиісті белгі жасалынады. Қолы болмаған жағдайда себебі мен ескіру мерзімі көрсетілген анықтама қоса берілуі тиіс.

      Саусақ іздерінің қойылу дұрыстығын тексеру үшін дактилоскопиялық картада оң және сол қолдар саусақтарының бақылау таңбалары қойылады, олар негізгі таңбалардың қойылу дұрыстығын салыстыру үшін қажет. Дактилоскопиялық картаның артқы бетінде алақандардың таңбалары қойылады.

      Саусақтарының тері жабынының ауыруларына немесе басқа да уақытша ауыруларына (сынуы) байланысты папиллярлы сызықтарының айқын және анық бедерлерін алу мүмкін болмаған жағдайда қылмыстық қудалау органы бұндай саусақтарды (танылмаған мәйіттердің саусақтарын қоспағанда) емдеу бойынша шаралар қабылдайды. Саусақтар емдеуге келмеген жағдайда, дактилоскопия жасаған органның дәрігері дактилоскопиялық картаның артқы бетіне анықтама жазады.

      Дактилоскопиялық картаның алдыңғы бетінде бақылау таңбаларынан төмен дактилоскопия жасалған тұлғаның (танылмаған мәйіттерді қоспағанда) қолы қойылады.

      Дактилоскопия жасалушыда зақым, жарақат, тыртық және басқа да ерекшеліктер болған жағдайда, ол туралы мәлімет дактилоскопиялық картаның артқы бетінде "Дене кемістіктері" бағанында көрсетіледі. Татуировка болған жағдайда оның түрі мен мақмұны сипатталады.

      Жеке басы анықталмаған мылқау-кереңге, сондай-ақ кең таралған тегі болса да, әкесіні аты жоқ тұлғаларға "Қосымша мәліметтер" тарауында олардың сотталғандығы туралы деректер жазылады.

      Дактилоскопиялық карталар мекенжайларға конверттерді тікпестен ашық түрінде жолданады. Дене кемістіктері және ерекше белгілер туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

3. Сотталған (қамауға алынған) туралы хабарлама

(Қағиданың 5-қосымшасы)

      Сотталған (қамауға алынған) туралы хабарламада тегі, аты және әкесінің аты баспа әріптермен жазылуға жатады. Туған күні және жері, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанға дейінгі тұрған жері, қысқартусыз көрсетіледі.

      Сауалнамалық деректер, ұсталған күні, іс жүргізу шешімдері сотталған (қамауға алынған) туралы хабарламада әліпбилік есеп карточкасын рәсімдеу ережесіне сәйкес толтырылады.

      Тұлғада 1-3 тармақтармен қарастырылған деректеменің біреуі жоқ болған жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты) тиісті тармақта "жоқ" деп жазылады.

      4-тармақта туған күні мен ЖСН көрсетілуі тиіс. Шетелдіктерге, сондай-ақ ЖСН-і жоқ ҚР азаматтарына 4-деректемеде ЖСН бағанында "жоқ" деп жазылады.

      Қайтыс болған сотталғандар мен тегі кең тараған әкесінің аты жоқ тұлғаларға қатысты хабарламаның алдыңғы бетінде дактилоскопиялық формула қойылады.

      7-тармақта ұстау хаттамасының құрастырылған күні көрсетіледі.

      8-тармақта соттың атауы және іс жүргізу шешімі толық көлемде қысқартусыз көрсетіледі.Қылмыстардың жиынтығы бойынша заңмен қарастырылғаннан жұмсақтау жаза тағайындалғанда, сол тармақта ҚР ҚК-нің 55, 58, 60-баптарына сілтеме жасалынады. Қосымша жаза, түзету мекемесінің режимі, жазаны санау мерзімі көрсетілуге жатады.

      Әскери сотпен сотталғандарға 8-тармақта аумағында осы тұлға сотталған мемлекеттің облысы көрсетіледі.

      Үкімнің заңды күшіне енген күні туралы мәліметтер 9-тармаққа енгізіледі.

      10-тармақта үкімнің өзгеруі туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Хабарламаның 11-тармағында тұлғаның тергеу изоляторынан, гауптвахтадан түзеу мекемесіне айдауылмен әкетілген күні, сотталған жеткізілетін мекеменің аты мен орналасқан жері көрсетіледі.

      12-тармақта жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақтау түрімен алмастыру немесе тағайындалған жазаның мерзімін қысқарту туралы мәліметтер көрсетіледі (ҚР ҚК 73, 87-бб.). "Шешім қабылданды" деректемесінде шешімді қабылдау күні, оны шығарған соттың атауы және шешімнің толық мазмұны көрсетіледі.

      13-тармақта "Босатылды" деген сөзден кейін босатудың негізіне және түпкілікті босатылған күніне сәйкес (12.1; 12.2; 12.3; 12.4; 12.5; 12.6) тармақтың нөмірі көрсетіледі. Әрі қарай, "Шешім қабылданды" деректемесінде босату туралы шешімнің қабылданған күні, оны шығарған соттың атауы және шешімнің толық мазмұны көрсетіледі. Рақымшылық қолданған жағдайда, "Рақымшылық туралы" Заңның бабы және ол қабылданған күн көрсетіледі.

      15-тармақта тұлғаны бас бостандығынан айыру орнына белгілеу бойынша, оның ішінде соттаудың күшін жоюға байланысты қайтару (орналастыру) туралы мәліметтер көрсетіледі. Бас бостандығынан айыру орнына қайтарудың мерзімінің басталатын күнінің негізіне сәйкес келетін (15.1; 15.2; 15.3; 15.4; 15.5) тармақтың нөмірі көрсетіледі. Тиісті тармақта тұлғаны бас бостандығынан айыру орнына қайтарудың (орналастыру) мерзімі көрсетіледі. Әрі қарай, "Шешім қабылданды" деректемесінде бас бостандығынан айыру орнына қайтару (орналастыру) туралы шешімнің қабылданған күні,оны шығарған органның атауы және мазмұны көрсетіледі.
11 және 16 тармақтарда тергеу изоляторының, гауптвахтаның түзеу мекемесінің және олардың орналасқан жерлері көрсетіледі.

      Комитеттің басқа аумақтық органдарына және ХАБ жіберілуге тиісті хабарламаның алдыңғы бетінің жоғарғы бұрышында: мәліметтерді кім және қашан әліпбилік есеп карточкаларына енгізгендігі туралы жазылады.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
7-қосымшасы
  Нысан

      Жіберушінің пошталық индексі және мекенжайы: _____________

      __________________________

      __________________________

      "___"_______________20__ж.

Дактилоскопиялық есепке алу бойынша тексерілуге

тиісті тұлғаларға арналған талап

__________________________________________________________________________

(талап жолданған орган атауы)

      1. Тегі ___________________________________________________________________

      2. Аты және әкесінің аты (болған жағдайда)_____________________________________

      3. Туды "__"____________________________________________________19___жылы.

      4. Туған жері ______________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен,

      __________________________________________________________________________

      (аймақ) ел)

      5. Ұсталды "__"__________________20__жылы.

      6. Сауалнамалық деректер жазылды ___________________________________________

      (негізін көрсету: сөздерінен;

      __________________________________________________________________________

      құжаттың түрі мен деректемесі)

      Бастық ___________________________________________________________________

      (талапты жолдаған органның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, қолы)

      Орындаушы ______________________________________________________________

      (тегі, қолы)

      М.О.

      Талап компьтерлік техникада немесе қолмен анық және айқын толтырылады. Талапты қолмен толтырған жағдайда жіберушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мекенжайы баспа әріптерімен жазылады.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
  есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
8-қосымшасы

Тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларды құру

1. Тегі бойынша картотекалар

      Тегі бойынша және дактилоскопиялық есепке алуларды жүргізу жөніндегі топтарда паспорттар жүргізіледі, олар хатшылықтың істер номенклатурасы бойынша есепке алынады және тұрақты сақтау мерзімдері бар.

      Картотека паспортында мыналар көрсетіледі:

      бір айда есепке қабылданған құжаттардың саны туралы мәліметтер;

      сақтау мерзімдері бойынша бір айда есептен алынған құжаттардың саны туралы мәліметтер;

      бір жылда есепке қабылданған және есептен алынған картотекалардың жалпы саны.

      Тегі бойынша картотекаларды жүргізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі оларды қатаң академиялық әліпби бойынша салу анықтама жұмысын жүргізуді қиындататынын, ал бірқатар жағдайларда тексерілетін адамдар туралы толық емес немесе бұрмаланған мәліметтерді ұсынуға әкеп соғатынын көрсетті. Бұл бірдей тектердің кейде әр түрлі көрсетілуіне байланысты, нәтижесінде бір адамға арналған есепке алу карточкалары әліпбидің әр түрлі орындарында орналасады.

      Тегі бойынша картотекаларды құрудың негіздері:

      1. Тегі бойынша картотекаларда әліпбилік есепке алу карточкалары (есепке алу карточкалары) тектердің, аттардың және әкелерінің аттарының әліпбиі бойынша орналастырылады.

      Тектері, аттары және әкелерінің аттары бірдей адамдарға қатысты есепке алу карточкалары жасы үлкенінен бастап, туған жылдары бойынша орналастырылады - 1940, 1955, 1968, 1972 және т.с.с.

      2. Тектері бірдей ер адамдар мен әйелдердің есепке алу карточкалары аттары мен әкелері аттарының әліпбиі бойынша орналастырылады.

      3. Тектерінде айыру немесе жіңішкелік белгілері кездесетін адамдардың әліпбилік есепке алу карточкаларын картотекаға орналастырған кезде, олар назарға алынбайды. Автоматтандырылған деректер банкіне ақпаратты енгізген кезде "Ъ" әрпі "Ь" әрпіне алмастырылады.

      4. Тектерінде қатарынан екі бірдей дауыссыз немесе дауысты әріптер кездесетін адамдардың есепке алу карточкалары әліпби бойынша бір әрпі бар ретінде орналастырылады.

      5. Әліпбиді құру үрдісінде ұқсас тектер біріктіріледі.

      6. Анықтама жұмысын жүргізген кезде және есепке алду карточкаларын әліпби бойынша орналастырған кезде қателіктерге жол бермеу мақсатында, қайта салуға жататын есепке алу карточкаларының орнына жекелеген тектерді, аттарды және буындарды біріктіру кезінде біріктіру жүргізілгені көрсетілген белгілік салғыштар қалдырылады.

      7. Бұрын ойдан шығарылған сауалнамалық деректермен сотталған адамдар туралы есепке алу карточкалары ішкі істер органдарының немесе соттың актілері негізінде қалпына келтірілген тектері, аттары және әкелерінің аттары бойынша картотека әліпбиі бойынша орналастырылады. Ойдан шығарылған сауалнамалық деректері бар есепке алу карточкаларына өзгерту негіздері көрсетілген қалпына келтірілген сауалнама деректері енгізіледі. Бұл ретте оларда адам бұрын сотталғандағы сауалнамалық деректердің мәліметтері сақталады.

      8. Бір адамға арналған соттылығы туралы қосарланған мәліметтері бар, тегін, атын, әкесінің атын және өзге де анықтаушы деректерін жазған кезде бұрмалауға жол берілген, сондай-ақ бір сауалнамалық деректермен әр түрлі қылмыстары үшін бірнеше рет тіркеуге алынған есепке алу карточкалары пакетке (муфта) біріктіріледі.

      9. Картотекадан есепке алу карточкаларын түзетулер енгізу (соның ішінде деректер қорында да), көшірмелерін алу, қызметтік белгілерді қою үшін тек бір жұмыс күнінен артық емес мерзімге алып қоюға жол беріледі. Жұмыс күнінің соңында уақытша алынған есепке алу құжаты картотекаға қайтарылуы тиіс.

      Әліпбилік есепке алу карточкасын картотекадан уақытша алған кезде алынған есепке алу құжатының орнына картотекаға карточка уақытша қолында боатын адамның Т.А.Ә. мен лауазымы көрсетілген, бөлім бастығының қолымен расталған атаулық салғыш салынады.

      Салғыштар есепке алынды және оған бөлім бастығы қол қояды. Картотекада жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана, қатаң есеп бойынша беріледі және олардың болуы тоқсан сайын тексеріледі. Қызметкер жұмыстан шығарылған жағдайда, бөлім бастығына атаулық салғыштарды кейіннен жою үшін береді.

      10. Картотекада жүйелі түрде картотекалық қорға қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі – жетпейтін мәліметтермен толықтыру, қию, тозығы жеткен әліпбилік есепке алу карточкаларын қайта жазу, муфталарды алмастыру және басқа, сондай-ақ картотека шкафтарын шаңнан тазарту.

      11. Әрбір картотека жәшігінде әліпбилік есепке алу карточкасы бойынша бірінші болып өткен адамның тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген бирка орналастырылады.

2. Дактилоскопиялық картотекалар

      12. Дактилоскопиялық картотекалар он саусақ жүйесі бойынша құрылады. Дактилоскопиялық карталардағы таратып салу ер адамдар мен әйелдерге жеке, үдемелі тәртіпте есептелген дактилоскопиялық формулалар бойынша жүргізіледі. Дактилоскопиялық карталар көлемі 32х32 болатын қалың картоннан жасалған арнайы папкаларда орналастырылады. Әрбір папкаға 300-400 дактилоскопиялық карталар орналастырылады. Папканың түбіріне папкадағы дактилоскпиялық карталардың негізгі және қосымша формулалары көрсетілген бирка жапсырылады.

      Дактилоскопиялық карталары бар папкалар арнайы картотекалық шкафтарға үдемелі дактилоскопиялық формулалар бойынша жоғарғы сөреден бастап, солдан оңға қарай қатарластырып қойылады.

      13. Дактилокарталар картотекада негізгі формуланың алымы бойынша, 1 санынан бастап 32 санына дейін жайғастырылады. Осылайша барлық дактилоскопиялық карталар негізгі формуланың алымы 1-ге тең бірінші топқа, 2-ге теңі екінші топқа және әрі қарай кіреді, яғни барлығы 32 топ болады.

      Әрі қарай осы топтардың әрқайсысы кіші топтар бойынша негізгі формуланың алымының саны бойынша өрлеу тәртібінде дактилоскопиялық карталар таңдалып алынады.

      14. Әр кіші топтың ішінде дактилоскопиялық карталар қосымша формуланың алымының сандары бойынша өсу тәртібінде қойылады.

      Мысалы, формулалары 7/9 - 11963 - 86764, 7/9 - 12712 - 73813 дактилоскопиялық карталар мына ретпен орналасады: алдымен формуласы 7/9 - 11932 – 79536 дактилоскопиялық карта, содан соң формуласы 7/9 - 11963 – 86764 дактилоскопиялық карта, содан кейін барып 7/9 - 12712 – 73813 орналасады.

      15. Дактилоскопиялық карталардың бірдей негізгі формуласы және қосымша формуланың бірдей алымы болса олар қосымша формуланың алымының өсетін санына қарай тиісті кіші топтарға орналасады.

      16. Дактилоскопиялық карталарды орналастырғанда мыналарды ескеру керек: алдымен негізгі формуласы 1/1 дактилоскопиялық карталар орналасуы тиіс, ал олардың біріншісі - қосымша формуланың ең аз алымы мен бөлімі бар дактилоскопиялық карта, одан кейін қосымша формуласының алымы үлкен сол негізгі формуламен тұрады. Негізгі формулалары 1/2, 1/3,..., 32/32 дактилокарталар сол реттілікпен орналасады. Сонымен, негізгі формуланың алымында 2, 3, 4..., 32 сандары бар дактилоскопиялық карталар осы бірізділікпен жүйеленеді.

      Картотеканың ең соңында негізгі формуласы 32/32 және қосымша формуласының алымы мен бөлімі ең көп дактилоскопиялық карталар орналасады.

      17. Үлкен көлемді дактилоскопиялық картотекада керекті дактилоскопиялық карталарды табу жұмысын жеңілдету мақсатында дактилоскопиялық карталарды өрнек секторлары бойынша орналастыруға болады:

      біріншісі - саусақтары немесе саусақ өрнектері жоқ /кесілген/, жарақаты бар /0 санымен белгіленген/ адамдарға дактилоскопиялық карталар;

      екіншісі - бір немесе бірнеше саусақтарында радиалдық /үлкен/ ілмек өрнектері бар карталар;

      үшіншісі - бір немесе бірнеше саусақтарда доға өрнектері бар /1 саны/ дактилоскопиялық карталар;

      төртіншісі – дактилоскопиялық картада иірілген /айналмалы/ өрнек болғанда:

      1) сол дельта ішке орналасқан /7 саны/

      2) дельта ортада орналасқан /8 саны/

      3) сол дельта сыртта орналасқан /9 саны/

      бесіншісі - басқалары, яғни ульнарлы /шынашақтың/ ілмек өрнектері бар дактилоскопиялық карталар.

      Осы секторлардың әрқайсының ішінде, ал төртіншіде - үш кіші секторлардың ішінде, дактилоскопиялық карталар топтар бойынша орналасады:

      осы топтардың әрқайсына тән өрнектері бар карталар алдымен бірінші саусақ бойынша, содан кейін екіншісі, үшіншісі және тағысын тағы;

      тек бір оң немесе сол қолда екі немесе одан көп осындай өрнек болса – дактилоскопиялық карталар оң немесе сол қолда аралас (мысалы, 0 немесе 2) өзінше топ құрайды;

      бұл секторлардың басқа карталары оң немесе сол қолда аралас (мысалы, 0 немесе 2) өзіндік топта орналасады.

      Дактилоскопиялық карталар әрбір топтың ішінде осы Қағиданың 13-тармағына сәйкес формулалар бойынша орналасады.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
есебін жүргізу және пайдалану
қағидаларының
9-қосымшасы

АЕ ААЖ мен АДАЖ-ға ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу

      1. Комитеттің аумақтық органының қызметкері, әскери және көліктік органды қоса алғанда, АЕ ААЖ мен АДАЖ-ға енгізілген ақпараттың уақытылы және дұрыс болуына дербес жауапты болады.

      2. АДАЖ-ға дактилоскопиялық карталарды енгізер алдында бір іс/хаттама бойынша бұрын енгізілген мәліметтердің болуын тексеру қажет. Қосарланған енгізуге жол берілмейді.

      Бір адамға қатысты, бір іс/хаттама бойынша бірнеше дактилоскопиялық карта болған жағдайда, АДАЖ-ға неғұрлым анық таңбалары бар және толық мәліметтерді қамтитын дактилоскопиялық карта енгізіледі.

      АДАЖ-ға мәліметтерді енгізгеннен кейін, дактилоскопиялық картада деректер қоры берген дактилоскопиялық картаның реттік нөмірі көрсетілген мөртаңба қойылады.

      3. АЕ ААЖ-ға есепке алу мәліметтерін енгізерден бұрын Комитеттің аумақтық органының қызметкері, әскери және көліктік органдарды немесе олардың аудандық (қалалық) бөлімшесін қоса алғанда, АЕ ААЖ, ББСЖ, СДТБТ жүйелерінде осы адамға қатысты мәліметтердің болуын/болмауын тексереді.

      1) бұрын АЕ ААЖ-не енгізілген сауалнамалық деректерде немесе басқа да мәліметтерде алшақтықтар анықталған жағдайда, қызметкер оларды нақтылау шараларын қабылдайда, қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша жиырма төрт сағат ішінде АЕ ААЖ-не жеткіліксіз мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді және растаушы құжаттардың графикалық көшірмелерін қоса тіркейді (жеке басты куәландыратын құжаттар, қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың және басқа процестік құжаттары).

      2) Тергеу изоляторынан, гауптвахтадан келіп түскен карточканы өңдеу барысында, АЕ ААЖ-нде тексерілетін адамға қатысты қамауда ұстаудан бөлек бұлтартпау шарасы бар бір қылмыстық іс бойынша карточка болған жағдайда, "бұлтартпау шарасы" және "күні" деректемелеріне тиісті түзету енгізу қажет. Жаңа карточка мұндай жағдайларда АЕ ААЖ-не енгізілмейді.

      Сонымен қатар, АЕ ААЖ-нде бұрын қамауда ұсталған және бір қылмыстық іс бойынша тергеу изоляторына, гауптвахтаға қайта орналастырылған адамға қатысты мәліметтер болған жағдайда, жаңа карточка енгізілмейді. Бұл ретте, "бұлтартпау шарасы" және "күні" деректемелері өзгертілмейді, "қосымша белгілеулер" деректемесінде адамның тергеу изоляторына, гауптвахтаға қайта орналастырылған күні көрсетіліп, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының қайта қолданылғаны туралы тиісті жазба жүргізіледі.

      3) Сауалнамалық, анықтама деректерінде алшақтықтар немесе СДТБТ не ББСЖ мәліметтеріндегі процестік шешімдердің (2015 жылға дейін қозғалған істер бойынша) сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, тексерілетін адамға қатысты растаушы құжаттардың (жеке басты куәландыратын құжаттар, қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың және т.б. процестік құжаттары) негізінде Комитеттің аумақтық органының, әскери мен көліктік органды қоса алғанда арнайы есепке алу бөлімшесінің бастығы құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшелеріне, әскери мен көліктік бөлімшелерді қоса алғанда СДТБТ немесе ББСЖ қорларына тиісті түзету жүргізу қажеттігі туралы хабарлайды.

      СДТБТ немесе ББСЖ мәліметтері Комитеттің басқа аумақтық органының түзетуіне жататын болса, Комитеттің алшақтықты анықтаған аумақтық органының бастығы Комитеттің тиісті аумақтық басқармасына растаушы құжаттарды қоса бере отырып, түзету жүргізу туралы өтінішхатпен жүгінеді.

      Құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшесінің қызметкері растаушы құжаттарды тексергеннен кейін, 1 жұмыс күні ішінде СДТБТ немесе ББСЖ-ге түзету жүргізеді. Өзге мемлекеттік органдарда (қылмыстық қудалау органдары, соттар, мұрағаттар және т.б.) нақтылауды қажет ететін қосымша тексеру жүргізген кезде, тиісті жауаптар алынғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде түзету жүргізіледі.

      Комитеттің аумақтық органдарының құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшесі, әскери мен көліктік органды қоса алғанда деректемелерге түзету енгізілген соң немесе СДТБТ немесе ББСЖ деректер қорына қате енгізілген мәліметтерді жойғаннан кейін, түзету бастамашысына және Комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасына жазбаша хабарлайды, бас тартқан жағдайда, сол мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, түзету бастамашысына хабарлайды.

      4. АЕ ААЖ-нде барлық ақпарат қатаң түрде тиісті деректемелерге, қысқартуларсыз және растаушы құжаттардың (қаулы, үкім, хабарлау, анықтама және басқа, ЖСН жоқ адамдар үшін: жеке куәлік, паспорт және басқа) графикалық көшірмелерін сала отырып енгізіледі.

      5. Адамдардың сауалнамалық деректері АЕ ААЖ-не жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) ақпараттық жүйесіне онлайн енгізіледі.

      ЖТ МДҚ-да мәліметтері жоқ шетелдіктердің, сондай-ақ ЖСН жоқ ҚР азаматтарының сауалнамалық деректері АЕ ААЖ-не жеке басты куәландыратын құжаттар негізінде енгізіледі.

      Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттарында сауалнамалық деректері қазақ және орыс тілдерінен өзге тілде толтырылса, әліпбилік есепке алу карточкасын толтыру үшін әріптік белгілерін орыс әліпбиіне транслитерация жасау қажет.

      Адамда деректемелердің бірі "тегі", "аты", "әкесінің аты" болмаған жағдайда, АЕ ААЖ-ндегі тиісті тармақ толтырылмай қалады.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жүргізуші куәлігі болған жағдайда, көрсетілген құжаттарда жоқ анықтама деректерінің (Қазақстан Республикасы азаматының паспортында "әкесінің аты" және "туған жері: облысы" жоқ, жүргізуші куәлігінде – "туған күні мен айы") нақтылау талап етіледі, тек нақты деректер анықталғаннан кейін ғана мәліметтерді АЕ ААЖ-не енгізу қажет.

      6. АЕ ААЖ-нде сот қылмыстық ісін (қудалауын) тоқтатқан адамға сот үкімінің (қаулысының) күні, соттың атауы қысқартусыз, ҚР ҚК және ҚПК баптарына сілтеме, сот үкімінің (қаулысының) заңды күшіне енген күні енгізіледі.

      Қылмыстық қудалау органы қылмыстық істі (қудалауды) тоқтатқан кезде, АЕ ААЖ-нде қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарған органның толық атауы, ҚР ҚК және ҚПК баптарына сілтеме, прокурордың бекітуі немесе қорытындысы туралы, яғни қылмыстық істі (қудалауды) тоқтату негізімен прокурордың келісуі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Қылмыстық істері (қудалауы) тоқтатылған (жергілікті есепке алу) адамдарға қатысты АЕ ААЖ-нде жауапты қызметкер куәландырған келесі растаушы құжаттардың графикалық көшірмелері қоса тіркеледі:

      егер қылмыстық ісін (қудалауын) қылмыстық қудалау органдары іс жүргізумен тоқтатса, прокурормен келісілген қылмыстық істі (қудалауды) тоқтату туралы қаулы, қылмыстық іс ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, прокурордың қылмыстық істі (қудалауды) тоқтатумен келісімі туралы дәлелді қорытындысының көшірмесі қосымша тіркеледі;

      егер қылмыстық істі (қудалауды) сот тоқтатса, сот шешімінің заңды күшіне ену күнін көрсете отырып, қылмыстық істі (қудалауды) тоқтату турады қаулының (үкімнің) көшірмесі қоса тіркеледі.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
  бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың,
ұсталғандардың, күзетпен
ұсталатын және сотталған
адамдардың дактилоскопиялық
арнайы есепке алудың және
пайдалану қағидаларының
10-қосымшасы

Тегі бойынша және дактилоскопиялық картотекаларда ақпараттық есепке алу құжаттарын және АЕ ААЖ мен АДАЖ-дегі мәліметтерді сақтау мерзімдерінің тізбесі

      1. Комитеттің және оның аумақтық органдарының тегі бойынша (әліпбилік) және дактилоскопиялық картотекаларында (деректер банктерінде) есепке алу құжаттары соттылықтың жойылу немесе алыну мерзімдеріне қарамастан сақталады. Орналасқан және алынған есепке алу құжаттарының саны туралы мәліметтер картотекалардың төлқұжаттарында көрсетуге жатады.

      2. 3-тармақта көрсетілген адамдар туралы мәліметтер АЕ ААЖ-де үнемі сақталады.

      3. Әліпбилік есепке алу карточкалары тегі бойынша (әліпбилік) картатекадан алынуға жатады және ол құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының арнайы мұрағат қорына келесі мерзімде жіберіледі:

      1) сотталған адамдардың және сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдардың әліпбилік есепке алу карточкалары олардың жасы 70 жасқа жеткенше, бірақ негізгі және қосымша жазасын түпкілікті өтеген сәттен бастап, болмаса медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалғаннан кейін кемінде 15 жыл өткенше сақталады.

      2) қылмыстық ісі тоқтатылған (ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді қоспағанда) адамдарға, қылмыстық заңнаманың ізгілендіруіне байланысты баптары декриминализацияланған, айыпты деп танылған адамдарға және Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық процестік кодекстерінің ережелерінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен немесе сот тағайындаған жазадан босатылған адамдарға әліпбилік есепке алу карточкалары басқа соттылықтарына қарамастан, тиісті сот шешімдері шықан күннен бастап 10 жыл сақталады.

      4. Істері бойынша қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді алу мүмкін емес болған адамдардың әліпбилік есепке алу карточкалары бұлтартпау шарасы қолданылған күннен бастап 10 жыл өткен соң тегі бойынша картотекадан алынады және АЕ ААЖ-нен есептен алынады (АЕ ААЖ-нде адамды қылмыстық жауаптылыққа одан әрі тартуға немесе соттауға қандай да бір растаушы құжаттардың болмауын растайтын құзыретті органдар құжаттарының (жауаптарының) графикалық көшірмелерін сала отырып).

      5. Сот шешімі бойынша ақталған, сондай-ақ қылмыстық істері ақтайтын негіздер бойынша, болмаса маңыздылығы аз болғандықтан тоқтатылған істер бойынша адамдарға арналған әліпбилік есепке алу карточкалары тегі бойынша картотекадан алынады және (АЕ ААЖ әліпбилік есепке алу карточкасының және процестік шешімнің графикалық көшірмесін тіркей отырып) тиісті процестік шешімді алғаннан кейін, басқа соттылықтарына қарамастан, АЕ ААЖ-нен есептен алынады.

      6. КСРО қауіпсіздік органдары іздеу жариялаған адамдарға арналған іздеу карточкалары Комитеттің арнайы қорына жіберіледі.

      7. Дактилоскопиялық картотекада тұрған адамдардың дактилоскопиялық карталары әліпбилік есепке алу карточкаларының сақталу мерзіміне қарамастан, олар 70 жасқа келгенше, бірақ соңғы қылмыстық ісі бойынша қамауға алынған (қамалған) күнінен 15 жылдан кем емес мерзімге сақталады.

      8. Түзету мекемесінде қайтыс болған, айыпталушы ретінде тартылған адамдарға, ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істері сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында тоқтатылған адамдарға, сонымен бірге өліміне байланысты дактилоскопиялық карталар тиісті құжаттар келіп түскеннен кейін алынады.

      9. Өлім жазасына сотталғандарға арналған дактилоскопиялық карталар үкімнің орындалғаны туралы хабарлама алынған бойда алынады.

      10. Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтаған кезде танылған адамның дактилоскопиялық карталары Комитеттің аумақтық органның дактилоскопиялық картотекасынан алып тастауға жатады. Алынған дактилоскопиялық карталардың, тану хаттамаларының көшірмелері Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке жіберіледі.

      11. АДАЖ-дан жоюға 95 жасқа жетуге байланысты, дактилоскопиялық карталарды картотекалық массивтен алып тастағаннан кейін, дактилоскопиялық карталарды картотекалық массивтен алып тастағаннан кейін бір жыл өткен соң, көрсетілген мәліметтер жатады:

      12. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есепке алу құжаттары жалпы тәртіпте сақталады.

      13. Қағаз тасығыштағы сотталған (қамауға алынған) туралы хабарлаулар тегі бойынша есепке алу бөлімшелерінде кейіннен 1 жыл сақтау мерзімімен ведомстволық мұрағатқа жолдай отырып, олар келіп түскен күннен бастап 1 жыл ішінде сақталады.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
  бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
  тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
  ұсталатын және сотталған
  адамдардың дактилоскопиялық
  есебін жүргізу және пайдалану
  қағидаларының
11-қосымшасы
  Нысан
  Арнайы есепке алу басқармасы

Ақпараттық есепке алу құжаттары
орталықтандырылған есепке жолданатын адамдардың
тізімі

20___ ж. "____"____________ бастап "____"__________ дейінгі аралықта

Реттік №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы

Қамауға алынған күні

Дактилоскопиялық формуласы

Дактилоскопиялық карталардың және әліпбилік есепке алу карточкаларының саны
 

хабарлауды тергеу абақтысының жіберген күні және шығ. №

хабарлаудың аумақтық басқармаға келіп түскен күні және кіріс №




      Басқарма бастығы _______________________________________________

      (аумақтық органның, қолы, тегі)

      Ескерту: тізімге есептік кезеңдегі жазасын өтейтін жерге кеткен барлық сотталған адамдар (транзитпен өтетіндерден басқалар) кіреді

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
  бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
  тартылған адамдардың арнайы
есебін, ұстап алынған, күзетпен
  ұсталатын және сотталған
  адамдардың дактилоскопиялық
  есебін жүргізу және пайдалану
  қағидаларының
12-қосымшасы

Мемлекетаралық ақпарат банкіне ұсынуға жататын

ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесі

      Мемлекетаралық ақпарат банкіне төендегі адамдарға қатысты ақпараттық есепке алу құжаттары жолдануға жатады:

      1) Жасаған қылмыстары үшін ҚР ҚК төмендегі баптарымен сотталған Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1. 99-бап 1, 2-бөліктер (адам өлтіру);

      2. 101-бап 1, 2-бөліктер (аффект жағдайында жасалған адам өлтiру);

      3. 105-бап 3-бөлік (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу);

      4. 106-бап 1, 2, 3-бөліктер (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру);

      5. 110-бап 2-бөлік (қинау);

      6. 116-бап 2, 3-бөліктер (адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою);

      7. 118-бап 3-бөлік (адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру);

      8. 120-бап 2, 3, 4-бөліктер (зорлау);

      9. 121-бап 2, 3, 4-бөліктер (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері);

      10. 122-бап 2, 3-бөліктер (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау);

      11. 124-бап (жас балаларды азғындық жолға түсіру);

      12. 125-бап (адамды ұрлау);

      13. 126-бап 3-бөлік (бас бостандығынан заңсыз айыру);

      14. 128-бап 2, 3, 4-бөліктер (адам саудасы);

      15. 132-бап (кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту);

      16. 133-бап 3-бөлік (кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту);

      17. 134-бап 2, 3, 4-бөліктер (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту);

      18. 135-бап (кәмелетке толмағандар саудасы);

      19. 136-бап (баланы ауыстыру);

      20. 143-бап 3-бөлік (кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету);

      21. 146-бап 2, 3-бөліктер (азаптаулар);

      22. 157-бап 2-бөлік (принуждение к участию в забастовке или к отказу от участия в забастовке);

      23. 160-бап (басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргiзу);

      24. 161-бап 2-бөлік (басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру);

      25. 162-бап (жаппай қырып-жою қаруын өндiру, иемдену немесе өткізу);

      26. 163-бап (соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану);

      27. 166-бап (қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру);

      28. 168-бап (геноцид);

      29. 170-бап (жалдамалылық);

      30. 171-бап (жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру);

      31. 172-бап (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу);

      32. 173-бап (халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау);

      33. 174-бап (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру);

      34. 175-бап (мемлекетке опасыздық жасау);

      35. 176-бап (тыңшылық);

      36. 179-бап (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту);

      37. 180-бап (сепаратистік әрекет);

      38. 181-бап (қарулы бүлiк);

      39. 182-бап (экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу);

      40. 184-бап (диверсия);

      41. 185-бап 3-бөлік (мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету);

      42. 188-бап 3, 4-бөліктер (ұрлық);

      43. 190-бап 2, 3, 4-бөліктер (алаяқтық);

      44. 191-бап 2, 3, 4-бөліктер (тонау);

      45. 192-бап (қарақшылық);

      46. 193-бап (ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру);

      47. 194-бап 2, 3, 4-бөліктер (қорқытып алу);

      48. 197-бап (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу);

      49. 200-бап 3, 4-бөліктер (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу);

      50. 202-бап 2, 3-бөліктер (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру);

      51. 203-бап (ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру);

      52. 210-бап 2, 3-бөліктер (зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату);

      53. 211-бап 3-бөлік (қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату);

      54. 215-бап 2, 3-бөліктер (жалған кәсіпкерлік);

      55. 218-бап 2, 3-бөліктер (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату));

      56. 231-бап (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу);

      57. 232-бап (жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу);

      58. 234-бап (экономикалық контрабанда);

      59. 242-бап (банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну);

      60. 255-бап (терроризм актісі);

      61. 256-бап (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру);

      62. 257-бап (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу);

      63. 258-бап (террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік);

      64. 259-бап (террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру);

      65. 260-бап (террористік немесе экстремистік даярлықтан өту);

      66. 261-бап (адамды кепiлге алу);

      67. 262-бап (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);

      68. 263-бап (қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);

      69. 264-бап (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);

      70. 265-бап (трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);

      71. 266-бап (қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу);

      72. 267-бап (заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру);

      73. 268-бап (бандитизм);

      74. 269-бап (ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу);

      75. 270-бап (әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу);

      76. 271-бап (теңiз қарақшылығы);

      77. 272-бап 3, 4-бөліктер (жаппай тәртiпсiздiк);

      78. 273-бап (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау);

      79. 281-бап 2, 3-бөліктер (жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу);

      80. 282-бап 2, 3-бөліктер (ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу);

      81. 283-бап 2-бөлік (радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу);

      82. 284-бап 2, 3, 4-бөліктер (радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды жымқыру не қорқытып алу);

      83. 285-бап 4, 5-бөліктер (радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын бұзу);

      84. 286-бап 2, 3-бөліктер (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы);

      85. 287-бап 2, 3, 4, 5-бөліктер (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);

      86. 288-бап 2-бөлік (қаруды заңсыз жасау);

      87. 289-бап (атыс қаруын ұқыпсыз сақтау);

      88. 290-бап 3-бөлік (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау);

      89. 293-бап 3-бөлік (бұзақылық);

      90. 294-бап (тағылық);

      91. 296-бап (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу);

      92. 297-бап 2, 3, 4-бөліктер (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу);

      93. 308-бап 2-бөлік (жезөкшелiкпен айналысуға тарту);

      94. 312-бап (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту);

      95. 313-бап (қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату);

      96. 360-бап 3, 4-бөліктер (халықаралық ұшу қағидаларын бұзу);

      97. 392-бап 3-бөлік (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту);

      98. 402-бап (сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер);

      99. 14-бап (қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы).

      2). Қазақстан Республикасының аумағында баптың саралануына қарамастан, сотталған және айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
  бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың,
  ұсталғандардың, күзетпен
ұсталатын және сотталған
  адамдардың дактилоскопиялық
  арнайы есепке алудың және
пайдалану қағидаларының
13-қосымшасы
  Нысан

____________________________________________________________________

(құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының атауы)

Анықтама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, туған күні мен орны)

ауысуы себебінен жеке басын куәландыратын құжаттарын алмастыру

мәселесі бойынша ішкі істер органдарына жүгінген азаматтар туралы

мәліметтер

№ р/с

Ішкі істер органының атауы
 

Анықтама деректерінің ауысуы себебінен жүгінген азаматтың Т.А.Ә.(болған жағдайда), туған күні,
туған жері, ЖСН

Азаматтың Т.А.Ә.(болған жағдайда), ұлты,
туған күні, жынысы,
туған жері (4 және
5-бағандарда ауыстыруға жататын анықтама
деректері толтырылады)

Жеке куәлік, паспорт беруге 1-н нысанды өтініштің нөмірі және беру күні

1

2

3

4

5

6

      Бастық __________________________________________________

      (органның мөрі, лауазымы, тегі, қолы)

      Ф-1 – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №583 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, формуляр (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13911 болып тіркелген).

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
  бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың,
  ұсталғандардың, күзетпен
ұсталатын және сотталған
  адамдардың дактилоскопиялық
  арнайы есепке алудың және
пайдалану қағидаларының
14-қосымшасы
  Нысан

Талап

      "___"_________20___ж. № __________________

      __________________________________________________________________________

      (талап жолданған органның атауы)

      Жеке тұлға үшін:

      1. Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__| 

      2. Аты |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      3. Әкесінің аты (болған жағдайда)|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      4. Туған күні: |__|__| |__|__| |__|__|__|__| 5. ЖСН |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      күні       айы      жылы

      6. Туған жері: ______________________________________________________________

      (облыс, аудан)

      __________________________________________________________________________

      (елді мекен)

      Заңды тұлға үшін:

      7. БСН |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      8. СТН (болған жағдайда) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      9. Атауы: __________________________________________________________________

      (қысқартусыз)

      __________________________________________________________________________

      10. Мекенжайы:_____________________________________________________________________

      (елді мекен, аудан, облыс)

      11. Тексеру жүргізу себебі____________________________________________________

      12. Бастамашы орган:________________________________________________________

      13. Органның орындаушысы:_________________________________________________

      (лауазымы, тегі)

      14. Органның басшысы: _____________________________________________________

      (орган басшысының қолы, тегі)

      _____________________________мөр орны

      15. Жіберуші органның мекенжайы:

      __________________________________________________________________________

      (индекс, елді мекен, аудан, облыс)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Назар аударылсын!

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ақпараттық-анықтама есебінің мәліметтерін сұрау салған бастамашы қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 61 бабына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 79, 89 баптарына сәйкес қолданады.

      Сауалнамалық деректер жеке басын растайтын құжаттың негізінде толтырылады.

      Тексерілуші адамның сауалнамалық деректерін бұрмалап көрсету дұрыс емес мәліметтерді беруге әкеліп соқтырады. Тазартуға және түзетуге жол берілмейді. Талаптың барлық деректемелері толтырылуы керек.адамның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, БСН, СТН болмаған жағдайда – тиісті деректемеде "жоқ" жазбасы қойылады.

      Қысқартулар:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      СТН-салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
  бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың,
  ұсталғандардың, күзетпен
ұсталатын және сотталған
  адамдардың дактилоскопиялық
  арнайы есепке алудың және
пайдалану қағидаларының
15-қосымшасы
  Нысан

Алқа билерге үміткерлер

№ р/с

Т.А.Ә. (тегін, атын, әкесінің атын(болған жағдайда), туған күнін өзгерткен адамдардың, бұрынғы және өзгертілген сауалнама деректері көсетіледі)

Туған күні (күні, айы және жылы)

ЖСН

Туған жері

Мекен-жайы

Есепте мәліметтердің болуы туралы белгі
































































 







 







      Органның м.о. қолы _______ Басшының қолы ______

      Ескерту! Тексеретін адамдардың сауалнамалық деректерінің бұрмалануы мәліметтердің дұрыс берілмеуіне алып келеді. Тазартып өшіру мен түзетуге жол берілмейді. Тізімнің барлық деректемелері толтырылуға тиіс.

      Тексерудің нәтижесі тізімдегі әрбір парақтың келесі бетіне мөртаңба басумен, мәліметтері бар адамға анықтама қосымшасын салып, "Есепте мәліметтердің болуы туралы белгі" деген бағанаға көрсету арқылы рәсімделеді.

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
  бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың,
  ұсталғандардың, күзетпен
ұсталатын және сотталған
  адамдардың дактилоскопиялық
  арнайы есепке алудың және
пайдалану қағидаларының
16-қосымшасы

Талаптарға қойылатын мөртаңбалардың үлгілері

      1.

     


      2.

     


  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
  бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың,
  ұсталғандардың, күзетпен
ұсталатын және сотталған
  адамдардың дактилоскопиялық
  арнайы есепке алудың және
пайдалану қағидаларының
17-қосымшасы
  Нысан

      Дана № ____

Қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны, соттылығы туралы,

қаңғыбастығы үшін ұсталғаны туралы

анықтама №___________________

(қажетсізі сызылып тасталады)

      Тегі ______________________________________________________________________

      Аты ______________________________________________________________________

      Әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________________________

      "___"___________19___ж. туған

      Туған жері ________________________________________________________________

      (ауыл, село, аудан, қала, облыс, өлке, елі)

      _________________________________________________________________________

      Дактилоскопиялық формула _________________________________________________

      Ол анықталды _____________________________________________________________

      (хронологиялық тәртіпте мәліметтер көрсетілсін -

      __________________________________________________________________________

      қандай сауалнамалық деректермен, қашан, қай сот соттады

      __________________________________________________________________________

      (қандай орган ұстады), процестік шешімнің мазмұны, жазасын

      __________________________________________________________________________

      қайда өтеді (ұсталды), босату негізі және күні)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Анықтаманы құрастырған ___________________________________________________

      (аумақтық басқарма қызметкерінің лауазымы,

      қолы мен тегі)

      "____"_____________20___ж.

      (мөлшері 150 х 210)

  Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
  бұзушылықтар жасаған
адамдардың, қылмыстық құқық
бұзушылық жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдардың,
  ұсталғандардың, күзетпен
ұсталатын және сотталған
  адамдардың дактилоскопиялық
  арнайы есепке алудың және
пайдалану қағидаларының
18-қосымшасы
  Нысан

      Дана: № ____

Танылмаған мәйіттің жеке басын анықтау хаттамасы № _________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Дактилоскопиялық формула _________________________________________________

      Ол анықталды _____________________________________________________________

      (хронологиялық тәртіпте мәліметтер көрсетілсін -

      __________________________________________________________________________

      қандай сауалнамалық деректермен, қашан, қай сот соттады

      __________________________________________________________________________

      (қандай орган ұстады), процестік шешімнің мазмұны, жазасын қайда өтеді

      __________________________________________________________________________

      (ұсталды), босату негізі мен күні)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Хаттаманы құрастырған __________________________________________________

      (лауазымы, қолы және тегі)

      "___"__________ 20__ж.

      (мөлшері 150х210)