Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған, Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
қызмет берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) ұйым жарғысының көшірмесі (бар болған жағдайда);
3) "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген) сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәліктерінің көшірмелері (шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін);
4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесі (шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін);
5) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актілері (шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін);
6) заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) расталған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдық-штаттық құрылымы;
7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінділер;
8) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі және/немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі (кадр қызметі растаған) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, ал қызмет басшылары үшін – қызметтік тізім көшірмесі;
9) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің білімі туралы құжаттардың көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);
10) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды аяқтағаны туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктердің көшірмесі;
11) жүргізуші куәліктерінің көшірмелері (жүргізушілер үшін);
12) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің 086/У нысанды медициналық анықтамалары;
13) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алған анықтамалары;
14) гараж боксының, қызметтік үй-жайлардың фотосуреттері қоса берілген қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектіні пайдалану құқығының бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелері;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) ұйым жарғысының электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);
3) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі (шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін);
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актілерінің электрондық көшірмелері (шығатын өрт сөндіру техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін);
5) заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) расталған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдық-штаттық құрылымының электрондық көшірмесі;
6) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзіндінің электрондық көшірмелері;
7) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі және/немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі (кадр қызметі растаған) еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, ал қызмет басшылары үшін – қызметтік тізімнің электрондық көшірмесі;
8) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);
9) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды аяқтағаны туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктердің электрондық көшірмесі;
10) жүргізуші куәліктерінің электрондық көшірмелері (жүргізушілер үшін);
11) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің 086/У нысанды медициналық анықтамаларының электрондық көшірмелері;
12) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алған анықтамаларының электрондық көшірмелері;
13) гараж боксының, қызметтік үй-жайлардың фотосуреттері қоса берілген қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектіні пайдалану құқығының бар-жоғын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, қызметкерлердің жеке басын куәландыратын құжаттарды және көлік құралдарының бар-жоғын растайтын құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен кезде) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен объектілердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы болып табылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Министрлік басшысының атына жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол тапсырылады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 8000 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына немесе портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.emer.kz, "Байланыстар" бөлімі;
2) Министрліктің - www.mvd.kz, "ҚР ІІМ құрылымдық бөліністері" баннері, "Төтенше жағдайлар комитеті" бөлімі, "Байланыстар" кіші бөлімі.
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны 8 (7172) 60-21-33, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары 1414, 8 8000 080 7777.";
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш" қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні.".
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі - еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілген куәлік көшірмесі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.
1) шағым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Министрлік басшысының атына жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ почта байланысы арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына және шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында орналасқан.";
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден беруден бас тарту үшін негіздемелер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10496 болып тіркелген) бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйыдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы болып табылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Министрліктің басшысының атына жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол тапсырылады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 8000 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына немесе портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.emer.kz, "Байланыстар" бөлімі;
2) Министрліктің - www.mvd.kz, "ҚР ІІМ құрылымдық бөліністері" баннері, "Төтенше жағдайлар комитеті" бөлімі, "Байланыстар" кіші бөлімі.
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны 8 (7172) 60-21-33, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары 1414, 8 8000 080 7777.";
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа оған қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
___________ Д. Абаев
2017 жылғы "___"_________
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы "__"_________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің
төрағасына
_______________________
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы
өтініш
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және
________________________________________________________________________________
МеӨҚҚ атауы
________________________________________________________________________________
өртке қарсы қызмет түрі
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі
жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
БСН: ______________________________________________
МЕӨҚҚ орналасқан жері: _____________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы______________________________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы
_____________________
күні
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 259 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына 2-қосымша |
"Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "Азаматтар үшін үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап – 15 (он бес) күнтізбелік күн.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызмет алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жарамдылық мерзімі өткен құжаттар ұсынған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
9. Авариялық-құтқару қызметтері (бұдан әрі – АҚҚ) мен құралымдарын бастапқы аттестаттау үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушылар (не сенімхат бойынша оның өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізуге өтініш;
2) АҚҚ және құралымдары жарғысының немесе ережесінің көшірмесі;
3) АҚҚ және құралымдарының штат саны, құрылымы;
4) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылар куәліктерінің және кітапшаларының көшірмесі (бар болған жағдайда);
5) "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмесі;
6) "Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша техникалық байқау диагностикалық карталарының көшірмесі;
7) еркін нысанда сынақтар актілерінің көшірмесі (жабдық үшін);
8) оқу-материалдық базасының бар-жоғы туралы (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақталуы, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) құжаттардың көшірмесі;
9) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
10) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) сәйкес қызметкерлердің 086/У нысанды медициналық анықтамалары;
11) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерінен алынған анықтамалар;
12) АҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттарының көшірмесі, (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);
13) "Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының немесе "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің көшірмесі;
14) "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәліктерінің көшірмелері (жүргізушілер үшін).
АҚҚ және құралымдарды мерзімдік, кезектен тыс аттестаттау және қайта аттестаттау үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды, оның ішінде қызмет көрсететін объектінің жоспарын ұсынады (объектілік кәсіби АҚҚ мен құралымдар үшін).
Құтқарушыларды бастапқы аттестаттау үшін азаматтар Мемлекеттік корпорацияға:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес қызметкерлердің 086/У нысанды медициналық анықтамалары;
3) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелді) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің немесе азаматтық қорғау саласында даярлау немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын сертификаттардың көшірмесі;
4) өлшемдері 3х4 см саны екі дана фотосурет ұсынады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарады, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуде бас тарту үшін негіз:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен объектілердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген) бекітілген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген айқындалған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке тыйым салу немесе жекелеген қызмет түрлері туралы соттың шешімі (үкімі) бар.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызмет берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ пошта байланысы арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына және шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында орналастырлған.
14. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің және Министрліктің интернет-ресурстарында орналастырылған.
"Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
Төтенше жағдайлар департаментінің
(облыс немесе республикалық маңызы бар
қала көрсетіледі) бастығы
____________________________________
бастықтың Т.А.Ә. (болған кезде)
Аттестаттау немесе қайта аттестаттау өткізуге өтініш
________________________________________________________________________________
(аттестатау түрі көрсетіледі)
________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы
27-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар
тізбесін қарауды және __________________ жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік алу үшін
________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
___________________________________аттестаттау және қайта аттестаттау өткізуді сұрайды.
(авариялық-құтқару жұмыстарының түрі)
_____________________________ ________________________________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы)
____________________
(күні)