"Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15172 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:

      2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) комиссия – "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Есепке алу қағидалары) сәйкес құрылған комиссия;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау Есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылдағаннан кейін мүлікке бағалау жүргізеді.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті бағалау туралы есептерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мүлік жөніндегі деректерді тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Егер мүлік үлес меншігінде болған жағдайда тізілімге тек жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік үлесі ғана енгізіледі.

      4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

      Мынадай мүлік түрлерін: жануарлар, жануарлардан алынатын шикізаттар, алкоголь өнімдері, темекі және темекі өнімдері, сондай-ақ жойылуға жататын немесе меншік үлесіндегі мүлікті қоспағанда тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуы тиіс.

      Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:

      1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

      2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.

      Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, он жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ жауапты хатшының, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.";

      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті беру туралы шешімді қабылдайды.

      Қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қол қояды.";

      12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссия) сәйкес сауда ұйымы арқылы мүлікті сату үшін беру комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі және мүлікті сату үшін алынған құннан жиырма бес пайыз мөлшеріндегі комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем тапсырмасы немесе банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.

      Сауда ұйымы төлеген комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз ету сатылған мүліктен түскен түсімдер есебіне есептеледі.

      Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.

      Ақшаны аудару үшін деректемелер мемлекеттік сатып алулар туралы шартта (комиссияда) көрсетіледі.

      13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап үш ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджет кірісіне аударады.

      14. Егер үш ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.

      Сауда ұйымы сатушыдан қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдаған мүлік қайтарылмайды.

      Сауда ұйымының бастамасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бұзылған жағдайда комиссиялық тапсырмаларда көрсетілген мүлікті сатуға алынған сома сатушыға төленуі тиіс.";

      19-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мүлік туралы мәлiметтерді (сандық және сапалық жағынан өлшенетін және салыстырылатын);";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

      1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

      2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің;

      3) Есепке алу қағидаларының 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

      Кепілдік жарна сомасы сату бағасынан асқан жағдайда сатушы жазбаша өтініш берген күннен бастап кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпазға айырмасы қайтарылады.";

      35-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген болса, сауда ұйымдарының қызметтерін жеткізушілер болған жағдайда алғашқы бағадан елу пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сауда ұйымына сатуға беріледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы мен жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі.

      Сатып алу-сату шартын сатушы қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпазға келісуге жібереді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы тиісінше хабарламадан кейін шартты бiр жақты тәртiппен бұзады. Бұл ретте сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайта шығарылады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қоспағанда, сатып алушыға мүлікті беру сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы толық төлегеннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жүргізіледі.

      Қабылдап алу-беру актісі мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада (еркін нысанда) жасалады, қол қойылғаннан кейін сатушы екі жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді, оның біреуі сатушыда сақталады, ал екіншісі сатып алушыға беріледі.

      Жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайта шығарылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрі

      ___________ М. Бекетаев

      2017 жылғы "___" ______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "___" ________