1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидалары бекітілсін.
2. "Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10660 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 сәуірде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстеан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 330 бұйрығымен бекітілді |
Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген, олар сот сараптамаларын және сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде әзірленетін және қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін (бұдан әрі – Әдістемелер) әзірлеудің, сынамадан өткізудің және енгізудің тәртібін айқындайды.2. Әдістемелерді әзірлеудің және енгізудің мақсаты қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік істердің материалдарын тергеу барысында сарапшының алдына қойылған сұрақтарды шешудің бірыңғай тәсілдерін жасау, сондай-ақ сот-сараптама қызметін ғылыми дамыту болып табылдады.
3. Әзірленетін Әдістемелерді сынамадан өткізудің мақсаты нақты жағдайларда жүргізілетін теориялық тұрғыдағы әдістемелерді сот сараптамасын жүргізу тәжірибесінде қолдану үшін олардың жарамдылығын растау болып табылады.
4. Әдістемелерді әзірлеудің және енгізудің міндеттері:
сот сараптамасы органдарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлерінің қызметін ретке келтіру және жүйелеу;
сот сараптамаларын жүргізудің прогрессивті түрлерін, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын іздеу;
сот сараптамарын жүргізудің сапасын арттыру болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органдарының (бұдан әрі - сот сараптамасы органы) сарапшылары;
сот сараптамасы органдарының қызметкерлері;
сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар;
ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері Әдістемелерді әзірлеушілер (авторлары, құрастырушылары) болып табылады.
6. Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) арнаулы ғылыми білімдер – сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;
2) сот-сараптамалық зерттеудің әдістемесі - сот сараптамасының белгілі бір тегінің, түрінің мәніне жататын нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі;
3) әдістемелерді әзірлеу - тиісті нормативтік құқықтық актілерді, оқу-әдістемелік, анықтамалық материалдар мен ғылыми жұмыстарды шығармашылық зерделеу негізінде теориялық сипаттағы материалдарды жүйелеу, сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізудің қолда бар тәжірибесін жинақтап қорыту;
4) әдістемелерді сынамадан өткізу - бұл, нәтижесінде олардың сараптамалық тәжірибеде пайдаланылуының мүмкіндігін және қажеттілігін растайтын немесе теріске шығаратын, теориялық әзірленімдердің ережелері мен тұжырымдарын эксперименттік материалдарда тексеру;
5) әдістемелерді енгізу - әзірленген және байқаудан өткізілген әдістемелерді бекіту және сараптама қызметінде пайдалану;
6) сот-сараптамалық зерттеулер әдістемесінің төлқұжаты – сот-сараптамалық зерттеулер әдістемесі туралы ақпараттан тұратын әдістеменің бөлімі;
7) сот-сараптамалық зерттеу әдісі - сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын логикалық және (немесе) аспаптық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі.
2 тарау. Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеудің, сынамадан өткізудің шарттары мен тәртібі
7. Әдістемелерді әзірлеу туралы шешімді сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – ҒК) қабылдайды, онда әдістемелері әзірленуі қажетті сараптама түрлерін, оны орындау нысанын анықтайды, әдістемелерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастырады, жұмыс тобының жетекшісін, жауапты орындаушыларды, әзірлеудің және сынамадан өткізудің мерзімдерін, сыртқы және ішкі рецензенттерді бекітеді және әдістемені әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу жөніндегі іс-шараларды бекіту жөніндегі одан арғы рәсімдерді жүргізеді.8. Әдістемелерді әзірлеу мен енгізу жоспары сот сараптамасы органының кешенді жоспарына енгізіледі.
9. Әдістемелерді әзірлеу кезінде әзірлеуші материалдарды теориялық сипаты бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді, оқу-әдістемелік, анықтамалық материалдар мен ғылыми жұмыстарды зерделеу негізінде жүйелейді, сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізудің қолда бар тәжірибесін жинақтап қорытады.
10. Әдістеменің құрылымы келесі элементтерден тұрады:
осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша титулдық парақтан;
осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлқұжаттан;
мазмұнынан;
кіріспе бөлімінен;
негізгі бөлімінен;
қорытынды бөлімінен;
пайдаланылған дереккөздердің тізімінен;
қосымшалардан (қажет болған жағдайда).
11. Мазмұнында, олардың басталатын беттері көрсетіле отырып, барлық тарауларды, параграфтарды белгілеу жолымен жұмыстың мазмұндамасы келтіріледі, мазмұнындағы тақырыптары мәтіндегі тиісті тақырыптарды қайталайды, мазмұны жұмыстың бас жағына немесе соңына орналастырылады.
12. Кіріспе бөлімінде қысқаша нысанда:
сот-сараптамалық зерттеу әдістемесін әзірлеудің өзектілігі;
зерттеу тақырыбының практикалық маңыздылығы;
шешілетін ғылыми келелі мәселенің заманауи ахуалын бағалау;
зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, объектісі мен мәні тұжырымдалады;
зерттеу әдістері, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің қажетті шарттары көрсетіледі;
оларды пайдалану, міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелерді анықтау көрініс табады.
Кіріспе бөлімнің көлемі негізгі мәтін көлемінің 5-7% аспайды.
13. Негізгі бөлімнің тарауларында қойылған міндеттерді шешудің әдістемесі мен техникасы жан-жақты қарастырылады, алынған нәтижелер жүйелеп баяндалады. Негізгі бөлімнің мазмұны, зерттеу тақырыбын қисынды және дәйекті түрде аша отырып, оған дәлме-дәл сәйкес келеді.
14. Бөліктердің, бөлімдердің, тараулар мен параграфтардың тақырыптары нөмірленеді. Өз кезегінде, олар бір-бірімен белгілі бір оймен байланысқан бірнеше сөйлемдерден тұратын азат жолдарға бөлінеді. Бөліктердің, бөлімдердің, тараулар мен параграфтардың тақырыптары қысқа, зерттеу объектісін немесе мәнін бейнелейтін түйін сөздері болады және мазмұнын барынша дәлме-дәл бейнелейді.
15. Қорытынды бөлімі, алынған нәтижелердің кіріспе бөлімінде көрсетілген мақсаттар және міндеттермен байланысқан,олардың тізбектелген, логикалық үйлесімді баяндалуы болып табылады, әрі жүргізілген жұмыстардың логикасымен ескерілген және негізгі бөлімде баяндалған ғылыми ақпараттың синтезі нысанында болады. Қорытынды бөлімнің көлемі негізгі мәтін көлемінің 5-7% аспауы тиіс.
Зертеудің соңғы нәтижелерінен, оның ғылыми жаңалығы, теориялық маңыздылығы және практикалық құндылығы шығады.
16. Пайданылған фактілерге сілтеме жасаған кезде немесе басқа авторлардың жұмыстарынан дәйексөз келтіргенде, келтірілген материалдардың дереккөздері көрсетіледі. Мәтіндер, графикалар, кестелер, карталар, фотосуреттер және т.б. түріндегі көмекші материалдар қосымшаға шығарылады.
17. Негізгі мәтіннің қосымшалармен байланысы "қосымшаны қараңыз..." деген сөзді пайдалана отырып, сілтеме жасау арқылы жүзеге асырылады, ол қысқартылып жазылады және жақшаға алынады. Әдістеменің көлемін есептеген кезде оның қосымшалары есепке алынбайды.
18. Әдістеменің мазмұны Әдістемені әзірлеу кезінде жүргізілген зерттеудің ғылымилығын, жаңалығын және практикалық құндылығын негіздеу болып табылады.
Әдістеменің ғылымилығы зерттеудің эмпириялық және теориялық әдістерін, тұжырымдалатын логикалық ойша пайымдаулар мен қорытындыларды қолданудың ғылыми негізділігімен анықталады.
Жаңалығы, Әдістемеде ұсынылып отырған сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен тәсілдері теориялық тұрғыдан негізделгендігімен және алғаш рет ұсынылып отырғандығымен анықталады.
Әдістеменің практикалық құндылығы оны сынақтан өткізу барысында анықталады.
Әдістемені жазу кезінде бір мағыналы сөздер мен терминдер пайдаланылады, сондай-ақ сөздердің көп мағыналы түсінігіне жол берілмейді.
19. Әзірлеуші (құрастырушы) әзірленген Әдістеменің жобасын төлқұжатымен бірге Ғылыми-әдістемелік кеңестің (бұдан әрі – ҒӘК) отырысында қарау үшін сот сараптамасы органына жолдайды.
20. ҒӘК қараудың нәтижесі бойынша Әдістеменің ұсынылған жобасын сынамадан өткізу туралы шешім қабылдайды, сынамадан өткізу рәсіміне қатысушыларды және оны өткізудің мерзімін анықтайды.
21. Зерттеудің аспаптық әдістерін қолдануды көздейтін Әдістемені әзірлеген жағдайда,сынамадан өткізу сот-сараптамалық зерттеу әдістерінің валидациясы арқылы жүргізіледі.
22. Сынамадан өткізу рәсіміне сот сараптамасы органының сот сарапшылары, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ Заңның 60-бабына сәйкес шетелдердің сот сарапшылары қатысады.
23. Сынамадан өткізу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды ресімделеді.
24. Қорытындыда Әдістеменің өзектілігі, ол сынамадан өткізілген эксперименттік материал, оларды растау немесе теріске шығару, сарапшылық тәжірибеде пайдаланудың мүмкіндігі мен қажеттілігі көрсетіледі.
25. Сынамадан өткізу нәтижесі бойынша ресімделген қорытынды ҒӘК отырысында қарау үшін жолданады.
26. Сынамадан өткізу рәсімінің нәтижесі бойынша оң немесе теріс шешім шығарылады.
27. Егер, Әдістеменің жарамдылығын эксперименталдық материалда тексеру нәтижелері Әдістемеде тұжырымдалған теориялық ережелер мен қорытындыларды сарапшылық тәжірибеде пайдаланудың мүмкіндігі мен қажеттілігін растайтын болса, сынамадан өткізудің нәтижесі оң деп танылады.
28. Егер, Әдістемеде тұжырымдалған теориялық ережелер мен қорытындылардың,оларды сот сараптамасын жүргізу кезінде практикалық қолданудың нәтижелеріне сәйкессіздігі анықталса, сынамадан өткізудің нәтижесі теріс деп танылады.
29. Сынамадан өткізудің нәтижесі теріс болған жағдайда қорытынды пысықтау үшін әзірлеушілерге (құрастырушыларға) қайта жолданады.
30. Пысықтау аяқалған соң Әдістеме қайта сынамадан өткізу үшін сынамадан өткізу рәсімі жүргізілген сот сараптамасы органына жолданады.
31. Сынамадан өткізу рәсімі аяқталған соң ҒӘК шешімі негізінде сот сараптамасы органы Әдістемені ішкі және сыртқы рецензиялауға жолдайды.
32. Әдістемені ішкі рецензиялауға тиісті мамандық бойынша бас сот сарапшысы қатысады.
33. Әдістемені сыртқы рецензиялауға тиісті мамандық бойынша сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам, тиісті мамандық бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, медициналық мамандықтар бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санаттары бар ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкері, Қазақстан Республикасымен шетелдердің жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысады.
34. Рецензияда, рецензияланатын әдістеменің алынған тұжырымдарының өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы көрініс табады және баспа түрінде ресімделеді, оған рецензент жұмыс істейтін ұйымның мөрімен куәландырылған рецензенттің қолы қойылады.
35. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын Әдістеменің әзірлеушісі (құрастырушысы) сот сараптамасы органына өзі әзірленген Әдістемені сынамадан өткізуге жолдау туралы жазбаша арызбен жүгінеді.
36. Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар әзірлеген Әдістемені сынамадан өткізу мен рецензиялау рәсіміне қойылатын талаптар сот-сараптамасы органының сот сарапшылары әзірлеген Әдістемені сынамадан өткізу мен рецензиялаудың рәсіміне қойылатын талаптармен бірдей.
5 тарау. Әдістемені енгізудің шарттары мен тәртібі
37. Сынамадан өткізу рәсімін жүргізгеннен кейін әзірленген сот сараптамасы органы Әдістеме нәтижелерінің тиімділігін және маңыздылығын бағалау үшін ұсынылған Әдістемені сот сараптамасы органының ҒӘК қарауына береді.38. Сот сараптамасы органының ҒӘК ұсынылған Әдістемені қарау нәтижесі бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды: ұсынылған Әдістемені пысықтауға қайтарады немесе ҒК бекітуіне ұсынады.
39. ҒК ұсынылған Әдістемені қарап, келесі шешімдердің бірін қабылдайды: Әдістемені бекітеді немесе пысықтауға қайтарады.
40. Сот сараптамасы органының ҒК бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін, Әдістеме сот сараптамаларының белгілі бір түрін (түрлерін) жүргізу практикасына енгізу үшін ұсынылады.
Әдістеме туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне әдістеменің төлқұжаты түрінде, олардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларына 1 қосымша |
|
нысан |
(Әдістемені әзірлеген ұйымның атауы)
Сот-сараптамалық (түрдің атауы) зерттеудің
ӘДІСТЕМЕСІ
(әдістеме мамандығының шифры)
(Әдістеме әзірленген қаланың атауы), 20____ ж.
Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларына 2 қосымша |
|
нысан |
Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемесінің төлқұжаты
1. Әдістеменің атауы | |
2. Әдістеме мамандығының шифры | |
3. Әістемені құрастырушылар туралы ақпарат | |
4. Әдістеменің мәні | |
4.1. Әдістеме шешетін сараптамалық міндеттер | |
4.2. Зерттеу объектілері | |
4.3. Зерттеу әдістері | |
4.4. Әдістеменің қысқаша кезең-кезеңдік сипаттамасы | |
5. Әдістемені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының Ғылыми-әдістемелік және Ғылыми кеңестерінің бірлескен отырысында қарау және мақұлдау күні туралы мәлімет | |
6. Әдістеменің төлқұжатын құрастырғандар туралы ақпарат | |
Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларына 3 қосымша |
|
нысан |
Сот сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін сынамадан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды
Қорытынды берілген күн 20___ж."___" ________Сынамадан өткізу жүргізілген сот сараптамасы органының (немесе ұйымның) атауы
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
_____________________________________________ әзірлеген (құрастырған)
" ____________________________________________________________________________
(Сот сараптамалық зерттеулердің әдістемесінің атауы)
_____________________________________________________________________________ "
Ұсынылған әдістеменің өзектілігі _________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Ғылыми жаңалығы _____________________________________________________________
Пайдаланылған әдістердің тізбесі _________________________________________________
Пайдаланылған дереккөздердің тізбесі _____________________________________________
Пайдаланылған құралдардың тізбесі _______________________________________________
Әдістемедегі әдістердің валидациясын жүргізу туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда)
_______________________________________________________________________________
Қайта сынамадан өткізу туралы мәліметтер (оны жүргізудің себептері мен алынған
нәтижелерді көрсете отырып):
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Сынамадан өткізу рәсімінің нәтижелері бойынша тұжырымдалған қорытындылар
(алынған нәтижелер сенімді және әдістемені сот сараптамасын жүргізу кезінде пайдалануға
болады, пысықтау және қайта сынамадан өткізу қажет, әдістеменің мәлімделген
сипаттамаларға сәйкес еместігі ретінде сот сараптамасын жүргізу кезінде пайлану үшін қабыл
алмау)
_______________________________________________________________________________
(керектісін сызыңыз)
Сынамадан өткізуді жүргізген адамдар:
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) лауазымы, қолы, күні)