"Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына өзгерістер енг

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14830 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12866 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 26 қаңтар